27. тақырып: Кәсікерлік қызметте бәсекелік табысты талдау.
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау.
Кәсіпкерлік қызмет тиімділігінің әдістемесі.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні:
Нарықтық экономика жағдайында жоғары тиімділікті кәсіпкелік қызметті бағаламау мүмкін емес.Себебі ол тұрақты және жан-жақты өндірістік ,қаржылық,инвестициялық,инновациялық қызметтерді талдауға негізделген.Есеп және есептеме таладауы кәсіпкерлік қызметтің барысын және жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
Кәсіпкелік қызметті талдаудың негізгі міндеті ұйымның, инвестицияның, технология мен кәсіпкерлік қызметтің түрлі салаларының болашақтағы дамуын қамтамасыз ету.
Талдаудың негізгі міндеті
кәсіпкерлік қызметте экономикалық нәтижелерге қол жеткізу
бизнестің зиянды жақтарын және кемшіліктерін анықтау
кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру және пайданы жоғарылату үшін резерв көздерін анықтау.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жан-жақты және тұрақты талдау жасау мына төмендегідей жағдайларды көрсетеді:
шаруашылық қызметтің нәтижелерін сапалы және кәсіби деңгейде бағалау
нақты өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша алынатын табыс деңгейіне әсер ететін факторларында өз уақытында анықтау
кәсіпорынның баға саясатына қажет өндірістегі шығындар өзгерісін және тенденцияларын анықтау
Кәсіпкерлік қызметті талдаудың бірнеше түрлері бар:
Талдау жүргізудің тәртіптері кәсіпкерлік қызметті ерекшелктеріне байланысты және ол төмендегідей негізде жүзеге асады:
талдау мақсатын бекіту
талдау жүргізудің жоспарын құрастыру
нақты материалдарды үйрену және тексеру
нақты мәліметтердің аналитикалық өңдеуін қалыптастыру
алынған нәтижелерді белгілеу
қорытындылар мен ұсыныстарды өңдеу
шешімдер қабылдау
Достарыңызбен бөлісу: |