ӘБУ-НАСЫР ӘЛ -ФАРАБИ
(870 – 950 жылдар)
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.. Зерттеушілердің кажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа дамәдени орталықтар Тараз, Сығанак, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз, қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнін көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамйскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен аброй-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек керіп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр сонында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фусул ал-мадани" ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері") деген соңғы шығармасында ол: "Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс",— дейді. Әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік Сирияның жетекшісі саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында кайтыс болды.Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз."Мүсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп шығыста аталып кеткен.
Әбу Насыр әл-Фараби – қазақ топырағында дүниеге келген, дүние жүзінік мәдениетпен білімінің Аристотелдьен кейінгі екінші ұстазы (арабша: “Муллими соний”) атанған данышпан, философ, дәрігер, энциколопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя берісінің сағасындағы ежелгі Отырар оны қыпшақтар Қарақошы деп те атаған қаласында туылған. Ол Отырарда медіресе бітіріп, оның дүние жүзіндегі ең бай кітапханасында білім алған ғалым. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырары кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат мекен еткені тарихта жақсы мәлім. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша ұлы ұстаз Әл- Фараби атанып кеткен.Әл-Фарабидың толық аты -жөні: Мұқхаммед ибн Мұқхаммед ибн Узлағ Тархани – деп жазылатын болған. Біріншіден әл-Фараби түркі тектес ру тайпасынан шыққанын білдіреді. Екіншіден, оның ата бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтар атақтысы ғана Тархан деп аталатын болған.
Жастайынан асқан зерек, ғылым өнерге мейілңнше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімінің туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе қазіргі заманынығы аса маңызды ғылым мен мәдени орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаск, Кайр т.б шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыдыеңбек етті. Ол араб елдеріне барғанға дейін-ақ еліне танымал кемелденген ғұлама атанған кісі.
Әл- Фараби жастайынан түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік менгерді. Ғұлама ғалым әл-Фрабии атсалыспаған зертттеу жүргізбаген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, маатематика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. салалары бойынша қыруар көп еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қол жазба ретінде тарап, бірте- бірте жоғалып бара берген Фарааби еңбектетінің кейбір тізімі ғана сақталған.
Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штрейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы Атеш 160, ал сровет ғалымы Б.Ғафуров 200 тракат деп көрсетеді. Ұлы ғалымнің ұшан-теңіз еңбектері біздің заманымызға дейін сақталып , бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады.
Әрине, Әбу насыр Әл-Фараби ең алдымен кезінде “Шығыстың Аристотелі” атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Полтон, Аристотель, Гелен сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген тракаттар мен түсініктемелер жазды.Сөйтіп Фараби шығыс пен батыстың ғылыми қамуын грек философиясымен, логика ғылымымен ежелгі мәдениетімен таныстыруға зор роль атқарды.
Әл-Фараби әлуметтік қоғамдық және етникалық көзғарасын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, “Қайырымды қала тұрғындарының көзғарастары”, ”Бақыт жолын сілтеу”, ”Азаматтық саясат”, ”Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері ” деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
Ұлы ғалым гуманист ретынде адам ақыл ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қағам сырын толық ашу мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш – ақыл –парасат деп біледі. Әл- Фараби өзінің “Қайрымдыы қала тұрғындары көзғарастары ” атты кітабында бірқатар, қоғамдық, әлуметтік, этникалық мәселерді сөз етеді. Мұндағы қала деп отырғаны - мемлекет . Ғылым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы , ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала қалхының моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жету үшін бүкіл қоғам болып тіршілік етуі керектілігі, т.б. мәселелер жайлы өз пікірін ортаға салады.
Әл-Фарабидің “Ғылымдар жүйесі” кітабында ғылымның көптеген салаларын жеке тоқтатып, Бұл еңбектің барлық ғылымды дамыту үшін маңызы зор, Соның ішінде “Тіл туралы ғылым ”, “Логика” т.б. тарауларында тіл тану, грамматика мәселелері, логикалық сан алуан сипаттары таңдалған.
“Қайырырмды қала турғындарының көзқарасы” туралы тракатында тыныштық пен бейбітшілікке негізделген білімді әкім билеген идеал қауымды ұсынды. ”Адамның ішкі дүниесін аша білу, түйсік, сезімге әсер ету білімділікті талап еттеді”, - деп көрсетеді әл-Фараби.
Әл-Фарабидің дүние жүзіне даңқын шығарған еңбегінің бірі – “Музыканың ұлы кітабы ” - деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |