Әдістемелік нұсқау



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4

Әдістемелік нұсқау




Форма


Ф СО ПГУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті

Қылмыстық құқық және қылмыснама кафедрасы


Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша

050301“Құқықтану”

мамандығының студенттеріне

тәжірибелік сабақтарды өткізу бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар

Әдістемелік нұсқаулықты бекіту беті





Форма


СО ПГУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

Тарих және құқық

факультетінің деканы

_______________ Ақышев А.А.

200__ ж. «___» «_______»_

Құрастырушы: аға оқытушы Е.Б.Ахметов____________


Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша

050301“Құқықтану”

мамандығының студенттеріне

тәжірибелік сабақтарды өткізу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедра отырысында ұсынылған 200__ ж. «___» «____________» Хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі _____________ Иксатова С.Т


Тарих және құқық факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған

200__ ж. «___» «___________» Хаттама № ___
ӘК төрайымы _____________ Мошна Н.И.

Тәжірибелік сабақ - бұл оқу үрдісінің басты құрамдас бөлігі. Оқытушының және студенттердің оқу қызметі тәжірибелік сабақтарға шоғырланған. Сондықтан да қандай да бір оқу пәні бойынша студентті дайындаудың сапасы тәжірибелік сабақтарды жүргізудің деңгейімен, оның мазмұны мен әдістемелілігімен айқындалады. Бұл деңгей жоғары болуы үшін, оқытушы тәжірибелік сабақтарды дайындау барысында кез келген өнер шығармасы сияқты өзінің ерекшелігі бар педагогикалық шығармадай жасау керек.

Білім беру әдісін тандау студенттің теориялық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларының мақсатымен айқындалады. Әдістемелік жұмыс әр оқытушының дағдысын жоғарлатуды қамтамасыз етуімен, оқу үрдісін қалыпты құру қабілетімен айқындалатын оның кәсіби құзыреттілігімен байланысты.



Тәжірибелік сабақтың мақсаты – студенттің тоериялық белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру және дамыту.
Тәжірибелік сабақтың міндеті:

  • Оқу пәні бойынша білімді кеңейту мен қалыптастыру;

  • Пәннің концепциясы және теориялық білімді тәжірибелік сабақтармен ұштастыра отырып, әдістерді қолданып сараптама жасауға үйрету;

  • Нақты жағдайлар бойынша теориялықматериалдар арқылы дағды мен білімді қалыптастыру;

  • Оқу пәнінің тақырыптарын пайдалана отырып, қайнар көздерге талдау жасау.


Тәжірибелік сабақты өткізу түрлері мынадай болуы мүмкін:

  • Оқу пәнінің аса қажетті тақырыптары бойынша баяндама жазып оны талдау;

  • Оқу жоспарына сәйкес нақты сұрақтарды талқылау;

  • Студенттермен ұсынылған тақырыптар бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды өз бастамаларымен шешу;

  • Пән бойынша теориялық сараптама жасау.

Басты назарды студенттің кәсібилігін арттыру мен қатар дағды мен білімді қалыптастыру, оқыған құжатқа таджау жасау, нақты жағдайларға талдаулар жасап, үлгерімін қалыптастыру.
Тәжірибелік сабақты өткізуге ұсынылады:

  • Студентті аудиторияның алдына шығарып сөйлету, ол алдын ала дайындалған жоспар бойынша өзінің жұмысын еркімен айтуы қажет;

  • Оқытушы студент сабақ айтқанда ойын бөлмеу керек;

  • Студенттің ойын оқытушы мына екі жағдайда бөледі: бірінші денстудент тақырыптан ауытқыса; екіншіден, студент өрескел қателік жіберсе;

  • Студент тақырыпта айтып болған соң оған сұрақтар қояды;

  • Мәселені шеудегі ойын оқытушы бірінші айтпастан бұрын, студенттің көзқарасын сұрайды;

  • Оқытушы өз ойын қорытынды ретінде айтады;

  • Студенттің жан-жақты дамуына және өз-өзіне сенімді болуына байланысты сонымен қатар оның сабақ айтуына байланысты оқытушы жеке, жеңілдетілген сұрақтарды психологиялық сезінуі үшін сұрақтар қояды;

  • Оқытушы студентті бағалағанда педагогикалық тұрғыдан оның жеке басын құрметтеу, ол оның қатаңдығына шектеу қоймауы керек, дегенмен оған дөрекілік көрсетуге жол бермейді. преподавателю оценивать ответы студентов с определённым педагогическим

Тәжірибелік сабақта студенттің өзінің жасаған жұсмысы бойынша өз нәтижесін сезінуі, тапсырманы орындаудағы өсуін, нақты ізденістердің дәл шешімі мен маңызын сеніне білуі шарт.

Студен тәжірибелік сабақта сұрақтарға жазбаша бақылау жұмысын немесе ауызша жауап беруге болады.


Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі

  • Дәріс сабағында қарастырылған негізгі материалдарды тәжірибелік сабақта байланыстырып талдау.

  • Оқуды белсенді арттыру үшін, алынған білім мен дағдыны қалыптастырып, студенттің оқу материалын қабылдауға мүмкіндік жасау.

  • Тақырыпты таңдағанда басқа пәндермен байланыстыра отырып, талдап, талқылау керек.

  • Студенттің дайындығын тексеру.

  • Студенттің тәжірибелік жұмысын нақты тапсырмалар шешуге қалыптастыру.

  • Студенттің білімін бағалайтын көрсеткіш студентке берілген өздік жұмыс пен аудиториядан тыс тапсырмаларды орындағанда бағаланады.

Тәжірибелік сабақтар дәл, нақты, тиімді эмоцияда, оқуда жетістіктерге жетуге, ізденіс пен талпынысқа, нақты және дәл шешім шығаруға бағытталуы керек.

Тәжірибелік сабақта студенке қойылған сұрақтар бойынша жазбаша және ауызша жауап беру ұсынылады.




Тәжірибелік сабақтар тақырыптарының тізімі
Тәжірибелік сабақтардың тізімі
1-тақырып Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні және

мәселелері
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқықтық жүйесіндегі орны. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, мақсаты, міндеттері мен мазмұны және оны құқықтық реттеу. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу құқығының басқа салалары және ғылыми пәндермен ара қатынасы. Қылмыстық іс жүргізудің түрлері.

Қылмыстық іс жүргізу және сот төрелігі. Қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызметтің түрі ретінде. Қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құрылысы, оның сатылары. Қылмытсық іс жүргізу сатыларының дербестілігі мен өзара байланыстылығы.

Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлері. Тергеу және сот іс әрекеттерінің хаттамалары, олардың құқықтық мәні мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізушілік шешімдер түсінігі мен құқықтық негіздері. Шешімдердің заңдық және фактілі негіздері. Іс жүргізу шешімдерінде құқықтың басқа да салаларының нормаларын қолдану.
Семинар сабағының жоспары


  1. Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі және мәселелері

  2. Қылмыстық іс жүргізу сатылары олардың түсінігі және мазмұны

  3. Қылмыстық іс жүргізу қызметі және қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары түсінігі, мәні, мазмұны.

  4. Қылмыстық іс жүргізу түрлері олардың түсінігі, мағынасы,мәні.

  5. Қылмыстық іс жүргізу функциялары олардың түсінігі және түрлері.

  6. Іс жүргізу кепілдіктері түсінігі және мағынасы.

  7. Мселелерді шешу.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Қылмыстық іс жүргізу» түсінігіні мазмұнына қандай элементтер кіреді

  2. «Қылмыстық іс жүргізу»,»қылмыстық сот өндірісі», «әділеттік» түсініктерінің байланысы қандай?

  3. Қандай негіздер бойынша қылмыстық іс жүргізу сатыларға бөлінеді?

  4. Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының спецификасының бекітілуі неде?

  5. Қылмыстық іс жүргізу түрлерінің сақталу талаптары неде?

  6. Қылмыстық іс жүргізу ғылымын пәніне түсініктеме беру

  7. Қылмыстық іс жүргізу актілерінің түрлерін атаңыз.

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,55,56,58,59]

2-тақырып Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерінің ұғымы мен түрлері. Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық іс жүргізудің қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, оның қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, оның міндеттері, жалпы сипаттамасы және құрылысы. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын демократияландыру мен жетілдірудің басты бағыттары және оның 2002 жылғы Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясына сәйкес келуі. Қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілері.

Қылмыстық іс жүргізу нормалары, олардың түсініктері, негізгі белгілері, Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері. Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы.

Қылмыстық іс жүргізу заңының уақыт тұрғысында, кеңістікте және тұлғаларға қатысты қолданылуы.

Қылмыстық іс жүргізу заңының аналогия бойынша қолданылуы. Қылмытсық іс жүргізу реттеу механизмдерге сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік. Қылмыстық сот ісін жүргізудің имандылық бастаулары.

Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктерінің түсінігі, олардың маңызы мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен қарым қатынастары.
Семинар сабағының жоспары


  1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері.

  2. Қылмыстық іс жүргізу кодекс құрылымы. Басқа қылмыстық іс жүргізу заңы. Оның жалпы сипаттамасы.

  3. Қылмыстық іс жүргізу нормаларының құрлымы және түрлері.

  4. Қылмыстық іс жүргізу заңының уақыт бойынша қолданылуы.

  5. Қылмыстық іс жүргізу заңының кеңістікте қолданылуы.

  6. Қылмыстық іс жүргізу заңының тұлғалар бойынша қолданылуы.

  7. Мәселелрді шешу.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы» терминінің мазмұның қандай нормативтік құқықтық актілер құрайды?

  2. Қылмыстық іс жүргізу заңының уақыт бойынша қолданылу астарында не түсіндіріледі?

  3. 1958 ж. Женева конвенциясына қатысты континенталдық шельф өзіне нені құрайды?

  4. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттің қылмыстық іс жүргізу құқығын қандай жағдайларда қолданылуы мүмкін?

Әдебиеттер[1,2,3,4,5,6,7,8,9,55]
3-тақырып Қылмыстық іс жүргізу принциптері
Қылымыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу принциптері мен міндеттері арасындағы қарым қатынас. Принциптердің жүйесі – қылмыстық сот ісін жүргізуді дамытудың методологиялық негізі ретінде.

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Жеке адамның абыройы мен мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке өмірге қол сұғыспаушылық. Хат жазудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясы. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншікке қол сұғылмаушылық. Кінәсіздік презумциясы. Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздеріндегі жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізудегі тараптардың мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргүзудегі тараптардың мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру.

Мән-жайын жан-жақты толық және объективті зерттеу. Дәлелдемелерді ішкі сенімі бойынша бағалау, куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот ісін жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.
Семинар сабағының жоспары


  1. Қылымыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы.

  2. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

  3. Қылмыстық іс жүргізу принциптері мен міндеттері арасындағы қарым қатынас.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері.

  5. Мәселелрді шешу.


4-тақырып Қылмыстық ізге түсу
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары. Жеке, жеке жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау.

Жариялық және диспозитивтік принциптері.

Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту.

Қылмыстық ізгк түсу органдары және олардың өкілеттіктері. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері.



Семинар сабағының жоспары

  1. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны.

  2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары.

  3. Қылмыстық ізге түсудің нысандары.

  4. Жеке, жеке жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау.

  5. Жариялық және диспозитивтік принциптері.

  6. Қылмыстық ізгк түсу органдары және олардың өкілеттіктері.

  7. Мәселелрді шешу.


5-тақырып Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі. Қылмыстық іс жүргізу қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасы.

Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде. Қылмыстық іс жүргізудегі прокурор, оның іс жүргізу жағдайы мен өкілеттіктері. Тергеуші, оның іс жүргізу жағдайы. Тергеу бөлімінің бастығы, оның іс жүргізу жағдайы. Анықтау органы, түрлері, міндеттері және өкілеттіктері. Анықтаушы, оның іс жүргізушілік жадайы. Анықтау органының бастығы, іс жүргізушілік жағдайы.

Өзінің және басқалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қылмытсық іс жүргізу қатысушылары. Қылмыстың жасалуына сезікті: түсінігі, іс жүргізу жағдайы. Айыпталушы: түсінігі, іс жүргізу жағдайы.

Жәбірленуші: оның іс жүргізу жағдайы. Жеке айыптаушы, оның іс жүргізушілік жағдайы.

Азаматтық талапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Азаматтық жауапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Азаматтық жауапкер ретінде таныла алатын тұлғалар.

Қорғаушы, оның өкілеттіктері және қылмыстық іс жүргізуге қатысу міндеттері. Қорғаушы ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуіне қатыса алатын тұлғалар. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу.

Кәмелетке толмаған сезіктігнің, айыптаушының заңды өкілдері. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері.

Қылмыстық іс жүргізудегі басқа да тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы.

Куәнің іс жүргізу жағдайы.
Семинар сабағының жоспары


  1. Қылмыстық процеске қатысушылар түсінігі, олардың топтастырылуы

  2. Қылмыстық процесті қатысушылары мен субъектілеріні түсініктеріні байланысы.

  3. Сот қылмыстық сот өндірісін жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде.

  4. Қылмыстық процестегі прокурор, оның мәселелері.

  5. Мәселелрді шешу.


6-тақырып Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу
Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары. Өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық нысаны. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі. Тергеушінің сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу түсінігі. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру. Аладын ала тергеуді тоқтата тұру шарттары. Алдын ала тергеуді тоқтатқаннан кейін тергеуші әрекеттері. Айыпталушыны іздестіру. Тоқтата тұрған алдын ала тергеуді қайта бастау.

Қылмыстық істерді біріктіру. Қылмыстық істерді бөлектеу. Қылмыстық істерді қысқарту. Қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін тергушінің іс әрекеті. Қылмыстық істі қысқартутуралы қаулыға шағым беру.

Іс жүргізу мерзімінің түсінігі. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртіптері. Іс жүргізу мерзімдерін сақтау мен ұзарту. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру.


Семинар сабағының жоспары

  1. Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары.

  2. Өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық нысаны.

  3. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі.

  4. Тергеушінің сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі.

  5. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу түсінігі.

  6. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру.

  7. Қылмыстық істерді біріктіру. Қылмыстық істерді бөлектеу.

  8. Іс жүргізу мерзімінің түсінігі.

  9. Мәселелрді шешу.


7-тақырып Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелер. Іс жүргізу мерзімдері
Қылмыстық іс жүргізудегі қаралатын азаматтық талаптардың пәні, оны ұсынудың негіздері және іс жүргізу тәртіптері. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың құқықтық негізі. Азаматтық талапкер ретінде тану. Зиянды өтеудің негіздері, шарттары, мөлшері және тәсілі туралы ережелерді қолдну.

Айыптау және ақтау үкімдерін тағайындағанда, қылмыстық істі қысқартқан жағдайда азаматтық талапты шешу. Азаматтық талап бөлігінде соттың үкімі мен қаулысын орындау.

Қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында кеткен шығындарды өтеу мен қеңбек ақы төлеу.

Қорғаушының заң көмегіне ақы төлеу, аудармашыға, маманға, сарапшыға ақы төлеу. Жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың заңды өкілдеріне, жеке айыптаушының қорғаушысына және өкіліне, куәгерге, аудармашыға, маманға, сарапшыға, куәға шығындарды өтеу.

Іс жүргізу шығындары: түсінігі, түрлері. Іс жүргізу шығындарын өндіріп алу негіздері мен түрлері. Іс жүргізу шығындарын өтеудің негіздері мен өндіру тәртіптері.

Іс жүргізудегі мерзімдерінің ұғымы, маңызы және түрлері. Іс жүргізу мерзімдерін санау тәртібі. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі. Қылмыстық іс жүргізудегі мерзімдерді өткізіп алудың іс жүргізу құқықтық салдары.


Семинар сабағының жоспары

  1. Қылмыстық істі біріктірудің мағынасы мен мәні.

  2. Қылмыстық іздерді біріктірудің негізі, шарттары сондай-ақ іс жүргізу тәртібі.

  3. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу түсінігі.

  4. Қылмыстық істі тоқтатудың түсінігі және мәні.

  5. Іс жүргізу мерзхімдері түсінігі

  6. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі.

  7. Қылмыстық процестегі мерзімді өткізіп алудың іс жүргізу-құқықтқ салдары.

Әдебиеттер [1,4,6,8,33,48,51,59]
8-тақырып Ақтау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызы. Ақталуға жататын тұлғалар. Ақтау негіздері.

Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтетін алуға құқығы бар тұлғалар. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс әрекеттері арқылы азаматқа келтірілген зиянның түсініг, мен түрлері. Өтелуге жататын зиян, оның трлері мен мөлшері.

Зиянды өтеу құқығын тану. Мүліктік зиянды өтеудің іс жүргізу тәртібі. Моральдік зиян зардаптарын жою.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі, ақталушының бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.


Семинар сабағының жоспары

  1. Айыпталушы (сезікті) ретінде тартылған адамды кінәсіз деп тану жолымен ақтау.

  2. Зиянды өтеттіруге құқылы тұлғалар.

  3. Зиянды өтеттіру құқығын тану.

  4. Азаматтар мен заңды тұлғаларға зиянды өтеттіру.

  5. Мәселелерді шешу.

Әдебиеттер [1,4,6,9,62,65]

9-тақырып Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 5 шілде 2000 жылғы «Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы.Мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалар. Қауіпсіздік шаралар түрлері.

Сот талқылауына қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қылмыстық процеске қатысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Сот талқылауына қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Семинар сабағының жоспары


  1. Сот талқылауына қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  2. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  3. Қылмыстық процеске қатысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.

  4. Мәселелерді шешу.


10-тақырып Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар. Қарсылық білдіру және өтініш жасау

Қылмыстық іс жүргізуге қатысудың шеттеуге өтініші жасау және қарсылық білдіру. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату. Судьяға қарсылық білдіру. Прокурорға қарсылық білдіру. Тергеуші мен анықтаушыға қарсылық білдіру. Куәгерге қарсылық білдіру. Сот отырысы хатшысы мен сот приставына қарсылық білдіру. Аудармашы мен маманға қарсылық білдіру. Сарапшыға қарсылық білдіру.

Қорғаушыны, жәбірленуші өкілін, азаматтық талапкерді немесе азаматтық жауапкерді қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысудан шеттеу.

Қылмыстық іс жүргізу қатысушы ретінде тану құқығы, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың мүмкіндіктерін қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың қамтамасыз етуі.

Өтініш. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне шағындану. Ұстауға немесе қамауға алынған тұлғалардың шағым беру тәртібі.

Шағым беру мерзімдері. Шешімдерді орындауды шағым берілуіне байланысты тоқтата тұру. Прокурор шешіміне шағымды сотта қарау тәртібі.
Семинар сабағының жоспары


  1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаруға қарсылық білдіру және өтініш білдіру.

  2. Қылмыстық процеске қатысудан босату туралы.

  3. Судьяға қарсылық білдіру. Прокурорға қарсылық білдіру. Тергеушіге анықтаушыға қарсылық білдіру. Куәгерге қарсылық білдіру. Сот отырысының хатшысы мен сотты приставына қарсылық білдіру. Аудармашы мен маманға қарсылық білдіру

  4. Қылмыстық іс бойынша қорғаушыны процеске қатысудан босату.

  5. Мәселелерді шешу.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын судьялар және лауасымды адамдардыңң қатысу мүмкіндігін шеттететің негіздерін атаңыз.

  2. Қылмыстықұ іс бойынша қай кезден бастап кім сезікті болып саналады?

  3. Қорғаушы қай кезден және қандай жолмен қылмыстық процеске кіріседі?

  4. қылмыстық іс бойынша қорғаушыныңң, куәгердің, сот отьырысынң хатшысының және тағы басқаларының процеске қатысушылардың іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін шеттету негіздерін атаңыз.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет