1 сот жүйесіндегі судьяның ТӘуелсіздігі


Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің басқа принциптерімен ара қатынасы



бет2/4
Дата11.07.2016
өлшемі455 Kb.
#192095
1   2   3   4

1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің басқа принциптерімен ара қатынасы
Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі мен маңызына байланысты мәселелер тараудың алдыңғы бөлімінде анықталып кетті.

Бұл бөлімде да қаралатын мәселелермен ұштастырыдып, одан әрі оны жетілдіру мақсаты алға қойылуда.

Судьяның тәуелсіздігі принципінің жалпы сот билігінің басқа да, әрқайсысы өз алдына дербес принциптерімен өзара тығыз байланыста болатыны сөзсіз.

Демек, ара-қатынас деген ұғым байланысты және арадағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді де түсіндірсе керек.

Принциптердің ара-қатынасына тиесілі әуелі анысың, одан кейін, әрине олардың дербестігін білдіріп, әрқайсысына төн қасиеттері мен мақсаттарына сәйкес бір-бірінен ерекшеленетін жақтарын қарастыру олардың сапалы мәнін және маңызын айқындайды.

Тіпті, мұндай байланыс бар деуге олардың бәрің және әрқайсысын бөлек, жеке өз андына сот әділдігінің принциптері (принципі) деп атаумен түсіндіріледі. Мұның өзі аталмыш принциптерді құқық саласындағы бір жүйе деп түсшуге де негіз болады (принциптер жүйесі).

Ендеше, осындай жүйені қалыптастырушы элементтерді талдаған жөн.

Біріншіден, принциптердің баршасы құқықтық норма ретінде танылуы тиіс. Олардың неғұрлым маңыздылары Конституцияның нормаларымен баянды етілсе, қалғандары салалық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде көрінісін табады.

Екіншіден, олардың әрқайсы өз алдына жеке, дербес бола тұра, бір-бірімен ішкі байланыста болады. Салалық принциптер конституциялық принциптерден туындалып, олармен тығыз байланысты және сәйкес болуы тиіс.

Үшіншіден, жоғарыңа көрсетілген принциптердің өзара байланысы олардың бірін-бірі толықтырып, мазмұндарын керкейте түсетін қасиеттерімен, сондай-ақ қажетті жағдайларда әрқайсысы өз алдына ерекшеленетін мән-жайларымен түсіндіріледі.

Төртіншіден, бір жүйедегі принциптер бола тұра, олардың әрқайсысы өз алдына және түпкілікті бірлікте сот билігінің (әділдііінің) сапалы мәні мен маңызын баяндайды.

Принциптерді неғұрлым сипаттайтын осы элементтердің негізінде олардың жіктелуі жағына да көңіл бөлген жөн.

Әдебиеттерде құқықтық принциптерді әдеттегідей деңгейлі орындарына (иерархиясына) байланысты және әркилы қатынаста болатындарына сәйкес жіктеу тәсілі қолданылады.

Неғұрлым тұжырымдалғандарына сәйкес құқықтық принциптер: жалпықұқықтық, салалық, арнаулы, кешенді, т.б. болып жіктеледі.

Сот әділдігінің принциптеріне қатысты оларды шартты түрде ұйымдастырушы және функционалдық принциптер деп бөледі.Тағы сот құрылысының және сот өндірісінің принциптері деп те жіктейді.

Біз қарастырып отырған принциптер сот билігіне қатысты болуына сәйкес және көбінесе, сот әділдігінің мазмұнын ашуға арналғандықтан, принциптердің жоғарыда көрсетілген жіктеулеріне аса тоқталмастан, бұған дейін (алдыңғы бөлімде көрсетілгендей) конституциялық және салалық болып бөлінулері шеңберінде зерттеуді жөн.

Конституциялық принциптер соттың ұйымдастырылуы мен оның қызметін тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып табылады. Олардың негізгі заңда көрінісін табуы, оның нормаларымен бекуі қарастырғалы отырған принциптердің ен жоғарғы заң күші болуымен және олардан басқа құқық салалары принциптерінің нәр алып, туындалатындығымен түсіндіріледі. Сот қызметіндегі, яғни сот әділдігін іске асыру барысында бұлжытпай басшылыққа алып, орындауды міндеттейтін бұл негіздердің құқықтық мақсаты бүкіл басқа заң нормаларының өздерімен сәйкес болуын талап етуінде. Оларды қалайда болмасын бұрмалау, бұзу негізіңде қабылданған шешімдер заңсыз деп танылып, бұзылуға жатады.

Қуқықтық мемлекеттің басты бір нышаны- бекітілген заңдармен санасу және оларды қастерлеу болың табылады. Заңның өркім үшін біркелкі талабы мең күшінің болуы қоғамның зайырлығын танытады. Осыған орай, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Демек, сот әділдігі заңға бағынышты. Заңды қолданған кезде судья конституциялық негіздерді басшылыққа атуға тиісті, яғни бұл мәселе оның міндеті болмақ. Басқаша айтқанда, бұл қағидалар сот әділдігінің сапасын, мәні мен мазмұны білдіреді.

Мысалы, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінеді. Яғни, ешқандайда болжам-жорамал айыггғау үкімі үшін негіз бола алмайды деген сөз. Сондықтан да, басқаша бұл қағиданы кінәсіздік жорамалы деп атайды.

Осы орайда, айтылуға тиісті тағы бір маңызды мәселе бар. Мұнда, аталмыш принциптердің өзара тығыз, берік байланысты болатындығын, мұнъшен қоймай бірін-бірі толықтырып, мазмұндарын көркейте түсетін қасиеттерін де атап кеткен жөн. Айталық, кінөсіздік жорамалы қағидасынаның мазмұны мен мақсатын толықтыра түсетін айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті еместігін бекітетін дербес принципті атауға болады. Демек, мұндай міндет қылмыстық қудалауды іске асыру органдарына жүктелуге тиіс. Керісінше, айыпталушы заңда көзделген амал-тәсілдерді қолданып, қорғануға, сотта ез сөзін тындатуға құқылы.

Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі 9-тармақшасында көрсетілгендей ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттталуға тиіс емес. Мемлекет осы тұрғыңа өзінің қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуші, кепілші ретінде танылмал. Сондықтан, адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады делінген және заңсыз алынған айғақтардың заңды күші болмайды.

Сонымен, адамды қылмысқа кінәлі деп есептеу үшін, әуелі оның айыбы толық, жеткілікті және күмәнсіз деректермен дәлелденуге тиісті. Екіншіден, ол адам өзінің кінәлі еместігін дәлелдеуте міндетті емес, мұндай жүк айыптаушыға тапсырылады. Үшіншіден, айып тек заңда көрсетілген тәртіпте ғана дәлелденуге жатады. Төртіншіден, адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылуы тиіс. Бесіншіден, ешкім езінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес. Алтыншыдан, адамды кылмысқа кінәлі деп тек қана сот өзінің ерекше процессуалдық актісі - үкімі арқылы ғана тани алады. Жетіншіден, айыптау үкіміне болжам емес, нақты анықталған дәлелдемелер жиынтығы негіз бола алады. Сегізіншіден, адам кінәлі деп айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейінгі уақытта ғана есептследі.

Келесі конституциялық принципке сәйкес, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Ата заңда басшы принциптер қатарына осындай мағыиада ереже болып енуі, әуелі адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғуға тыйым салуды қарастыру болса, екіншіден, құқық қорғау органдары мен соттың жауапкершілігін күшейту мақсаты көзделген. Яғни, құқық бұзышылықты нақты анықтап, мүқият зерттеп, заң тұрғысынан дұрыс дәрежелей білу, қателік жібермеу, немқұрайлыққа жол бермеу қажеттіліктерімен түсіндіру жатады.

Сот әділдігін демократиялық институттармен толықтырып, баянды ететін келесі бір принциптің негізі бойынша өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Ілтері, Кеңес Одағы дәуіріндегі халық соты жүйесінде жоғары тұрған сот өзінен төмен тұрған соттың қарауындағы кез келген істі алып қарайтын өкілеттігі болған. Ал азаматтық іс жүргізу процесінде істің соттылығы ұғымы мүлде болмайтын. Олардың барлығы аудандық соттардың қарауына жатқызылып, жоғары тұрған сот қалауы бойынша олардың кез келгенін алып қарай беретін. Мұндай жағдай кейін Конституцияға сәйкес емес деп танылған болатын.

Қазіргі танда, егемендігін алған мемлекетімізде жаңа қылмыстық істер жүргізу кодексі (13.12.1997 ж.) және азаматтық істер жүргізу кодексі (13.07.1999 ж.) қабылданып, істердің соттылығының түсінігі жетік ажыратылған. Осыған байланысты, ісі (мұнда мүдделі жақты айтады) каралушы тұлғаның рұқсаты болмай, сот органдары оны бір-біріне өткізуіне болмайды.

Демократизмнің тағы бір нышаны мемлекеттің өз азаматтарына рақымшылдығы мен мейірбандығы. Міне, осыған байланысты, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардын кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.

Қоғамның, мемлекеттің зайырлылығын, демократиялылығын паш ететін, тұңғыш рет 30.08.1995 ж. Конституциямызға енгізілген елеулі негізге байланысты — ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Себебі, қоғамда қалыптасып, орныққан ізгілік принциптерін: адамгершілік, жақынына мейірімділік, сүйіспеншілік қадір-қасиеттерді қастерлеу, олардың сақтаулы мен нығаюына мүмкіндік туғызу — демократияның нағыз алға қоятын мақсаты болуы керек. Көзделіп отырған мақсат, біріншіден, осы болса, екіншіден, адамнын қылмыс жасауына көпе-көрнеу, себепші болуды жою. Яғни, адамды жақынына қарсы айғақ беруге міндеттеген жағдайда біле тұра жалған жауап беруге мәжбүрлеу сыңайы танытылатыны сөзсіз.

Сондай-ақ, құқықтың қайнар көзі Заң болмақ -деп анықтаған мемлекетте қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Ендігі жерде судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципі мен демократизм принципі екеуінің ара қатынасын ашатын болсақ, ең бастысы демократизм принципі бүкіл мемлекет нен құқықтың басқарушы және маңызды принципі екенін атағанымыз жөн.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Осы принцип сот билігінің органы соттың ұйымдастырылуы мен қызметін толығымен өзіне бағындырады. Демек, сот әділдігі принциптерінің өзімен сәйкес болуын талап етеді.

Әйткені, судьяның нақты, іс жүзінде тәуелсіз болуы, осы арқылы сот әділдігін де тәуелсіз етуі қоғамды қобалжытатын өзекті мәселелердің бірі.

Демократия — халық билігінің тусінігін білдіреді. Ендеше, ізгісі-судьялардың сайлау жолымен өкілеттік алғаны олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін нағъіз демократизмнің нышаны болар еді. Мұндай тәртіп Президент пен заң шығарушы биліктің өкілдерін сайлауға байланысты тиімді деп есептелгенде судьяларға да өкілеттік беру тәртібіне қатысты неліктен қолданылмасқа? Сот билігінің ең жоғары органы — Республика Жоғары сотының судьяларына өкілеттікті халық өкілдерінің сайлауы жолымен беру тәжірибесін неліктен пайдаланбасқа? Мұндағы көзделетіні жергілікті соттардың судьяларына сайлау арқылы өкілеттік беру тәртібі.

Осылайша, демократизм принципінің идеясы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеп, судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципінің мақсатын белгілейді.

Яғни, демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі анық.

Ендеше, мемлекеттің ең қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, олардың бұзылуы мәселелеріне байланысты қалпына келтіру, кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбұрлеу шараларын қолдану сот билігінің мақсаты етіп қойылады. Бұл мақсаттарды заң сот істерін қарап шешетін сот билігін нақты жүргізуші судьяға жүктейді. Қорыта келгенде, тақырыбымыздың атауын белгілегенде судьяның (соттың) тәуелсіздігі өуелі демократияның жетістігі екендігін, мұнымен қоймай, демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінің мәселелеріне даруын, одан қалса, сот билігі принциптеріне де сіңуін негіз етіп алдық.

Схемалық түрде бұл мәселе келесідей көрініс табады:

Судьяның тәуелсіздігі принципі

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бұзылған кұкықты қалпына келтіру, оган кінәлілерге мемлекеттік мәжбұрлеу шараларын қолдану мақсаттары

Сот әділдігі саласындағы заңдылық дегеніміз соттың өз қызметінің принципі ғана емес, сонымен қатар нақты істерді соттың қарауының мақсаты да болып табылады, өйткені, сот бұзылған заңдылық пен құқық тәртібін рұқсат етілетін барлық амал-тәсілдермен қалпына келтіріп, сот істеріне қатысушылардың тәртібі заңға сәйкес болуын қамтамасыз етуге тиіс.

Республикадағы соттардың қызметі заңдылық принципінің талаптарына сай жүзеге асырылуы қажет.

Заңдылық принципі, жалпықұқықтық, әмбебап ереже ретінде Конституция мен оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің қатаң және міндетті түрде орындалуы мен сақталуын талап етеді. Мұндай талап заңды орындаушы тұлғалардың (мемлекеттік орган болсын, лауазымды, заңды немесе жеке тұлға болсын) күллісіне қатысты қойылады.

Сот әділдігінің заңдылығы принципінің ерекшелігі мынадай: соттардың ұйымдастырылуы мен қызметі ең алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде және заң шығарушы органы – Қазақстан Республикасы Парламенті кабылдаған заңдардың, яғни, тілдік негізінде жүзеге асырылады. Заңға сәйкес актілер сот саласында заңдарда көзделген шекте қолданылады. Осы арқыны сот әділдігінің заңдылығы принципі конституциялық режим мен заңның үстемдігін нығайтуға жәрдемдеседі.

Сот әділдігі саласында бұл принцип төмендегілерді сипаттайды:

1) сот әділдігін Конституция мен Конституциялық заңда керсетілген тәртіпте құрылатын және өкілеттік алатын соттар ғана жүзеге асыра алады;


  1. сот әділдігін іске асыру барысында судьялар (соттар) тәуелсіз және тек қана Конституция мен заңдарға ғана бағынады;

  2. соттар сот оділдігін іске асыру барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықгарын және заңды мүдделерін, соңдай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиісті;

  3. соттар Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;

  4. сот әділдігін іске асыру барысында судья (сот) сот істерін жүргізу тәртібін бекітетін іс жүргізу туралы заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауға тиіс.

Тіпті, судьяның тек Конституция мен заңдарға ғана бағынып, тәуелсіз болуы бұл екі принциптін мызғымас бірлігін, бір-бірімен етене байланысып кеткендігін паш етеді.

Заңдылық принципі соттардан іс бойынша шығарылған әрбір үкімде немесе шешімде нақты заңға (материалдық құқық нормасына) сілтеме жасалып, соттың осы іс бойынша дәл осы құқық нормасын қолданғаны неліктен екені негізделуін талап етеді.

Бұл принцип өзінің мазмұнымен-ақ соттардың іс жүргізу заңдарының процессуалдық тәртібін қылмыстық және азаматтық заңдарға сәйкес реттейтін нормаларын мұлтіксіз сақтауды талап етеді.

Заңдылық принципі сот әділдігі саласында заңмен орнықтырылатын кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Мысалы, сот қаулыларын заңсыз, негізсіз деп есептеумен, оларды шағымдау құқығымен; сот қадағалауымен; материалдық және процессуалдық заңдардың нормаларын бұзу арқылы қабылданған шешімдерді міндетті түрде бұзып, күшін жоюымен, т.б.

Тәуелсіз, заңға ғана бағынышты сот (судья) өз кезегінде Конституцияның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оған қайшы актілерді қолданбай, өндірісіндегі істі тоқтата түрып, ондай актіні Конституцияға сәйкес емес деп тану үшін Конституциялық Кеңеске жолдай отырып, заңдылыққа ұмтылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына, Конституциялық заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Ал, Конституция мен аталған Конституциялық заңда Қазақстандағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттар құрайды. Сондай-ақ, елімізде мамандандырылған соттарды құру мәселесі қарқынын жылдамдатуда. Олардың қатарына өскери соттарды және мамандандырылған экономикалық соттарды жатқызуға болады.

Сот әділдігін тек қана соттың іске асыруы принципінің саяси-құқықтық маңызы орасан зор.

Сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны сот дәлдігі болғандықтан, мемлекеттік қызметтің бұл түрі мәжілістерінде істерді (қылмыстық, азаматтық т.б.) заңмен бекітілген сот өндірісі нысандарында қарап шешуін көздейді. Осыған байланысты, Конституциялық заңның ережесіне сәйкес, ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Мұнымен қоймай, сот ісін қарау тертібі мен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың карауына немесе бақылауға алуына болмайды деп шек қояды.

Осыған байланысты Конституциялық заңның талабы бойынша, республикада қаңдай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға рұқсат етілмейді.

Істерді сотқа дейін дайындау, яғни, анықтама мен алдын ала тергеу сот әділдігіне жатпайды.

Тұлғаны қылмысқа байланысты кінәлі немесе кінәлі емес деп тану және осының негізінде оған қатысты айыптау немесе ақтау үкімін шығару; қаралған талап арызға қатысты шешім қабындау соттың ғана құқығы.

Тек сот қана сот істеріне байданысты жаза тағайындай алады және басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Сот қаулынарын тек қана жоғарғы сатыңағы сот сатылары апелляциялық және қадағалау тәртіптерінде тексеріп, бұза алады немесе тиісті өзтерістер енгізу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасында 2001 ж. 11-шілдеге дейін жүргізіліп келген кассациялық саты жойылын, заңды күшіне енбеген сот қаулыларын (қылмыстық, азаматтық сот өндірісінде) апелляциялық сатыда тексеру тәртібі енгізілді.

Осыған дейін, судьяның (соттың) тәуелсіздігі жөнінде айтылғанда көбінесе бірінші сатылы сотта іс қарау мәселелеріне байланысты болды. Енді, сол бірінші сатылы соттың қабылдаған қаулыларының (әсіресе, кылмыстық істер бойынша) заңдылығы мен негізділігін жоғарғы сот сатылары (апелляциялық, қадағалау) тексеру кезіндегі судьяның (соттың) тәуелсіздігі мәселесіне көзқарасымызды білдірсек, ең әуелі бұл сот сатыларындағы судьяның қызметін сот әділдігі деп түсінуіміз керектігін білдірген болар едік. Әсіресе, апелляциялық сатыда, себебі мұнда іс жаңадан қаралады. Апелляциялық және қадағалау тәртібінде іс қарау сот қаулысын тексерумен ұштасатындықтан, оны іске асыратын судьяның (сот құрамының) тәуелсіз болуының, әділ шешім қабылдауынын орасан зор мәні бар.

Заңды күшіне енген сот қаулылары ел аумағында атқарынуға міндетті. Мұндай жүк сот үкімдері мен шешімдерін атқаруға міндетті органдар мен тұлғаларға (заңды, лауазымды, жеке) тапсырылады. Оларды қасақана орындамау мен атқаруға қарсы тұру үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген (ҚК-нің 362-бабы).

Демек, сот әділдігін тек қана тәуелсіз судья (сот) жүзеге асыра алады деп ара қатынасы қарастырылып отырған принциптерді тығыз байланыстыруымызға болады.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысында мемлекеттік билікті (өз өкілеттіктері шеңберінде) соттардың да іске асыруын орнықтыру, олардың мұндай мағынасын көрсетіп қоюмен байланысты ғана емес, сонымен қатар биліктердің қызмет етуін тәжірибе жүзінде тежемелік жене тепеңдік принципіне негіздеп ұйымдастыруды қарастыру болып табылады.

Мұның өзі сот әділдігін (билігін) тек соттың жүзеге асыру принципі арқылы, сот билігін мемлекеттік механизмде заң шығарушы және атқарушы биліктермең қатар дербес, әсер ете алатын күші бар билік тармағы ретінде орнықтырады.

Сот корпусын құрудың негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабында көрсетілген. Дәл сол күйінде ол негіздер Конституциялық заңның нормаларына көшкен. Судьялар сот билігін жүргізеді. Сондықтан, судья лауазымына сайланушы және тағайындалушы адамдарға заң ерекше талаптарын орнатады.

Аудандық соттың судьясы болып: жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар. еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының ой-пікірін алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін.

Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің негізгі міндеті аудандық және оған теңестірілген сотта жұмыстың ерекшелігін зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып болып табылады.

Сот билігінің беделін арттыру және судьялардын тәуелсіздігін жетілдеру мақсатында Конституциялық заң судьялыққа кандидатқа қойылатын негізгі талаптардын қатарына кандидаттың тағынымдамадан өтуін қосты.

Осы мәселеге байланысты 2001 ж. 26-мауысым күні Республика Президентінің 643 Жарлығымен бекітілген "Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы Ережесі" қабылданды.

Бұл Ережеге лайық тағылымдама аудандық сотта ұйымдастырылады.

Тағылымдамадан өтуге:



  1. жиырма бес жасқа толған;

  2. жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң амандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар;

3) біліктілік емтиханын тапсырған Қазақстан республикасының азаматтары жібереледі.

Тағылымдаманың мерзімін машықтанушы—кандитаттың жұмыс стажы мен тәжірибесіне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметіне және судья қызметіне орналасу үшін оның кәсіби даярлығының деңгейін айқындайтын негіздердегі басқа да мәліметтерге сәйкес үш айдан бір жылға дейінгі аралықта аудандық соттың төрағасы белгілейді.

Тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту дәлелді болуға тиіс.

Өтініш иесіне сол уақытта машыктанушы-кандидаттар санының көбейіп кету себебіне байланысты тағылымдамадан өтуіне бас тартуға болмайды.

Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекіткен судьялыққа кандидаттың тағылымдамасының типтік бағдарламаларына енгізілген арнайы іс — шараларды орындауын, сондай-ақ іс жүргізуді ұйымдастыруға, статистикалық есептерді, анықтамаларды, талдауларды жасауға және сот практикасын қорытуға байланысты мәселелерді шешуді қамтиды.

Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгенен кейін, соттың төрағасы судьялардың арасынан тағылымдаманың жетекшісін тағайындайды.

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша машықтанушы-кандидат жан-жақты есеп дайындайды, оиы аудандық соттың төрағасы жалпы отырыстың қарауына енгізеді.

Облыстық соттың жалпы отырысы судья қызметіне кандидаттардың тығылыщщмасының нәтижелерін қарайды және Әділет біліктік алқасына тиісті қорытынды ұсынады.

Жоғарыңа аталған талаптарға сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, соның ішінде, әдетте, кемінде екі жыл судья болған азамат жоғары тұрған соттың судьясы бола алады.

Сонымен, заң судьялыққа кандидатқа азаматтық, жас мөлшері, білімділік, кәсіби тәжірибелік және моральдық цензаларды белгілейді. Мұның себебі судьяның қызметінің аса жауаптылығымен қатар, бұл лауазымға ие болушының кіршіксіз тазалығы мен мінсіз абыройлылығын да қатаң талап етуінде.

Конституциялық заң бойынша аудандық сот судьялығына үміткерлерді іріктеуді Әділет біліктілік алқасы конкурстық негізде жүзеге асырады, облыстық соттың судьялары лауазымына кандндатуралар Жоғары Сот Кеңесінде іректеуден өтеді.

Заң судьяларға, әсіресе, олардың қызметінід моральдық этикалық жағына қатаң талап қойып отыр. Сот ісін жүргізуді жетілдіруде судьялардың жеке басы, судьялар корпусында оның беделін көтеруге ықпал ететін қуатты тетіктерді қалыптастыру маңызды іс.

Қазақстан Республикасының сот корпусы екі тәсілмен-сайлау және тағайындау ретімен қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынысы бойынша Сенат сайлайды.

Облыстық сот судьясын Жоғарғы Сот Кеңесінін кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының зиденті тағайындайды.

Аүдандық соттың судьясын Әділет Министрінің әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенгі тағайындайды.

Жоғарғы Соттың төрағасы мен осы соттың алқаласынын, терағаларын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.

Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот кеңесінің кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.

Аудандық соттардың төрағаларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.

Жоғарғы Соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкілеттік мерзімдері аяқталтаннан кейін, егер олар бұрынғы қызметтеріне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.

Судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған биліктің өкшдеріне заң белгілі бір талаптарды қойып, олардың бұлжытпай сақталып отыруын қадағалайды. Ондай талаптар туралы мәселелер өткен бөлімде толығырақ қарастырылған болатын.

Судьялар өздерінің кәсіби мүдделерін қорғау үшін Коғамдық бірлестіктерін құруға құқылы.

Бұл мәселе Конституциялық заңның 37-бабында қарастырылған. Яғни, судьялар қауымдастығының ортақ мүдделерін іске асыру мен қорғау мақсатындалардың қоғамдық бірлестіктер құруға құқығы бар.

Судьялық бірлестіктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгіленген тәртіппен, ез мүшелерінің мүддалерін білдіреді, қорғайды және сот төрелігінің іске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиіс.

Судьялардың мұндай қоғамдастығы ретінде, олардың 1996 жылы 19 желтоқсанда болып өткең тұңғыш съезінде құрылған Қазақстан Республикасы Судьяларының Одағын айтуға болады.

Республика судьяларының бұл қоғамдастығының негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрсетілген болатын. Олардың ішінде негізгілерін іріктеп атайтын болсақ:



  • маңызды мемлекеттік-құқықтық проблемаларды шешуде судьялар қауыңдастығының позициясын белгілеу;

  • соттардың жұмыстары мен судьялардың мәртебесі мәселелерінің актуальды проблемшіарын қарастыру;

  • соттардың қызметі мен құқық қолдану практикасына арналған заңдар мен нормативтік актілердін жобаларына қоғамдық сараптауды өткізу, т.б. кіреді.

Судьялар қауымдастығының ең жоғарғы органы съезі болады. Жергілікті органдары ретінде судьялардын конференцияларын атауға болады.

Сонымен, судьяның тәуелсіздігін бірден-бір колдаушы, қуаттаушы принцип олардың сайлануы мен тағайындалуы принципі болып отыр. Өкілеттік алу жолының беделі, яғни, Жоғарғы Соттың судьяларын Парламент Сенаты сайлау жолымен, жергілікті соттар судьяларын Ел басшысының тағайындауы ретімен сипатталады. Жергілікті соттардың судьяларының өкілеттік алу жолы қатысты пікір-көзқарасымызды бұған дейін айтып өткен болатынбыз. Дегенмен, заңмен қалыптастырылған тәртіп төңірегіндегі әңгімені жетілдіре келе, өз кезегінде судьялардың беделді тұрғыда өкілеттік шығу, бұл принциптердің баштанысын нығайта түседі. Мұндай тұрғыда берілген өкілеттікті басқа ешқандай орган, лауазымды тұлға тоқтата алмайды, судьяны қызметінен босата алмайды. Яғни, кім берсе (өкілеттікті) сол ғана доғара алады деген сөз. Заңдағы ретте, Ел басшысының тағайындауымен және Парламент Сенатының сайлауымен өкілеттік алған судьяның тәуелсіздігін камтамасыз ететін кепілдіктерді алдымыздағы тарауда қарастырамыз.

Конституцияның 79-бабы мен Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, республика соттары тұрақты судьялардан тұрады. 1995 жылы алғаш рет, Қазақстан заңында кеңес құқығының дестүрлі тұрғыда судьяларды белгілі мерзімге сайлау принципінен ауытқу процесі жүргізіліп, судьялардың ауыстырылмайтындығы, яғни, олардың өкілеттіктерін ешқандай мерзіммен шектемеу принципі енгізілген болатын.

Мұнымен қатар, заң соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қызмет мерзімін 5 жынға шектейді. Алайда, осы мерзім аяқталған соң, олар мүдде өкілеттігін тоқтатады деген сөз емес. Егер, олар бұрынғы қызметтеріне немесе басқа соттағы осындай Қызметке тиісінше, қайтадан сайланбаған немесе тағайыңдалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.

Судьялардың ауыстырылмайтындығы прииципіне сәйкес, олар заңмен белгіленген тертіпте өкілеттіктеріне оолған соң, сол заң белгілеген негіздер мен тәртіптерсіз судьяны ешкім де қызметтен босата және ауыстары алмайды. Өкілеттіктерін тоқтата тұру мәселесі заңның шеңберінде (негіздері мен тәртіптерін ескерщ) істелінуі керек.

Мунымен қатар,заңмен судьяны қызметінең босату және оның өкілеттігін тоқтату мәселелері қарастырылған, ол келесідегі негіздерге байланысты:



  1. орнынан түскеңде немесе ез тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;

  2. медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

  1. судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбұрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заіщы күшіне енгенде;

  2. осы судьяға айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

  3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда;

  1. судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

  2. судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

  3. соттың таратылуын немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімен бермесе, тоқтатылады.

Судьяны қызметінен босату және өкілеттігін тоқтатудың басқа да негіздері мен тәртібі Конституциялық заңның 34-бабында қарастырылған.

Бүдан тыс, судья қызметінен, орнынан түсуі арқылы да кете алады. Мұндай жағдайда орнынан түскен судьяның:

1) судьялар қауымдастығында болуы және жеке ына тиіспеушілік кепілдіктері сақталады;

2) судья ретіндегі жұмыс стажы он бес жылдан кем болмаған жағдайда Конституциялық Заңның 51,55-баптарында көзделген жеңілдіктер сақталады;

3) екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде бір жолғы шығу жәрдемақысы төленеді.

Сонымен, судьяның ауыстырылмайтындығы оның тәуелсіздігінің маңызды кепілдігі.

Судьяның тәуелсіздігі мен оған ешкімнің тиіспеуі принципі органикалық тығыз байланыста болады. Бұл мәселе келесідегі жалпы ережелерден туындалады.

Біріншіден, бұл екі принциптің өзара мызғымас байланысы, судьялардың мәртебесін белгілейтін біркелкі кешенді нормативтік орнатуларды белгілеуімен. Мысалы, Конституциялық заңға сәйкес, судьяның тәуелсіздігі оған ешкімнің тиіспеуімен қамтамасыз етіледі,

Екіншіден, аталған принциптер судьяның мәртебесін сипатай қана қоймай, сот әділдігінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылып кеткендей, сот әділдігінің тәуелсіздігі - оны жүзеге асырудың басты шарты. Мұны нақты іске асырушы судьяны Конституция мен заңдарға башндырып, жеке тәуелсіздігіне Қол жеткізу мәселесі айқындайды.

Үшіншіден, судьяның тәуелсіздігі принципі сот билігінің дербестігі туралы жалпы конституциялық ережеден туындалады.

Судьяға ешкімнің тиіспеуі оның тәуелсіздігін қамтитың маңызды кепілдіктердің бірі бола тұра, сот әділдігін іске асыру ісіне араласуға және қандай да болып ықпал етуге мүмкіндік бермейтін қажетті шарт Қарастырынуға жатады.

Судьяны қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3- тармақшасында белгілентен жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Басқаша, бұл принципті судьяның иммунитеті деп те атайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы судьяға, сол сияқты, оның туыстарына істің немесе материалдардың сотта қаралуына, соттың шешіміне немесе өзге де сот актілеріне байланысты судьянын қызметіне кедергі жасау не істеген қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған олардың өміріне қол сүқкандығы үшін; осы кодекетің 341-бабы істің немесе материандардың сотта қаралуына байланысты судьяға, сол сияқты оның туыстарына қатысты өлтіремін деп, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бұлдірумен немесе жоюмен қорқытқандығы үшін қылмыстық жауаптылықты бекітеді.

Ал, ҚІЖК-нің 98-бабы судьяның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қарастырып, оның өзінің және жақын туыстарының мемлекеттің қорғауында болатындығын белгілейді.

Судьялардың қауіпсіздііін толыққанды қамтамасыз ету бағытында қолданылып жатқан шаралардың қатарына біз сот приставтарын енгізуді қарасғырған 1997 ж. 7-шілдегі Республика Заңын жатқызған болар едік. АталмыШ заңның 2-бабында көзделген сот приставтарының мақсаттарының бірі — сот ғимараттарын күзетуді қамтамассъіз судьяларды жене басқа процеске қатынасушыларды түзетілту корғау болып табылады. Сот приставтары кызметінің мақсатына, сондай-ақ, сот мәжілісінің залында коғамдық тәртіші сақтау, бас еркінен айырумен байланысты емес жазалардын атқарылуын бақылау, соттың процессуалдық амалдарды орындауына жәрдемдесу, сот орындаушыларының соттың атқару құжаттарын мөжбұрлеп орындатуына жәрдемдесу мәселелері кіреді. Ал сот приставының заңды талаптары заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті, өйткені ол мемлекетің өкілі деп есептелді.

Қазақстан Республикасының "Қылмыстық процесске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 ж. 5-шілдедегі Заңының 3-бабына сәйкес, мұндай тұлғалардың ішінде (18-аталған) бірінші болып судьялар көрсетілген /96/. Осы заң қорғалуға жататын тұлғалардың жанұя мүшелелері мен жақын туыстарын да өзінің қорғауына алады.

Ешкімнің тиіспеуі принципі барлық соттардың -судьяларына қатысты деп есептеледі және судьяның иммунитеті сот әділдігін іске асыру мезгілінде ғана күшінде болып қоймай, оны қызметінен тыс уақытында да корғай алады. Бірақ, мұның өзі судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасаса, ол жауапкершіліксіз қалады дегенді білдірмейді (тәртіптік, қылмыстық жауаптылық жөнінде айтылады). Заңмен оны жауапкершілікке тартудың ерекше процедурасы қарастырылған. Мысалы, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 498- бабына сәйкес, судьяға қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ғана қозғай алады. Судьяны Қылмыстық жауаптылыққа тарту, оны күштеп әкелу, алу үшін Бас прокурор ҚР-ның Президентіне, Парламенті Сенатына келісімдерін беру үшін ұсынысын енгізеді. Олардың келісімі алынған соң іс өндірісі жалғастырылады. Судьяға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті. Егер де Президент немесе Парламент Сенаты судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісімдерін бермесе қылмыстық іс қысқартылуға жатады.

Сот билігінің (әділдігінің) келесі бір принципі сот істерін кәсіптік негізде қарау болып табылады. Бұл принциптің де судьяның тәуелсіздігі принципімен ара қатынасы тығыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 79-бабының 1-бөлігі, Конституциялық заңның 7,11, 18-баптары құрамында тек тұрақты судьялар бар соттарды құруды қарастырады. Мұның өзі Конституцияның 82-бабының 1-3 бөліктеріне сәйкес, республиканың сот корпусын сайлау немесе тағайындау жолымен қалыптастыру, Конституцияның 79-бабының 3-бөлігінде керсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарды іріктеуді қарастырады.

Еліміздегі болып жатқан сот-құқықтық реформаның талабына сәйкес, 1995 жылы Президенттің Конституциялық заң күші бар "Соттар және судьялардын мәртебесі туралы" Жарлығымен сот істерін алқалы құрамда, яғни, халық уәкілдерін - заседательдерін қатыстыру арқылы қарау туралы мызғымас ереже реформалаудан өткізілді. Халық заседательдері институты жойылды. Сот істерін қарауды тек кәсібй судьялар іске асыратын болды. Осымен қатар, сот әділдігін одан әрі демократияландыруға арналған елеулі қадамдардың бірі "Қазақстан Республикасының -Конституциясына өзтерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 7 қазаңда қабылданған Заңына сәйкес, кылмыстық сот ісін алқа (присяж) заседательдері тысуымен жүзеге асыру қарастырынады. Бұл норма Конституциялық заңының 1-бабында да баянды етілді.

Сонымен, сот әділдігін кәсіби судьялар және заңда көзделген жағдайларда, кәсіби емес - алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылатыны заңмен бекітілді.

Кезінде, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің жобасы қызу талқыланып жатқанда, осы мәселеге байланысты доцент Е.Ерешев өз пікірін: "Сот әділдігін жүзеге асыру барысына, әсіресе, бірінші сатылы соттарда алқалы құрамда халық заседателндерінің қатысуын жою дұрыс емес, өйткені соттарда халық заседательдерін ұстау экономикалық тұрғыдан қаржы мәселесіне байланысты деп үнемдеу саясатын жүргізу тарихтан әйгілі арзаң сот халық үшін қымбатқа түсетшдігі дәлелімен ескерілгені жөн. Керісінше, халық заседателі кәсіби заңгер болмағандықтан сот ісін қарауға қажеті шамалы деудің орнына оларды құқықтық оқыту мәселесін жетілдерген дұрыс," дегі көрсеткен болатын.

Ал, алқа (присяж) заседательдеріне қатысты әлі олардың сот істеріне қатысуына негіздері мен тәртібін орнықтырушы нормалар өңделіп шығарылмағандығына байланысты олар туралы нақты сөз қозғауды ерте көріп отырмыз.

Бірінші сатылы соттарда істерді қарау, судьяның жеке-дара қарауымен жүзеге асырылады. Тек әлім жазасы қолданылуы мүмкіндігі қарастырылған қылмысты істерді құрамында 3 судья бар алқалы түрде қарайды.

Қылмыстық істер апелляциялық тәртіпте судьяның жеке өзі қарауымен де алқалы құрамда да іске асырылады.

Істерді апелляциялық және қадағалау тәртіптерін сондай-ақ сот аулыларын жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты алқалы түрде, құрамында 3 судьядан кем болмай қарайды.

Облыстық сот пен Жоғарғы соттың қадағалау алқалары құзыреттіктеріне берілген істерді құрамының жартысынан көбі болған жағдайда қарайды.

Қорыта келгенде, істерді кәсіптік негізде қарау принципінің маңызы кәсіби сот билігін қалыптастыру үшін істелуде. Мұнымен қоса, Конституциялық заң Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, көмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттарды құру мүмкіндігін қарастырады. Яғни, сот істерін кәсіби судьялар қарап қана қоймай, олардың істерді белгілі түрлері мен топтарына (санаттарына) байланысты маманданған тұрғыда қарауы, бұл істер бойынша іске асырылуға тиісті сот әділдігінің сапасын, мақсатын елеулі жақсартатыны сөзсіз. Елімізде мамандандырылған соттардан әскери соттар қызмет етуде, 2001 жылдан бастап экономикалық соттарды баламалау (Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында) басталды.

Бұл түрлі сатыңағы соттардың жұмысын женілдетуі тиіс. Осы шаралар өз уақытында қолданылып отыр. Өйткені, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі жаңа кодекетің қабылдануымен жалпы соттарда жана істердегі көрініс табуда. Осындай сот өндірісін жүргізудеп жетшдірілген аса маңызды істің бірі сотқа өте ауыр қылмыстық істер бойынша сот присяжнилерінің енгізілуі деп білуге болады. Оларды енгізуге байланысты өз пікірімізді білдірсек, баламатау (эксперименттеу) әдісін пайдаланған жөн дер едік.

Қазақстан Республикасының Конституциясының еліміздегі сот әділдігін азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, кәсібінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жері мен басқа да мән-жайларына қарамастан, олардың заң мен сот алдында теңдігі негізінде жүзеге асыру принципі көрінісін тапқан.

Баршаның заң мен сот алдындағы тендігі республика заңдарының барлық азаматтарына біркелкі қолданылуын және азаматтардың тарапынан бұлжытпай сақталуы мен орындалуын білдіреді. Заңды бұзған кез келген тұлға онымен орнатылған жауаптылыққа тартылады. Баршаның сот алдындағы теңдігі сот шщына келген адамдардың барлығы процессуалдық жағдайына сәйкес тең міндеттер мен тең құқықтарға ие болатынын білдіреді (мысалы, айыпкердің қорғаушы алып қорғану құқығы, сот ісінің тілін білмейтін адамдарға тіл маманы қызметін көрсету, т.б.). Сот өндірісі барлық соттарда барлық азаматтарға қатысты процессуалдық заңдар (АІЖК, ҚІЖК) орнатқан біркелкі ережелердің негізінде және тәртібінде жүргізіледі. Мұның өзі Қазақстан Республикасында азаматтардың және халық топтарының қайсыбір әлеуметтік айырмашылықтары негізінде құрылған соттар жоқ деген сөз. Сот жүйесін ұйымдастыруда қандай болса да артықшылықтарға немесе кемсітушілікгерге жол берілмейді.

Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың заңға бірдей ағыңдырылуы олардың шынайы теңдігін білдіруге тиіс. Алайда, баршаның заң мен сот алдындағы тендігі принципіне қайшы келетін, атап айтқанда, Қазақстан республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің 292-ның 2-бөлігінде көрсетілгендей, биліктің жоғарғы, деңгейдегі жоғары лауазымды тұлғалардың ісін бірінші ретінде елдің Жоғарғы Сотының қарауы Жүиесіндегі бастапқы буындағы соттардың беделіне нұқсан келтіреді. Баршаның ісі "ешбір елеусіз, ескерусіз" бастапқы буындағы аудандық соттарда қаралса сот билігінің беделін арттырған болар еді.

Бұл мәселені Г.Ж.Сүлейменова, керісінше, қайшылық емес, осылайша аталған тұлғаларға арналған кепілдіктер, олардың тәуелсіздігі мен өз өкілеттіктерін кедергісіз атқаруларын қамтамасыз етеді дей келе, бұл кепілдіктерді заң тарапынан берілген жеңілдік ретінде түсінуге болмайды — деп көрсетеді. Алайда, мұндай кезқараспен толығымен келісуге болмайды. Оған себеп, біріншіден, иммунитет мәселесін жақсылап талдау қажет. Депутаттарга, судьяларға, Бас прокурорға, Конституциялық кеңестің Төрағасы мен мүшелеріне қатысты иммунитет оларды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ерекшеліктерін қарастырады. Яғни, оларға байланысты қылмыстық қудалау мәселелерін ғана қамтиды. Сондай-ақ, оларды күштеп әкелуге, әкімшілік жауаптылыққа тартуға, т.б. болмайтындығын да қарастырады. Олай болса, біздің қарастырғалы отырғанымызға сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тиісті орғанның (Парламенттің, Президенттің, т.б.) келісімі беріліп, иммунитеті жойылған тұлға сот алдында басқа адамдар қатарында тең тұруы тиіс.

Екіншіден, жоғарыда аталған тұлғаларды басқа азаматтармен бірдей сот алдында теңестіру сот билігіяін абырой-беделін арттырған болар еді. Яғни, азаматтардың конституциялық қағидаға сәйкес сот алдындағы тендіктерінің сақталуы жергілікті соттардың, әсіресе, бастапқы буындағы аудандық соттардың беделін көтеруі сөзсіз. Мұндағы айтарлық ойға сәйкес, иммунитеті бар тұлғаның ісін деңгейі жоғары соттың соттылығына жатады деп, төменгі тұрған сотқа сенімсіздік білдіргенді (қай жағынан болмасын) байқалады. Үшіншіден шттардың (әсіресе, іс бойынша мүдделілері, мысалы, пікірлер, жәбірленуші, талапкер т.б.) сот қаулыларын нағымдау еркіне де нұқсан келтіреді. Мысалы, ісі сотта қаралып шешілген азамат, оған (іске) байланысты сот қаулысымен келспесе, жоғарғы тұрған соттарға (облыстық және Жоғарғы Сотты қоса) оны шағымдап, іздену мүмкіндігін пайдалана алады. Мысалы, азаматтың ісі Жоғарғы Соттың соттылығына жатады делік, аудандық сотта басталып қаралған істен айырмашылығы мұнда бұл азаматтың сот қаулысын шағымдау мүмкіндігі тым аз. Яғни, ол Жоғарғы Соітың үкімін осы соттың қадағалау алқасына ғана шағымдай алады деген сөз. Былайша айтқанда, лауазымдық мәртебесінің биіктігіне байланысты ісінің соттылығының "беделі" де жоғары тұрғанымен, процессуалдық тұрғыдан мүмкіндіктері шектелген болып отыр.

Қорыта келгенде, азаматтардың барлығының заң алдындағы теңдігі сақталғанымен, олардың сот алдындағы теңдігі толығымен қамтылған деуге әлі болмайды деп есептейміз.

Сондықтан, қылмыстық істер жүргізу кодексінде істердің соттылығы мәселесін қайта қарау, олардың ішінде жеке соттылығы түсінігін қайта қарастыру жа-шна неғұрлым көңіл бөлуді талап етеді. Бұл мәселеге осылайша жақындау сот жүйесіндегі бастапқы буындағы соттардың халық алдындағы беделін арттыруға қарқыңды септігін тигізген болар еді.

Азаматтардың заң мен сот алдындағы тендігі принципімен тығыз байланысты, өз алдына дербес тараптардың теңқұқылығы мен сайыскершілігі принципін Қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-23-бабына сәйкес, қылмыстық сот өндірісі айыптаушы және қорғаушы тараптарының теңқұқылығы және сайыскершілігі негізінде іске асырылады.

Ең бастысы, бұл функциялардың (айыптау және қорғау) бөлінуі мен сайысу барысында сотқа қандай рөл беріледі және оның бұл принципке қандай қатысы бар екендігін атайық.

ҚІЖК-нің 23-бабының 5, 6-бөліктеріне лайық, сот қылмыстық қудалау органына жатпайды, айыптаушы немесе қорғаушы тараптардың жағында болмайды және құқықтан басқа қандай да болмасын мүддені қолдамайды. Объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, сот, тараптардың процессуалдық міндеттерін орындауы мен өздеріне берілген құқықтарын іске асыруына қажетті жағдайларды жасап отыруға тиіс.

Тараптардың теңқұқылығы заң бойынша олардың әрқайсысының өз позициясында тұруға, оны қорғауға тең мүмкіңдіктерінің барлығын білдіреді. Бір тарапқа нақты процессуалдық құқық бере отырып, заң екінші тарапқа да нақ осындай немесе соған ұқсас құқық береді және оларга тең дәрежеде міндеттер жүктейді .

Қылмыстық істі қарау кезіндегі сайыс -айыптаушының, сотталушының, қорғаушының, жөбірленушінің азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің процессуалдық құқықтарының теңдігіне негізделеді. Сотта оларға істегі мүдделерін қорғауда тең мүмкіндік берілуін қамтамасыз етуге міндеггі. Қылмыстық істі қарау кезінде тараптардың ауызша сайысуы соттың істегі фактілер мен мән-жайлардың ақиқаттығын анықтауына жордемдеседі. Бір сезбен айтқанда, таразының екі басының тепе-теңдігін, тең сшшақтылығын қамтамасыз етуте тиіс. Бұл соттың ежелден келе жатқан рәмізінде де баршаға әйгілі етіп керсетілген.

Сонымен, сот тараптардың тең құқылығын, сайыстілігін нақты қамтамасыз етіп, осы теңбе-тендіктің негізінде анықтаған мәселелер арқыны әділдікті (сот әділдігін) іске асырады. Бұл үшін соттың тараптардан тәуелсіз болуы, оның шынайы бейтараптылығын, объективтілігін қалыптастырса керек .

Мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты және өзекті мәселелердің бірі-мемлекеттік тілдің тәуелсіздігінде. Яғни, мемлекеттік тілдің мәртебесіне лайық еркін және кең тарапты қолданылуында. Олай болса, сот ендірісіндегі тіл принципіне тоқталсақ, бұны осылайша және ұлттық тіл принципі деп те атайды. Одан мағынасы меп бастысы бұл принциптің мақсаты өзгермейді. 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 жене 5-баптарына сәйкес, республиканың барлық соттарында сот өндірісі мемлекеттік тілде, сондай-ақ орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізіледі .

Республиканың көп ұлтты факторы ҚІЖК-де де ескерілген. Бұл заңның 30-бабына лайық, қылмыстық сот өңдірісінде мемлекеттік тіл және онымен қатар орыс немесе басқа тілдер де қолданынады.

Іс бойынша сот өндірісінің тілін қынмыстық процесті жүргізуші орган анықтайды және бұл туралы Қаулысын шығарады.

Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе ол тілді жетік білмейтін, сол іске қатысушы адамдарға өзінің ана тілщде немесе өздері білетін тілде арыз айтуға, жауаптар мен түсініктер беруге, тілек қоюға, шағым беруге, іс материалдарынен танысуға және сотта сөйлеуге, сондай-ақ, ҚІЖК-І бекіткен тәртіпке сәйкес тілмаштың Қызметін ақысыз пайдалануға құқылы екендіктері түсіндіріліп, қамтамасыз етіледі.

Баста айтылып кеткендей, тілдің тәуелсіздігі мемлекеттің тәуелсіздігі, мемлекеттік тілді қолданушы соттың (нақты судьяның) тәуелсіздігі бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар болуга тиісті. Сондай-ақ, демократиялық, көпұлтты мемлекеттің саясаты, құрамындағы басқа ұлт тілдерінің де жетіліп дамуына мүмкіндіқ туғызуы, бұл принциптің мазмұнын көркейте түседі.

Сот жүргізілетін тілді біледі деп, сол тілді құр түсінетіндерді емес, еркін сөйлей алатындарды айтады. Сот құрамындағылардың немесе сот процесіне қатысушылардың біреуінің аудармашының міндетін атқаруға болмайды. Аудармашы адам істің шешімдеріне мүдделі емес, сот құрамы мен сот процесіне қатысы жоқ азамат болуға таіс.

Қаралып отырған принциптің мазмұны мынадай қағидалардан тұрады: а) сот ісін көпшілік болып табылатын ұлттың тілінде жүргізу; ә) халық көпшілігінің тілін білмейтін іске қатысушыларды іс материалдарымен аудармашы арқылы толық таныстыру және сот ісік сол жерде жүргізу; б) мүндай адамдардың барлық сот істеріне аудармашының көмегімен қатысуы; в) олардың сотта ана тілінде сөйлеу мүмкіндігін беру,

Осылайша, бұл принциптің орасан зор саяси және тәжірибелік маңызы бар. Тіл принципі сотталушынын барлық қорғану амал-тәсілдерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қоймай, процеске қатысушыларға және сот залында отырған жүртшылыққа зор тәрбиелік ықпал жасайды.

Сот әділдігінщ мәнін жақсартатын тағы бір мәселе сот өндірісінің жариялылығы болып саналады.

Соттарда істердің ашық қаралуы сот әділдігін жүзеге асырудың сапасына да жан-жақты мүмкіндік жасайды. Сот қатысып отырған былайғы жүртшылыққа сот ісіне қатысушылардың өздеріне тәрбиелік ықпал жасап, олардың осында адал мінез-құлық көрсетуіне және дұрыс түсініктемелер мен айғақтар беруіне жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 29-бабына сәйкес, қылмыстық істерді барлық соттарда, барлық сот сатыларында ашық қарайды. Әрине, жариялылыққа шек қойылатын жағдайларды да ескерген жөн. Бұл жағдайлар әрдайым қандай да болмасын құпияның (мемлекеттік, әскери қызмет, коммерциялық, т.б.) жария болуына жол бермеуімен байланысты болады.

Принципті түрде қарастырғанда, бұл екі ереженің, яғни, судьяның тәуелсіздігі мен жариялылықтың ара қатынасы мен байланысы мына мәселелермен түсіндірілуге тиісті:


  1. тәуелсіз сот (судья) қана істерді жариялы тұрғыда қарастырып, халыққа сот қызметін көрсете алады. Мұның өзі соттың (судьяның) абырой-беделін көтеруге жәрдемдеседі;

  2. істерді ашық қараудың нәтижесімен сот тек сот әділдігін іске асырып қоймай, тәрбиелік маңызы зор (профилактикалық та) жұмыс жүргізеді;

  3. сот заңдар мен құқықтық актілерді насихаттауды жүзеге асырып, өз қызметін толықтырған болады;

  4. жария қараудың өзі істің мөн-жайын баяндау, талдаумен байланысты болғандықтан, халыққа әйгілі болуымен, басқадай бұрмалаушылыққа қол сұғушылықтан көпшіліктің наразылығын тудыру мүмкіндігімен қорғап, соттың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Тұлғаның құқығы мен бостандығын және заңды мүддесін қамтамасыз етудің маңызды кепілдігі, бұл сот арқылы қорғану құқығы.

Азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандық. тарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғауы сотқа арыздарын, шағымдарын берулері арқылы іске асырылады. Онда азаматтар мемлекеттік органдардың ұйымдардың, заңды және өзге де тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері мен шешімдерінің кез келгенін шағымдай алады. Аталған тұлғадардың азаматтардың құқықта-ры мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін кемсіткен немесе шектеген әрекеттері мен шешімдеріңің бәрі соттың бақынауында болады деген сөз.

Барлық азаматтардың өзінің бұзылған немесе дауласып отырған қуқығына байланысты сотқа баруға тең мүмкіндіктері бар. Ол азамат өзі немесе өзінің өкілі арқылы сотқа жүгінуіне болады.

Азаматтың сотқа қорғану үшін жүгінуі, соттың шағымды, арызды қарауға байланысты қызметін бастауға міндеттейді.

Бұл принцип бойынша азаматтың, сот актілерінде шағымдауға (апелляциялық және қадағалау тәртіптерінде) ерікті екендігі білдіріледі.

Ендеше, азаматтар бұзылған құқығы мен бостандығы және заңды мүддесін қорғау, қалпына келтіру мақсатында күшті, тәуелсіз сотқа жүгінсе, бұл мәселелерді қызметінің басты мақсаты етіп қойған соттың іске асыруы мемлекетті құқықтық етуге пайдалы әсерін тигізеді деген сөз.

Судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципімен өзара оте тығыз байланыста болатын кінәсіздік жорамапы (презумпция) принципінің негізгі мәнін қарастырсақ, тек сот қана адамды қылмысқа кінәлі деп заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде тани алады. Басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың мұндай құқығы жоқ. Қылмыстарға байланысты анықтама мен алдын ала тергеу жүргізу, сот әділдігіне жатпайды. Сондықтан, олар қылмыстық іс бойынша соңғы нүктені қою үшін оны соттың құзыретіне береді.

Ал, өз кезегінде сот дербестігін, тәуелсіздігін пайдаланып, ешкімнің (соның ішінде тергеудің, прокурордын) пікірін басшылыққа алмай, тек сот тергеуі барысында анықталған істің мән-жайларын ескеріп және солардың негізінде шешімін қабылдап,адамның құқықтарын, бостаңдықхарын және заңды мүдделерін камтамасыз етеді.

Кәсіби заң көімегін алу құқығы мен айыпкердің корғаушы алып қорғану құқығы да сот әділдігінің дербес принциптері ретінде соттың тәуелсіздігімен өзара байланыста болады.

Бұл байланыс мынандай мәселелер теңірегінде іске асырынады.

Әуелі соттың азаматтың құқықтарын қорғау мүмкіншілігінен, яғни, кәсіби заң комегін алу, қорғаушы алу кұқықтарың да нақты қамтамасыз ететілетіндігімен.

Одан қалса, бұз заң көмегімегін алу мүмкіндігін бере отырып, азаматты қуқықпен қаруландырып, оның заңдағы барша құқықтарун қамтып, демократия ұйғарымдарының іске асуын көздейтін өзінің тәуелсіздігі қарқынды жетілдіруге тиіс.

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет