Кіріспе кезеңі құрлықта өткізіледі (бассейн жағасында) және өзіне сабақтың міндеттерін түсіндіруді қамтиды, осы жерде оқушыларды келесі негізі бөлімге функционалды және психологиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі, түрлі таныс жалпы шынықтыру жаттығулары орындалады және суда орындалатын қозғалыс элементтернінің техникасымен тансытырады. Бұның барлығы сабақтың негізгі кезңінде жүрек қан тамырларының жұмыс жасау функцияларының және тыныс алу жолдарының жүйесін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасайды.
Негізгі кезеңде жүзу техникасының элементтерін меңгеру міндеттері шешіледі. Спорттық жүзу техникасы түрлері, старт, бұрылу техникаларын үйрету мен дамыту қарастырылады.
Қорытынды кезеңде физикалық және эмоционалдық күштеу бәсеңдетіледі. Сабақ соңында оқушылар өздігімен жүзеді, тыныс алу жаттығуларын орындайды, сабақ қорытындыланып, үйге шамасы жететін тапсырмаларды орындау беріліп, ұйымдасқан түрде бассейннен шығумен аяқталады.
Оқушыларды, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын үйретуде, суда орындалатын ойын түрлерін қолдану басты бағдар ретінде қарастырылуы қажет, себебі, дұрыс таңдалған ойын түрлері жүзе алмайтын оқушыларға суға тез үйренуіне, ал жүзе алатын оқушыларға өткенді пысықтауға көмектеседі, сонымен қатар, жүзе алмайтын оқушыларға бассейнде бөлек орын ажыратылуы қажет.
Су ойындары қолданылу мақсатына байланысты бөлінеді:
жүзу біліктілігін қалыптастыратын ойындарды үйрену;
жүзу техникасын дамытатын ойындар.
Спорттық жүзу түрлерінің техникасын үйрену қатаң түрде әдістемелік тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Техника төмендегі кезектермен үйретіледі:
Дене қалыпын сақтау;
Тыныс алу;
Аяқ қозғалысы;
Қолдың қозғалысы;
Координация қозғалыстың жалпы орындалуы.
Осы арада, әр техника элементтері ақырындап күрделене береді, соңында көлденең қалыпта ешбір тірексіз, жүзушінің өз бетімен жұмыс жасау қалпына дейін жетеді.
Жүзудің әрбір техника элементі төмендегі кезекпен жүреді:
құрлықта қозғалыспен таныстыру; қозғалыс ортақ сипаттарда өткізіледі, оны бөлшектеп өтуі, қозғалыстың түрлі шарттарына байланысты құрлықта және суда орындалуы ескеріледі;
суда қозғалыстың тірексіз орындауын үйрену; бұл жағдайда аяқ қозғалысын үйретуде бассейннің борттары қолданылады; қол қозғалысы үшін су көкрекке дейін немесе белге дейін болуы қажет;
тірек қозғалғыштарымен суда қозғалу; суда аяқпен қозғалыс барысында кеңінен жүзу тақталары қолданылады; қол қозғалыстары су түбінде ақырын жүрісте немесе суда жатып серіктестің сүйенішімен үйретіледі;
суда тірексіз қозғалу; осы топта су бетінде сырғанау және жүзу жаттығулары орындалады.
Жаттықтырылған техника элементтерін және оларды біріктіре жүзу түрі біртіндеп төмендегідей кезекпен орындалады:
тыныс алып аяқпен қозғалу;
тыныс алып қолмен қозғалу;
тыныс алып аяқ және қолмен қозғалу;
толық координацияда жүзу.
Бастапқы сатыда жүзу техникасын бөліп оқытуға қарамастан, үйренушілердің дайындық мүмкіндігіне қарай үйреніп жатқан жүзу түрінің толығымен орындату қажет.
Жүзу техникасын дамыту және бекіту кезеңдерінде техниканың толықтай орындату әдістері ұсынылады. Осы мақсатта келесі жүзу нұсақалары қолданады:
кезекпен ұзын және қысқа қашықтыққа жүзу (мысалы: бассейнді көлденең және бойына жүзу);
қашықты ең төменгі есу санына орай жүзу;
берілген темпте (мысалы: элементті және толық координацияларда жүзу; сүйену және сүйенішсіз элементтерімен жүзу; тынысты қыса отырып және толық координацияда жүзу). Сонымен, жүзу техникасын дамыту және бекіту төмендегі жетістіктерді көздейді:
жүзуде ең қажет болатын оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыратын вариативті жаттығуладың орындалуын;
өзгерген жағдайда жүзудің түрлі нұсқаларын қолдана алу;
оқушылардың шынығу деңгейіне және дене пішінін ескере отырып жеке жүзу техникаларын қолдануды қалыптастыру.
Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика - баланың отбасындағы, бөбекжайдағы, балабақшадағы күн тәртібінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады. Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді. Ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады. Оянғаннан кейін арнайы іріктелген дене жаттығуларын орындаудан көрінетін ертеңгілік гимнастика баланың бүкіл организмін біртіндеп әрекет ету жағдайына тартады. Дене жаттығуларын орындау ми қыртысының қозуын, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің реакциясын күшейтеді. Миға барлық - көру, есту, тірек-қимыл, тері рецепторларынан келетін импульстардың тұтастай тасқыны жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін, тұтастай организмнің тіршілік қызметін туғызады, қалпына келтіреді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ертеңгілік гимнастикаға жатады немесе отбасында және интернат үлгісіндегі мекемеде бала оянғаннан кейін іс жүзінде дереу жасалатын дене шынықтыруды осылай атайды. Күндізгі топтарда ол сауықтыру, ұйымдастыру маңызын сақтайды. Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі. Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра (сумен ысқылау, құю, душ) орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігіне жеткізеді. Ертеңгілік гимнастикамен ұштастырылған су процедурасы жүйке жүйесінің жалпы жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерін жақсартады, оны нығайтады, шынықтырады, қоздыру, тежеу процестерін теңестіруге көмектеседі, алмасу реакциясын жақсартады, тұмаудың, жұқпалы аурулардың иммунитетін қалыптастырады, балалардың балғындық, жеңілдік, шаттық сезімін туғызады. Балалардың организмін шынықтыру мақсатында судың температурасы жүйелі түрде, бірақ біртіндеп төмендетіледі: бұл орайда дәрігердің көрсетуіне сәйкес әрбір балаға жеке-жеке қарау қатаң сақталады. Сөйтіп, шынықтыру процедурасымен өзара байланыстағы ертеңгілік гимнастика баланың күні бойы шат көңілді жағдайын жақсартатын, сақтайтын маңызды, сан салалы дене шынықтыру - сауықтыру процесі болып
табылады. Ертеңгілік гимнастиканы жүйелі түрде өткізу жаттығуларды балалардың бұрын үйренген жаттығуларынан алдын ала іріктеп алуды талап етеді. Iріктеліп алынған жаттығулардан күнделікті пайдалануға арнап кешендер жасалады. Жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу дене бітімін дұрыс қалыптастыру мақсатында бұлшық еттердің негізгі топтарын белсенді жұмысқа біртіндеп қатыстыру, оларды дамыту және нығайту жолымен организмнің тіршілік қызметін арттыруды көздейді. Бұлшық еттердің әр түрлі топтарын белсенді жұмысқа тартуды көздейтін, белгілі бір тәртіппен орналастырылған жаттығулар әрбір кешеннің мазмұнын құрайды. Бұл орайда жаттығулардың мынадай жүйелілігі: 1) иық буындарының, көкірек қуысының қозғалғыштығын дамытуға және омыртқаның түзуленуіне жәрдемдесетін иық белдеуі бұлшық еттерін дамытуға, нығайтуға арналған; 2) құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытуға арналған, осы бұлшық еттерді нығайтуға бағытталған, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын; 3) арқа бұлшық еті мен омыртқаның иілгіштігін дамытуға, нығайтуға арналған, осы бұлшық еттерді дамытуға көмектесетін, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын, аяқ буындарын дамытатын, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар белгіленеді. Нақты жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу белгілі бір топтың балаларының мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын, сондай-ақ олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып, әр жастағы топқа арналған балабақша бағдарламасымен анықталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика үшін күн тәртібінде сағат 9.00-9.20-ға (жас ерекшелігіне қарай) дейінгі уақыт аралығы белгіленген. Ертеңгілік гимнастика организмнің функциялық жағдайына пайдалы әсер ететін жүруден, жай жүгіруден, жалпақ табандылықтың алдын алуды, кеңістікте бағдар ұстауды көздейтін ұзаққа созылмайтын жаттығулардан басталады, одан кейін балалар жалпы денені дамытатын жаттығуларды орындау үшін бірнеше тізбекті сапқа немесе шеңбер жасап тұрады. Бұдан кейін біртіндеп қарқынды, ал одан соң баяу жүріске ауысатын жүгіру (немесе секіру) өткізіледі, ол орнында тұрып аяқ басумен және тоқтаумен аяқталады. Сөйтіп, ертеңгілік гимнастика процесінде бұлшық еттердің барлық негізгі топтары бүкіл организмді әрекет ету жағдайына келтіре отырып, біртіндеп жұмысқа қосылады. Жүгіру немесе секіру кезінде денеге мейлінше көп ауыртпалық түскеннен кейін, ол біртіндеп төмендейді (жүру кезінде), ал тоқтау сәтінде организмнің жағдайы бұрынғы қалпына келеді. Ертеңгілік гимнастикада заттарды (жалаушаларды, таяқтарды, құрсауларды т. б.) балаларға дәл үлестіріп берген жағдайда оларды қолдану өте тиімді болады. Ертеңгілік жаттығу кезіндегі музыка. Ертеңгілік
жаттығу процесінде музыка балалардың эмоциялық өрлеуін, өмірді қуана түсінуін туғызады. Ертеңгілік жаттығу үшін музыкалық шығармаларды таңдап алу оған енгізілген жаттығулардың сипатымен анықталады. Сөйтіп, ертеңгілік жаттығу музыкалы маршпен үндескен ширақ жүріспен басталады. Керісінше, ертеңгілік гимнастиканың соңындағы жүру ағзаны тыныштандыру үшін беріледі. Осыған орай қорытындылаушы марш та байсалды болуға тиіс. Ересектер тобында гимнастиканы ән айтып жүрумен бастау ұсынылады. Ән айту балалардың көңіл күйін сергітеді және ерекше әрі пайдалы тыныс алу гимнастикасы болып табылады. Музыка жетекшісі болмаған кезде тәрбиеші соқпалы аспаптардың бірін - дабылды, барабанды пайдаланады, оның үстіне музыка күйтабақ, үнтаспа, теледидар арқылы берілуі де мүмкін. Ертеңгілік жаттығуды өткізу әдістемесі. Сауықтыру, тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру үшін ертеңгілік жаттығу күн тәртібі бойынша белгіленген дәл уақытында өткізілуі керек. Ертеңгілік жаттығу бірінші кішкентайлар тобынан бастап енгізіледі. Жаттығуларды (кешендерін) іріктеп алу және гимнастика жасау уақытының ұзақтығы әрбір жастағы топ балаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламамен» анықталады. Ертеңгілік гимнастикаға енгізілген жаттығуларды балалар дене тәрбиесі сабақтарында алдын ала үйренеді. Алайда олар қимылдың қай түрін болса да дәлме-дәл қайталамайды, бірақ онымен ортақ негізге ие. Мысалы, ертеңгілік жаттығудағы «таяқты бастан жоғары тұрған қалыпта тізеден бүгілген аяққа тигізу» жаттығуы сабақтар кезінде дайындалады, балалар қолдарын жан-жаққа созған, жоғары көтерген қалыпта немесе сол сияқты жаттығуды жалаушамен, құрсаумен, с. с. орындаған кезде аяқтарын тізеден бүгіп тұрып, екі қолын шапалақтайды. Мұндай бір типтегі жаттығуларды арнайы үйренуді талап етпей, ертеңгілік жаттығуға дайындайды, сонымен бірге сан алуан заттарды пайдалану жолымен дағдылануға жүйелі түрде жаттықтырады. Нұсқалар қаншалықты көп пайдаланылса, қимыл дағдысы соншалықты жақсы қалыптасады, жаттығу дәлірек орындалады және сауықтыру тиімділігі елеулі болады. Ертеңгілік жаттығудың әрбір кешенін пайдалану ұзақтығы 7-10 күн (немесе 1 апта). Осы мерзім ішінде кешенде жаттығудың міндеті жөнінен осы сияқты нұсқа енгізілуі мүмкін. Ертеңгілік жаттығуда жаттығулар үйретілмейді, сондықтан тәрбиеші жаттығуды алдын ала түсіндіруді, көрсетуді пайдаланбайды. Кішкентайлар тобында және жылдың бірінші жартысында естиярлар тобында тәрбиеші ойын тәсілдерін қолдана отырып, балаларға өзімен бірге жаттығу жасауды ұсынады. Болашақта естиярлар (жылдың екінші жартысында), ересектер, дайындық топтарында ол жаттығуды қысқаша айтады, бастапқы қалыпты ұстауға команда береді
(мысалы: «Hегізгі тұру қалпын ұстаңдар!»). Бұдан кейін балалар жаттығуды тәрбиешімен бірге орындайды. Ертеңгілік гимнастиканы бұлай ұйымдастыру тиімді: балалар мінсіз үлгіні тікелей қабылдайды, оны дұрыс қайталап жасайды. Алайда тәрбиеші барлық жаттығуды үнемі жасай бермейді. Егер, мысалы, алдына қарай еңкейіп, басты төмен түсіру немесе кеудені айналдыру орындалса, бұл жағдайда тәрбиеші балаларды көрмейді, мұндайда оған балалардың жаттығуды орындауын бақылау, олардың қарқынын реттеу, қажет болған жағдайда қысқаша нұсқаулармен көмектесу тиімдірек болады. Тәрбиеші дем шығаруды сөзбен немесе дыбыспен естіртуді талап етіп, балалардың тыныс алуын бақылайды. Бұл тәсіл жаттығуды музыкамен орындаған кезде де сақталады. Әрбір жаттығудың аяқталуы музыкалық фразаның аяқталуымен дәл келеді, осыған сәйкес балалар бәсең дауыспен: «төмен», «отырыңдар» және басқа сөздерді айтады. Жаттығулар басталғанға дейін және олар аяқталысымен ересектер тобының балалары негізгі қалыпты ұстап (өкшелерін қосып, аяқтарының ұшын ажыратып) тік тұрады. Аяқтары осындай қалыпта тұрғанда олар тәрбиешінің нұсқауымен келесі жаттығуды орындау үшін тұрған қалпын өзгертеді, сондай-ақ жүруді бастайды. Жүру аяқталысымен олар қайтадан негізгі тұру қалпын қабылдайды. Бұл баланы денесін (мүсінін) дұрыс ұстауға үйретуге, жинақтылығын, ұйымшылдығын қалыптастыруға көмектеседі. Кішкентайлар мен естиярлар топтарының балалары тік қалыпта тұрады. Иықтың кеңдігіндей етіп аяқтарды бір-біріне параллель ұстайды, мұның өзі табанның формасы өзгеруін болдырмайды. Ертеңгілік гимнастиканың соңында жүрістің қарқыны біртіндеп төмендеп, аяқты онша биік көтермей орнында тұрып аяқ басумен аяқталады. Бұл баланың тамыр соғуын нормаға келтіреді. Ертеңгілік гимнастикадан кейін балалар өздеріне дәрігер белгіленген қандайда бір сумен шынықтыру процедурасына (сумен сүртіну, құю, душ) ауысады. Әр түрлі жастағы балалар топтарындағы негізгі талап жасына байланысты шағын топтарды ескеру болып табылады. Осыған байланысты ертеңгілік гимнастиканың жаттығуы әрбір шағын топқа арнап бағдарламаға және балалардың мүмкіндіктеріне сай жеке іріктеліп алынады. Әрбір шағын топпен гимнастика өткізудің жүйелілігі тұтастай тәртіппен анықталады. Әр түрлі жастағы балаларды бәріне ортақ жаттығуларды орындауға біріктіруге болмайды: мұндай жағдайда жасы кішкентай балалар неғұрлым ересек балаларға есептелген шамасы жетпейтін жаттығуларды орындайды да шаршап-шалдығады, ал ересектер кішкентайларға арналған жаттығуларды орындап қызығушылығын жоғалтады және олардың денесіне қажетті дене күші ауыртпалығы түспейді. Көрсетілгендердің бәрі де организмді сауықтыру міндетін, ертеңгілік гимнастикаға тән көңіл көтерілуін бұзады.
Ертеңгілік жаттығу өткізу үшін жағдайлар. Ертеңгілік гимнастика фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде, таза шөпті, ашық алаңда өткізіледі. Стационарлық топтың балалары ертеңгілік гимнастикаға труси, тапочка киіп шығады. Yйінен келген балалар да киімдерін ауыстырады. Мұндай тәртіп бүкіл жыл бойы біртіндеп организмді салқын температураға үйретеді, ертеңгілік гимнастикаға шынықтыру процедурасының - ауа ваннасының маңызын береді. Егер ертеңгілік гимнастика таза ауада өткізілсе, балалар күзгі-қысқы маусымда арнаулы костюмдар киеді, ал гимнастикада
№ 14 Тақырып: Оқу-әдістемелік құжаттар
1.Сыныптан тыс спорт сауықтыру шаралары.
2.Үзілістегі ойындар.
Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар жүргізеді.
2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.
3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.
4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.
5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.
6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.
7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар.
8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |