Сананың негізгі түрлері:
•қабылдау;
• түсін;
• бағалау;
• еске ал;
• фантазия;
• өмірлік тәжірибе.
Сананың обьектісі:
•қоршаған дүние, оның заттары,құбылыстары;
• ерекше, тәуелсіз рухани әлем.
Идеаторлық сана — идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті —
қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс.
Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті — адамның санасының
жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.
Сана рухани таза жанға тән,жалпы алғанда сананы үшке бөлуге болады:
• материалдық болмысқа жататын сыртқы тән сезімі;
• ішкі ой-өріс сезімі;
• рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана — рухани сана.
Сана
құрылымына эмоциялық, соның ішінде адамның көңіл-күйлері
сезімі,сонымен бірге ерік процестері,ол адамның алдына қойған мақсатына
ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады.
Өзіндік сана –адамның өзін тұлғ ретіеде түсіну және бағалау,адамның
өзінің іс-әрекеттері мен олардың нәтижелерін, өзінің өзге адамдармен өзара
әрекетін және
өзіне қатынасын құратын, индивидтің өзі туралы шартты
түрде тұрақты, азды-көпті ұғынылған түсініктерінің қайталанбас
жүйесі.Л.С.Рубинштейн былай дейді: «өзіндік сананың дамуының нағыз
қайнар көзі мен қозғаушы күшін - оның айналасындағылармен өзара
қатынасының өзгеруінде көрінетін индивидтің шын мәніндегі дербестігінен
іздеу керек». [1].Өзіндік сана тұлғаның әрі қарай дамуына әсер етеді, ал
өзіндік сананың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді
құрылымын бұзып, мінезінің бұрыс қалыптасуына алып келеді .
Достарыңызбен бөлісу: