1 Тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі



бет19/19
Дата13.03.2023
өлшемі127.01 Kb.
#470713
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
лекция базалық спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшеліктері

«ҚАЗАН ДОП»
Ойынды қыста мұздың үстінде,ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады.Ойынға қатысушылардың әрқайсысында бір−бірден басы қақпа таяқ пен ағаш доп болуы керек.
Ең алдымен ойынға қатысушылардың санына қарай шеңбер сызылады.Ойынға қатысушылар аз болса−шеңбер кіші,ал көп болса,шеңбер үлкен болады.Ойнаушылар шеңбер бойына дөңгелене тұрып,алдынан бір адымдай жерден қазан қазады да,добын соған салып қояды.Бір ойыншы шеңбердің ортасынан қазылған бос қазанды күзетіп тұрады.Шеңбер бойында тұрған ойыншылар өздерінің добын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады.Ал ортадағы күзетші олардың добын өзі күзетіп тұрған қазанға енгізбеу әрекетінде болады.Ортадағы қазанға ағаш добын түсірген ойыншы күзетшімен ойын ауыстырады.Ойын осылайша жалғаса береді.
Ағаш доптың орнына үлкен теннистің резеңке добын пайдалануға да болады.
«ЖАЯУ ТАРТЫС»
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да,екі ұшы біріктіріп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп,қолтық астынан өткізіп,екі жаққа қарай тартады.Ойынның мақсаты−екі ойыншы бірін−бірі белгіленген межеге дейін тартып алып бару.Қайсысы бұрын межеге жеткізсе,сол ойыншы ұтқан болып есептеледі.Осылайша ойнаушылардың барлығы тартысып болғаннан кейін ғана ең көп ұпай жинап жеңіске жеткен ойыншыны анықтап,жариялайды.
«ЖАЯУ КӨКПАР»
Ойын күні бұрын белгіленген орында өткізіледі.Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды.Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады.Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды екі жүз,төрт жүз,әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын жеткізсе,сол ұтқан болып есептеледі.Егерде бір ойыншы көкпарды алып бара жатқан баланы орта жолда қуып жетіп,басып озатындай шамасы болса,көкпар оған ешбір қарсылықсыз беріледі.Қуып жеткен бала ілгері оза береді.Көкпарды кім мәреге жеткізсе,сол жеңімпаз атанады.

15 Тақырып: Әртүрлі мектеп жасына қарай шаңғы спортын оқытудағы ерекше әдістер


1.Оқу процесін ұйымдастыру және басқару түрлері.Дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі.


2.Дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі.

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта жетілдіру, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.


Жаңа тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны -ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Заман талабына сай мектептің алдына қойған мақсаттың ең маңыздысы - қоғамға қажетті білімді оқушыларды тәрбиелеп оқыту.
ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана оның мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ дене мәдениеті саласындағы мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты. 
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді: 
•жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді); 
• жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады ); 
• жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған). 
• Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған,атауы-беланкастер жүйесі); 
Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі); 
• Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән); 
• Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б. 
• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.). 
Шаңғы спорты – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Балалардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Мектеп жасындағы балаларды сауықтыру және үйлесімді дамыту мақсатында дене тәрбиесінің аса маңызды құралдардың бірі – шаңғы дайындығы. Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Шаңғымен қозғалу кезінде ағзаға оң әсерін тигізетін қолдың, аяқтың және кеуденің барлық негізгі бұлшық еттері жұмыс істеуге қатысады. Шаңғымен жүру және жүгіру оқушының жүрек-қантамырына, тыныс алуына және жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды, балалардың шыдамдылығын, икемділігін, ептілігін дамытады. Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Мектеп бағдарламасында шаңғы дайындығы 1 –сыныптан бастап міндетті бөлім ретінде енгізілген. Шаңғы дайындығы сабағында негізгі білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері шешіледі. Көптеген дене шынықтыру мұғалімдері шаңғы дайындығын ұйымдастырумен байланысты әр түрлі мәселелерге кездеседі, олар: спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, шаңғыларды сақтау орнымен, сабақ тартымды, дәстүрлі емес және тиімді өтуі үшін қайда, қай алаңқайда, қалай ұйымдастыруға болады? Міне, сондықтан классикалық шаңғымен жүрудің техникасын оқыту әдістері төңірегіндегі зерттеулер аса өзекті болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет