1. Соңғы кездегі психодиагностикадағы өзгерістер бұл білім саласын қайтадан жаңартуға негіз болды


Баланың мектепке дайындығы келесі көрсеткіштер



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі20.78 Kb.
#454018
1   2   3
2.Баланың мектепке дайындығы келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: жоспарлау, бақылау, мотивация, интеллект дамуының деңгейі

. 1 Жоспарлау - мақсатқа байланысты өз іс-әрекетін ұйымдастыра алуы:

Төмен деңгей - баланың іс-әрекеті мақсатына сай емес.

Орташа деңгей - мақсаттың мазмұнына қарай әрекеті толық

сәйкестірілмеген.



Жоғары деңгей- баланың іс-әрекеті мақсатына толығымен сай келеді.

2. Бақылау- белгіленген мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыра

алуы:


Төмен деңгей - қойылған мақсатпен бала әрекетінің нәтижесі сай емес (бала

бұны көрмейді)



Орташа деңгей - қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесі толығымен

сай келмейді ( бала толық емес сәйкестікті көмексіз

көрмейді )

Жоғары деңгей- қойылған мақсатпен әрекеттің нәтижесі сәйкес.

. 3 Оқу мотивациясы - заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының

жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және оларды қолдану:



Төмен деңгей - сезім мүшелерімен байланысты заттардың қаситтеріне ғана

бағдарланады.



Орташа деңгей - қоршаған ортаның кейбір жалпы қасиеттеріне

бағдарланады.



Жоғары деңгей- заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының

жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және білімдерін өз

әрекетінде қолдануға құштарлық.

4. Интеллект дамуының деңгейі

Төмен деңгей -басқа адамды тыңдай алмауы, логикалық операцияларды

талдауға, салыстыруға, жалпылауға, абстракциялауға және

ұғымдарды нақтылауға мүмкіншілігінің болмауы.

Орташа деңгей - басқаларды тыңдай алмайды, қарапайым логикалық

операцияларды-ұғымдарды салыстыру, жалпылауды қатесіз

орындайды, ал күрделі логикалық операцияларды- абстракция,

нақтылау, анализ, синтезде қателер жібереді.



Жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, түгел

логикалық операцияларды орындағанда кейбір қателер жіберуі

мүмкін, бірақ бұл қателерін ересектердің көмегімен жоя алады.

Өте жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, кез келген

логикалық операцияларды орындай алады.

Осы көрсеткіштерден келесі қорытынды шығаруға болады:

Бала мектепке дайын емес

Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен (сезім мүшелерінің мәліметтеріне ғана жүгінеді), басқа адамдарды тыңдай алмайды және логикалық операцияларды орындай алмайды.



Бала мектепке дайын

Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алады (немесе осыған ұмтылады), заттардың жасырын қасиеттеріне, қоршаған ортаның заңдылықтарына жүгінеді және оларды өз әрекетінде қолдануға тырысады, басқа адамдарды тыңдап, логикалық операцияларды орындай алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет