1. Тақырыптың өзектілігі және оның жалпығылыми, жалпымемлекеттік бағдарламалармен байланысы


Магистрлік диссертация талаптары деңгейіндегі ғылыми нәтижелер



бет2/5
Дата20.01.2022
өлшемі54.5 Kb.
#454697
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Канат-cыртқы пікір МАЖ

2. Магистрлік диссертация талаптары деңгейіндегі ғылыми нәтижелер.

Қ.Б. Такировтың магистрлік диссертациясы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне толық сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы барысында магистрант деструктивті ағымдарға жан-жақты анықтама берілген. Сонымен қатар зерттеу жұмысы барысында деструктивті ағымдардың түрлері, олардың ерекшеліктері мен белгілері, пайда болған ортасы мен таралым аймақтары турасында дәйекті мәліметтер берген. Сонымен қатар диссертациялық жұмыс барысында араб жерінде пайда болған исламдық деструктивті ағымдардың тарихы, олардың пайда болуы мен түрлі тарихи кезеңдердегі орын алған жағымсыз әрекеттерін келтіре отырып, бүгінгі күнгі қоғамдық қатынастардағы деструктивті исламдық ағымдардың сипаты мен белгілерін жан-жақты аша алған. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыс барысында Қ.Б. Такиров деструктивті ағымдарға қарсы күресте және оның алдын-алу жұмыстары бойынша дәйекті өзіндік ұсыныстар береді және бұл ұсыныстар өміршеңдігімен және тиімділігімен ерекшеленеді.

Диссертациялық жұмыс барысында деструкивті ағымдардың кез-келген мемлекеттің саяси жүйесіне кері әсер ететін фактор ретінде тұжырымдап, оның әрекеттерінің қоғам үшін оң әсерінен гөрі, теріс сипаты басым екендігі дәлелденген. Зерттеу жұмысы деструктивті ағымдардың идеологиясы мен нақты әрекеттерінің адамгершілік түсініктермен ұштаспайтындығы барынша дәлелденген және зерттеу жұмысының бағыты да осы сипатта. Рас деструктивті діни ағымдардың антигуманисттік сипатын зерттеу жұмыстарымен қатар, күнделікті тәжірибе жүзінен де байқау қиын емес. Сол себепті де зерттеу жұмысында деструктивті ағымдардың алдын-алу жұмыстары бойынша араб елдерімен қатар, Қазақстан Республикасында да жұмыстар бір ретке келтіріліп, жүйеленген. Алдымен деструктивті ағымдарға қарсы күрестің заңнамалық негіздерін қалыптастырып, нақты іс-әрекеттердің бағыттары айқындалған. Бұл мәселе диссертация жұмысы барысында талқыланып, өзіндік пікірмен тұжырымдалған. Осы диссертациялық зерттеу жұмысы барысында жасалған ғылыми тұжырымдар мен қорытындыларды дінтану пәні бойынша арнайы курстар құрастыру, сондай-ақ дәрістер барысында пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет