Жұмаханұлы Сұлтанбек курс жылдық Практикалық сабақ Биомеханикалық бақылау негіздері



Дата18.04.2024
өлшемі16.72 Kb.
#499187
түріСабақ
Жұмаханұлы Сұлтанбек био пр 4


Жұмаханұлы Сұлтанбек
1 курс 3 жылдық
Практикалық сабақ 4
Биомеханикалық бақылау негіздері. Адамның қимыл-қозғалыс шеберлігі, қандай жағдайда болмасын шапшаң, нақты және әдемі болуы физикалық, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындығына байланысты. Қимыл-қозғалыс мәдениетінің осы бес факторы спортта да, оқушылардың тәрбиесінде де, жалпы халықтың дене тәрбиелеу сабақтарында да жетекші орын алады. Қимыл шеберлігін жетілдіруде, тіпті оны сақтап тұру үшін де, айтылған әрбір факторды бақылау қажет.
Биомеханикалық объектісі болып адамның моторикасы, басқаша айтқанда, қимыл (дене) сапалары мен олардың бейнелері саналады. Қорытындылай айтқанда, биомеханикалық бақылау арқылы біз мынадай жағдайлар:

  1. қимыл амалдарының техникасы мен қимыл әрекеттерінің тактикасы;

  2. өте жоғары техникалық-тактикалық шеберлікке қажетті жағдай болып табылатын төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік және иілгіштік жөнінде деректер аламыз.

Қарапайым айтқанда, биомеханикалық бақылау үш сұраққа жауап береді:

  1. адам не істейді?

  2. оны қаншалықты жақсы істейді?

  3. ол оны ненің арқасында істейді?

Биомеханикалық бақылау мынадай сызбанұсқаға сай келеді: Бақылау = тестілеу (өлшеулер) + өлшеулер және тестілеу нәтижелерін бағалау.
Биомеханикадағы өлшеулер. Адам туғаннан бастап өлшеулердің объектісі болады. Жаңа туған сәби денесінің ұзындығын, салмағын, температурасын, ұйқысының ұзақтығын өлшейді және т.б. Кейін мектеп жасында, өлшеулер қатарына білімі де, біліктілігі де кіреді. Адамның жасы ұлғайып, дүниетанымы кеңейген сайын, оның сипаттайтын көрсеткіштер соншалықты алуану түрлі болады. Нақты өлшеулер жүргізу де сонша қиындай түседі. Мысалы, адам денесінің масса геометриясын, күшін, икемділігін және техникалық-тактикалық дайындығын, қимылдарының әдемілігін және т.б. қасиеттерін өлшеуге болады. Енді осы мәселеніқарастырайық.
Өлшеулер шкаласы мен өлшеулер бірліктері. Өлшеулер шкаласы - зерттелетін объектілер мен сандар арасындағы сипаттардың сәйкестігін табатын мөлшерлердің бірізділігі. Биомеханикалық бақылауларда атаулар, қатынастар мен рет шкалалары жиі пайдаланылады.
Атаулар шкаласы - өлшеу ішіндегі ең қарапайымы. Бұл шкалада сандар, әріптер, сөздер немесе басқа шартты белгілер жарлық рөлін атқарады, зерттелетін объектілерді табу және айыру үшін қажет. Мысалы, футбол командасының ойынын бақылау үшін ойыншыларды тануға (білуге) нөмірлер көмектеседі.
Биомеханикалық сипаттамалар - деп қимыл әрекеттерінің суреттері мен талдауларын сандық тұрғыдан жазуға қолданылатын көрсеткіштерді айтады. Барлық биомеханикалық сипаттамалар кинематикалық, динамикалық және энергетикалық деп бөлінеді (3-кесте) олардың қызметтері әр түрлі: кинематикалық – қимыл әрекеттерінің сыртқы бейнесін сипаттайды, динамикалық – қимылдар өзгерістерінің себептері туралы ақпарат береді, энергетикалық – механикалық өнімділік пен үнемділік туралы мағлұмат береді.
Динамикалық сипаттамалар.Кинематикалық сипаттамаларға қарағанда, динамикалық сипаттамалардан қимылдардың сыртқы бейнесі бағалауға келмейді. Мұндайды өлшейтін аппаратура керек. Динамикалық сипаттамаларды өлшеу қимылдардың қалыптасу механизмдерін ұғыну деген қателіктерді түзету қажет.
Кинематикадағы (қимылдардың сыртбейнесінің) қателіктер сырттан әсер етуші күштерді ұтымды, дер кезінде және үнемді пайдалана алмағаннан (кем немесе шамадан тыс артық) туындайды.
Энергетикалық сипаттамалар.Энергетикалық сипаттамалардың көбісі кинематикалық және динамикалық сипаттамалардан алынып есептеледі. Мысалы, механикалық жұмыс – күштің қозғалысқа көбейтіндісі:
A
Қимыл сапаларын тестілеу. Спорт пен дене шынықтыруда биомеханикалық бақылауға қолданылатын тестілеу әдістерін сипаттау, қимыл сапаларының даму деңгейін бағалайтын тестілерден басталғаны жөн. Осылардың негізінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі немесе жаттықтырушы өзіне белгілі немесе өздігінен тестілер жасап, іс-тәжірибесіне қолдануына болады.
Биомеханикалық сипаттамалардың датчиктері. Құрылғы - өлшеуші жүйенің бірінші үзбесі. Қүрылғылар өлшенетін көрсеткіштердің өзгерістерін төтенше кабылдап алады, сондықтан адамның денесіне немесе одан тыс жерге орналастырылады.
Адамның денесіне орнатылатын құрылғының салмағы мен габариттері минимал, механикалык беріктігі жоғары, оңай бекітілетін, қимылдарды тежемейтін, ыңғайсыздық туғызбайтын болуы керек. Адамның денесіне буындардың белгіленуін, электромиографиялық электродтар, буындар бұрышын және екпінді өлшейтін датчиктер орналастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет