1-тапсырма: Төмендегі тақырыптар бойынша ой толғай отырып, мазмұнды түрде шағын шығарма не мақала жазыңдар. О, қасиетті туған жер! Түнгі серуен. Ұлттық тағамдар.
2-тапсырма: Мына ұлағатты сөздерді өз ойларыңмен, өз стильдеріңмен жазып жалғастырып көріңдер, әдеби шығармалардан, баспасөз беттеріндегі материалдардан үзінділер ойлап байланыстырыңдар.
а) Басқа ұлттың баласына бауырмал бол, ол сенің досың әрі көршің, қонағың. Қиналғанда қол ұшын бер, бірақ өзің сұраншақ болма. Көп ұлтты әлеумет ортасында өмір сүре біл...
б) Құдайға құлшылық еткен пенденің көңілін кірлетпе. Өз сенімі бар адамды сыйла, еш нәрсеге сенбейтін, ешкімді сыйламайтын кісіден қорық.
в) Ұлым, ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайырымды бол. Қарындасқа «сен» деп сызданбай, «сіз» деп ілтипат көрсет. «Сіз» деп сөйлеу кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |