№1 тақырыбы: Көмей, кеңірдек, бронхтардың анатомиясы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері



бет7/7
Дата27.04.2022
өлшемі1.9 Mb.
#456782
1   2   3   4   5   6   7
5. Тыныс алу жүйесі-1

Ө кпелердің шекаралары барлық жерде өкпеқаптың шекараларына сәйкес келе бермейді. Өкпелердің ұштары мен олардың артқы жиектерінің орналасу қалпы толығынан екі өкпеқаптың шекараларына сәйкес келеді. Оң өкпенің алдыңғы жиегі де оның шекарасына сәйкес келеді. Сол өкпенің алдыңғы жиегінің өкпеқаппен бұлайша сәйкес келуі, тек IV қабырғааралық кеңістік деңгейіне дейін ғана сақталады. Осы жерде сол өкпенің жиегі жүректің тілік түзіп, өкпеқап шекарасынан солға қарай ығысады.өкпелердің төменгі шекаралары екі өкпеқаптың да төменгі шекараларынан едәуір биіктеу өтеді. Оң өкпенің төменгі шекарасы алдынан VI қабырғаның артында өтіп, linea mammillaris бойымен VI қабырғаның жиегіне келеді, linea axillaris anterior бойымен - VII қабырғаны, linea axillaris media бойымен - VIII қабырғаны, linea axillaris posterior бойымен – IX қабырғаны; linea scapularis бойымен – X қабырғаны; linea vertebralis бойымен – XI қабырғаны. Сол өкпенің шекарасы жарты омыртқа шамасында төмендеу орналасады.
Жастық ерекшеліктері
ӨКПЕҚАП нәрестелерде жұқа, кеудеішілік шандырмен борпылдақ байланысқан, өкпенің дем алу кезіндегі қозғалысында бірге қозғалады. Жоғарғы өкпеқаптар аралығы кең (айырша без алып жатады). Өкпе шекаралары да жас өскен сайын өзгереді. Өкпе ұшы нәрестеде 1 қабырға деңгейіне сәйкес келеді. Нәрестенің оң және сол жақ өкпелерінің төменгі шекарасы ересектерге қарағанда бір қабырға жоғары орналасады. Егде жаста (70 жастан кейін)

өкпелердің төменгі шекаралары 30-40 жастағы адамдармен салыстырғанда 1-2 см төмен болады.


«Тыныс алу жүйесі»
1.Көмей кіреберісін қандай анатомиялық құрылымдар шектейді
+A. көмей қақпашығы (epiglottis)
+B. ожау-көмей қатпарлары (plicae aryepiglotticae)
C. жүзіктәрізді шеміршек (cartilagо cricoidea)
+D. ожаутәрізді шеміршектер (cartilagines arytenoidea)
E. қалқантәрізді шеміршектер
2.Арасында дауыс саңылауы орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:
A. кіреберіс алды қатпарлары
+B. ожаутәрізді шеміршектер арасында
+C. дауыс қатпарлары
D. сынатәрізді шеміршектер арасында
E. мүйізтәрізді шеміршектер арасында
3.Кеңірдектің бөліктерін көрсетіңіз:
+A. мойын бөлігі (pars cervicalis)
B. бас бөлігі (pars cranialis)
+C. кеуде бөлігі (pars thoracica)
D. іштік бөлігі (pars abdominalis)
E. жамбастық бөлігі
4.Қолқаның кеделік бөлігінің висцералды тармақтарын көрсетіңіз:
+A. бронхтық тармақтар (rr. bronchiales)
+B. өңештік тармақтар (rr. esophagie)
+C. перикардиалды тармақтар (rr. pericardiaci)
+D. медиастиналды тармақтар (rr. mediastinales)
E. артқы қабырғааралық артериялар
5. Өкпе түбірін түзетін негізгі анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз:
+A. өкпе артериясы (a. pulmonalis)
+B. өкпе веналары (vv. pulmonales)
+C. негізгі бронх (brоnchus principalis)
+D. лимфалық тамырлар
E. үлестік бронх
6. Оң өкпе қақпасында ең жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:
A.өкпе артериясы
B.өкпе веналары
C.нервтер
+D. бронх
E. лимфа түйіні
7. Сол өкпе қақпасында ең жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз: +A. өкпе артериясы
B. өкпе веналары
C. нервтер
D. бронх
E. лимфа түйіні
8. Ацинусты құруға қатысатын құрылымды көрсетіңіз:
A.соңғы бронхиолалар (br. terminales)
+B. тыныстық бронхиолалар (br. respiratorii)
+C. көпіршіктер жолдары (ductuli alvеolares)
+D. көпіршіктер қапшалары (sacculi alveolares)
E. сегменттік бронхтар
9. Соңғы бронхиолалардың қабырғасында болмайды: +A. шеміршектер
B. кірпікшелі эпителии
C. шырышты бездер+
D. бірыңғай салалы бұлшықеттік элементтер
E. шырышты қабық
10. Қабырғасында жартылай сақиналы шеміршектер болмайтын ауа өткізгіш жолдардың бөліктерін көрсетіңіз:
A.үлестік бронхтар
+B. соңғы бронхиолалар
+C.үлесшелік бронхтар
+D.сегменттік бронхтар
E.басты бронхтар
11. Оң жоғарғы үлестік бронх қанша бронхқа бөлінеді
A.екі
+B. үш
C. төрт
D. бес
E. он
12. Оң өкпенің ортаңғы үлесінде қанша сегмент бар
+A. екі
B. үш
C. төрт
D. бес
E. он
13. Сол өкпенің жоғарғы үлесінде қанша сегмент бар
A.екі
B.үш
C.төрт
+D. бес
E. он
14.Оң өкпенің төменгі үлесінде қанша сегмент бар
A.екі
B.үш
C.төрт
+D. бес
E. он
15. Ауа мен қанның арасында газ алмасу өтетін өкпенің құрылымдық элементтерін көрсетіңіз:
+A. көпіршіктер жолдары (ductuli alveolares)
+B. көпіршіктер (alveoli pulmonis)
+C. тыныс бронхиолалары (bronchioli respiratorii)
+D. көпіршіктер қапшалары (sacculi alveolares)
E. сегменттік бронхтар
16. Көкеттік нерв өтетін аралықты көрсетіңіз:
+A. жоғарғы көкірекаралық
B. төменгі көкірекаралықтың алдыңғы бөлігі
C. төменгі көкірекаралықтың артқы бөлігі
+D. төменгі көкірекаралықтың ортаңғы бөлігі
E. артқы көкірекаралық
17. Негізгі бронхтар қай көкірекаралыққа жатады: A. артқы
B. алдыңғы
+C. жоғарғы бөлімде алдыңғы көкірекаралықты
D. ортаңғы
E. төменгі
18. Париеталды өкпеқаптың бөліктерін көрсетіңіз:
+A. қабырғалық (pars costalis pleurae)
B. омыртқалық (pars vertebralis pleurae)
+C. көкірекаралық (pars mediastinalis pleurae)
+D. көкеттік (pars diaphragmatica pleurae)
E. төстік
19. Өкпеқап қойнауларын атаңыз:
+A. қабырға-көкет қойнауы (recessus costodiaphragmaticus)
+B. көкет-аралық қойнауы (recessus phrenicomediastinalis)
+C. қабырға-аралық қойнауы (recessus costomediastinalis)
D. көкет-омыртқа қойнауы (recessus phrenicovertebralis)
E. қабырға-төс
20. Оң өкпенің төменгі шекарасы бұғананың орта сызығы бойынша нешінші қабырғаның тұсында өтеді
A. ІХ қабырға
B. ҮІІ қабырға
C. ҮІІІ қабырға
+D. ҮІ қабырға
E. ІҮ қабырға
21. Сол өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың алдыңғы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді: A. ІХ қабырға
+B. ҮІІ қабырға
C. ҮІІІ қабырға
D. ҮІ қабырға
E. ІҮ қабырға
22. Оң өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді:
A. ІХ қабырға
B. ҮІІ қабырға
+C. ҮІІІ қабырға
D. ҮІ қабырға
E. ІҮ қабырға
23. Оң өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың артқы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді: +A. ІХ қабырға
B. ҮІІ қабырға
C. ҮІІІ қабырға
D. ҮІ қабырға
E. ІҮ қабырға
24. Өкпеқаптың төменгі шекарасы жауырын сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді: A. ІХ қабырға
B. ҮІІ қабырға
C. ҮІІІ қабырға
+D. ХІ қабырға
E. ІҮ қабырға
25.Жоғарғы және төменгі көкірек-аралықтарды бөлетінгоризонталды жазықтық қандай құрылымдар арқылы өтеді
A. төстің мойындырық тілігі
+B. төс бұрышы
C. ІІІ-ІҮ кеуде омыртқаларының денелерінің арасындағы омыртқааралық шеміршек
+D. ІҮ-Ү кеуде омыртқаларының денелерінің арасындағы омыртқааралық шеміршек
E. қабырға доғасы
26. Өкпе қақпасында сол негізгі бронхтан жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:
+A. өкпе артериясы (a.pulmonalis)
B. тақ вена (v.azygos)
C. жартылай тақ вена (v.hemiazygos)
D. айырша без (thymus)
E. жоғарғы қуыс вена
27. Өкпедегі жүректік тіліктің орналасқан жерін көрсетіңіз:
A. оң өкпенің артқы жиегі
+B. сол өкпенің алдыңғы жиегі
C. сол өкпенің төменгі жиегі
D. оң өкпенің төменгі жиегі
E. сол өкпенің артқы жиегі
28. Тыныс алу жүйесiнiң төменгi тыныс алу жолдарына кiретiн бөлiктерiн көрсетiңiз
+ A.көмекей
B.жүтқыншақтың ауыз бөлiгi
+ C.кеңiрдек
D.жұтқыншақтың мұрын бөлiгi
E.мұрын қуысы
29. Аталған анатомиялық құрылымдардың қайсысы төменгi мұрын жолымен қатынасады
A.торлы сүйектiң ортаңғы ұяшықтары
+ B.көзжас-мұрын өзегi
C.жоғарғы жақсүйек қойнауы
D.тор сүйектiң артқы ұяшықтары
E.маңдай қойнауы
30. Аталған анатомиялық құрылымдардың қайсысы ортаңғы мұрын жолымен қатынасады
+ A.маңдай қойнауы
+ B.жоғарғы жақсүйек қойнауы
C.сынатәрiздi қойнау
D.көзұя
E.бассүйек қуысы
31. Мұрынның шырышты қабығының қай бөлiгi иiс сезу аймағына жатады
A.төменгi мұрын қалқанының шырышты қабығы
+ B.жоғарғы мұрын қалқанының шырышты қабығы
+ C.ортаңғы мұрын қалқанының шырышты қабығы
+ D.мұрын қалқасының жоғарғы бөлiгiнiң шырышты қабығы
E.мұрын қалқасының төменгi бөлігінің шырышты қабығы
32. Көмей қандай қызмет атқарады
+A.дауыс шығару
+B. тыныс алу
+C.қорғаныш
D.иммундық
E.эндокриндi
33. Көмей қарыншасын шектейтiн анатомиялық құрылымдарды көрсетiңiз
+A.кiреберiс қатпарлары
+B.дауыс қатпары
C.ожау-көмей қақпашығы байламы
D.ожаутәрiздi шемiршек
E.қалқаншатәрізді шеміршектер
34. Көмейдiң тақ шемiршектерiн атаңыз
A.ожаутәрiздi шемiршек
+B.жүзiктәрiздi шемiршек
C.сынатәрiздi шемiршек
D.мүйiзшетәрiздi шемiршек
+E.көмей қақпашығы
35. Жүзiктәрiздi шемiршектiң доғасы қай жаққа қарай бағытталған: +A.алға қарай
B.артқа қарай
C.жоғары
D.төмен
E.латералді
36. Кеңiрдек айрығы (бифуркациясы) қандай анатомиялық құрылымдардың тұсында орналасқан
A.төс сүйектiң бұрышы
+B.Y-шi кеуде омыртқасы
C.төс сүйектiң мойындырық тiлiгi
D.қолқа доғасының жоғарғы жиегi
E.II –кеуде омыртқасы
37. Өкпенiң қай бөлiгi 5-сегменттен тұрады
+A.оң өкпенiң төменгi үлесi
B.оң өкпенiң ортаңғы үлесi
+C.сол өкпенiң төменгi үлесi
D.оң өкпенiң жоғарғы үлесi
+E.сол өкпенiң жоғарғы үлесi
38. Ортаңғы бұғаналық сызықпен оң өкпенiң төменгi шекарасы қай қабырғаның тұсында сәйкес келедi: A.IX-шы қабырға
B.YII- шi қабырға
C.YIII-шi қабырға
+D.YI-шы қабырға
E.IY-шы қабырға
39. Мұрынның шырышты қабығы қандай қызмет атқарады: A.газ алмасу
+B.ылғалдандыру
+C.жылытуа
+D.тазарту
E.дыбыс түзу
40. Көмей арт жағынан қандай анатомиялық құрылыммен жанасады
A.тіласты бұлшықеттері
B.қалқанша безі
+C.pharynx
D.мойын шандырының омыртқаалды табақшасы
E.өңеш
41. Кеңірдек мүйісі (carіna tracheae) орналасқан деңгейді көрсетіңіз
A.vertebrae promіnens YІІ
+B.Y-кеуде омыртқасы
C.vertebrae thoracіcae YІІІ
D.төс денесінің төменгі жартысы
E.ІІІ-кеуде омыртқасы
42. bronchus prіncіpalis dexter сол жағымен салыстырғанда қандай ерекшеліктері бар
+A.барынша вертикальді орналасқан
+B.кеңдеу
+C.қысқалау
D.ұзындау
E.горизонтальді орналасқан
43. Сол жағымен салыстырғанда оң жақ өкпенің қандай ерекшеліктері бар
+A.кеңдеу
B.ұзындау
C.тарлау
+D.қысқалау
E.жоғарылау
44. Өкпедегі іncіsura cardіaca орналасқан жерді көрсетіңіз
A.оң өкпенің артқы жиегі
+B.сол өкпенің алдыңғы жиегі
C.сол өкпенің төменгі жиегі
D.оң өкпенің төменгі жиегі
E.оң өкпенің алдыңғы жиегі
45. Аrbor alveolarіs (ацинус) түзуге қатысатын құрылымдарды көрсетіңіз:
+A.соңғы бронхиолдар
+B.тыныс бронхиолдары
+C.альвеолдық жолдар
+ D.альвеолдық қапшықтар
E.сегменттік бронхтар
46. Оң жақ өкпе ұшының дене бетіне проекциясын көрсетіңіз
A.төстен 3-4 см. жоғары
+B.ҮІІ-мойын омыртқасының қылқан өсіндісі деңгейінде
+C.І-қабырғадан 3-4 см. жоғары
+D.бұғанадан 2-3 см. жоғары
E.І қабырға деңгейінде
47. Қандай құрылымдар тармақталғанда тыныс бронхиолдары пайда болады
A.bronchі segmentales
B.үлесшелік бронхтар
+C.соңғы бронхиолдар
D.bronchі lobares
E.сегменттік бронхтар
48. Оң өкпеде қанша үлес бар: A.екі
+B.үш
C.төрт
D.бес
E.он
49. Сол өкпеде қанша үлес бар: +A.екі
B.үш
C.төрт
D.бес
E.он
50. Оң өкпеде қанша сегмент бар: A.екі
B.үш
C.төрт
D.бес
+E.он







Құрастырушы: м.ғ.д, профессор Дүйсембаева Ә.Т. беттінің беті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет