28. тақырып: Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау.
Кәсіпкерлік қызмет тиімділігінің әдістемесі.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні:
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе елдің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, ер кін сауда, жеке меншік билігі, т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезеңінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы факторлардың анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімді перспектива кәсіпорнының әрі қарай гүлденіп, өркен жайылуының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке қабілетті жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функцияналды бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін болып отыр.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселе көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегиясының бастр ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жоғынан ерекшелінетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және жағдайларын нығайтуға ұмтылу керек.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл экономиканың, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің альп отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе үлкейтуге жеткілікті әлеуетті.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікті дамытудың жаңа талаптары мен жаңа идеологияся белгіленген. Оның негізгі мақсаты – ел экономикасының өсуін жаңа сапаға көтеру, яғни қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |