№1 тақырыбы: Көмей, кеңірдек, бронхтардың анатомиясы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері



бет5/7
Дата27.04.2022
өлшемі1.9 Mb.
#456782
1   2   3   4   5   6   7
5. Тыныс алу жүйесі-1

Артериялық кан өкпеге rr. bronchiales арқылы қолқадан келеді. Олар бронхтар қабырғасы мен өкпе тінің қоректендіреді. Осы артериялар тармақтарынан түзілетін капиллярлар торынан бір бөлігі vv.azygos et hemiazygos-ке, ал бір бөлігі vv. pulmonales-ке құятын vv. bronchiales құралады. Сөйтіп, өкпе және бронхтық веналар жүйесі өзара жалғасады.
Өкпенің сегменттік құрылысы. Бронх-өкпе сегменті- бұл үлестік бронхтың бірінші тармағы мен оған қосарланған өкпе артериясы тармақтары және басқа тамырларға сәйкес келетін өкпе бөлімі. Ол басқа көрші сегменттерден сегменттік веналар өтетін дәнекер тінді қалқалармен бөлінген. Өкпе сегменттерінің пішіні, ұштары өкпенің қақпаларына бағытталған, ал негіздері өкпенің сыртқы бетіне қараған конус немесе пирамида тәрізді құрылымдар. Бронх-өкпе сегменті- бұл өкпенің қызметтік-кұрылымдық бірліктері (функционально-морфологическая единица легкого), бұлардың ішінде алғашқы кезде кейбір патологиялық үрдістер жинақталады (локализуются). Халықаралық анатомия номенклатурасы бойынша оң және сол жақ өкпеде 10 сегменттен ажыратады. Мынадай сегменттер бар:
О ң өкпе. Жоғарғы үлесте үш сегментті ажыратады: ұштық сегмент, segmentum apicale (SI); артқы сегмент, segmentum posterius (SII); алдыңғы сегмент, segmentum anterius (SIII). Ортаңғы үлесте екі сегмент бар: латералді сегмент, segmentum laterale (SIV); медиалді сегмент, segmentum mediale (SV). Төменгі үлесте 5 сегментті ажыратады: ұштық (жоғарғы) сегмент, segmentum apicale (superius) (SVI), медиалді базалді (жүректік), segmentum basale mediale (cardiacum) (SVII), алдыңғы базалді сегмент, segmentum basale anterius (SVIII), латералді базалді сегмент, segmentum basale laterale (SIX), артқы базалді сегмент, segmentum basale posterius (SX).
Сол өкпе. Сол өкпенің жоғарғы үлесінде 5 сегмент бар: ұштық-артқы сегмент, segmentum apicoposterius (SI+II); алдыңғы сегмент, segmentum anterius (SIII), жоғарғы тілшелік сегмент, segmentum lingulare superius (SIV); төменгі тілшелік сегмент, segmentum lingulare inferius (SV). Сол өкпенің төменгі үлесінде 5 сегментті ажыратады, олар оң өкпенің төменгі бөлігінің сегменттеріне симметриялы, сондықтан солар сияқты белгіленеді: ұштық (жоғарғы) сегмент, segmentum apicale (superius) (SVI), медиалді базалді (жүректік) сегмент, segmentum basale mediale (SVII), алдыңғы базалді сегмент, segmentum basale anterius (SVIII), латеральды базалді сегмент, segmentum basale laterale (SIX), артқы базалді сегмент, segmentum basale posterius (SX).
Жастық ерекшеліктері
ӨКПЕЛЕР пішіні нәрестелерде дұрыс емес конустәрізді, жоғарғы үлестері салыстырмалы түрде үлкен емес, оң өкпенің ортаңғы үлесі жоғарғы үлесімен бірдей, ал төменгісі салыстырмалы түрде үлкендеу болады. Өмірдің екінші жылында үлестерінің бір-бірімен салыстырғандағы көлемдері ересек адамдардағыдай болады. Нәрестенің екі өкпесінің салмағы 57 г, көлемі 67 см3 құрайды. Дем алмаған өкпенің тығыздығы 1,068, ал дем алған өкпенің тығыздығы - 0,490 (өлі туылған баланың өкпелері суға батып кетеді). Бронх ағашы туылған кезде негізінен қалыптасып үлгерген, алғашқы 1 жылда ол қарқынды өседі (үлестік бронхтардың өлшемдері 2 есе, ал басты бронхтарда - 1,5 есе үлкейеді). Жыныстық жетілу кезеңінде бронх ағашының өсуі қайтадан күшейеді. Оның барлық бөлімдерінің өлшемдері 20 жаста 3,5 -4 есе үлкейеді (нәрестелермен салыстырғанда). 40-45 жастағы адамдарда бронх ағашы ең жоғарғы өлшемдеріне жетеді. Бронхтардың жастық инволюциясы 50 жастан кейін басталады. Егде және қартайған шақта сегменттік бронхтардың ұзындығы мен саңылауының диаметрі сәл кішірейеді, қабырғаларында таспиқтәрізді буылтықтар және жолдың ирелеңдігі байқалады. Нәрестеде өкпе ацинустарында аз мөлшерде өкпе альвеолдары болады. Өмірдің алғашқы 1 жылында және одан кейін ацинус жаңадан альвеолалық жолдардың пайда болуынан және бұрыннан бар жолдардың қабырғасында жаңа альвеолдардың түзілуінен ө седі. Жаңа альвеолалық жолдардың түзілуі 7-9 жаста аяқталады, өкпе альвеолдары - 12-15 жаста қалыптасып бітеді. Өкпе паренхимасының түзілуі 15-25 жаста аяқталады. 25 жас пен 40 жас арасындағы кезеңде өкпе ацинусының құрылымы өзгермейді деуге болады. 40 жастан кейін біртіндеп өкпе тіні қартая бастайды – альвеолааралық қалқалар тегістеледі, өкпе альвеолалары ұсақталады. Альвеолалық жолдар бір-бірімен бірігіп, ацинустардың өлшемдері үлкейеді. Туылғаннан кейін өсу үрдісі кезінде өкпе көлемі алғашқы бір жылда 4 есе, 8 жаста 8 есе, 12 жаста 10 есе, 20 жаста 20 есе үлкейеді (нәрестемен салыстырғанда).
3-4 Тақырыбы: Өкпеқап, өкпеқап қуысы мен қойнаулары. Құрылысы. Қанмен қамтамасыздануы нервтенуі. Жастық ерекшеліктері. Тыныс ағзаларының кеуде торындағы проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет