1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Қорқыт, Асан Қайғы, Шалкиіз және Бұқар жырау философиясы



Pdf көрінісі
бет21/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
философия сессия

25.Қорқыт, Асан Қайғы, Шалкиіз және Бұқар жырау философиясы
Қазақ Философиясы- қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның 
ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, 
табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары 
жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы 
дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. 
Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың 
даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи
Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық 
дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық 
ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. 
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы 
қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен 
Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, 
мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, 
нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып 
ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, 
шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін 
арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның 
ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз 
заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы 
болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі 
сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың 
дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші 
ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі 
дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен 


тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық 
антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман 
ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған 
жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, 
Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет 
жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай 
қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-
қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, 
адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы 
философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың 
негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында 
философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде 
тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы 
өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан 
қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, 
ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары 
ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің 
барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау 
жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет 
Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның 
қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, 
қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық 
дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет