1 сот жүйесіндегі судьяның ТӘуелсіздігі



бет4/4
Дата11.07.2016
өлшемі455 Kb.
#192095
1   2   3   4

2.3 Соттағы өкілдер
Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі, мақсаты.

  1. АІЖҚ-ң 58-бабы бойынша азаматтық істерді сотта әрбір азамат өзі немесе өкілі арқылы жүргізуі мүмкін.

Істі азаматтың тікелей өзі жүргізуі оны осы іс бойынша өкіл алуқұқығынан айырмайды. Ұйымдардың істерін өз құзіреті шегінде заңмен, нормативті құқықтық актімен немесе құрылтай құжатымен бекітілген органдары немесе өкілдері жүргізеді.

Азаматтық істі өкіл арқылы жүргізу немесе сотта өкілдік ету 3 түрлі себеппен айқындалады:



  1. Мүдделі тұлғаның істі өзі жүргізуі қолайсыз болса.

  2. Мүдделі тұлғаға біліктілік заң көмегі қажет болса (адвокаттың көмегі)

  3. Істі өзі жүргізу мүмкіндігі жоқ болса (әрекет қабілеттілігі жоқ болса, кәмелет жасқа толмаса т.б.)

Сотта өкілдік ету-азаматтық істерді қарау және шешу кезінде туындайтын сот пен өкілдің және өкіл мен өкіл тағайындаушының арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жеке институты.

  1. сот пен өкіл арасында

  2. өкіл мен өкіл тағайындаушы мыс: (талапкер мен адвокат арасында)

Аталған қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығының тиісті нормаларының негізінде туындайды. АІЖК-58,62,63-баптары.

Сотта өкілдік етудің мақсаты:

- Өкілдік беруші тұлғаның мүддесін сотта қорғау.

- Өкілдік берушінің іс жүргізу құқығының жүзеге асуына және міндеттерінің орындалуына көмектесу.

- Соттың азаматтық істі дұрыс шешуіне ықпал ету.

Соттағы өкіл-азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының жеке дербес субъектісі болып табылады. Дегенмен, соттағы өкілдер АІЖК-44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кірмейді. Себебі ол іске қатысушы тұлғаға тән белгілерді иеленбейді. Атап айтқанда:



  • Өкілдің іс барысында заңды қызығушылығы болмайды.

  • Өкіл өз атынан емес мүдделі тұлғаның атынан қатысады.

Сонымен соттағы өкілдер дегеніміз –заңмен, жарғымен, ережелермен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген өкілеттілік шегінде сенім білдірушінің атынан істі жүргізуші жеке тұлға.

Сотағы өкілдердің белгілері.

- Өкілдің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі сенім білдірушінің немесе өкіл тағайындаушының еркіне байланысты. Бұған заңды өкілдер мен жарғы бойынша өкілдердің өкілеттігі кірмейді.

- Сотта олар өз құқықтарын емес сенім білдірген тұлғаның құқықтырын қорғайды.

- Іс жүргізуі нәтижесінде өкіл тағайындаушының процесуалдық құқықтары мен міндеттері туындайды немесе қысқарады.

Соттағы өкілге заңды күшіне енген сот шешімінің материалдық –құқығының салдары болмайды және олар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан сот шығындарын өтемейді.

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне, немесе әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 59 және 63 баптарына сәйкес мына тұлғалар сотта өкіл бола алады.

- адвокаттар

- заңды тұлғаның қызметкерлері осы ұйымның істері бойынша

- кәсіптік одақтың уәкілетті адамдары.

- заңмен жарығымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары.

- тең қатысушының тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі.

- іске қатысушының рұқсатымен басқа да адамдар.

- әрекет қабілеттілігі жоқ және шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары қамқоршылары, қорғаушылары.

-хабар- ошарсыз кеткендердің мүлкіне қатысты істер бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам.

- қайтыс болған адамдардың мүлкіне қатысты іс бойынша сақтаушы немесе қамқоршы.

Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

АІЖК-ң 60-бабы бойынша сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға мыналар кіреді.

1.Судьялар,тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымның уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.

2. Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.

3. Адам егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамадарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса.

4. Бұрын осы іс бойынша судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә ретінде қатысса.

5. Істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.

Өкілдің түрлері мен негіздері. (тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері.

Сот пен өкілдердің арасында құқықтық қатынастар белгілі заңды фактілерге байланысты туындайды. Ол фактілерге:



  • Сотқа өкілеттігін куәландыратын құжаттарды табыстау немесе өкіл берушінің өкіл тағайындау жөніндегі ауызша өтінішін хаттамаға тіркеу. АІЖК 59-бабы 6, 7 тармағы.

  • Өкілді іске қатыстыру жөніндегі соттың ұйғарымы жатады.

Азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша сотта өкілдік етудің 2 түрі бар.

а) Тапсырма бойынша өкілдік ету.

б) Заңды өкілдер.

Тапсырма бойынша өкілдік етудің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді.

- Шарттық өкілдер-тапсырма шарты бойынша немесе еңбек шарты бойынша пайда болады. Оған адвокаттың қызметі немесе азаматтардың өтініші бойынша кез-келген тұлғанаң өкіл ретінде қатысуы және тең қатысушылардың біреуінің басқа қатысушылар атынан өкіл ретінде іске қатысуы жатады. АІЖК 59-бабы 1, 6, 7 –тармағы.

- Қоғамдық өкілдер- азаматтық қоғамдық бірлестіктерге мүше болуы негізінде пайда болады.

- Заң көмегін заңмен немесе жарғымен басқа адамдардың мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары жүргізеді. АІЖК 59-бабы 3,4 –тармақтары.

- Жарғы бойынша өкілдік ету –ұйымдардың ісін сотта заңмен, құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттік шегінде олардың органдары немесе өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. АІЖК 58-бабы 2 -тармағы, 59-бабы 2, 5-тармағы.

Заңды өкілдер АІЖК 63,304- баптарында көзделгендей әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі адамдарға тағайындалады. Олардың өкілдері ретінде ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары , қорғаншылары қатысады. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушінің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

Өкіл ретінде адвокаттың іске қатысу ерекшелігі.

Азаматтық сот өндірісінде адвокаттың іске қатысуы арнайы заңмен реттеледі.

Адвокаттық алқаларда мүше болатын және мамандық негізінде заң көмегін көрсете алатын жоғарғы заң білімі бар, 2 жылдан жоғары жұмыс стажы бар, адвокаттың әрекетті жүзеге асыруға лицения алған ҚР азаматы адвокат бола алады./22/

Қасақана қылмысы үшін сотталған немесе әрекет қабілеттілігі жоқ немесе шектелген азаматтар, адвокаттық алқалардын шығарылғандар –адвокат бола алмайды.

Лицензия беру тәртібі ҚР Әділет Министрлігі 1998 ж 21 қаңтар қабылданған «Адвокаттық қызметпен шұғылдану үшін лицензия беру тәртібі туралы.» бұйрығымен реттеледі.

Лицензия біліктілік емтиханы тапсырылғаннан кейін беріледі және оның күші ҚР-ң бүкіл территориясына қатысты болады.

Заң көмегін көрсету жөніндегі төлемақылар адвокат пен клиент арасындағы келісімдермен реттеледі.

Адвокат заң көмегін көрсету негізінде белгілі болған мәліметтерді құпия түрінде сақтауға міндетті. Құпияны сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Адвокаттық қызмет туралы заңның 3, 18 –баптары.

Соттағы өкілдің өкілеттіктері.

Соттағы өкілдердің өкілеттігі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы өкілеттілікке сот шешімі мен ұйғарымына шағындану құқығынан басқа АІЖК-ң 47-бабында көзделген барлық әрекеттер кіреді.

Арнайы өкілеттілікке АІЖК-ң 61-бабында аталған әрекеттер кіреді. Аталған іс-әрекеттерді әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

Әрбір өкіл өзінің өкілеттігін куаландыратын құжатын және жеке басын куаландыратын құжатын сотқа табыс етуі тиіс.

Адвокаттың нақты іс жүргізуге арналған төкілеттігі немесе адвокаттың кеңсе берген ордермен, ал ол кызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.

Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдық уәкілеттік берілген адамдар сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруге тиіс. 159 бап, 3,4,5-тармақ.

Заңды тұлғаның басшылары заңды тұлға атынан тиісті сенімхаттар береді.

59-баптың 6,7-тармағы бойынша ауызша сенім бірдіру сот хаттамасына енгізілуі тиіс.

Ата-аналар заңды өкіл ретінде сотқа АХАЖ органдар берген баланың тууы туралы куәлігін беруі тиіс.

Асырап алушылар-сот шешімдерін және жаңадан алған тууы туралы куәлікті көрсетуі тиіс.

Қамқоршылар мен қорғаушылар сол органдардан берілген актілерді көрсетуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі маңызы мен мәнін ашу, өуелі оның түсінігін және оның маңызын зерттеумен ұштастырынды.

Жалпы, билік феноменін, оның белінуі теориясын ежелгі уақыттан зерттеумен бұл меселелерге байланысты Аристотельдің, Ш.Л.Монтескьенің көзқарастары мен еңбектерінде айтылған ғұлама сөздері келтірілді.

Ежелден келе жатқан "бөлісіп ал да билей бер" -деген ереже мен еңбектің бөлінуінен шыққан теорияның мемлекет құрылысындағы басты мақсаты биліктер тармақтарының функциялары мен өкілеттіктерін жіктеуінде, осы арқылы әрқайсысы өз билігінің шеңберінде қызмет істеуін анықтауында. Мұндай қызмет барысында заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері бір-бірімен тежемелік өрі тепе-тендік жүйесі арқылы іс-қимыл жасау принципін басшылыққа алады.

Биліктердің белінуі теориясы көпшілік мемлекеттерде көрінісін тауып, олардың конституцияларында құқықтық бекітілгендігі көрсетілді.

Осылайша, атақты ағартушы ғалым Ш.Л.Монтескъе негізін қалаған, адамның құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз етуді көздейтін биліктердің бөлінуі концепциясы классикалық теорияның түбірі болып танылғаны айқындалды.

Биліктердің белінуі теориясының егеменділігін алған біздің мемлекеттілігімізге тиімділігін "Қазақ ССР-нің тәуелсіздігі туралы" 1990 жылғы 25 қазаңдағы Декларациясы баянды еткені, оған дейін ССРО дәуірінде мемлекеттік биліктің біртұтас, бөлінбейтіндіп және оның жалпыхалықтық екендігі туралы теориялық концепцияның мызғымастығы, сол кездерде, биліктердің бөлінуі теориясына мойынсұнбауға басты негіз болғаны жөнінде айтылды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің мәртебесі айқындалды. Мұнда мемлекеттік бштіктің тармағы сот билігіне берілген түсініктер қарастырылып, оларға байланысты пікір-көзқарасымыз айқындалып, өзіміздің анықтауымыз берілді.

Сот билігінің түсінігі, оған төн атқарылатын басты нысаны сот әділдігі арқылы бұл биліктің басқа да белгілері мен функцияларын айқындау тәсілімен көрсетілді.

Әсіресе, сот билігін мемлекет билігінің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде қарастыру, оған жүктелген азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, зақдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет ететін мақсаттарымен түсіндірілді.

Сот саясатын заң шығарушы биліктің орнықтыратыны, өз кезегінде сот билігін мемлекеттің арнаулы органы соқтың ғана жүзеге асыратыны және бұл билік мемлекеттік қызметтің ерекше, әрі сапалы нысанына ие болатыны т.б. айқындалды.

Сот билігінің функциялары ретінде сот әділдігі, конституциялық бақылау, тәрбиелеу және заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді түсіңдіру қарастырылды.

Бұл мәселеге байланысты ғалымдар арасындағы пікір таласулар көрсетілді және өз позициямыз анықталды. Әсіресе, сот әділдігі функциясын құқық қорғау функциясымен сабақтастыру туралы И.Л.Петрухиннің, В.А.Ржевскийдің және Н.М.Чепурнованың пікірінің дұрыс еместігін, сот әділдігінің ерекше, тек қана сотқа тиесілі екендігімен тұжырымдадық.

Аталған функциялардың ішіндегі конституциялық бақылау функциясын жетілдіру жөнінде пікір айтылды. Мұндай бақылау жүргізудің ССРО кезіндегі 1923 - 1933 жылдары аралығында болғаны көрсетілді.

Конституцияның 78-бабына талдау жасалынды.

Сот билігінің басқа билік тармақтарымен ара қатынасы қарастырылды.

Мұнда мемлекеттік биліктер қатарында Президент билігі тармағы да бар деуге әрекет жасалынды. Ондай тұжырым жасау екі меселеге негізделді: біріншіден, Президент мемлекет мехаыизмінде биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етіп. төреші рәлін атқаруында болса, екіншіден, оның мемлекетті басқару жөніндегі құзыреттіктерінің заң шығарушы, атқарушы, және сот биліктерінің өкілеттіктерінен бөлек екендігімен түсіндірілді.

Презндент пен сот билігінің ара қатынасы ашылып, мүндағы тежемелік механизмінің жеткіліксіздігі сыналды.

Судьяларға (әсіресе, жергілікті соттардың), өкілеттік беру тәртібін Конституцияның демократиялық ұйғарымымен сәйкестендіру мақсаты алға қойылып, осыған байланысты олардың жалпыға бірдей сайлау жолымен өкілеттігін алу мүмкіндігі қарастырылса, халық билігі институтын шын мәнінде нығайтып, көркейтетіндігі сипатталды.

Сот бөлігі мен заң шығарушы билікіің ара қатынасы, соңғысы шығаратын (қабылдайтын) заңдардын үстемдігін сақтау, оларды бұлжытпай орындау соттың міндеті екендігі, сот саясатын заң шығарушы биліктің айқындайтыны қаралын, сонымен қатар Жоғарғы Сот судьяларының корпусын құрайтыны да айтылды. Өз кезегінде, сот билігі заң шығару процесіне (норма шығармашынық процесіне) қатысымен, нормативтік қаулынар шығару арқылы заңдар мен өзге де нормативгік актілерді қолдану мәселелеріне байланысты түсіндіруінің жайы қарастырылып, сот актілерінің де мәртебесі айқындалын, олардың заңмен ара қатынасы ашылды.

Заңдарды ресми және сот түсіндіруі екеуінің заң шығарушы және сот билігі араларындағы тежемелік элементі ретінде көрсетілді.

Сот билігі мен атқарушы биліктің байланысы бұдан ілтері (01.09.2000 ж. дейін) атқарушы биліктің органы Әділет министрлігінің қарамағында соттарды ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық, кадрлық қамтамасыз ету мәселелерінің болуымен соттың оған тәуелді жағдайы көрсетілді. Соттың атқарушы билік органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен шешімдеріне келтіршген шағымдарды қарауы, ПМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі заңды күшіне енген үкімдерді орындауы бұл биліктердің өзара іс-қимыл жасауы және байланысы ретінде айтылды.

2000 жылғы 1-қыркүйектегі Республика Президентінің "Сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы сипатталып, мұнда сот билігін атқарушы биліктен тәуелсіз деңгейге алып шығу мақсатының көзделгені, әсіресе, соттарды материалдық-техникалық, өзге де қамтамасыз ету мәселелерін Әділет министрлігінің қарамағынан алып, осы үшін Жоғарғы Соттың жанында құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке берілудің маңызы мен мәні қарастырылды.

Қорыта келгенде, сот билгігінің түсінігі, оның мазмұны мен мәні, басқа биліктер арасындағы алатын орны мен оларға қатысты дербестігі және тәуелсіздігі соттың мемлекет пен коғамда атқаратын қызметін, рәлін және оның алуан түрлі қажеттілігін көрсетеді.

Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі беріліп, оның маңызды жақтары карастырылды. Оған дейін, қысқаша принцип түсінігі қарастырылып, жалпы оның Конституциямен, заңдармен баянды етілуі, принцип -норма деген мәртебеге ие болу мүмкіндігі ашылды. Осы тұрғыңа, судьяның теуелсіздігі принципінің сот билігі негіздерінің ішінде өзекті және ерекше маңызды екендігі ескеріліп, Конституциямен баянды етілуі, оның ең жоғарғы заң күші бар екендігі жағынан талданды.

Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқаруціы норма болып саналуға тиісті екендігі көрсетілді.

Тәуелсіздік мәселесі судьяға қатысты болғандықтан, судьяның түсінігі мен құқықтық жағдайы қарастырылды. Осы екі ұғымның байланысы негізінде судьяның тәуелсіздігі ережесіне түсінік берілді.

Судьяның тек заңға бағындырылуы оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басты шарт ретінде қаралды. Осыған байланысты судьяға заң қоятын талаптар мен міндеттер талданды.

Екінші параграфта судьяның тәуелсіздігі принципінің сот әділдігінің басқа принциптермен ара қатынасы сипатталды.

Бастысы бұл принциптердің өзара тығыз байланыста болатындығымен, қажетті жағдайларда бірін-бірі толықтыратындығымеп немесе өзара кері әсер етулерімен түсіндірілетіні анықталды. Мысалы, судьяның тәуелсіздігі принципінің құрамын талдағанда, судьяның тәуелсіз болатыны, оның тек Конституция мен заңдарға ғана бағыныштылығын білдірсе, оз кезегінде мұндай тәуелсіздікті сол заңның қамтамасыз етуінде, қорғауында деп түсіндірілді.

Судьяның тәуелсіздігі принципі мен сот әділдігінің принциптерінің әрқайсысы қалайша қатынасатыны, принциптерге жекелей сипаттама беру арқыны қарастырылды. Олардың өз алдына мәндері көрсетіліп, мазмұнды байланыстары талданды.

Осылайша, судьяның тәуелсіздігі принципінің басқа сот әділдігінің принциптерінің ішінде алатын орны мен мәртебесі көлемді тұрғыда сипатталды.

Судьяның теуелсіздігін қамтамасыз ету кепілдік түсінігін тудыратыны және бұл екі ұғымның бір-бірінсіз болмайтындығы, органикалық бірлікті құрастыратындықтары айқындалып отті.

Демек, тәуелсіздіктің басты әрі бөлінбейтін жағы кепілдік болады деген сөз. Араларын ажырату немесе керісінше, біріктіру арқылы қарастырғанда тәуелсіздік кепілдіксіз мағыналы болмайтындығы, ал кепілдік тәуелсіздік түсінігі жоқ жағдайда қажет болмайтындығымен айкындалды.

Судьялардың (соттың) тәуелсіздігін қамхитын кепілдіктердің қалыптасулары мен дамуының тарихына қысқаша шолу жасалынып, бұл мәселенің дамыған, жетілген мемлекеггерде қалайша орныққаны талданды.

Әсіресе, жалпыға (барша мемлекеттер үшін) бірдей міндетті Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 40/146 Резолюциясымен қолданған сот органдарының тәуелсіздігінің негізгі ережелерінің маңызы ашылды. Ондағы басты қағидалар жекеленіп талданып көрсетілді.

Тәуелсіздіктің кепілдіктері Кеңес Одағы дәуірінде де калай қарастырылғаны, әсіресе, бастапқы кезіндегі бұл мәселеге қатысты озбырлық пен бейбастылыққа әкеп соққаны айқындалып, Н.В.Крыленконың, А.Я.Вышинскийдің осы тұрғыдағы көзқарастары мен пікірлері көрсетілді, Дегенмен, ССРО-ның кезінде тәуелсіздік принципі мен оның кепілдіктерінің бірсыпыра дамытылғаны, бірақ. көбінесе, тек уағыздалған күйінде көрінісін тапқаны ашылды.

Тәуелсіздік мәселесін құптаушы кепілдіктер жіктеліп, саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, моральдық деп бөлінуі көрсетілді.

Бұл кепілдіктер жекеленген күйінде талданын, саралажан тұрғыда сипатталды. Әсіресе, судьялардын ауыстырылмайтындығы мен оларға ешкімнің тиіспеуі (иммунитеті), сондай-ақ жоғары материалдық жәпе құқықтық мәртебесі үшеуі біргелікге судьяның тәуелсіздігін барынша нақты, шынайы айқындайтыны жөнінде айтылды.

Осылайша, қорыта айтқанда, судьяның тәуелсіздігі принципінің мәні мен маңызы ең әуелі бұл принциптін, демократияның жетістігі екендігімен, судьяның тәуелсіздігі, сот әділдігінің басты шарты болатындығымеи, демек, сот билігінің де дербестігін айқындаумен қарастырылады.

Осының езі адамның құқықтары мен еркіндіктерін және заңды мүдделерін нақты, іс жүзінде қорғай алатын күшті де беделді сот билігінің қызметін елеулі деңгейге көтеретініне, даңқын асыратынына сөзсіз, пайдалы әрі сапалы әсерін тигізетіні сипатталды.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 28 қаңтар.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 30 тамыз

3. Қазақ ССР-нің "Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларациясы". 25 қазан, 1990 ж.

4. ҚР Азаматтық кодексі Алматы, «Жеті жарғы» –1998 ж.

5. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Алматы: «Жеті жарғы», 1998ж.

6. ҚР Қылмыстық кодексі Алматы, «Жеті жарғы», 1997 ж.

7. ҚР Нотариат туралы заңы,- Алматы : «Жеті жарғы», 1999ж.

8.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы.1 қыркүйек, 2000 //Заң газеті., 5 қыркүйек, 2000

9. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету туралы". 12 қазаң, 2000. //Заң газеті. —18- қазаң, 2000.

10.Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы". 25желтоқсан, 2000 //Егемен Қазақстан. 25 желтоқсан, 2000

11. Указ Президента Республики Қазахстан "О мерах по соверщенствованию правоохранительной деятельности" от 22 января 2001 г. //Қазахстанская правда. - 2001. - 23 января

12. Закон Республики Қазахстан "О высшем судебном совете Республики Қазахстан", от 28 мая 2001 г. //Казахстанская правда - 2001. - 3 июня

13. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы "Соттар және судьялардың мәртебесі туралы". 20 желтоқсан, 1995 ж. //Егемен Қазақстан . 20 желтоқсан, 1995

14. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Үндеуі. //Егемен Қазақстан. — 11-қазан, 1997

15.Назарбаев Н.Ә. "Соттар қызметінің заңдық, қана емес, саяси да мәні зор". Қазақстан Республикасы судьяларының III съезіндегі Елбасының алғы сөзі //Егемен Қазақстан. — 8-маусым, 2001.

16.Абдуллина З.К. Проблема доказывания в гражданском судопроизводстве Алматы: Данекер, 2004.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 28 қаңтар. - Алматы

17. Аристотель. Политика, М., 1893.

18.Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве. Алматы: «Жеті жарғы», 2001ж.

19. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2001.

20. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Қазахстан - Алматы: "Жеті Жарғы", 1996.

21.Монтескье Ш.Л. О духе законов и об отношениях, в которых законы должны находиться к устройству каждого правления, к нравам. климату, религии и т.д. - СПб., 1900.

22. Ожегов С.И. Словарь русского языка //Под ред. Н.Ю. Шведовой-М.: Рус.яз; 1985.

23. Становление судебной власти в обновляющейся России. - М., 1997, -

24.Ударцев С.Ф. Суд и правотворчество. Сборн. Законотворческий процесс в Республике Казахстан: состояние и проблемы - Алматы, 1997.

25. Шайкенова С. Реализаңия принципа незаңисимости судей в условиях переходного периода //Право и государство. - 2001.

26. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы 1998.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет