1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет8/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Лекция - Даурен А.

Ұйымдастырушылық функция. Аталмыш функция баспасөздің өзге функцияларымен тығыз сабақтаса отырып, БАҚ таратқан хабарлар мен мақалалардың тиім­ділігін арттыруға бағытталады. Журналистика өзінің ұйымдастырушылық функциясын негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырады: – мемлекет, үкімет және жоғары басқару орындарының маңызды құ­жат­тарын жариялау, насихаттау немесе оған комментарий жасау арқылы. Қандай бір аса маңызды шешім БАҚ арқылы жарияланса ғана тұр­ғындарға толық жетіп, елді жаппай жұмылдыра алады.
Мысалы, редакцияға келіп түскен хаттар, шағымдар бойынша мақала жазу, бағдарлама әзірлеу немесе олардың ұсыныс, өтініштерін жауапты ұйым, мекемелерге жолдап, мәселелерін шештіру т.с.с; – шешімнің орындалуына бақылау жасау. Яғни, халық журналистика арқылы жоғары биліктен бастап, жалпы барлық қоғамдық институттардың қызметіне бақылау жасайды, тұрақты ақпарат жинайды, таратады, осындай жолмен жариялылықты қамтамасыз етеді.
Қарым-қатынас функциясы. Журна­лис­тиканың басты функциясының бір негізі ақпарат жеткізе отырып, өз «тұ­тыну­шыларымен» қарым-қатынас орнатуда жатыр. Журналистиканы «mass media», яғни, «бұқаралық қарым-қатынас құралы» деп атайтыны да кездейсоқтық болмаса керек. (communicatio – қарым-қатынас формасы, хабарлау жол деген мағыналы латын сөзі).
БАҚ-тың қарым-қаты­настық функциясы қоғамдағы барлық сабақ­тастықтарды бейнелей отырып, мемлекеттің өз халқына, халықтың мемлекетке бағытталған қатынастарынан бастап, ұжымаралық және жеке тұлғалардың өзара жасалатын іскерлік байланыстарына мұрындық болатындығымен ерекшеленеді.
Қоғамдық қарым-қатынас ішін­ара экономикалық, саяси, құқықтық, әлеу­меттік-психологиялық, ұйымдас­тырушылық, этикалық секілді көптеген фор­малардан тұрады. Олар негізгі және қолданбалы деп екіге бөлінеді. Біріншісі, материалдық қарым-қатынас. Екіншісі, алғашқысынан туындайды және оған саяси, құқықтық, моральдық секілді қарым-қатынастар жатқызылады. Ондағы топтардың өзін үш түрге жіктеуге болады екен: а) қоғамдық көзқарас, мінез-құлық, са­на-сезім; ә) мемлекет, сот, мешіт ғибадатхана сынды мекемелер; б) топтардың өзара қарым-қа­ты­нас­тары.
БАҚ қоғамдық қатынастардың бәріне ортақ болуымен ерекшеленеді. Осы артық­шылығына сүйене отырып, журналистика өзінің қарым-қатынастық функциясын атқаруға тиіс. БАҚ-тың ықпалы, қоғамдық маңызы қазіргі таңда үнемі арта түсіп отыр. Ең бергісін айтқанда, жеке адамдар газет жарнамалары арқылы өз сұраныстары мен қажеттіліктерін өтеп отыр. Мысалы, пәтер сату, жалдау, сатып алу, қызмет көрсету т.б. Мұның бәрі қарым-қатынастың қарапайым мысалдары ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет