Маңғыстау облысындағы аитв-инфекциясы бойынша 2013 жылғы 1 тоқсандағы эпидемиологиялық жағдай



Дата23.02.2016
өлшемі67.23 Kb.
#7926
Маңғыстау облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша

2013 жылғы 1 тоқсандағы эпидемиологиялық жағдай
2013 жылдың 1 тоқсанында АИТВ инфекциясының 2 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 2012 жылдың 1 тоқсанындағы 3 жағдайға және 0,4 көрсеткішке қарағанда 0,5 көрсеткіш құрап, 1 жағдайға төмендеді.

ЖИТС РО және облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қол қойған 0,041 % критерийі жағдайындағы 3 жағдайға қарағанда (0,002%) 15-49 жас аралығындағы топта таралу 2 жағдайды (0,001%) құрады.

Өсіңкі қорытындымен 1994 жылдан бері – 127 АИТВ жұқтырғандар, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 2 бала тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 22,5, балалар арасында – 1,3 құрайды.

Тіркелген барлық жағдайлардың 63 (49,6%) парентеральды жолмен берілуіне, жыныстық жолмен берілу үлесіне – 60 (47,2%), анықталмағанына – 2 (1,6%), тігіне – 2 (1,6%) тиесілі. Оның ішінде, 96 еркек (75,6%), оның ішінде Ақтау қаласынан 1 бала және 31 әйел (24,4%), оның ішінде Әзербайжан Республикасынан 1 бала.



АИТВ-жұқпасына тексеру «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.2011жылғы № 1280 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.


Тексеру қарау себептері

Анықталғаны

Берілу жолдары

Инфекция көздері

Тұрғылықты жері

2013 жылғы 1 тоқсанда

Шетел азаматары

200 коды

1

жыныстық

Бей-берекет жыныстық байланыстар, инфекция көзі айқындалмады

Ресейден келген

Жоғарыда аталған кодтардың біреуіне жатпайтын өзге азаматтар 124 коды

1

жыныстық

Бей-берекет жыныстық байланыстар, инфекция көзі айқындалмады

Ақтау қаласы

2012 жылғы 1 тоқсанда

Инъекциялық есірткі тұтынушылар

102 коды

1

парентеральды

Инфекция көзі айқындалмады

Ақтау қаласы

Шетел азаматары

200 коды

1

жыныстық

Бей-берекет жыныстық байланыстар, инфекция көзі айқындалмады

Өзбекстан-нан келген

112.1 іздестіру-тұтқындау коды

1

парентеральды

Инфекция көзі айқындалмады

Ақтау қаласы


Маңғыстау облысы халқының 2012-2013 жылдардың

1 тоқсанындағы сырқаттанушылығы



Қалалар мен аудандар

АИТВ инфекциясы

АИТВ инфекциясынан өлгендер


2012


2013


2012


2013

(1994 жылдан бері барлығы).

Ақтау қаласы

2 (1,1)

2(1,1)

0

1(0,5)

10(5,5)

Жаңаөзен қаласы

0

0

0

0

0

Қалалар бойынша барлығы

2 (0,7)

2(0,6)

0

1(0,3)

10 (3,2)

Бейнеу ауданы

0

0

0

0

0

Қарақия ауданы

0

0

0

0

0

Маңғыстау ауданы

0

0

0

0

0

Мұнайлы ауданы

1 (0,9)

0

0

0

2 (1,8)

Түпқараған ауданы

0

0

0

0

0

Аудандар бойынша барлығы

0

0

0

0

0

Облыс бойынша барлығы

3(0,5)

2(0,4)

0

1(0,2)

12 (2,1)

«Шолғыншы эпидемиолгиялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу туралы» ОДБ мен ҰТЖКД-нің 25.02.2013 жылдағы №41/20 бірлескен бұйрығына сәйкес, сотталғандар арасында шолғыншы эпидемиологиялық бағалау (ШЭБ) жүргізілді, қамтылғаны – 201 адам. Дайындалу кезеңінде медициналық қызметкерлер мен отрядтар бастықтары арасында 2 ұйымдастыру семинары өткізілді. ШЭБ нәтижелері: АИТВ – 0, СВГ – 87 (43,3%), мерез.

Есепті кезеңде арнайы контингент арасында АИТВ инфекциясының өзге жағдайлары тіркелмеді.

Диспансерлік есепте 71 АИТВ жұқтырғандар, оның ішінде 54 еркек (оның ішінде 1 бала), 17 әйел тұр.

Өлгені –21 адам, оның 12-і Орталықпен анықталған, қалған 9 басқа облыстардан келгендер.

Орталықта өсіңкі қорытындымен 8 жүкті әйел мен 11 жүктілігі білінген әйел тіркелген. 01.04.2013 жылға «Д» есебінде АИТВ жұқтырған жүкті әйелдер жоқ.

Антиретровирусты (АРВ) препаратты 12 АИТВ жұқтырған алуда.

АИТВ жұқтырғанға жататындар бекітілген жоспар бойынша туберкулезге қарсы химиялық профилактика алуда. Ауруларды қарау Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жауапты фтизиатр-дәрігерімен жүргізілуде.

Профилақтикалық жұмыс бөлімі 01.01.2013 жылдан бастап құрылды, қызметі мінез-құлық бойынша денсаулықтың бастапқы алдын алуды ұйымдастыруға бағытталған ЖИТС МОО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі функциясы АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйыдастыру, өткізу және үйлестіру болып табылады. Бөлім ҚР ДМ-нің «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» 07.04.2010 жылғы №238 және «ҚР ДСМ-нің 07.04.2010 жылғы №238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 05.01.2011 жылғы №23 бұйрықтарымен бекітілген ЖИТС алдын аду және күрес жөніндегі орталықтардың штаттық нормативіне сәйкес мамандармен жинақталған.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. ОСӨСҚЖО-мен бірге БАҚ арқылы АИТВ-инфекциясының таралу жолдары және жұқтырудан сақтандыру тәсілдері туралы халыққа мәлімет беру;

2. Педагогтарды, мектеп оқушыларын, жоғары және орта оқу орындарының студенттерін оқытуды ұйымдастыру;

3. Халықтың АИТВ әлсіз топтары; ИЕТ-ды, СҚ-ін, сотталған адамдарды жұқтырудан сақтандыру әдістері жұмысын ұйымдастыру;

4. АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі арнайы оқу әдебиетін басып шығару және тарату (үнпарақтар, буклеттер, әдістемелік құралдар, бейне өнімдері және т.б.);

5. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіндегі АИТВ инфекциясы жөніндегі алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. болып табылады.

2013 жылға арналған штат кестесіне сәйкес («ЖИТС МОО» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның 05.01.2013 жылғы №20 бұйрығы), профилактикалық жұмыс бөлімінің жинақталуы: бөлім меңгерушісі – 1, нақтысы – 1,0; эпидемиолог дәрігер – 2,0, нақтысы – 1,0; педагог – 1,0, нақтысы – 1,0; социолог – 1,0, нақтысы – 1,0; эпидемиологтың көмекшісі – 2,0, нақтысы – 2,0.

Бөлім 2013 жылдың 1 тоқсанында мына жұмыстарды жүргізді:

1. Білім беру бағдарламалары:

- тренингтер, диктанттар – 64, қамтылғаны – 1770 адам;

- семинарлар – 93/1969;

- лекциялар – 173/9231;

- шағын сессиялар – 1145/5560.

2. Мақалалар жариялау: 6;

3. Телебағдарламалар: 1;

4. Радиобағдарламалар: 4;

5. Аудио-бейне роликтер: 4;

6. Дөңгелек үстелдер: 12/248;

7. Буклеттер: 3637.

АИТВ-инфекциясының бизнеске іскерлік әсер етуі» көрсеткіші бойынша елдің бәсекеге қабілеттілігінің Жаһандық индексінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша, ЖИТС МОО ҚР ДСМ-мен, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге бизнес құрылымдар арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Осы мәселе аясында бірге Ақтау қаласы бойынша бизнес-құрылымдардың өкілдері үшін «АИТВ-инфекциясының бизнеске іскерлік әсері. АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші. ҚР-дағы, облыстағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС-ның медициналық аспектілері» тақырыбында семинарлық дәрістер өткізілді. Семинарлық дәрістер таныстырылымдар түрінде өткізіліп, «АИТВ/ЖИТС туралы түсінік» бейнеролигі көрсетілді.

Бизнес-құрылымдар үшін:

- 17.01.13 жылы «Байтерек күзет» ЖШС-де 16 адамды;

- 21.01.13 жылы «Казтранстас» ЖШС-де 18 адамды;

- 23.01.13 жылы «Сбербанк» АҚ ЕБ-де 25 адамды;

- 24.01.13 жылы «Адал жумыс» ЖШС-де 57 адамды;

- 22.01.13 жылы «Казнефтегаз» ЖШС-де 19 адамды және т.б.;

- 25.01.13 жылы «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы» ЖШС-де 15 адамды;

- 28.01.13 жылы «Энергомунай» ЖШС-де 36 адамды;;

- 30.01.2013 жылы «Старая баня»ЖШС-де 26 адамды;

- 04.02.13 жылы «Архстройпроект» ЖШС-де 22 адамды;

- 07.02.13 жылы Ақтау қаласы қонақүйлерінің 21 әкімшісін және т.б.;

- өзге ұйымдарда 149 адамды қоса алғанда, барлығы 404 адамды қамтумен 17 семинарлық дәріс өткізілді.

3 пенитенциарлық орталықта 85 адамды: ГМ 172/1 – 34 адамды, ГМ 172/6 – 27 адамды, ГМ 172/10 – 24 адамды қамтумен АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша 4 семинарлық дәріс өткізілді. Түзету жүйесі басқармасының департментінде облыстың түзету мекемелерінің басшылығы мен орынбасарлары үшін «АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиялогиялық жағдай, сотталғандар арасында 2013 жылы ШЭБ ұйымдастыру және өткізу» таныстырымымен семинар-кеңес өткізілді, қамтылғаны – 8 адам.

ЖИТС РО мен ОДСБ арасындағы меморандумдар көрсеткіштері 01.04.2013 жылға индикаторлар шегінде сақталуда. Кәсіпорын жарғысында көздестірілген міндеттерді орындау бойынша мынадай проблемалық мәселелер бар:

- халықтың әлсіз топтары үшін Жаңаөзен қаласында, Бейнеу және Мұнайлы аудандарында сенім пункттері мен достық кабинеттерін ашу;

- жергілікті атқарушы органдармен жеткіліксіз көлемде бөлініп отырған, щприцтер, презервативтер және ақпараттық-оқыту материалдарын сатып алуға арналған ақшалай қаражат, бұл мәселелерді біз тұрақты бақылауда ұстаймыз және мүмкіншілікке қарай жыл бойында шешеміз.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет