1-тақырып. Кіріспе Көліктік техника мен технологияларының халық шаруашылығында алатын орыны, рөлі және маңызы. Көліктік техниканың түрлері



Дата17.07.2016
өлшемі55.18 Kb.


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Көліктік техника және логистика кафедрасы

Көліктік техника динамикасы пәні бойынша


050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар
1-тақырып. Кіріспе

Көліктік техника мен технологияларының халық шаруашылығында алатын орыны, рөлі және маңызы. Көліктік техниканың түрлері. Көліктік техниканың динамикалық сапаларын,үнемділігін көтерудің, оның жұмысы кезінде тораптары мен агрегаттарының өзара әсерінің динамикасын жақсартудың қажеттілігі. Көліктік техника динамикасы саласында орындалған отандық және шет ел ғалымдарының еңбектері. [1,2,4].
2-тақырып. Көліктік машинаға әсер ететін күштер

Көліктік техниканың жүріс жүйелері. Доңғалақты, шынжыр табанды, құрастырылған қозғалтқыштар (движители). Жетекші және жетектегі доңғалақтар.Доңғалақтар теңселуінің және шынжыр табанды қозғалтқыштардың қозғалысының кинематикасы. Доңғалақтарға және шынжыр табандарға әсер ететін ішкі және сыртқы күштер. Доңғалақтардың және шынжыр табандардың қозғалысына кедергі күштері. Қозғалтқыштардың жол бетімен ұстасуы. Көліктік машинаның жалпы динамикасы. Көліктік машинаға әсер ететін күштер. Көліктік машинаға түзусызықты қозғалыс кезінде әсер ететін күштер. Қозғалысқа кедергі күштер. Ілмектегі тарту күші. Инерция күші және ауа кедергісі күші. Жол бетінің реактив күштері. Көліктік машинаның қозғалысының теңдеуі. Жол бетімен ұстасуы бойынша тарту күші.Қозғалыс мүмкіндігінің шарттары. Көліктік машинаның күші және қуаты балансы. Көліктік техниканың өткіштігі, оның өлшеуіштері және өткіштікті жақсарту жолдары. Көліктік техниканың орнықтылығы. Орнықтылық критерилері. Курстық орнықтылығы, аударылмау және бүйіріне сырғанамау орнықтылығы. Көліктік машиналардың орнықтылығын жақсарту шаралары. Көліктік машинаның басқарылулығы. Шынжыр табанды көліктік машиналардың бұру механизмдері. Доңғалақты көліктік машиналардың қисық жол учаскелкеріндегі қозғалысы. Көліктік машинаның бұрылуының динамикасы. Көліктік машинаның бұрылулығы. Көліктік машинаның бұрылулығының теориялық диаграммасы. Көліктік машинаның жүрісі жатықтығы. Жүріс жатықтығының көрсеткіштері. [1,2,3,4] .



3-тақырып. Көліктік техниканың динамикалық қасиеттері

Көліктік техника түрлерінің жұмыс жағдайлары. Жұмыс жағдайларына байланысты көліктік техникаға қойылатын талаптар. Көліктік машиналардың сапалары туралы ұғымдар. Кейін тайғанау қисықсызығының графигі.Көліктік машинаның орнынан жылжып қарқынды қозғалысы. Өрге динамикалық көтерілу. Көліктік техниканың өз екпінімен қозғалысы. Көліктік техниканың тарту күші көрсеткіштері. Көліктік машинаның технологиялық, техникалық-экономикалық, жалпы техникалық сапалары және олардың көрсеткіштері. [1,2,3,4,5].



4- тақырып. Механикалық жүйенің тербеліс процестері

Көліктік техниканың қозғалысы және жұмысы кезінде пайда болатын тербеліс процестері. Көліктік машина шанағының бойлық, көлденең , вертикаль бағытта және бұрыштық тербелістері. Көліктік техниканың тораптары мен агрегаттарының бөлшектерінің бұралмалы тербелістері. Еркін, еріксіз және резонансты тербелістер. Сызықты, сызықсыз және параметрлік тербелістер. Өшетін және өшпейтін тербелістер. Тербеліс жүйесінің еркіндік дәрежелері. Тербелістің амплитудасы, фазасы және жиілігі. Тербеліс жүйесінің жалпыланған координаталары. Тербеліс жүйесінің инерциялық-серпімді параметрлері. Жалпыланған координаталар жүйесіндегі Лагранждың екінші текті теңдеулері. Жалпыланған күш. Потенциалдық және кинетикалық энергиялар туралы теоремалар. Көп еркіндік дәрежелі жүйенің дифференциалдық теңдеулері. Нормали координаталар. Жиіліктер теңдеуі. Жүйе тербелістерінің түрлері және олардың қасиеттері. [1,2,3,4,6,8,9].



5-тақырып. Сыртқы ұйтқу және көліктік техниканың және оның тораптарының тербеліс процестері

Көліктік техниканың механикалық жүйе ретіндегі инерциялық-серпімділік параметрлері. Көліктік техниканың инерциялық-серпімділік параметрлерінің көрсеткіштерінің шамаларын анықтау. Бұралмалы жүйенің массаларын және қатаңдықтарын келтіру. Көпмассалы жүйенің бұралмалы еркін тербелістерін есептеудің инженерлік тәсілдері. Көліктік машинаның жетектерінің элементтерін бұралмалы еріксіз тербеліске енгізетін сыртқы ұйтқулар. Көліктік машинаның корпусының элементтерін бойлық, көлденең, вертикаль бағыттарда және бұрыштық тербелістерге енгізетін сыртқы ұйтқулар. Сыртқы ұйтқудың сандық сипаттамалары. Көліктік машинаның корпусын және оның тораптары мен агрегаттарын тербелістерге енгізетін тарту күші мен жол бетінің тегіссіздігінің үлестірім заңдары. Сыртқы әсердің корреляция функциялары мен шоғырлық тығыздықтары. Көліктік машинаның сыртқы ұйытқуының сипаттамаларын тәжрибе жүзінде анықтау. [1,2,3,4,11,12].



6-тақырып. Көліктік техниканың динамикалық қасиеттерін анықтау тәсілдері

«Орта–көліктік машина» жүйесінің динамикалық моделі. «Орта–көліктік машина» жүйесінің математикалық моделі. Көліктік техника корпусының бойлық, көлденең, вертикаль бағыттарда және бұрыштық тербелістерінің дифференциалдық теңдеулері. Көліктік техниканың тораптары мен агрегаттарының тербелістерінің динамикалық процестерін зерттеуде Лаплас және Фурье түрлендірулерін қолдану. «Орта– көліктік техника» жүйесінің динамикалық касиеттерін жиілік алабында зерттеу. Көліктік техниканың бойлық, көлденең, вертикаль бағыттарда және бұрыштық тербелістеріне беріліс функциялары. Көліктік техниканың, оның тораптары мен агрегаттарының тербелістерінің жиілік сипаттамалары. Кері амплитудалық фазалық жиілік сипаттамалар. Көліктік техниканың, оның тораптары мен агрегаттарының тербеліс процестерін талдау. Көліктік техниканың, оның тораптары мен агрегаттарының оптималдық параметрлерін анықтауда жиілік тәсілдерді қолдану. Көліктік техниканың, оның тораптары мен агрегаттарының тербеліс процестерінің сипатамаларын тәжрибе жүзінде анықтау және оларды жобалау этабында, стендте ресурстық сынау және көліктік техниканың құрылысын жетілдіру кезінде қолдану. [1,2,3,4,8,9,10,11,12].



Әдебиеттер тізімі

1. Гришкевич А.И., Автомобили: Теория: Учебник для вузов. – Мн.: Высш. Шк., 1986 – 208.: ил.

2. Тракторы: Теория: Учебник для студентов вузов по специальности «Автомобили и тракторы» / В.В.Гуськов, Велев Ю.Е. Атаманов и др.: Под общ. Ред. В.В. Гуськова. – М.: Машиностроение, 1988. – 376 с.: ил.

3. Забавников Н.А. Основы теории транспортных гусеничных машин. – М.: Машиностроение, 1975

4. Нұржауов А. Трактор теориясы негіздері.Оқулық Алматы: Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Кенесінің Баспаханасы№ ҚР Білім министрлігінің оқулық және әдістемелік әдебиеттер жөніндегі республикалықө баспа кабинеті, 1996. – 332 б.

5. Литвинов А.С., Фарабин Я.Е. Автомобиль. Теория эксплуатационных свойств. – М.: Машиностроение, 1989. 240

6. Смирнов Г.А. Теория движения колесных машин. – М.: Машиностроение, 1981. 269

7. Скотников В.А., Мащенский А.А., Соменский А.С. Основы теории и расчета трактора и автомобиля. Под ред. Скотникова В.А. – М.: Агропромиздат, 1986. – 383 с.

8. Тимошенко С.П. Колебания в инженерном деле. Главная редакция физико – математической литературы издательства «Наука», 1976.-444с.

9. Силаев А.А. Спектральная теория подрессирования транспортных машин. – М.: Машгиз, 1972. – 190с.



10. Нұржауов А. Трактордың тарту күші динамикасы мен отын үнемділігі (оқу құралы). Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. – 124 б.;



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет