12- ТАҚЫРЫП. Журналистік қызмет түрлері, оларды үйлестіру, ілгерілету мәселелері
Дәріс жоспары:
1. Журналистік қызмет түрлері
2. Журналистік қызметті үйлестіру, ілгерілету мәселелері
1.Журналистік қызмет түрлері әкімшілік [менеджерлер], шығармашылық, техникалық және коммерциялық қызметкерлер қызмет атқарады.
Әкімшілік құрамына бас редактор, оның орынбасары, жауапты хатшы, коммерциялық редактор, бас есепші, редакция жетекшісі, жүргізуші, шаруашылық жетекшісі немесе істерді басқарушы кіреді. Сондай-ақ, бөлім менеджерлері бар – бөлім меңгерушілері, бөлім редакторы, жауапты хатшының орынбасары. Бұдан басқа бұл бөлімге жүйелік басқарушы немесе компьютер бөлімінің меңгерушісі, бас корректор қызметкерлерін жатқызуға болады.
Шығармашылық қызметкерлер – бұл журналистер, тілшілер, шолушылар, арнайы тілшілер, фото тілшілер, суретшілер, дизайнерлер.
Техникалық қызметкерлер редакция жұмысындағы және газет өндірісіндегі қызметкерлердің мүмкіндіктерін жасайды. Бұл корректорлар, компьютерде басу және теру мамандары, стенографистер, хаттар мен құжаттардың есепшілері.
Коммерциялық қызметкерлер – бұл коммерциялық қызмет пен жарнама бөлімінің меңгерушілері.
Сапалық-сандық белгілерге мыналар жатады:
-басылым түрі;
- мазмұны;
- тілі;
- оқырмандар санаты;
- жарыққа шығу уақыты;
- таралымы;
- пішімі.
Журналистің бүгінгі кәсіби қасиеттері:
- тіл табыса білу (коммуникабельділік);
- белсенді азаматтық позиция;
- ой-сана креативтілігі;
- стиль даралығы, ой-пікірді әрі көркем, әрі жинақы бере білу;
- қиыншылыққа төзе білу.
Журналистика қызметінің күнделікті, дағдылы қызметі арқасында адам «технологиялық» жұмысқа үйренеді. Ол репродукциялық, яғни үйреншікті, технологиялық дағдыға, әдеттегі жұмысқа айналады.Егер журналист қызметтің тек репродукциялық әдістерін қанағат етсе, бұрынғы технологияларды місе тұтса, бұрыннан белгілі әдістер төңірегінен аспаса, ол орта қол деңгейден әрі кете алмайды. Сондықтан шығармашылық үдеріс репродукциялық (көшірме) және өнімді формалардың басын құрайды.
Біз әрқашан журналистің білімді, еңбекқор, дарынды болғанын қалаймыз. Журналист қызметінің технологиялық жақтарын, журналист қызметінің әдістәсілдерін жақсы білу жұмыс істеу мәдениетін арттырады.
Қоғамдық мәселелерді күн тәртібне қою, ақпараттар ағымын реттеу, өзекті тақырыптарды сұрыптау, әлеуметтік қатынастарды саралау жағынан баспасөз құралдарына бәсекелес бола алатын тетік пен механизм жоқ десе де болады. Ол саналы жанның түйсігіне, ақыл-ойына әсер етеді, ассоциациялық образдар туғызады. Адам – Жаратушының, табиғаттың инновациялық жобасы десек, журналистика адам баласының болмыс-бітіміне сай келетін қоғамдық дамудың соны жобасы. Сонылыққа, тосын құбылысқа кім құмар? Әрине, жас ұрпақ. Жастар, әсіресе бойында, жүрегінде шығармашылық оты бар жастар журналистикаға, журналистік кәсіпке өздерінің шығармашылық әлеуетін, потенциалын жүзеге асыру үшін келеді. Сондықтан журналисттік қызметті үйлестіру, ілгерілету мәселелерін де журналистиканың дәл осы шығармашылық қыры – оның тартымдылығы шешім бола алады.
Е.П. Прохоровтың айтуынша, БАҚ-тың «тұтынушыға» төрт түрлі әсері болуы мүмкін.
Функционалды әсер. Бұл жағдайда алға қойылған, ойға алған мақсаттың бәрі мүмкіндігінше орындалады.
Дисфункционалды әсер. Нәтиже алға қойған мақсатқа қарамақайшы болып келеді.
Бейфункционалды әсер. Бұл ретте алға қойған мақсатқа байланысты емес оң нәтиже көрінуі ықтимал.
Афункционалды әсер. Ешқандай нәтиженің жоқтығы. Атқарылған іс қорытындысы нөлге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |