2.Автотіркеуіш құрылымы толық тексеруден өтуін арнайы бригадамен, яғни өз ісіне мұқият және жөндеу технологиясын жақсы меңгерген жұмысшыларға жүктеледі. Деполық жөндеуге вагондар жыл сайын өтсе, ал күрделі жөндеуге 4-12 жыл өткен соң, оның ішінде автотіркеуіш құрылымы барлық жөндеуде де мұқият тексеріледі.
Автотіркеуішті тексеру пункті өз алдына бөлімше не болмаса (дайындау-механикалық цехының) қосалқы бөлімшесі жіберледі. Бұл цехта автотіркеуіш құрылымы қажет құрал – жабдықтар, электрлі пісіру аппараты, стендтік қондырғылар, құйылған деталь беттерін жонатын станоктар, көтеру тасымалдау көліктері, деталдарды өлшеу шаблондары болады.
Өндіріс алаңындағы қондырғылар еңбекті қорғау және өндіріс санитария талаптарына сай қарастырылады.
Автотіркеуіш құрылымы деталдарын қарамас бұрын жақсылап даттан, ластан тазалайды.
Автотіркеуішті және жарақсыз аппараттарды бұзып шашады. Барлық деталдарды теміржол құрамның автотіркеуіш құрылымына қызмет көрсету және жөндеу талаптарына сай, яғни олардың размерлері бекітілген әдістемелер бойынша тексеріліп, ауытқушылықтары дер кезінде жөнделеді. Тексерілген деталдар әдістемелік талаптарға сай келсе, оларды жинақтау (комплект) столына немесе стеллажға қояды. Майысқан деталдар түзетіледі немесе жарық байқалса, қайта пісіру кабиналарына апарып, қыздырып құяды, содан кейін құйылған беттерді механикалық жолмен өңдейді.
Автотіркеуіш құрылымының барлық деталдары пішіні жағынан аса күрделі. Оларды тексеру үшін шаблондар пайдаланылады. Шаблондармен өлшеу өте те, аса дәлдікпен тексерілетін размерлерді шектеулі шамаға дейінгі өлшеммен тексереді.
№ 3 Тақырып
Автотіркеуіш бөлшектерінің жөндеуі.
Сұрақтар:
Автотіркеуіш бөлшектерін жөндеу.
Автотіркеуіш механизмі бөлшектерін жөндеу.
1. Автотіркеуіш артқы бөлігінің бүгілуін және зевының кеңеюін түзеткішпен жөндейді.
Түзету үшін корпусты алдын ала 8000-8500С температураға дейін, пеште 1 сағат ұстап біртегіс етіп қыздырады. Түзетілетін жерде термикалық жарық қалмас үшін түзету жұмысын кем дегенде 6500С темпертурада аяқтайды.
Түзету жұмысы арнайы гидравикалық пресспен жасалады. Зевының кеңеюін қалпына келтіру үшін корпусқа зевтың өз мөлшерінен тарылыуын болдырмайтын шектеуіш қояды.
Корпусты су немесе басқада салқындату құралдарын пайдаланбай, жел соқпайтын орында салқындатады. Автотіркеуіштің тозған жерлерін және жарықтарын дәнекерлеу және балқыту арқылы жөндейді. Вагондарды жөндеудің барлық түрлеріне рұқсат етіледі:
егер олар ауру тістің жоғарғы немесе төменгі қабырғасында жатпаса, онда зевының бұрышындағы тік жарықтарды 1 үстінен және астынан пісіреді;
егер жоғарғы бөлігіндегі жарықты бөлгеннен кейін бастың көлденең сыртына жатпайтын және үлкен тістің жанындағы үстіңгі қабырға жағдайына, ал төменгі бөлігінің ұзындығы 20 мм.аспаса, онда терезе бұрышындағы құлып және құлып ұстағыш жарықты 2 пісіреді;
пісірмей жаймен корпус артқы бөлік жарықты 5 мм.-ге сыртына қарай дейін шабу. Оны бөлгеннен кейін ұстатқыш қалыңдығы 40мм болатын болса, онда ұстатқыш жарығының 3 тереңдігі 8 мм.аспаса пісіруге болады.
Егер жарық корпустың тік қабырғасына жатпаса, онда ұстатқыш жарығын 4 тіске және құлыптың сигнал беру өсініне бағыттауға арналған саңылау арасында пісіреді;
Автотіркеуіш артқы бөлігінің жарығын пісіру. Артқы бөлік жарығын жөндеудің жалпы ұзындығы 20 жылдан астам жұмыс жасап тұрған және басқа корпустан 150 мм.аспайтын корпус тірегінен корпустағы 100мм сынаға арналған саңылаудың алдыңғы жиектеріне дейінгі аралық;
Дәнекерлеу іздерін дөңгелектенген орынға 15 мм. дейін жеткізбей, іліну контурының тозған бетін балқыту.
Балқытып жөнделген зев қабырғасының соғу бетінен тозбаған жағына 15 мм. жайлап өту керек. Соғу-тартқыш бетінің балқытылған металлының беріктілігі жүк вагондары үшін 250 НВ кем емес және жолаушылар және рефрижаторлық вагондар үшін 450 НВ кем болмауы керек. Балқыту беріктілігін қамтамасыз ету үшін ОЗН-400 электроды, ПП-ТН350, ПП-ТН500 ұнтақ проволка пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |