1 тақырып. Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері Талқылайтын сұрақтар


Позитивтік және нормативтік талдау



бет2/2
Дата24.01.2024
өлшемі19.44 Kb.
#489734
1   2
1-Тақырып

2.
Позитивтік және нормативтік талдау
Кез - келген ғылым өзінің ерекшеленген пәнін қарастыра отырып, оны зерттеудің сәйкес әдістеріне ие болады. Әдіс - бұл қойылған мақсатқа жету үшін адамның қолданатын тәсілдері мен амалдарының жиынтығы. Экономикалық те­ория үшін жаратылыстану ғылымдарында қолданылатын әдістер сай келмейді, ол өз әдістерін қолданады.
Экономикалық зерттеулерде ғылыми абстракцияның маңызы да өте зор, бұл әдіс бойынша байқауға алынатын құбылыстардың негізгілері бөліп көрсетіледі де, ал маңызы аз дегендеріне көңіл бөлінбейді. Ғылыми абстракцияның көмегімен тіршіліктегі істерден абстракты түрде ойлауға дейінгі қашықтықты өтеміз де, ал одан тәжірибеге келеміз. Абстрактілеуден нақтыға өту принципі тарихи және логикалық тану принципінің диалектикалық біртұтастығымен байланысты.
Экономикалық зерттеулерде талдау және синтез, индук­ция мен дедукция әдістері кең қолданылады.
Талдау - экономикалық құбылысты жеке элементтерге бөліп, әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамдас бөлігі түрінде зерттейді. Экономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал содан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасындағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді.
Синтез - экономикалық құбылыстардың жеке бөлініп, зерттелген элементтерін біртұтас жиынтық деп зерттеп, жал­пы қорытынды шығарады.
Индукция - жекеден жалпыға, нақтыдан жалпыламаға қарай ой жүгірту тәсілі.
Дедукция - керісінше, жалпыдан жекеге, жалпы жағдайдан жекеге қарай ой жүгірту тәсілі.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, шекті шамаларды тал­дау, экономикалық-математикалық модельдеу, позитивті және нормативті әдістер де қолданылады.
Позитивтік әдіс нақты құбылыстарды «көп-аз», «жақсы-жаман» деп талдап, бағаламайды. Ол экономиканың ағымдағы жағдайын суреттеп, сипаттауга негізделген және «Не болды?» деген сұраққа жауап береді.
Нормативтік әдіс осы немесе басқа экономикалық құбылыстар қандай болу керек дегенді талдап баға беруді қажет етеді. Ол болған жағдайды өзгерту немесе жақсарту үшін қандай да болмасын, іс-әрекеттерді болжайды және келесідей сұраққа жауап береді: «Қандай болу керек?».



Экономикалық теорияның пәнін анықтау кезінде ағылшын экономисі Л.Робинсонның берген анықтамасы кең қолданылады: «Экономика - шектелген ресурстар жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсаттар мен мүмкіндіктерді үйлестіру кезіндегі адам әрекетін зерттейтін ғылым».
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

  1. Айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

  2. Ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

  3. Жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет