Қорытынды
Қазіргі коммерциялық банктер бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дагы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.12.2004 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қогам формасындагы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100 % - 10 банк, 50% — аса -4 банк) құрылган банктерде саны - 14, оның ішінде, еншілес банктер - 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге белінеді: жай және артьқшылыгы бар акция.
Жай акция - оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруга құқық береді. Ал артықшылығы бар акция - оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуға құқық бермегенмен уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жаргылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық қүжатта аныкталады және бүл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды түлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылың капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50 % төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметініц жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді, нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пандала-нылатын неснелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм сипатынын, объективтігін айта отырып, екі элементті несиені және несиелік механизмді бір бірінең беліп қарау дұрыс емес. Соңгысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғаргы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерІн сипаттайтын ңатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іотәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Берілген несиелік тұжырым бұл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозгалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, ягни банктік несиелердін берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байлаиысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңбсрінде қатысу нәтижелілігі анықталады.
Қорыта келе, бүгінгі таңда коммерциялық банктердің несиелік операцияларды ұйымдастыру шаралары банктің болашағы үшін маңызы зор. Банктер неғұрлым несиелік операцияларды дұрыс ұйымдастырса, соғұрлым банктің қаржылық жағдайы тұрақты болады.
Қолданылған әдебиеттер
-
Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г.
-
Гражданский Кодекс Республики Казахстан от 24 декабря 1994г.
-
Закон Республики Казахстан «О рынке ценных бумаг» от 5 марта 1997г.
-
Закон Республики Казахстан «О Национальном банке Республики Казахстан» от 30.05. 1995 г. и от 2 марта 2001г.
-
Закон Президента Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995г.
-
Положение «О классификации активов банка и установленных обязательств и расчете провизий по ним банками второго уровня РК» №218 от 23 мая 1997 года
-
Положение о пруденциальных нормативах, утвержденное постановлением Правления Национального банка Республики Казахстан от 23.05.1997 г. № 219, дополнениями и изменениями к нему
-
Айманова Л.Б. «Банковское дело» Алматы 1998.
-
Акулич И.Л. Внутренняя и внешняя среда маркетинга. Минск, 1996.
-
Александрова Н. Г., Александров Н. А. «Банки и банковская деятельность для клиентов». Санкт – Петербург. 2002 г.
-
Давыдова Л., Райманов Д. «Банковское право Республики Казахстан». Учебное пособие. Алматы «Жетi Жаргы»2000 г.
-
Деньги, кредит, банки. Алматы. Экономика. 1999 год.
-
Жуков Е. Ф. Общая теория денег и кредита. - М., 1995.
-
Земцов А. В. Обзор современной банковской системы// Банковское дело, №1,1997.
-
Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Минск: БГЭУ, 1996.
-
Колесников В. И., Колесникова Л. П. «Банковское дело». - М., 1997.
-
Котлер Ф. Основы маркетинга. Новосибирск: Наука, 1992.
-
Маркова В.Д. Маркетинг услуг. М.: Финансы и статистика, 1996.
-
Одокиенко С.С. Исследования маркетинга. М., 1992.
-
Райзберг Б. А. Курс экономики: Учебник. - М., 1997.
-
Рид Э., Котер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. - М., 1991.
-
Сейткасимов Г.С Банковское дело. Алматы. « Коржи – Коражат», 1998г.
-
Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. – М., 1996.
-
Харрис Л. Денежная теория. – М., 1990.
-
К. Халуев «Маркетинг отношений – современный подход в работе банка с клиентом»// Маркетиг №5 2002 г.
-
Н. Куршакова. «Региональные коммерческие банки в условиях диверсификации их деятельности.» //Маркетинг №4. 2002 год
-
Вестник Национального Банка. 1996, №5 (21), 1997 №6, 2002 №5
-
Газета Assandi – Times №10. 20 декабря 2002 года
-
Газета Деловая неделя. 10 ноября 2002 года
-
Газета Деловая неделя. 21 марта 2003 года
-
Газета Казахстанская правда. 13 ноября 1993 г.
-
Газета Казахстанская правда, 14 декабря 1999 г.
-
Журнал «Банки Казахстана» ноябрь 2002 года.
Достарыңызбен бөлісу: |