1 Тарау. Қызмет кӨрсету саласындағы маркетингтің мӘні мен қажеттілігі



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#131191
1   2   3   4   5

Мақсаты


Телекоммуникация секторының ырықсыздануы және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және экономикалық тиімді Компания құру.

Қызмет көрсету спектрі

Желінің техникалық мүмкіндігін абонент қатынауы деңгейінен магистралдыққа дейін дамыту жолымен тұтынушыларға бүкіл республика аумағында Интернет желісіне кең жолақты қатынаудан корпоративтік клиенттерге көп дегдарлық қызмет көрсетуге дейін телекоммуникациялық қызметтердің кең көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс желісін құру.

Тарату өрісі

Қазақстан республикасының бүкіл аумағына, оның ішінде ауылдық жерде телекоммуникациялар қызметін көрсетуді тарату. Қазақстан Республикасын әлемдік экономикаға шоғырландыру, сыртқы рынокқа шығу. Ресей, Орталық Азия және Қытай телекоммуникациялық рыноктарында Қоғам тұғырларын енгізу және нығайту. Қазақстанның транзиттік әлует мүмкіндіктерін тұтастай іске асыру.

Телекоммуникациялар қызметін тұтынушылар

Рыноктың жоғары кірісті сегменттерінде бизнеспен белсенді айналысу, жоғары табысты корпоративтік клиенттердің үлесін арттыру және қызмет түрлерін көбейту. Сараланған маркетинг арқылы Қоғам абоненттері санының тұрақтауын және көбеюін, оларға қызмет көрсетудің кең көлемді спектрін және жоғары сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз ету.

Қатынау мүмкіндіктерін арттыру

Дәстүрлі арналар (телефондар, факстар, ұтымды аппараттар, Сервис-бюро, Call-орталықтар және т.б.) бойынша да, Парасаттық желі негізінде де телекоммуникациялар қызмет көрсетулеріне қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Абоненттермен өзара әрекет жасаудың интерактивтік түрлерін енгізу (Интернет арқылы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету, оның ішінде ұжымдық қатынау орындары, Интернет-кафе, аударымдық төлем түрлері, CRM-шешімдер және т.б. арқылы).

Сапа


Технологиялық пайдаланудың, тұтынушыларға қызмет етудің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен сапа менеджментінің ISO 9001:2000 жүйесін енгізу.

Қойылған мақсатқа жету үшін мыналар көзделеді:



1. БИЗНЕСТІ ІЛГЕРЛЕТУ жӘне ДАМЫТУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СПЕКТРІН КЕҢЕЙТУ

Телекоммуникациялар қызметін көрсету рыногының жоғары кірісті сегменттеріндегі Қоғам үлесін өсіру:



    1. Корпоративтік клиенттер санының өсу қарқынын сақтау;

    2. Тіркелген телефония үлесін 75-80% деңгейінде ұстау;

    3. Деректер беру және Интернет өсімін 60%-ға дейін арттыру;

    4. Ұялы байланыс рыногының үлесін 20 %-ға жеткізу.

Жаңа өнім рыногына шығу, бизнестің жаңа түрлерін дамыту:

  1. TriplePlay (бірыңғай нақты инфрақұрылым арқылы дауыс, деректер және бейне жеткізу) пішімінде тіркелген желі клиенттеріне қызмет көрсету;
    Интернетке кең жолақты қатынау және телехабарлар тарату сервистерін шоғырландыру тіркелген желілер абоненттерінің кірістілігін айтарлықтай көтеру және абоненттердің ұтымды байланыс секторына ауысуынан қорғану факторы болып танылады. Қазіргі кезеңде кабельдік теледидар саласында негізгі бағыт болып табылатын әртүрлі байланыс жүйелеріне қосу арқылы абоненттерге теледидарлық және дыбыстық бағдарламаларды, телекоммуникациялық ақпараттық қызметтер көрсетуді ұсына алатын талшықты-коаксиалды будан жүйелер құру. Бұл қалаларда көп атқарымдық кең жолақты интерактивті инфокоммуникациялық жүйелер құруға алдын ала жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

  2. Инфокоммуникациялық бизнесті «Қазақтелеком» АҚ IT-жүйесінің ресурстары мен іс-тәжірибесі негізінде дамыту.

«Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы және ішкі пайдаланушыларына операциялық-техникалық база бөлу және IT қызметтерін көрсету мен инфобизнесті бөлектеу жолымен IT саласындағы қызметті құрылымдау. Парасаттық желілер негізінде қызметтер көрсетуді дамыту. Қазақстандық контент және интернет дамыту бойынша ынталандыру іс-шаралары.

Ұтымды байланыс рыногына шығу.

DCS-1800 стандартындағы лицензия алу немесе қазіргі кезде жұмыс істейтін ұтымды байланыс компанияларының бірінен бақылаулық пакет сатып алу.

Желілік ресурстар беру рыногында рынок үлесін ұстау және сату көлемін ұлғайту.

Желілік ресурстар сату бойынша маркетингтік-бағдарланған құрылымды қалыптастыру; клиенттерге желілік ресурстар беру уақытын қысқарту.

Транзит мүмкіншілігін пайдаланудың тиімділігін арттыру:

1) «Қазақтелеком» АҚ тұғырын көрші елдердің халықаралық интернет-трафигін бағыттау бойынша орталық азиялық хаб ретінде бекіту:
2) Қытай – Ресей – Еуропа трафигін өткізу рыногына шығу.
Халықаралық трафикті өткізу үшін қажетті өту және ұлттық сегмент сыйымдылықтарын қамтамасыз ету.

Қытайға екінші өту, Ресейге үшінші өту құрылыстарын салу.


Халықаралық транзит қызметін көрсетудің қажетті сапасын қамтамасыз ету.

Телекоммуникациялардың жаңа географиялық рыногына шығу:



  1. Ресей;

  2. Орталық азиялық көрші елдер;

  3. Қытайда өкілдік ашу.

Сыртқы рыноктарға шығу және трансұлттық оператордың оңтайлы құрылымын қалыптастыру жолымен «Қазақтелеком» АҚ рыноктық құнын және халықаралық бәсекелесу қабілетін арттыру.

Желіні барлық интерфейстер бойынша халықаралық талаптармен сәйкестендіру.

Техникалық мүмкіндіктерді жылдамдық жоғарылатуда, қызмет көрсету номенклатураларын кеңейтуде, қатынауды ұйымдастыруда болсын және осы қызметтер көрсету сервисінде, "one stop shopping" толассыз сату жүйесі (қызмет көрсетудің мүмкін болатын барлық түрлерін бір жерден алу) бойынша телекоммуникациялар қызметін сатуды ұйымдастыруда болсын ең жоғары тиімділікпен және қысқа мерзімде арттыру.

Парасаттық желілер қызметін көрсетуді дамыту, оператордың да, пайдаланушының да қызмет көрсетуді басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Қазақстандық контентті Интернет желісіне қатынау қызметін көрсету құнын төмендету және Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікпен күресу құралы ретінде дамыту.

Республикалық та, аймақтық та деңгейде қызмет көрсетулердің, оның ішінде қазіргі заманғы жоғары технологиялықтар бар, анағұрлым тиімді ілгерілеуіне бағытталған іс-шаралар спектрін кеңейту (қазіргі жарнама құралдарын пайдалану, мысалы, жаңа қызметтер көрсетуді ілгерілету үшін «жарқырауық» брендтер жасау сияқты).



Үлестес компаниялардың қызметіне қатысу арқылы бизнесті дамыту және жаңа бәсекелестік басымдыққа жетуге бағытталу.

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН ДАМЫТУ

Желілерді дәстүрлі технология бойынша дамытудан келесі буын технологиясына негізделген дамытуға өту.

NGN желісін құру мынадай міндеттер шешуді қамтамасыз етеді:


  1. Пакеттік тарату ортасы бар телекоммуникациялар желісін конвергенциялауды, деректер берудің пакеттік желісі бойынша қалааралық және халықаралық телефон трафигін өткізу мен бағыттауды, телефондық және пакеттік желілер арасындағы сигналдау хаттамаларын тарату мен өңдеуді;

  2. Әртүрлі топологиялық тұрақты және жалғанатын арналар ұйымдастыруды;

  3. VPN корпоративтік желілерін ұйымдастыруды;

  4. Қызмет көрсету сапасының әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз етуді;

  5. Желінің сенімділігін қамтамасыз етуді.

2005-2006 жылдар – пакеттік жалғанатын келесі буын (NGN) желісін құрудың бастапқы кезеңі. Барлық облыс орталықтарында Metro Ethernet желілері құрылысын салу жобаларын және IP/MPLS технологиясы бойынша деректер берудің магистралдық тасымалдау желісі құрылысын салу жобасын іске асыру. Қоғам филиалдарында мультисервистік шешімдерге негізделген қатынау желісін дамыту жобаларын жүзеге асыру, бұл жеке тұлғалар үшін «баршаға ADSL»-дан бастап корпоративтік VPN-ға дейін жаңа қызметтер көрсетуді республика көлемінде өсіре беруге мүмкіндік туғызады. Бірінші кезең IP желісі бойынша дауыс таратудың қажетті сапасын, NGN желісі жұмыс істеуінің ақпараттық қауіпсіздігін, биллингтік шағын жүйелердің сертификатталуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін, сондай-ақ NGN барлық элементтерін әкімшілік басқару мәселелерін шешуге бағытталған.
3.2. «Қазақтелеком» АҚ қызметін жетілдіру
Екінші кезең (2007-2008 жж.) – PARLAY/OSA архитектурасына негізделген шлюзді, сондай-ақ Парасаттық желі қызметін көрсетудің бірқатарын сервистердің бір бөлігін жаңа архитектураға ауыстыру үшін енгізу. Бұл шлюзде байланыс желісінің барлық түрлерімен, яғни тіркелген, ұтымды, VoIP желілермен қосу үшін барлық қажетті интерфейстер және хаттамалар болуы тиіс. Осы тұғырды енгіу барлық ақпарат түрлерін беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Саланы жаңартпашылық технологиялық қайта өзгерту негізі болатын және Ғаламдық цифрлық телекоммуникациялық желіге қатынауды барлық республика аймақтары үшін қамтамасыз етуге және желінің өзкізу мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасайтын Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль құрылысын салу жобасын 2007 жылы аяқтау. Осы мақсатпен 2006 жылы «Алматы – Астана» DWDM ақпарат беру талшықты-оптикалық желісі құрылысын салу. Одан кейінгі жылдары жобаны Супермагистралдың басқа учаскелерінде жалғастыру.

Басқару және пайдалану үдерістерін автоматтандыру мақсатында телекоммуникация желілерін басқару жүйесін құру:

2006 жылы – басқарудың ұлттық және аймақтық деңгейін;

2008 жылы – басқарудың зоналық және жергілікті деңгейін.

Мультисервистік шешімдер негізінде телекоммуникациялардың жергілікті желісін дамыту және қалалық телефон желісі бойынша цифрландыру деңгейін арттыра отырып, ішкі аймақтық желілерді біртіндеп цифрландыру.

Желілерді жетілдіру және дамыту қарқынын сақтау және телекоммуникациялардың жергілікті желісін цифрландыруды болжамдық деңгейге жеткізу.

НТА жалпы санының жыл сайынғы өсім қарқынын қамтамасыз ету (6,0 %).

2008 жылы НТА жалпы санын телекоммуникациялар қызметіне сұранысты ең жоғары қанағаттандыру сипатталатын деңгейге жеткізу.

"Соңғы мильді" ұйымдастыруда тиімді өзгерістер жүргізу, кең жолақты қатынаудың қазіргі заманғы технологияларының (xDSL, қатынаудың оптикалық жүйесін, WiFi және WiMax технологиялары бойынша радиоқатынау, сондай-ақ спутниктік жүйелер, WLL желілері құрылысын салу) кең түрде қолданылуын қамтамасыз ету.

Спутниктік байланыс желісін дамыту және жетілдіру.
Қажеттілік бойынша арналар (DAMA) берумен және ОПТЖ-не қосумен VSAT-технологиясы негізінде ауылдық және қатынау қиын аудандар үшін ұлттық спутниктік желі құрылысын салуды жалғастыру. Кең жолақты қатынаумен VSAT технологиясының жаңа спутниктік жүйелерін пайдалану.

Тіркелген байланыс желісімен конвергирленген 3G үшінші буынның жылжымалы желісін құру.

Пайдаланушыларға олардың тұрған жерінің жағдайына және пайдаланатын технологияларына қарамастан телекоммуникация қызметін көрсетудің барынша толық спектрін көрсету.

Бизнес – үрдістерді дамыту

Тиімділіктің жоғарылауын қамтамасыз ету мақсатымен үрдістік басқаруды енгізу.

Өзара келісілген мақсаттар мен міндеттер, сондай-ақ тапсырылған мақсаттарға жету дәрежесін анықтайтын көрсеткіштер жүйесін құру. Үрдістік басқару әдістерін енгізу шеңберінде барлық бизнес-үрдістерді, басқарулық та, өндірістік те бірдейлестіруді, олардың жан-жақты сипатталуын, Қоғам бойынша бір ізге салынуын, оңтайландыру мәнінде үлгілеуді және бизнес-үдерістер шеңберінде ұсталған қаржыға талдау жүргізуді және ұзақ мерзімдік келешекте үрдістерді құндық басқару жүйесін енгізуді жүзеге асыру.

Компанияны стратегиялық және операциялық деңгейде басқару үшін тиімді автоматтандырылған және парасаттық құралын, әртүрлі мақсаттағы сегменттер қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған тарифтік жоспарлар енгізуге мүмкіндік беретін биллинг жүйелерін жасау. Ақпараттық технологиялардың корпоративтік жүйелерін жетілдіру.

Биллинг жүйесіне шоғырландырумен сатудың бизнес-үрдістерін автоматтандыруды аяқтау.

Клиенттерді ешқандай бас тартусыз және жедел түрде қосуды қамтамасыз ету.

Техникалық есеп жүргізу үрдістерін автоматтандыру. Орталықтандырылған және автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру.

САПАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУ

Ұсынылатын қызметтер мен сервис сапасының белгіленген деңгейіне жетуді телекоммуникациялық технологиялар бойынша корпоративтік ішкі стандарттардың деректер базасын жасау, енгізу және қалыптастыру жолымен қамтамасыз ету.

Фирманың ішкі стандарттары – оның жұмыс технологиялары мен ұстанымдарының Компания ішінде жалғасуын және таралуын қамтамасыз ететін Қоғам жұмысының формаға келтірілген үрдістері және механизмдері. Компанияның қызмет көрсетуі және қызмет етуі белгіленген сапа деңгейінде ұсынылуын, жабдығының өз желісінде де, басқа байланыс операторлары желісімен өзара іс - әрекет еткенде де үздіксіз жұмыс істеуін, телекоммуникациялық жабдық құрылысын салу, іске қосу және пайдалану іс-жосығын және өндірістік қызметінің басқа да үрдістерін жетілдіру мақсатында өнімнің, жұмыстардың (үрдістер мен қызмет көрсетулердің) және бақылау әдістерінің корпоративтік ішкі стандарттары жүйесін жасау. Корпоративтік ішкі стандарттардың талаптарын барлық ұжым бірдей түсінуі және сақтауы Қоғамның ұзақ мерзімдік кезеңдегі игілігінің кепілі болады.

Қоғамның телекоммуникациялары желісінде жаңа технологиялардың дамуын ескерумен дайындалып жатқан білім беру бағдарламаларын мерзімінен ертерек енгізу.

Желіде енгізіліп жатқан жаңа технологияларды Қоғамның техникалық мамандарына қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық жабдықтарды дамытудың негізгі беталысын ескерумен, желіде орнатылып жатқанмен бірдей оқу жабдығын пайдаланумен оқытуды ұйымдастыру.
Қоғамның техникалық мамандарына жаңа жабдықпен жұмыс істеу дағдысын дер кезінде үйрету оқуға байланысты қаржы шығындарын да, жабдықты желіге енгізу және бейімдеу мерзімдерін де қысқартуға септігін тигізеді.

26. Клиенттерге сапалы қызмет көрсету.

Қоғамның ISO-9000:2000 халықаралық стандартының сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алуы, тұтасымен қарағанда, байланыс операторының қызмет көрсету және сервис сапасы шешуші маңызға ие болатын және бәсекелестік ортада пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін күресуде айтарлықтай рөл ойнайтын байланыс рыногының ырықсыздануы жағдайында табысқа жетудің кепілі бола алады.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК жӘне ӘРІПТЕСТІК

Ауылдық елді мекендерді телефондандыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 11.10.2004 ж. №1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мектептерді интернеттендендіру.

2006 жылға дейін жергілікті байланыстың тарифтері өсіміне тоқтам салу.

Жалпы мемлекеттік жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен әріптестік:


  1. «Электрондық үкімет», оның ішінде Мемлекеттік органдардың мультисервистік тасымалдау ортасын (МО БТО) құру;

  2. Телемедицина;

  3. Электрондық мемлекет құрумен байланысты қашықтан оқыту;

  4. АБА "Сайлау".

АДАМ РЕСУРСТАРЫНЫҢ УӘЖДЕМЕСІ жӘне «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘРЕЖЕСІН КӨТЕРУ

Корпоративтік кодексті дамыту, бірыңғай корпоративтік қалыпқа дағдыландыру, тұтынушылардың алдында Компанияның жағымды бейнесін қалыптастыру.

Қызметкерлердің біліктілігін дамыту жүйесін құру (оқыту, кадрлар дайындау), мансаптық өсуді реттеу үшін қызметкерлердің біліктілігін байқау мақсатымен бағалаудың тиімді жүйесін (уәждеме жүйесі) құру.
Жүйені құру нәтижесінде Қоғамға келетін пайда:


  1. Жаңа технологиялар әкелетін тұрақты және қарқынды өзгерістерге тез бейімделу;

  2. Бизнес тиімділігінің жалпы өсуіне бастайтын мақсаттарды және қазіргі заман білімі мен жұмыс әдістерін пайдалану негізінде оған жетудің жолдарын бірыңғай түсіну;

  3. Қызметкерлердің ойлау жаңартпашылдығы, уәждемелілігі және нетиеттестігі;

  4. Клиенттердің, әріптестердің, қызметкерлердің көз алдында Қоғам имиджінің және тартымдылығының көтерілуі.

33. Қоғамның корпоративтік имиджіне түзетілім жасау, Компанияға және оның қызмет көрсетулеріне тұтынушылардың ниеттестік деңгейін жоғары білікті қызметкерлер арқылы көтеру.

Ынталандыру жүйесін жетілдіру, қызметкерлер үшін бонустық жүйелер жасау және енгізу.



ҚАРЖЫЛАР: Қазір және келешек тұрақты қаржы ағымын туындататын активтерді сақтау және көбейту

Қоғамның пайдалылығын және қаржылық тұрақтылығын жыл сайын бекітілетін стратегиялық өлшемдер негізінде қамтамасыз ету:

1) Өзгеріп тұратын сыртқы жағдайларды ескере отырып (мысалы, ырықтандыру кезеңінде) болуы мүмкін өзгерістер шеңберінде жалпы, операциялық және таза пайданың сатуға шаққандағы ара қатынасын;

2) Ағымдағы өтімділік коэффициентін 1.0 деңгейінде;


3) Қаржыландыру коэффициентін (міндеттемелердің капиталға қатынасы) 1.0-ден аспайтын деңгейде.

Күрделі салымдар бюджетін технологияларға және деректер беру жүйесіне (NGN және MPLS) қаражаттың басым инвестициялануын қамтамасыз ете отырып, аймақтар мен қызмет бағыттары бойынша инвестициялар сомаларын тиімді бөлу арқылы құру.

Басқарулық есеп жүргізу жүйесін (балансталған көрсеткіштер жүйесі) енгізу.

Ресурстарды пайдалануда игерілмей қалған мүмкіндіктердің баламалы құны туралы сенімді және релеванттық деректері негізінде басқарулық шешімдер қабылдауға жету.

Қоғамның шектелген ресурстарын тиімді басқару: аутсорсинг технологияларын қолдану жолымен шектеулерді алу және экономикалық қосымша құнды әкелмейтін, бірақ Қоғам ресурстарын пайдалатын тиімсіз қызметтерден құтылу; шығындарды оңтайландыру, еңбек өнімділігін арттыру, жалпы алғанда, ең көп шектелген ресурстар және/немесе шектеу учаскелері («осал жерлер») тұрып қалмай, Қоғамға ең жоғары пайда келтіруге бағытталған іс-шаралар, өйткені дәл осылар сату көлемін және жылдамдығын шектейді.

ТАРИФ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ

Тариф саясаты экономикалық жағынан негізделген шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз етуге және алынатын рыноктық пайда деңгейіне жетуге, ағымдағы және әлуетті сұранысты ескерумен тұтынушылардың басым көпшілігі тек дәстүрлік қана емес, қызметтер көрсетудің жаңа түрлеріне де қол жеткізуін арттыруға бағытталған.

39. Ырықтандыру кезеңінде мыналар бойынша шараларды іске асыру:


  1. Соңғы пайдаланушылар үшін қызмет көрсетудің барлық түрлеріне операциялық және күрделі шығындар өтелуін қамтамасыз ететін тиімділік деңгейінде тарифтердің қайта балансталуын және белгіленуін;

  2. Қызмет көрсету түрлері және тұтынушылар санаттары арасындағы айқас қаржы көмегін көрсету механизмін кезеңдеп тоқтатуды;

  3. Халықаралық байланыс тарифтерінің қашықтыққа тәуелділігін жоюды;

  4. Ішкіаймақтық және қалааралық қосуларға жеке тарифтер белгілеуді;

  5. Абоненттер үшін желі ішінде және басқа операторлардың желісіне шығумен қосуларға әртүрлі тарифтер енгізуді;

  6. Операторлардың арасында өзара есеп айырысудың желі ресурстарын пайдалану қарқындылығына негізделген ашық және әділ жүйесін енгізуді (жергілікті қосуларды уақытпен есептеуді де).

40. Тариф саясаты саласында пайдаланушыларды ынталандыру мақсатында мыналар жүзеге асырылады:

  1. Пайдаланушылардың әрқилы сегменттерін аса жоғары қанағаттандыратын әртүрлі тариф жоспарларын жасау;

  2. Қызмет көрсетулерді кешенді ұсыну тарифтерін жасау (табысты сатылатын қызмет көрсетулер таралуы қиын және қосымша іс-шаралар мен каржы салымдарын қажет ететін қызмет көрсетулермен бірге ұсынылады);

  3. Ірі корпоративтік пайдаланушылар үшін жеке баға ұсыныстарын дайындау.

Айтарлықтай әлеуметтік жүктеме атқаратын және саланың тұрақты қызмет істеуінің кепілі болып табылатын аса ірі телекоммуникациялар операторының қаржылық мызғымастығын қамтамасыз етумен Қоғамның тариф саясатын жүзеге асыру.

Стратегиялық дамудың 2005-2008 жж. көрсетілген негізгі бағыттарын іске асыру Қоғам клиенттерінің қазіргі заманғы телекоммуникациялық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін компания акционерлерінің үміттеріне ең жоғары сәйкестікпен барынша толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз етіп, бәсекелес әлемдік телекоммуникациялық қауымдастыққа шоғырлануға мүмкіндік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ


Маркетинг, кәсіпорынды басқарудың ғалами бернесі ретінде нарық жағдайларында кәсіпкерге, кез-келген жетекшіге оң коммерциялық нәтижелерге шығу нысандарының кең қорын береді.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың, маркетинг саласында түсініктің қажеттігін өз уақытында білген басшылары, өздеріне осы профиль бойынша мамандар мен жетекшілер дайындады, және қазіргі бизнес жағдайларында едәуір тиімді жұмыс істеуде. Дегенмен қызметтің тиімділігінің дәрежесін өлшеу проблемасы пайда болады.

Кәсіпорындарда маркетингілік қызметті жоспарлау процесі, компания миссиясының міндетті құрамды элементі болып табылатын, маркетингпен басқару тұжырымдамасын анықтаумен басталады. Маркетингімен басқарудың негізгі тұжырымдамаларының ішінде, қазіргі кезде келесілер белгілі:


  • өндірістің жетілдірілу тұжырымдамасы;

  • тауардың жетілдірілу тұжырымдамасы;

  • коммерциялық күштің үйлестірілу тұжырымдамасы;

  • маркетингілік тәсілдеме тұжырымдамасы;

  • әлеуметтік – этикалық маркетинг тұжырымдамасы.

Маркетингті басқарудың келтірілген тұжырымдамалары – бұл нарықты экономикадағы маркетингтің эволюциялық дамуы өтетін өзіндік тарихи кезеңдер.

Маркетингілік қызметке қатынастың өзгеруінің ұқсас процесі қазіргі кездеде және қазақстандық кәчіпорындардада өтуде. Ақырында, өзінің қызметін ұйымдастыруда маркетингілік тәсілдеменінің қажеттігі мен маңыздығын басқаларға қарағанда ертерек түсінген компаниялар табысқа жетеді.

Маркетингілік қызметті басқару, басқарудың кез-келген процесі сияқты келесідей құрама бөліктерді құрайды:


  • маркетингілік талдау мен аудит;

  • стратегиялық және ағымды жоспарлау;

  • маркетингпен басқару процесін ұйымдастыру;

  • маркетингілік шараларды жүзеге асыруды бақылау.

Маркетингілік талдау мен аудит – маркетингілік қызметпен басқару процесінің маңызды құрама элементі, ол басқарудың процесінің барлық кезеңін ақпаратпен қамтамасыздандырады және кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталарының, оның күшті және әлсіз жақтарының бөлшекті зерттелуі болып табылады. Маркетингілік талдау мен аудиттің негізгі құралдарының ішінде атауға болады: кәсіпорынның қызметінің техникалық - экономикалық талдауы, кәсіпорынның макро- және микро-орталарын талдау; SWOT-талдау, нарықты маркетингілік зерттеу.

Зерттеу объектісінің қызметін жан-жақты талдаудан алынған қапарат, жоспарлау кезеңінде қолданылады.

Стратегиялық жоспарлау компанияның белгілі бір миссияларын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдауды, функционалдық жоспарларын өзіне енгізеді. Стратегиялық жоспарлау нәтижелері біртіндеп компанияның бөлімдеріне дейін жеткізіледі.

Жоспарлау процесін және қажетті ресурстарды анықтауды аяқтағаннан соң кәсіпорындағы маркетингілік қызметті ұйымдастыру процесі жүреді. Бұл процесті, әрбір бөлімнің маркетингілік бөлімшелерінің функцияларын айқын анықтамайынша және кәсіпорындағы маркетингілік қызметпен басқарудың бірыңғай орталығы болмайынша жүргізу мүмкін емес. Ережеге сай, бұл рольді, компанияның мақсатына, міндеттеріне және қызметінің ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылатын, арнайы маркетингілік бөлімшелерге жүктейді.



қолданылған Әдебиеттер тізімі


  1. Аесэль Генри. Маркетинг: Принципы и стратегия. Учебник для вузов. М., ИНФРА-М., 1999 г.

  2. Амблер Т. Практический маркетинг. Издательство "Питер", 1999-400 с. (серия "Теория и практика менеджмента")

  3. Аникеев С.Н. Методика разработки плана маркетинга: Сер. "Практика маркетинга". - М.: Фолиум, 1998 г.

  4. Ансофф И. Стратегическое управление. М.: - Экономика, 1989.

  5. Афанасьев М.П. Маркетинг: стратегия и практика фирмы. М.: Финстатинформ. 1998.

  6. Баззел Р., Кокс Д., Браун Р. Информация и риск в маркетинге: Пер. с англ. М.: Финстатинформ. 2000.

  7. Бауэр Р., Коллар Э., Тан В., Управление инвестиционным проектом: опыт IBM. М.: - ИНФРА-М, 1995.

  8. Болт Д., Руководство по управлению сбытом, М.: Экономика, 1991

  9. Блэк С., Паблик Рилейшнз: Что это такое? АСЭС-Москва, 1990.

  10. Волгин В. Автомобильный дилер, М.:Ось-89, 1997

  11. Гаврилин Ю.Ф. Маркетинг. Челябинск: ЧГТУ. 1995.

  12. Голубков Е.П. Маркетинг: стратегия, планы, структура. - М.: Дело, 1995 г.

  13. Голубков Е.П. Маркетинг: выбор лучшего решения. - М.: Экономика, 1993 г.

  14. Герчикова М.А. Практический менеджмент. - М.: - 2000 г.

  15. Гуров В. Интернет для бизнеса. М.: - , 1997.

  16. Друкер П., Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы, М.: - Book chamber international, 1992.

  17. Данные предприятия АО «Адал» по состоянию за 2002-2004 год.

  18. Голубкова Е.П. Маркетинг: выбор лучшего решения. М.: Экономика. 2000.

  19. Горовой А.А., Сорокин В.В. Российский директор в рыночной экономике: практический маркетинг для руководителей промышленных предприятий. - М.: Экономика, 1998 г.

  20. Дорошев В.И. Введение в теорию маркетинга. Учебное пособие. М., ИНФРА-М., 2003 г.

  21. Жан-Жак Ламбен. Стратегический маркетинг. Европейская перспектива Гольцов А. Принципы организационного построения стратегического маркетинга на промышленном предприятии. //Маркетинг, № 6, 1996 г.

  22. Завьялов П.С., Демидов В.Е. Формула успеха: Маркетинг (сто вопросов - сто ответов о том, как эффективно действовать на внешнем рынке). М.: Международные отношения. 1991.

  23. Завьялов П.С. маркетинг в схемах, рисунках, таблицах: Учебное пособие. М., ИНФРА-М,, 2000 г.

  24. Ковалев А.И. Войленко В.В. Маркетинговый анализ.-М.: Центр экономики и маркетинга, 1998 г.

  25. Котлер Ф. основы маркетинга: Пер. с англ. - М.: "Ростингер", 2000 г.

  26. Котлер Ф. Основы маркетинга: Пер. с англ. М.: Прогресс. 1990.

  27. Кретов И.И. Маркетинг на предприятии: практическое пособие. М.: Финстатинформ. 2001.

  28. Маркетинг: Учебник/ А.Н. Романов, Ю.Ю. Корлюгов, С.А.

  29. Красильников и др.; Под ред. А.Н. Романова. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ 1996.

  30. Маркетинг: Учебник для ВУЗов. Н.Д. Эрмашвили. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 - 623 с.

  31. Академия рынка. Маркетинг: Пер. с фр. М.: Экономика. 1999.

  32. Маркетинг. Сборник: Пер. с англ. М.: Прогресс. 1984.

  33. Хлусов В.П. основы маркетинга. М., "Издательство ПРИОР", 2000 г.

  34. Эванс Дж., Берман Б. Маркетинг: Сокр. пер. с англ. М.: Экономика. 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет