1 тақырып Кіріспе


Рессор үсті балкаларын жөндеу



бет28/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Лекция Тех.рем

3. Рессор үсті балкаларын жөндеу
Рессор үсті балкаларын қараған кезде (7 сурет) подпятниктің жоғарғы, тік, төменгі белдіктер мен калонкаларының, тіреуіш бөлігінің жарамды күйін, скользундердің қапалды тіректерінің жарамдылығын және үйкелген беттердің тозу деңгейін анықтайды. Арқалықтың ішкі беттерін жоғарғы және төменгі белдіктердің технологиялық саңылаулары арқылы көмескі жарықпен қарайды.
Жөндеудің жоспарлы түрі кезінде рұқсат етіледі:
– подпятниктің тіреуіш беттеріндегі жарықты 5,6, 7 егер сыртқы буртты арқылы өтпесе және олардың жинақталған ұзындығы 250 мм–ден аспаса пісіріп бітеу;
– ұзына бойғы жарықтарды 8 егер сыртқы буртқа өтпесе және олардың жинақталған ұзындығы 250 мм–ден аспаса құю саңылауынан пісіріп бітеу;
– клинге арналған шек коятын бурттар мен көлбеу жазықтық арасындағы бұрыштардағы жарықтарды 9 пісіріп бітеу;
– скользун қапталды тіректерінің жарықтарын 10 егер олардың ұзындығы 100 мм –ден аспаса пісіріп бітеу,;
– шек коятын бурттарға шықпайтын көлбеу жазықтығының ұзына бойғы жарықтарын 2 пісіріп бітеу;
– подпятниктердің сыртқы және ішкі бурттарының сынықтарына 11 еріген металл құю. Егер ішкі бурт жоқ болса, немесе сынған бөліктің ұзындығы периметрінің жартысынан көп болса немесе шкворинге арналған саңылау басқа жаққа 2 мм –ден астам тозса, бурттын биіктігі 15 мм втулканы подпятьниктің тіреуіш беттерінің үстіне еріген металл құю жолымен қалпына келтіреді;
подпятниктің көлбеу жазықтығы 12 мен тіреуіш беттеріне 13 егер тозу деполық жөндеу кезінде 3 мм –ден асса және күрделі жөндеу кезінде 2 мм –ден асса еріген металл құю. Рессор үсті арқалықтың көлбеу беттері металлының қалған қалыңдығы 7 мм –ден кем болмауы тиіс, ал подпятникті – 18 мм –ден.
– серіппелердің жылжуына шек коятын рессор үсті арқалығының берік қырларын 14 8 мм –ге дейін тозса еріген металл құю.
Жарықтар 1, 3, 4 жөндеуге жатпайды және арқалық құрал –жабдықтан шығарылады.
Подпятниктердің берік сыртқы және ішкі бурттарын, егер сыртқы бурттың қалған қалыңдығы 11 мм –ден, ішкі бурттікі 7 мм –ден кем болмаса ерітіп дәнекерлейді.
Қапталды рамалары мен рессор үсті арқалықтарында пісіру жұмыстарын орындау алдында жөндейтін жерді 250 – 300 °С температураға дейін қыздыру қажет.
Деполық жөндеу кезінде рессор үсті арқалықтарының көлбеу беттерін 12 планкаларды дәнекерлеу арқылы немесе қосынды пісіру арқылы жөндеуге рұқсат етіледі. Планкілер мен қосындыларды рессор үсті арқалықтарындағыдай болаттан жасайды. Жарамсыз деп табылған тартымдық хомуттарға телімінен қиып алынған, сондай – ақ ст 3 сп және 20 маркалы болаттан жасалған қосындыларды дефектоскоппен тексерілгеннен кейін қолдануға болады.
Көлбеу жазықтықтың қалған қалыңдығы 6-9 мм болған жағдайда планкаларды дәнекерлеуге рұқсат етіледі. Қалыңдығы 10 және 12 мм сәйкес жөндеу планкасын қондыру үшін көлбеу беттерді 8 немесе 6 мм қалыңдыққа дейін фрезамен өңдеу қажет.
Қалыңдығы 18 мм қосындымен жөндеу егер рессор үсті арқалықтарының қабырғаларының тозығы үйкеліп тесіп өткендер мен шұқырларды қосқанда 9 мм – ден жоғары болса жүргізіледі. Қосындыны көлбеу жазықтыққа орнатпас бұрын оттекті қолмен кесу мен арнайы кондукторды қолданып терезе кесіледі. Дайындалған планкалар немесе қосындылар тұтқаларға қойылады және көлбеу жазықтықты 250 – 300 °С температураға дейін қыздарғаннан кейін УОНИ-13/45 маркалы электродтармен қолмен пісіріп дәнекерленеді немесе СВ-08Г2С немесе СВ– 09Г2СЦ дәнекерлеу сымдарымен көмірқышқыл газы ортасында жартылай автомат пісірумен дәнекерленеді. Қолмен имектеп дәнекерлеу кезіндегі түбірлі жапсарды диаметрі 3 мм электродтармен, ал кейінгілерін диаметрі 4-5 мм электродтармен жүргізеді. Өтетін жерлердің әрбірінің басталуы мен аяқталуы қосынды бұрыштарында болмауы тиіс. Пісіру қуатын төмендету үшін барлық жапсарлар екіншісінен бастап 450 ° С немесе 150 ° С төмен емес температурада металлдың сууына қарай соғылады.

26 тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет