"Қазақтелеком" АҚ түрлі санаттағы пайдаланушылардың жоғары талаптарын қанағаттандыратын байланыс қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынады. Республиканың қай түпкірінде болсаңыз да, әрі кез келген уақытта, біздің компанияның телекоммуникациялық қызметінің сан қилы түрлерін алуға болады.
Тұтынушыларға мынадай қызметтер ұсынылады:
-
дауыстық телефонның барлық негізгі қызметтері (жергілікті, қалааралық, халықаралық);
-
телеграф және телекс;
-
мәліметтер жөнелту торабының қызметі, Internet-ке қосылу қызметі;
-
арналарды жалдау;
-
"Кулан" спутниктік торабының қызметі;
-
"J-run" бизнес-торабының телефон қызметі;
-
сым арқылы радио хабарын тарату.
"Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның бүкіл аумағында әлемнің кез келген түпкіріне телефон соғуыңызға, телеграмма жіберуіңізге, Интернет торабы қызметін пайдалануыңызға, анықтамалық ақпарат алуыңызға, телефон аппаратын сатып алуыңызға мүмкіндік беретін және басқа да көптеген телекоммуникациялық қызметтер көрсету бойынша барынша дамыған орталық жүйелері бар компания. Қош келдіңіздер!
Бизнес - клиенттер
Біз, сапалы және алуан қызмет түрлерін көрсете отырып, әр клиентке дербес жол табуға тырысамыз.
| Жекеше клиенттер
Біздің мақсатымыз тұтынушыға қамқорлық көрсету. Біз клиенттер үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға тырысамыз.
|
Megaline
Бұл жоғары жылдамдықпен Интернет желісіне қатынау қызметі.
Megaline басымдылықтары -
Интернет желісіне қатынаудың жоғары жылдамдығы (512 Кбит/сек. дейін)
-
Тартымды тарифтер
-
Қосымша Интернет-сервистер
-
Бос телефон
-
Интернет желісіне үнемі қатынау
-
Көрсетілген қызмет үшін оңтайлы төлем жасау
-
Жоғары деңгейдегі серфис
Қатынау жылдамдығы Интернет желісі ресурстарын пайдаланудың қолайлы болуын қамтамасыз етеді. Megaline арқасында Сіздің тез арада көлемі үлкен ақпаратты алу және жөнелту, сондай-ақ әртүрлі интерактивті сервистерді пайдалану мүмкіндігіңіз болады.
Megaline бірнеше тариф жоспарларын ұсынады, олардың арасынан Сіз өзіңіздің қажетіңізге және қаржылық мүмкіндігіңізге қарай ең тиімдісін таңдай аласыз. Megaline трафикті мегабайтпен есептеуді көздейді, оның уақытпен есептеуден айырмашылығы Сіздің веб-парақтарды қарап шығуға емес, ашуға ақы төлейтініңізді білдіреді.
Бұған қоса, Сіз Интернет желісінің ақпараттық, музыкалық ресурстарына, онлайн-ойындарына, радиосына және басқа әртүрлі сервистеріне қатынай аласыз, Сіздің трафик тұтыну мониторингін жүргізу және Жеке Кабинет (Сіздің жеке веб-парағыңыз) арқылы өз бюджетіңізді басқару мүмкіндігіңіз болады.
Сіз бір уақытта Интернетте жұмыс істеп отырып, телефонмен де сөйлесе аласыз, мұндайда телефон байланысының сапасы төмендемейді.
Megaline Сізге тәулік бойы Интернет желісіне қатынауды қамтамасыз етеді және телефон желісінің физикалық ажырауынан басқа жағдайларда қосудың үзілуіне жол бермейді.
Megaline көрсеткен қызметтерге төленетін ақы қызмет көрсетуді пайдаланған айдан кейінгі телекоммуникация қызмет көрсетулеріне берілетін жалпы есепшотқа енгізіледі.
Телекоммуникация қызмет көрсетулеріне берілетін есепшот бойынша "Қазақтелеком" АҚ сервис пункттерінде, Қазкоммерцбанк, Халық банкі, ТұранӘлем банкі және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, Қазкоммерцбанк банкоматтары арқылы және HomeBank.kz Интернет-порталында төлем жасауға болады
Megaline қызметтерін пайдаланғанда Сізге телекоммуникациялық қызметтердің ұлттық операторы - "Қазақтелеком" АҚ компаниясы жоғары сапалы қызмет көрсетеді. Megaline жұмысының сенімділігі тәулік бойы техникалық қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.
Jrun цифрлық телефон бизнес-желісі
“Қазақтелеком” АҚ жетекші жобаларының бірі – 1997 жылы құрылған және Avaya жабдығы базасында іске асырылған Jrun цифрлық телефон бизнес-желісі болып табылады.
Jrun цифрлық телефон бизнес-желісі өзін жергілікті, қалааралық және халықаралық цифрлық байланысқа мамандандырылған Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан және техникалық жағынан жетілдірілген үстеме салынған желі ретінде көрсетті.
Рынок өзгерістерін дереу сезіне отырып, Jrun бизнес-желісі бизнесті табысты жүргізуге қажетті байланыс қызметінің ең қазіргі заманғы түрлерінің толық кешенін көрсетуді қамтамасыз етуде.
Jrun бизнес-желісінің артықшылығы – жоғары сапалы байланыс, қосылу тездігі, қол жетерлік баға, барлық қажетті телекоммуникациялық қызметтер көрсетуді бір оператордан алу мүмкіндігі. Jrun бизнес-желісі көрсетілетін қызметтердің тізбесін, оны ең қазіргі заман шешімдерімен толықтыра отырып, кеңейтуде.
Jrun цифрлық телефон бизнес-желісі өз абоненттеріне мына қызметтерді көрсетеді:
-
Жоғары сапалы жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыс,
-
қалааралық және халықаралық байланыс арналарына басымдылықпен шығу,
-
ISDN-технологиясын пайдалана отырып, коммутацияланатын арналар бойынша деректер беру және Интернетке қатынау,
-
Парасаттық желі қызметі,
-
корпоративтік телефон желілері құрылысын салу мүмкіндігі.
Қазіргі кезде желі Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды қалаларын қамтыды. Жуық арада Қазақстан Республикасының барлық ірі қалаларында желі тораптарын ұйымдастыру жоспарлануда.
«Kazakhstan Online» ұлттық деректерді тарату желісі Қазақстан Республикасының 112 жергілікті пунктті қамтиды және 200 торапты есепке алады. Желі CISCO Systems жабдығын қолданумен жерүсті цифрлы арналар базасында құрылған. Желінің жалпы өткізу қабілеттілігі 2 Гбит/сек –тан жоғары. Kazakhstan Online желісі кеңжолақты АТМ – желісі болып табылады және АТМ форумының әлемдік стандарттарына жауап береді. Желінің негізгі артықшылығы:
-
бас тарту тұрақтылығының мүмкіндігімен белсенді желілі жабдықтың негізгі тораптары мен блоктарын резервте ұстау, байланыстың резервте ұстау желілерін құру және деректердің ағымдарын басқарумен қазіргі хаттамаларды қолдану;
-
сұраныс бойынша өткізудің динамикалық бөліну жолдарын қолдау;
-
желіні басқарудың 18 станци ясы.
Желінің ауқымдылығын оның қосымша артықшылығына жатқызуға болады. Kazakhstan Online клиенттеріне желінің соңғы абоненттер санының икемді өзгеру мүмкіндігі, сондай-ақ қосымша жабдыққа аз мөлшердегі шығынмен желілі жүйенің өткізу қабілеттілігін арттыру ұсынылады.
Желіні басқару орталығы Алматыда орналасқан. 18 басқару сервері арналардың өткізу қабілетінің кіру есебімен трафиктерді икемді қайта бағыттау және «тар орындарды» түгендеумен жалпы желінің жұмысын динамикалық түрде бақылайды. Барлық тораптар мен желі элементтерінің тәулік бойғы мониторингі Cisco Info Centre, Cisco WAN Manager, HP Open View негізінде іске асырылған.
«Kazakhstan Online» желісінің Интернет желісіне кіруді ұйымдастыруға арналған төрт сыртқы жерүсті желісі бар:
-
Алматы - Гонконг, 155 Мбит/сек, Интернет-провайдер Sprint Link
-
Алматы – М әскеу , 155 Мбит/сек, Интернет-провайдер РТКомм.ru
-
Астана – Франкфурт, 100 Мбит/сек, Интернет-провайдер Sprint Link
-
Астана – М әскеу , 100 Мбит/сек, Интернет-провайдер Equant
Байланыстың төрт жерүсті арнасының болуы әлемдік Интернет желісінің ресурстарына кіруге жол ашады. Ол жалпы өткізу қабілетілігі 510 Мбит/сек жоғары жылдамдығымен ұсынылар қызметтің жоғары деңгейдегі деректерді тарату мүмкіндігін тудырады.
Деректерді тарату саласындағы соңғы жасалымдарды қолдану арқылы «Kazakhstan Online» желісінің клиенттеріне цифрлық және дауысты тарату трафигі, Multimedia-мен (бейнетрансляциялар мен бейнеконференциялар) қоса телекоммуникация қызметтерінің толық пакеті, сондай-ақ қолдау ұсынылады.
Kulan спутниктік желісі израилдік Gilat фирмасы жабдығын қолданумен құрылды және бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында телефон байланысының және деректер берудің жоғары сапалы қызметін көрсету мақсатымен жасалды. Байланысты ұйымдастыру талап ету бойынша арналар беру арқылы көп станциялық қатынау (DAMA) қағидасына негізделген, бұл тұтынушының тек эфирлік уақытқа ғана ақы төлей отырып байланыс арналарын тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Kulan спутниктік желісі Қазақстанға сәулесі арнайы бұрылған Intelsat 703 спутнигін 57Е бойлығында пайдаланады. Спутниктік терминалды осы сәуле түсетін аймақтың кез келген жерінде орнатуға болады.
Kulan – бұл ара қашықтыққа қарамастан, жер үсті байланыс арналарымен салыстырғанда, тез және үнемді желі құруға мүмкіндік беретін жүйе.
Kulan желісі арқылы байланыс ұйымдастыруда Faraway TM VSAT және Skystar Advantage пайдаланылады. Спутник байланысының осы технологиялары спутниктің қол жетерлік ресурстарын икемдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Faraway VSAT – спутник арқылы қашықтағы нысандармен байланыс жасау қызметін көрсететін телекоммуникациялар желісі. Онда сөзді, факсимильдік хабарларды және деректерді беру болуы мүмкін.
Faraway технологиясында DAMA толық тораптық архитектурасы іске асырылған, ол бар спутник және жер үсті ресурстарын пайдалану деңгейін барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Телефон байланысы мен деректер беру қызметі жоқ, сенімсіз немесе қымбат аумақтар үшін Faraway VSAT экономикалық тиімді шешім ұсынады. Жүйе ортақ пайдаланымдағы телефон желілері мен жекеменшік байланыс желілері үшін қазіргі стандарттардың талаптарына сай келеді. Желі құрамы желіні басқару орталығынан, спутниктік сегмент көлемінен және көптеген қашықтағы терминалдардан тұрады. Қашықтағы терминал жабдықтары құрамында антенна, сыртқы құрылғы (ODU) және ішкі құрылғы (IDU) бар. Басқару орталығында желінің жұмыс істеу қабілетіне статистикалық есеп жүргізіледі, қоңырауларды бақылау және өңдеу жасалады, трафикті есепке алу және спутниктік сегмент ресурстарын басқару жұмыстары атқарылады.
Kulan спутниктік желісі дауыс және деректер беру қызметін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа SkyStar Advantage жабдығын іске қосты. Бұл жабдық деректер беруге бағдарланған, бірақ оны ITU G.723 ұсынымына сәйкес дауысты тығыздаумен 6,4 Кбит/с және 4,8 Кбит/с жылдамдықтағы дауыстық арналарды ұйымдастыру үшін пайдалануға да болады.
SkyStar Advantage орталық торап пен іс жүзінде қанша болса да - ондаған немесе мыңдаған географиялық шашыраған қашықтағы станциялар арасында байланысты қамтамасыз етеді. SkyStar Advantage – көпмақсаттық модульдік VSAT-өнім, онда бірнеше жабдықтың әртүрлі ерекшеліктері бір тұғырға біріктірілген. Сол желінің бір өзі деректер, сөз және пейджинг интерактивті берілуі үшін де, мультимедиа IP арқылы таратылуы үшін де, симплекстік мультиплекстелген биттық арымдар берілуі үшін де пайдаланылуы мүмкін. SkyStar Advantage қатынаудың түпнұсқалық екі өлшемдік сызбасын пайдалануға негізделген. Бұл арзан ODU аппаратурасын қолдануға, спутниктік ресурстарды үнемдеуге және VSAT желісіндегі трафиктің қас қағымдық шарықтау шектерінде жауап беру уақытын онша созбай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Желі радиобайланыстың жиіліктер интерференциясынан болатын бұзылуына сезімтал емес.
SkyStar Advantage жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі бірнеше хаттамаларды қолдай алуы болып табылады. SkyStar Advantage әр үлгідегі бірнеше хаттаманы: SDLC, X.25, TCP/IP, оған IP және сөз берілуін бағыттауды қоса, бір мезгілде қолдау үшін конфигурациялануы мүмкін. Жүйе желінің өткізу қабілеті тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
SkyStar Advantage маңызды ерекшелігі тез орнатып іске қосу мүмкіндігі болып табылады. Оның құрастырулық жинақылығы тез арада жеке алаңдар жасауға және үлкен желілер жаюға мүмкіндік береді.
Бизнес - клиенттерге қызмет көрсету
Көрсетілетін телекоммуникациялық қызметердің алуан түрлері, сапасы жақсы жағдайдағы бағасының оңтайлылығы (көптеген қызмет түрлерінің бағасы бәсекелестердікіне қарағанда әлдеқайда арзан), "Қазақтелеком" АҚ аудиториясымен қатар Қазақстанда бизнес жасап жүргендерді де қызықтырары сөзсіз.
Телекоммуникациялар саласында әлемге әйгілі Ericsson, Nortel, Netas, Alcatel, Lucent Technologies, Nokia, Siemens, Motorola, Daewoo Telecom, ECI Telecom, Italtel, Bosch, Schlumberger, Landys&Gyr, Huawei секілді және басқа да шетелдік өндірісші компаниялармен және жабдықтаушылармен арада орнатылған ынтымақтастық жылдан жылға телекоммуникациялар тораптарындағы ең жаңа осы заманғы жабдықтар үлесінің ұлғаюына жол ашты, ал ол өз кезегінде байланыс қызметін көрсетуде сапалы серпіліске қол жеткізуде.
Қосымша құны бар қызмет көрсету саласының өте пайдалы екені, ол бөгде байланыс операторларының пайда болуын ынталандыратыны белгілі. Нарықтың бұл бөлігінде бәсекелестік әлдеқайда жоғары. Алайда, осыған қарамастан, "Қазақтелеком" АҚ соңғы кездерде осы қызметтер базарында маңызды орын алуға сәтті талпыныстар жасауда.
Біздің клиенттердің ұлан-ғайыр аудиториясына біз мына қызметтерді ықыласпен ұсынамыз :
-
"J-run" бизнес - торабының (Джейран) қызметтері;
-
"Kulan" спутниктік торабының қызметтері;
-
"Kazakhstan online" мәліметтер жөнелту торабының қызметтері;
-
арналардың кез келген түрлерін, оның ішінде халықаралық жекеше желілерді (IPLC) жалдау қызметтері.
Жекеше клиенттер
Көптеген жылдар бойы "Қазақтелеком" АҚ клиенттік аудиториясының ең басым бөлігі жеке тұлғалар болып келеді. Бүгінде біз еліміздің кез келген жерінде тұрып жатқан екі миллионға жуық телефон абоненттеріне қызмет көрсетеміз, ал олардың қатары жыл санап өсуде.
Телефон байланысының дәстүрлі қызметтерінен (жергілікті, қалааралық, халықаралық байланыс) тыс, әрбір адам қалауынша Қазақстан үшін жаңалық болып табылатын "Интернет аймағы" аталатын Интернет торабына қосыла алады.
Өзінің компьютері, модемі және телефоны бар әр адам арнайы 8 - 750 - 1010 - 101 телефонына хабарласып, әлемдік Интернет торабына ене алады. Бұл қызметтің өте қолайлылығы қосылуды ресімдеудің және тиісті төлем өтеудің қажетсіздігінде. Интернет қызметін пайдаланғаны үшін есеп - шот телекоммуникациялар қызметінің жалпы есеп-шотына енгізіледі де, ай сайын пошта арқылы жеткізіледі. Бұл жағдайда Сіздің қайда болғаныңыздың : астанада, облыстық қалада немесе аудан орталығында және Сіз тұратын елді мекенде Интернет - провайдердің болу-болмауының ешқандай айырмасы жоқ. Әлемдік ақпараттық арнаға енгісі келетін әр адамды қамтамасыз ету жауапкершілігін біз өз мойнымызға аламыз.
Біз бәріміз үйден тыс жерде болған кезде тез арада телефон арқылы сөйлесу қажеттілігі туындайтын жағдайға ұшыраймыз. Көшеде, дүкенде, демалыс және ойын-сауық орындарында кімге болса да жедел хабарласу қажет болса, "Қазақтелеком" АҚ көпшілікке арналған жаңа телефон тораптары болып табылатын әмбебап таксофондар қызметін көрсетеді.
Сіз кез келген телефон арқылы тек қала ішінде ғана емес, Қазақстанның және әлемнің кез келген қаласына телефон соға аласыз. Ол үшін төлем құралы ретінде алынған, смарт-карта деп аталатын арнайы кәртішке сатып алу керек.
Жаңа таксофондар барлық ірі облыс және аудан орталықтарында орнатылады, пайдаланылуы оңай, әрі қолайлы.
"Қазақтелеком" АҚ жаңа қызмет түрлерін ұсынуды одан әрі жалғастыруда. Internet жүйесіне еліміздің барлық тұрғындары қол жеткізе алады.
"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан бойынша әлемдік желіге шығуға едәуір дәрежеде қор жинақтаған Internet провайдерлердің ең ірі және елеулілерінің бірінен саналады..
Әлемдік желіге шығуға қолданылытын әдеттегі технологиялардан басқа, ADSL тәрізді жаңалықтармен қатар , тұтынушыларға бір жылдан бері "Интернет аймағы" қызметі ұсынылған. Қазірде еліміз бойынша осы қызметті пайдаланушылар саны 10 мың адамнан асты.
"Internet әр қазақстандыққа қызмет көрсетуі тиіс!" Міне, осы қызметті әзірлеушілердің басты мақсаты осындай. Сонымен қатар бұл қызмет желінің барлық абоненттері үшін барынша қолайлы және сапалы болуы керек.
"Интернет аймағы" қызметі телефоны және модемді компьютері бар адамға, оның Қазақстанның қай жерінде тұратынына қарамастан, әрқашан ашық. Оның үстіне қандай бір келісім жасаудың, тіркеудің, аванстық және абоненттік төлемдердің қажеті жоқ.
Internet қажет десеңіз - модеміңізді 8w75010110101 нөміріне тураласаңыз болғаны! Қалғанын "Қазақтелеком" АҚ өзі-ақ жөндестіреді - байланыс қызметі кешенінің төлемақысы тұтас көрсетілген шотқа қоса тіркелген соманы келесі айдың аяғына дейін басқа қызмет ақысымен бірге төлейсіз.
Бағасы қалай дейсіз ғой? Интернет қызметін баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан байырғы тұтынушылардың пікірінше, "Интернет аймағы" қызметі ұсыныла бастағаннан бері осы саладағы баға 40% мөлшерінде арзандаған.
Түсінбеген мәселелер жөнінде "Интернет аймағы" қызметіне қолдау көрсететін қызметке Қазақстанның кез-келген жерінен мына телефон бойынша тегін сөйлесуге болады: 8-800-080-1010.
Биылғы жылы "Қазақтелеком" АҚ өз абоненттеріне "Қазақстан Интернеті" аталатын жаңа қызмет түрін ұсынды. Осы арқылы қазақстандық провайдерлердің барлық серверлеріндегі сайттарға сағатына 0,36 АҚШ долларын төлей отырып, тәуліктің кез-келген уақытында қол жеткізуге болады. Бұған 8w7501110111 нөмірін теру арқылы дәл осы сәтте-ақ көз жеткізе аласыз.
"Қазақтелеком" АҚ осы жаңа қызметтің Интернет желісін белсенді түрде пайдаланушылар тарапынан жоғары бағаға ие боларына нық сенімді, себебі осы арқылы 1500-ден астам сайттарға қатынауға болады. "Қазақтелеком" ААҚ сонымен қабат өз тұтынушыларын осы қызметті неғұрлым байыта түсуге, оның мазмұнының қызықты әрі пайдалы болуын қамтамасыз етуге шақырады. Қазірдің өзінде Сіздің идеяларыңызды жүзеге асыратын, кез-келген оқулық немесе мәдени бағдарламаларды орналастыратын сервер кеңістігі әзір тұр.
Мұнымен қабат "Қазақстан Интернеті" адамдардың бір-бірлерімен тығыз қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Осы мақсатта тегін электронды пошта ашу үшін mail.kz/ серверінде тегін электрондық жәшік ұсынылған.
Осындай жаңа қызметтерді байқап көрген адам олардың әрі оңай, әрі сапалы екендігіне еріксіз көз жеткізеді.
Осылайша "Қазақтелеком" АҚ Сіздің әлемге одан әрі жақындай түсуіңізге мүмкіндік беретін пайдалы, әрі оңай қызметтерді құрып ұсыну жөніндегі өзінің стратегиялық бағытын жалғастыра беретін болады. Осы қызметтерді пайдалану арқылы еліміздің әрбір тұрғыны ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация саласының ең соңғы жетістіктеріне қол жеткізе алады.
Мәселен, таяу арада Сізге міндетті түрде ұнайтын тағы да бірнеше қызықты қызмет түрлері ұсынылмақ. Бұл туралы хабардар болу үшін жарнамаға және баспасөзге көбірек үңіліп қоюды естен шығармаңыз.
"Kazakhstan Online" торабында Интернетке қосылуды ұйымдастыру үшін екі сыртқы жерүсті арналар бар:
Алматы - Мәскеу, 768 Kбит/с, Интернет-провайдер Global One;
Алматы - Лондон, 1 Мбит/с, Интернет-провайдер Cable & Wireless.
Алматы - Мәскеу, 4 Мбит/с, Интернет-провайдер Global One;
Алматы - Лондон, 2 Мбит/с, Интернет-провайдер Cable & Wireless.
Интернетке қосылу үшін жалпы сыйымдылығы 8 Мбит жерүсті арналарының болуы ұсынылған қызметтің жоғары деңгейінде мәліметтерді барынша жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді. Қолдау ретінде 2 Мбиттік серіктік арналарды пайдалану "Kazakhstan Online" торабының барлық тұтынушыларына Интернет торабына қосылудың қосымша сенімділігі мен толассыздығын қамтамасыз етеді.
1. Интернетке қосылу:
Kazakhstan Online үш тұрғыдан Интернетке қосылу қызметін көрсетеді :
"Интернет аумағы" - әлемдік Инернет торына коммутацияланып қосылу
"Қазақстан Интернеті" - қазақстандық Интернет-қорларына коммутацияланып қосылу.
ADSL - қосылу: Жаңа модемдік технология Сізге коммутацияланып қосылу бағасы бойынша бөлініп қосылу сапасын алуға мүмкіндік береді.
Бөлінеп қосылу – Интергнет қызметін кең көлемде пайдалану жағдайында ұсынылады.
2.Корпоративтік тораптар құру:
Frame Relay технологиясы цифрлы арналардың өткізу мүмкіндігін тиімді пайдалану тәртібімен бір бірінен жырақта орналасқан кеңселерді тұрақты түрде виртуальды жалғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ашық цифрлы арналар мәліметтер жіберудің қалыпты емес тәсілдері үшін икемді шешім болып табылады.
3.VPDN (virtual private data network) көпшілік тораптарды пайдалануға мүмкіндік береді, мысалы Интернет, виртуальдық туннельді қалыптастыру жолымен жырақтағы пайдаланушыға оның мекемесінің торабына немесе басқа сервис-провайдер торабына қосылу.
4. Бейнеконференцбайланыс: Қазақстанда бірінші рет "Kazakhstan Online" торабы негізінде осызаманғы коммуникациялық жабдықтарды пайдаланып, жерүсті арналары арқылы бейнеконференциялар өткізу мүмкін болды, ол байланыс сапасы мен жөнелту хауіпсіздігі кепілдігінің деңгейін едәуір жоғарылатады.
“Қазақтелеком” АҚ өз абоненттеріне қазіргі заманғы байланыс қызметтерін көрсету жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде және парасаттық желілер қызметін енгізуде.
“Қазақтелеком” АҚ бірегей парасаттық желілерін құру еліміздің барлық аймақтарын қамтитын болады және “Қазақтелеком” АҚ көрсететін байланыс қызметтерімен қатар біздің компаниямызбен өзара тиімді қызметтестік нысандарын табуға мүдделі сыртқары телекоммуникациялық операторлар көрсететін қызметтер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Парасаттық желілер енгізу мұның үстіне болашақтың желісін құруға қызмет етеді: осы арқылы тұрақты және жылжымалы желілерді жақындастыруға, байланыстың дәстүрлі желілері мен Internet желілерін ұштастыруға мүмкіндік береді.
Парасаттық желі деген не екенін және оның тұтынушыларға қандай мүмкіндіктер ашатынын Сіз біздің сайтымыздың “Парасаттық желілер қызметі” бөлімінің парақтарынан көріп таныса аласыз.
Парасаттық желі (Интеллектуальная сеть) (IN - Intelligent Network) электрлік байланыс желісінде қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жаңа тәсілі (архитектурасы, концепциясы) және бұл қосымша жаңа қызметтер енгізуді, сондай-ақ оларды басқаруды жеңілдетеді. IN бүгінде қазіргі заманғы байланыс желілерін дамытудың нақты концепцияларының бірі болып саналады. Парасаттық желіге (IN) деген қызығушылық осы желі арқылы көрсетілетін қызметтерден тұтынушылармен қатар операторлардың өздері де қол жеткізе алатын артықшылықтарға негізделген. IN архитектурасына көшудегі негізгі мақсат тұтынушылардың көрсетілетін қызметке қол жеткізуін ал оператордың жаңа қызметтер енгізу тәртібін оңайлату болып табылады. Қызмет көрсетудің осындай тәртібін дамыту бзизнес-құрылымдардың өз клиенттерімен кері байланысты нығайту қажеттігіне деген талабының өсуінен туындауда.
Телекоммуникациялар желісінде пайдалану үшін IN жабдығын жеткізу жөнінде “Қазақтелеком” АҚ өткізген тендер нәтижесінде “Светец” фирмасы әзірлеген және Компьютерлік телефонияның алдыңғы қатардағы технологиялары негізінде құрылған Парасаттық платформасы (ПП) таңдап алынды. Тұтас алғанда ПП пайдаланымдағы байланыс желісі негізінде парасаттық желі қызметін көрсетуге арналған бағдарламалық-аппаратық кешен болып табылады. Қызмет автоматты түрде, нөмірі тональды терілетін телефондар арқылы шақыруды өңдеу жолымен ұсынылады. Төлемақы өтеудің түрліше тетіктерін (алдын - ала төлеу, несиелік және қиюластырылған түрдегі жоба) пайдалана отырып, көрсетілетін қызметке ақы төлеудің икемді тарификациясы қамтамасыз етіледі.
“Қазақтелеком” АҚ көрсететін парасаттық желі қызметтері:
Алдын ала төленген карта бойынша шақырту - Prepaid Card Calling (РСС)
Алдын ала телефон картасын (Prepaid Card) сатып алған тұтынушы, осы картада көрсетілген сомаға оператор тағайындаған тариф бойынша қалааралық және халықаралық шақыруларды іске асыра алады. Бұл жеке тұлғалардың және ұйымдардың дүниежүзінің барлық елдерімен қалааралық және халықаралық телефон байланысына шығуының қолайлы және үнемді тәсілі болып табылады.
Қызметке қол жеткізу төмендегіше жүргізіледі:
-
Телефон карточкасын сатып алғаннан кейін карточканың сырт жағындағы қатынау кодының (PIN код) қорғаныш қабатын сүртіп сыдырыңыз.
-
Парасаттық платформаға қатынаудың телефон нөмірін - 8-80 50 800 800 теріңіз (Алматы, Астана, Ақтөбе, Павлодар, Орал, өскемен, Атырау, Ақтау, Қостанай, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы қосымша нөмір 590-900), сонымен бірге карточканың сырт жағындағы нөмірді теріңіз, бұдан соң автоматты хабарлаушының айтуы бойынша қимылдаңыз.
-
Жалғанғаннан кейін таңдаған тілде (орысша, қазақша, ағылшынша) ақпарат есітесіз. Соған орай өзіңіздің PIN-кодыңызды тересіз (10 цифр). Егер PIN-код дұрыс енгізілсе, автохабарлаушы осы сәтте карточкада қалған сома мөлшерін (теңге есебімен) хабарлайды.
-
Бұдан соң автохабарлаушы тұтынушыға шақырылатын жақтың нөмірін теруді ұсынады.
-
Халықаралық шақырту жағдайында Сіз елдің және қаланың кодтарын, ал егер шақырту қалааралық деңгейде болса, тек қаланың кодын және шақырылатын абоненттің телефон нөмірін тересіз. Қосу алдында автохабарлаушы Сізге телефон нөмірі терілген абонентпен телефон арқылы сөйлесудің барынша ұзаққа созылатын мөлшерін хабарлайды.
-
Сөйлесу кезінде тұтынушының карточкадағы шотынан төлемақы автоматты түрде және нақты уақыт бойынша дәл шығарылып жатады. Шоттағы ақша бітер алдында тұтынушыға арнайы сигнал беріледі де, бұдан соң жалғау ажыратылады.
Prepaid card пайдаланудың артықшылықтары:
-
· Нөмір тональды түрде арқылы терілетін кез келген телефон аппаратын (оның ішінде қалалық таксофонды) пайдалануға болады;
-
· Қалааралық және халықаралық телефон байланысына қатысты шығындарға дербес түрде бақылау мүмкіндігі;
-
· Шақырту шығынын үнемдеу.
"TARLAN CARD"
Есеп айырысу картасы арқылы шақырту - Account Card Calling (ACC)
Байланыс операторымен алдан ала келісім жасаған тұтынушыға қалааралық және халықаралық шақыртуларды, көрсетілген қызмет төлемақысын байланыс операторымен келісілген тариф бойынша тұтынушының есеп айырысу шотындағы қалдық арқылы алдын ала өтеу арқылы жүргізуге мүмкіндік беріледі. Тұтынушыға PIN-код бөлінеді және жүйеге қатынау жоғарыда сипатталған PCC қызметіндегідей жүргізіледі. Мұндай телефон картасын корпоративтік және/немесе толтырылатын карта деп атайды.
Мұндай қызметтің негізгі тұтынушылары байланыс қызметіне қатысты шығындарды қатаң бақылайтын компаниялар, іссапардағылар, маусымдық жұмыскерлер елге келген коммерсанттар болып табылады.
Корпоративтік картаны пайдаланудың артықшылықтары негізінен алғанда РСС қызметін пайдаланғандағымен бірдей, алайда мұның үстіне корпоративтік клиенттерге қолданылатын жеңілдік тарифтері де қамтамасыз етіледі.
Несиелік карта арқылы шақырту – Credit Card Calling (CCC)
Банк карточкаларының иегерлері кез келген телефон нөмірі арқылы сөйлесуге мүмкіндік алады. Соның барысында шақырту төлемі тікелей банктегі дербес шотқа есептеледі. Сөйлесу кезінде тұтынушы шот нөмірі мен PIN кодты терсе болғаны, бұдан соң шақыру әдеттегіше жүргізіле береді.
Тұтынушыға жергілікті қалааралық және халықаралық байланыспен, сондай-ақ қызметтің қосымша түрлерімен пайдалануға жағдай жасалады. Жүйе қызмет көрсетілер алдында банк карточкасының қаржылық қабілетіне бақылау жасайды және осының барысында сыртқары процестер жүйесімен өзара қызметтестік іске асырылады.
Сөйлесу кезінде карталар мен қызметтің барлық түрлері үшін тұтынушының төлем жасау қабілетіне бақылау (шот қалдығына “он-лайндық бақылау”) тұрақты түрде жүргізіледі. Тұтынушының төлем қабілеті төмен болған жағдайда оған сөйлесуге қажетті қаржының жоқтығынан қызмет көрсетуге болмайтыны туралы хабарланып, бұдан соң қызмет көрсету тоқтатылады. Жалғау барысында несиелік карта үшін кредиттік берешек шегіне тақалған жағдайда жалғаудың үзілетіні хабарланады (мәселен, арнайы дыбыстық сигнал арқылы) және белгілі уақыттан соң жалғау үзіледі.
Тегін шақыру – Freephone (FPH)
“Тегін шақыру” қызметі Парасаттық платформа негізінде іске асырылады және тұтынушыға шақыруды шақырылушы жақтың (осы IN қызметіне жазылған компаниялар, абонент немесе қызмет көрсетуші оператор) есебінен жүргізуге мүмкіндік береді. Соның барысында қызметтің абоненттік нөмірі белгілі бір алгоритм арқылы нақты желілік телефон нөміріне айналдырылады. Айналдырылу нәтижелері қызмет ұсынуға жазылған компания (абонент/оператор) белгілейтін бірқатар өлшемдерге тәуелді болуы ықтимал.楥퀥 Осы қызметтің негізгі рыногы заңгерлік, туристік және көліктік компаниялардың, діни және сауда ұйымдарының, мемлекеттік мекемелердің, шетелдерде оқып жатқан студенттердің, орталық офиске хабарласушы іссапардағылардың, қала тұрғындарының ауылдық жерлердегі ағайын-жекжаттарының үлесіне тиеді.
Осы қызметке қамтылған абоненттің өз таңдауы бойынша оған осы қызметтің мынадай қасиеттерін пайдалануға мүмкіндіктер ұсынылады:
-
Кері түрде төленетін өтем түрі - шақыру төлемақысын қызметті тұтынушы емес, қызметке қамтылған абоненттің/оператордың төлеуі қамтамасыз етіледі.
-
Ё Шақыруларды бағыттар бойынша бөлу қызметке қамтылған абонент/оператор жасаған бағыттамалар кестесіне сай жүргізіледі.:
Кестелерде мыналар белгіленеді:
-
тұтынушыларды қызмет аясындағы нақты телефон нөмірлеріне шақырудың аймақтық кодтарының сәйкестігі;
-
бір мезетте келіп түсетін шақырулардың барынша көп саны – қызметке қамтылған абонентке бір мезетте келіп түсетін шақырулар санын автоматты түрде шектеу;
-
нақты нөмірге бір мезетте келіп түсетін шақырулардың барынша көп саны – қызмет көрсетілетін бағытқа (нақты нөмірге) бір мезетте келіп түсетін шақырулар санын қызметке қамтылған абонент/оператор белгілеген мөлшерде автоматты түрде шектеу.
-
Желі бос болмаса/жауап бермесе қайта бағыттау – шақырылушы абоненттік желінің бос болмауы немесе жауап бермеуі жағдайында шақыруларды қайта бағыттауға мүмкіндік береді.
-
Бағытталған нөмір бойынша парасаттық платформаға келіп түскен әрбір шақыру бойынша ақпаратты хаттамалау.
-
Қызмет өлшемдерін абонент тарапынан үлгіге салу:
-
нақты нөмірлерді анықтау;
-
шақыруларды бөлу өлшемдерін тағайындау
-
Шақырулардың аса көп санын өңдеу.
-
Шақырулардың парасаттық платформада бағытталуы қызметке қамтылған абонентке оларды шақырушы тараптың географиялық жағдайына орай бағыттауына мүмкіндік береді.
-
Шақыруларды уақытқа орай бағыттау – бұл абонентке оларды уақытқа, айы-күніне, апта күндеріне орай бағыттауға мүмкіндік береді.
Компанияда 800 нөмірінің болуы оның маңыздылығын куәландырады және өз-өзінен жарнама бөлігі ретінде танылады.
Ақылы ақпараттық қызмет – Premium Rate (PRM)
Ақылы ақпараттық қызмет Парасаттық платформа негізінде іске асырылады және абонентке/операторға осы қызмет үшін төлем жасайтын аяққы тұтынушыларға қызмет көрсетуден қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді.Төлемақы мөлшерін абоненттің өзі белгілейді.
Осы қызметтің рыногы: кеңес беру-ақпараттық бизнеспен айналысатын (бал ашу, гороскоп, зерттеу сынақтары, т.б.) жеке кеңес берушілер және компаниялар; арнайы ақпарат берумен шұғылданатын банктер; көлік қызметін ұсынатын компаниялар (анықтамалық ақпарат); заңгерлік, дәрігерлік және басқа ұйымдар.
Қызмет көрсетуші оператор осы қызметтің мынадай қасиеттерін пайдалануына болады:
-
Бірегей нөмір – осы қызметті пайдаланушыға қызметке қамтылған абонентке/операторға қарасты бірнеше нөмірлерге бір нөмір арқылы қатынауға мүмкіндік береді.
-
Қосымша төлем - осы қызметті пайдаланушыға қызметке қамтылған абоненттің пайдасына қосымша ақы есептеуді қамтамасыз етеді.
-
Шақырулардың бағыттар бойынша белгіленуі қызметке қамтылған абонент/оператор жасаған бағыттама кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кестелерде мыналар белгіленеді:
-
-тұтынушыларды қызмет аясындағы нақты телефон нөмірлеріне шақырудың аймақтық кодтарының сәйкестігі;
-
-бір мезетте келіп түсетін шақырулардың барынша көп саны – қызметке қамтылған абонентке/операторға бір мезетте келіп түсетін шақырулар санын автоматты түрде шектеу;
-
-нақты нөмірге бір мезетте келіп түсетін шақырулардың барынша көп саны – қызмет көрсетілетін бағытқа (нақты нөмірге) бір мезетте келіп түсетін шақырулар санын қызметке қамтылған абонент/оператор белгілеген мөлшерде автоматты түрде шектеу.
-
Желі бос болмаса/жауап бермесе қайта бағыттау – шақырылушы абоненттік желінің бос болмауы немесе жауап бермеуі жағдайында шақыруларды қайта бағыттауға мүмкіндік береді.
-
Бағытталған нөмір бойынша парасаттық платформаға келіп түскен әрбір шақыру бойынша ақпаратты хаттамалау.
-
Қызмет өлшемдерін абонент тарапынан үлгіге салу:
-
нақты нөмірлерді анықтау;
-
шақыруларды бөлу өлшемдерін тағайындау.
-
Шақырулардың парасаттық платформада бағытталуы қызметке қамтылған абонентке/операторға оларды шақырушы тараптың географиялық жағдайына орай бағыттауына мүмкіндік береді.
-
Шақырулардың аса көп санын өңдеу.
-
Шақыруларды уақытқа орай бағыттау – бұл абонентке оларды уақытқа, айы-күніне, апта күндеріне орай бағыттауға мүмкіндік береді.
Теледауыс беру – Televoting (VOT)
Теледауыс беру - жалпы пайдаланымдағы телефон желісінің абонентіне телефон арқылы шақыру бойынша алдын ала берілген жауап көлемі шектеулі мәселе туралы абонентке ұсынылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік жасайтын қызмет болып табылады. Жауаптың әрбір вариантына осы жауапты таңдағысы келетін абонент қоңыраулатуға тиісті белгілі бір телефон нөмірі (немесе жауаптардың сөздік менюі қойылған бірегей нөмір) сәйкестендіріледі. Бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, баспасөз) арқылы теледауыс беру амалының басында теледауыс беруге өзек болған мәселе, соған тиісті жауаптардың варианттары және телефон нөмірлері, мәселе бойынша теледауыс берудің басталуы мен ұзақтығы (теледауыс беру шектеулі мерзімде өтеді) хабарланады. Теледауыс беру нәтижелері дауыс беру барысында нақты уақытқа (теледидар) бейнеленуі, хабарланып, басылуы мүмкін, немесе дауыс беру аяқталып, қорытынды шығарылғаннан кейін (радио, баспасөз құралдары) хабарланып, басылуы ықтимал.
Парасаттылық платформасының теледауыс беру жүйесі осылайша дауыс берудің әзірленуін, өткізілуін және оны қорытындылауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Осы қызметтің негізгі тұтынушылары - теледидар компаниялары; қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар); жарнамалық мақсатта түрлі лотореялар, сауалдамалар ұйымдастыратын әртүрлі ықтимал қызметтерді ұсынушылар.
Клиенттің таңдауы бойынша көрсетілетін қызметтердің қасиеттері:
Теледауыс беру сеансын туралау:
-
Теледауыс беру қызметіне қамтылған абоненттің/оператордың тұтынушыларға ұсынған сауалдарын (мәтін түрінде) енгізу;
-
Таңдау үшін ұсынылатын жауаптардың варианттарын (мәтін түрінде) және солар сәйкесетін телефон нөмірлерін енгізу;
-
Теледауыс беру сеансының басталу уақытын және ұзақтығын тағайындау;
-
Теледауыс берудің жеке сеансы үшін өткізу өлшемдерін тағайындау.
Теледауыс беру сеансын өткізуге қолдау көрсету:
-
алдын ала белгіленген арналар санын ашу. Белгіленген уақыттағы шақыруларды қабылдауды автоматты түрде бастау;
-
шақыруларды қабылдау және құттықтау сөздерді хабарлау;
-
терілген нөмірге сәйкес жауаптарды таңдау;
-
дауыс есептеу (абонент терген телефон нөміріне сәйкес).
-
Теледауыс беру кезіндегі ақпаратты арнайы мониторда, нақты уақыт шеңберінде бейнелеу.
-
Бейнелеуді әрі қарай эфирге шығару үшін арнайы монитордан жалпы телевизиялық сигналға қосу (мұндайда қызметке қамтылған абонентпен/оператормен келісе отырып қосымша жабдық алу қажет болады).
-
Жалпы нәтижелерді қорытындылау және қызметке қамтылған абонент/оператор үшін есеп алу. Нәтижелерді мұрағаттау.
Қызмет көрсету түрлері
|
Тариф мөлшері, теңгемен, ҚҚС есептелмеген
|
жеке тұлғалар үшін
|
заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысатын жеке тұлғалар үшін
|
заңды тұлғалар үшін
|
Телефон қосу қызметіне уақытпен ақы төлеу жүйесіне ауыстырылмаған бір негізгі телефон аппараты үшін абоненттік ақы (айына)
|
қалалық жердегі негізгі
|
382.6087
|
586.0870
|
950.4348
|
ауылдық жердегі негізгі
|
215.6522
|
586.0870
|
950.4348
|
қалалық жерде жұптасқан сызба бойынша жалғанған (жұптасқан) негізгі
|
300.0000
|
465.0000
|
760.0000
|
ауылдық жерде жұптасқан сызба бойынша жалғанған (жұптасқан) негізгі
|
181.0000
|
465.0000
|
760.0000
|
қалалық және ауылдық жерде қатарласқан негізгі
|
|
340.0000
|
510.0000
|
Телефон қосу қызметіне уақытпен ақы төлеу жүйесіне ауыстырылған бір телефон аппараты үшін абоненттік ақы (айына)
|
қалалық жердегі негізгі
|
190.0000
|
470.4348
|
760.0000
|
қалалық жерде жұптасқан сызба бойынша жалғанған (жұптасқан) негізгі
|
134.0000
|
370.4300
|
610.0000
|
қалалық және ауылдық жерде қатарласқан негізгі
|
|
270.0000
|
460.0000
|
Телефон қосу қызметіне уақытпен ақы төлеу жүйесіндегі жергілікті қосулар
|
сөйлесу аралығының әрбір толық немесе толық емес 10 секунды үшін
|
0.0696
|
0.1043
|
0.1043
|
Тарифті жоспарлар Megaline
Қызмет түрлері
|
Төлем көлемі теңгемен, ҚБС есептеліп
|
Порттан өткізу мүмкіндігі
(кіріс/шығыс мәліметтерді жіберу жылдамдығы)
|
Айсайынғы төлем есебінде кіру трафигінің көлемі, Гбайт
|
Портқа қосылу төлемі
|
Айсайынғы төлем
|
Шығу трафигінің әрбір келесі 10 Мбайтының төлемі
|
Жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік іс-әрекеттермен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін ADSL-модемін бермей «Megaline» қызметі бойынша Интернет желісіне қатынау мүмкіндігін беру :
|
Трафигі алдын ала төленген «Megaline Start» тарифтік жоспары
|
128 Кбит/с/128 Кбит/с
|
0,8
|
7,245.00
|
4,000.00
|
150.00
|
Трафигі алдын ала төленген «Megaline Plus» тарифтік жоспары
|
256 Кбит/с/128 Кбит/с
|
1.0
|
7,245.00
|
6,240.00
|
140.00
|
Трафигі алдын ала төленген «Megaline Optima» тарифтік жоспары
|
384 Кбит/с/128 Кбит/с
|
1.2
|
7,245.00
|
7,800.00
|
130.00
|
Трафигі алдын ала төленген «Megaline Turbo» тарифтік жоспары
|
512 Кбит/с/256 Кбит/с
|
1,5
|
7,245.00
|
9,000.00
|
120.00
|
Трафигі ескерілмейтін «Megaline Hit» тарифтік жоспары
|
128 Кбит/с/128 Кбит/с
|
-
|
7,245.00
|
5,980.00
|
-
|
ЕСКЕРТУЛЕР:
-
«Megaline Start», «Megaline Plus», «Megaline Optima», «Megaline Turbo» тарифтік жоспарлары тек қана жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік іс-әрекеттермен шұғылданатын жеке тұлғаларға қолданылады.
-
«Megaline Hit» тарифтік жоспары тек қана жеке тұлғаларға қолданылады. Кіретін трафиктің айсайынғы көлемі 7 Гбайттан асса порттың өткізу мүмкіндігі 32Кбит/с/32 Кбит/с дейін төмендейді.. Порттың бастапқы өткізу мүмкіндігін қалпына келтіру (128 Кбит/с/128 Кбит/с) келесі айдың 01 жұлдызынан бастап жүргізіледі.
-
Пайдаланушыны, өзінің өтініші бойынша, «Megaline» қызметінің бір тарифтік жоспарынан порттың өткізу мүмкіндігін көтеріп екіншісіне өткізу төлемақысыз атқарылады.
-
Пайдаланушыны, өзінің өтініші бойынша, «Megaline» қызметінің бір тарифтік жоспарынан порттың өткізу мүмкіндігін төмендетіп немесе өзгертусіз екіншісіне өткізу барысында портқа қосылу төлемінің 10% көлемінде төлемақы алынады.
-
Көрсетілген баптардың тарифтерінде пайдаланушы тарапында модем беру бағасы есепке алынбаған. Пайдаланушының жазбаша өтінішіне сәйкес «Megaline» қызметі бойынша модемді жалға беріп Интернет желісіне қатынау мүмкіндігін берген жағдайда олар мен “Қазақтелеком” АҚ арасында жабдықты жалға беру шарты жасалады.
Жеделхаттар
Қызмет көрсету түрлері
|
Жеделхаттың бір сөзі үшін тариф мөлшері, теңгемен, ҚҚС есептелмеген
|
жеке тұлғалар үшін
|
заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысатын жеке тұлғалар үшін
|
Қазақстан Республикасы ішіндегі және Байқоңыр қаласына жеделхаттар:
|
кәдімгі (оның ішінде үкіметтік)
|
3.5652
|
6.0000
|
аударылған банктік кәдімгі
|
5.69
|
7.90
|
аударылған банктік шұғыл
|
13.19
|
18.40
|
ТМД және Балтық елдеріне бағытталатын халықаралық жеделхаттар
|
кәдімгі (оның ішінде үкіметтік)
|
48.93
|
шұғыл
|
97.86
|
аударылған банктік кәдімгі
|
97.86
|
аударылған банктік шұғыл
|
195.72
|
Алыс шетелдерге халықаралық жеделхаттар, бағыттар бойынша:
|
Еуропа
|
141.50
|
Қалған барлық әлем
|
157.37
|
Қызмет көрсету түрлері
|
Ақы мөлшері, теңгемен, ҚҚС есептелмеген
|
жеке тұлғалар үшін
|
заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысатын жеке тұлғалар үшін
|
Бір жеделхат үшін телеграфтық алым
|
Байқоңыр қаласына, ТМД және Балтық елдеріне бағытталатын
|
11.72
|
24.00
|
алыс шетелдерге бағытталатын
|
алынбайды
|
алынбайды
|
Қалааралық байланыс
Ішкі аймақтық және қалааралық телефон қосылуларының тарифтері
Қызмет көрсету түрлері
|
Телефон қосылуларының әрбір толық және толық емес 10 секунд аралығына тарифтер мөлшері, теңгемен, ҚҚС есептелген
|
Жеке тұлғалар үшін
|
Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін
|
Заңды тұлғалар үшін
|
Ара қашықтығына байланысты ҚР ішінде көрсетілетін ішкі аймақтық және қалааралық телефон қосылуларын ұсыну:
|
100 км дейін (бірінші аймақ)
|
1.06
|
2.20
|
3.11
|
101-ден 300 км-ге дейін (екінші аймақ)
|
1.24
|
2.59
|
3.47
|
301-ден 600 км-ге дейін (үшінші аймақ)
|
1.49
|
3.16
|
3.87
|
601-ден 1000 км-ге дейін (төртінші аймақ)
|
1.77
|
3.64
|
4.64
|
1000 км-ден астам (бесінші аймақ)
|
1.92
|
3.74
|
4.79
|
Достарыңызбен бөлісу: |