1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


 Фрэнсис Бэконның эмпирикалық философиясы, оның «елестер»



Pdf көрінісі
бет2/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
философия сессия

2. Фрэнсис Бэконның эмпирикалық философиясы, оның «елестер» 
идеясы, индуктивтік 
әдістемесі. Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық 
(тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси 
қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі 
екінші тұлғасы.Негізгі еңбектері:«Ғылымдар табысы «Жаңа Органон» 
«Жаңа Атлантида». Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің 
мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе 
адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат 


білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен 
тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің
адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның 
табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.Фр.Бэконның филофиялық кредосын 
бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш». 
Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық 
идея ұсынды. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде 
жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, 
барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Фр.Бэкон 
таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның 
(адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. 
Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп 
сипаттайды:1.Тектік елестер;2.Үңгір елестері3.Базар елестері;4.Театр елесі. 
3.Философиядағы болмыс мәселесі. Болмыс ұғымы 
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі 
болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым 
адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. 
Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына 
жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. 
Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес 
деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын 
шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде 
болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің 
шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, 
Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап 
жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами 
бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің 
негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп 
жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы 
жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. Пантеизм аясында табиғатта 
Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.Бруно әлемнің көптігі 
идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы 
туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, 
И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы болмыс 
туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп 
абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. 
Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар 
барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп 


анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі 
барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - 
болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет