1 соөЖ /СӨж тақырыбы: Әл-Фарабидің энциклопедиясы


Әл-Фараби ілімі мен түркілік дәсүрлі мәдениеттің сабақтастығы



бет4/6
Дата19.04.2024
өлшемі39.01 Kb.
#499238
1   2   3   4   5   6
Срс

Әл-Фараби ілімі мен түркілік дәсүрлі мәдениеттің сабақтастығы

Әл-Фараби дүниежүзілік мәдениеттің дамуына терең із қалдырған, туған елінің дәстүрлі мәдениетінің байлығымен бірге түркі жұртына көршілес жатқан иран, үнді, араб елдерінің қол жеткен табыстарын бойына сіңірген ғұлама ғалым.


Әл-Фарабидің өшпес мұрасын зерттеген осы тарихи байланыстарыңыз, иөзіне дейінгі өз елінің дәстүрлі мәдениеті мен өмір шындығынсыз қарастыру мүмкін емес. Міне сондықтан әл-Фарабидің ілімдерінің кейбір мәселелерінің түркі жұртының дәстүрлі мәдениеттерімен салыстыра отырып, ондағы тарихи сабақтастықты айқындауды мақсат еттік.
Ол ел басқару ісін жетілдіруде дінді екінші қатарға қойып, бірінші қатарға теориялық философияны қойды.Мұндай жүйені малғаш рет түрік қағанатынің дәуірлеп тұрған шағында жазып қалдырғанОрхон ескерткіштерінен көреміз: “Жоғарғыда зеңгі көк, төменде қара жер жаралғанда олардың екуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы менің ата-бабаларым үстемдік құрған! Олар бұған дейін әмірші болған көк тұркілердің арасында тәртіп орнатып басқарған.Олар кеменгер қағандар, ержүрек қағандар болған: олардың қызыметіндегілерде білгір, ержүрек болса керек: олардың мемлекетті соншалық ұзақ басқарып тұрғғаны сондықтан болуы керек”.
Әл-Фараби – рационалды ойшыл. Оның бұл қасиетін қоғамдық мәселелерді шешуге адамдар бірін-ьірімен келісіп, тіл табысып отыруы керек деген қағидасынан көруге болады.


Әл-Фараби мұрасы жайлы

Әл-Фараби өте бай рухани мұра қалдырған шын мініндегі энциколопедист – ғалым. Оның еңбыктерінің саны мен көлемін айқындау алдағы уақыттың ісі. Философия тарихын зерттеуші мұсылман жіне Батыс Еуропа ғылымбары оның жазған тракаттарының қанша екніндігі туралы әлі күнге дейін бір тұжырымды нақты пікірге келген жоқ.


Әл-Фарабидің жазған еңбектері жөнінде араб, парсы және Еуропа шығыстанушылары әл-Байхаки, әл-Кифти, ан-надим, Ибн Усайбиға, Деххудо, Омар Фаррух, Нортан, Штейншнецдер, Броккеман секілді т.б. авторлар қалам тартқан. Олар әл-Фараби еңбектерінің саны 80 мен 130 аралығында деп санаған.
Нақты деректерге үңілер болсақ, Накиб Накаби атындағы кітапханадан әл-Фараби мен оның шәкірті Әбу Закария Йақия ибн Әди өз қолымен жазғын қолжазбаларын көрдім деп жазады орта ғасырлық парсы текті ғалым әл-Байхаки. Мирхонд өзінің “Раудату-с-Сафа” деген еңбегінде: “Бұқарадағы Нух бин Маесур Самани кітапханасында әл-Фарабидің белгісіз болып келген шығармасын көрдім, оны кезінде Әбу Әли ибн Сина пайдаланған”,- дейді.
Ғалым әрі мәшһүр дәрігер Ибн Әби Усайбиға (ХІІІ ғ) “Уйуну-л-анба фи-т-табақату-л-атибба” (Дәргер топтары жайлы жаналықтардың қайнар көзі) еңбегінде еш жерде айтылмай келген Әбу насырдың мысырға сапары жайлы дерек бар. Ибн Әби Усайбиға еңбегі ғалымдар үшін өте құнды. Ол өз жылнамасында ұлы ұстаздың 105 трактатының атын айтады.
Осы еңбектері араб тілінен ана тілімізге шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дерьәсалиев 1973 жылы тұнғыш рет аударып, “Лениншіл жас” газетіне жариялады. Сөйтіп, әл-Фараби мұрасының қазақ жеріне жетуінің өзіндік үлесін қосты. ХІІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген екінші бір араб тарихшысы Ибн Сайд әл-Қифтидың “Ахбару-л-улама би-ахбару-л-хукама” (“Ғұламамен ойшылдар жайлы хабардар”) деген еңбегінің қолжазбасы 1908 жылы Каирде басылды. Сонда әл-Фарабидің 72 тракаттарының аты көрсетілген. Оны да ғалым Ә.Дербісалиев өз тізімінде тәржімалап, “Білім және Еңбек ” журналында жариялаған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет