1-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесс және оның негізгі кезеңдері


-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесті ұйымдастыру тәжірибесіне талдау



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі377.5 Kb.
#21522
1   2   3

2-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесті ұйымдастыру тәжірибесіне талдау

2.1. Коммерциялық банктердің несиелік нарығына талдау.

Қазақстан Республикасында банктік жүейде 2003 жылғы статисти-калық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, со-ның ішінде екі банк оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% - 10, 50 %-аса - 4 банк) құрылған банк-тердегі саны – 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.

Қазіргі кезде өткен жылдармен салыстырғанда банктердің саны 44 банктен 38-ге азайды. Банктердің санының азаюы мына келесі себептерге байланысты:


  • банк заңдылықтарының бекітілген талаптарын бұзғаны үшін 3 банктің банктік операция жүргізуге арналған лицензиясы қайтарып алынды;

  • несиелік серіктестіктерге айналуына байланысты 3 банктің лицензиясы қайтарылып алынды.

Банк секторының құрылымы бойынша қарайтын болсақ, онда мына келесі мәліметтерді келтіруге болады: мемлекетаралық банктер -1, жрғылық капиталда Қазақстан Республикасы үкіметінің 100 –қ қатысуы бар банктер саны -2, шетелдің қатысуымен құрылған банктер саны-17, коммерциялық банктердің барлық филиалдарының саны -368, банктердің шетелдегі өкілеттіктерінің саны -8, Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктердің өкілеттіктерінің саны-14, кастодиандық қызмет көрсету лицензиясы бар банктер саны -10. 2003 жылдың 1 қаңтарына байланысты екінші деңгейлі банктердің жиынтық меншікті капиталы 39,1 млрд. теңгеге өсіп (32%), 162,2 млрд. теңгені құрады.

2002 жылы банктердің жиынтық активтерінің көлемі 328,4 млрд. теңгеге өсіп, 2003 жылдың 1 қаңтарында 1145 млрд. теңгені құрады. Банктердің активтерінің құрылымында улкен үлесті банктердің алған заемдары алады. Бұған қарамастан жалпы жыл бойында активтердің сапасы жоғарылады, стандартты активтердің және шартты міндеттемелердің үлесі 75,6%-дан 78,8%-ға дейін артты. Осы уақыт мерзімінде күдікті активтердің үлес салмағы 22,5%-дан 19,7%-ға үмітсіз активтердің үлесі 1,9%-дан 1,5%-ға төмендеді.

Банктердің несиелік портфелінің құрылымындағы стандартты несиелердің үлесі жыл ішінде 69%-дан 71,3%-ға өсті, күдікті несиелердің үлесі 28,9%-дан 26,7%-ға, үмітсіз несиелер үлесі 2,1% -дан 2%-ға төмендеді.

1-кесте

Экономикадағы несиелердің көлемін және құрылымын

статистикалық талдау

Жылдар /


айлар

Экономикада берілген несиелер көлемі, оның ішінде;

Барлы-

ғы


Валюта бойын-ша

Мерзімі бойын-ша

Субъектілер бойынша

Ұлттық

Валюта


да

Шет ел валюта

сында


Қысқа мерзім

ді


Орта ж/е

Ұзақ мер


зімді

Банктік емес ұй ы-ға

Жеке тұлға-

Ларға


Қаңтар 1998

74247

42438

31809

52409

21839

70014

4233

Тамыз 1998

93243

48706

44537

59235

34008

87970

5273

Қаңтар 1999

94763

55149

39614

59551

35212

89247

5516

Тамыз 1999

131136

60690

70446

70436

60700

124006

7130

Қаңтар 2000

151083

69135

81948

74718

76365

142885

8198

Тамыз 2000

206726

97768

108958

104046

102680

194856

11870

Қаңтар 2001

286390

134028

152361

145778

140612

271366

15024

Тамыз 2001

412523

190282

222241

204640

207883

385543

26980

Қаңтар 2002

489110

137401

351709

228957

260153

458634

30476

Тамыз 2002

576955

189701

387254

255281

321673

530870

46085

Қаңтар 2003

696281

216338

479943

311024

385257

636786

59495

Тамыз2003

825712

351386

474326

307196

518516

729060

96652

Жалпы осы кестедегі мәліметтерді талдай отырып 1998-2003 жылдар аралығындағы несиелер көлемінің өзгеруі бойынша келесі қорытынды жасауға болады.

Жалпы несиелердің көлемі жылдан жылға ұлғайған, бұған себеп менім ойымша біздің экономикада осы аралықта оң өзгерістер болды:


    1. Макроэкономикалық тұрақтылық, төмен деңгейдегі инфляция,

өндірісті ұлғайтуға бағытталған Ұлттық банктің ақша несие саясаты.

    1. Халықаралық деңгейде бірнеше несиелік бағдарламалардың

қабылдануы және жүзеге асырылуы, оның ішінде ЕҚДБ-нің орта және шағын бизнесті несиелеу Бағдарламасы, тұтынушылық несиелеу Бағдарламасы, ипотекалық несиелеу Бағдарламасы т.б.

    1. Халықтың банк және несие жүйесіне деген сенімінің артуы,

яғни несие ресурстары ретіндегі депозиттер базасының ұлғаюы. Айтып кетер жағдай – осы сенімді артыру үшін Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру қоры құрылған. Менім ойымша бұлда несиелер көлемінің көбейуіне бірдей-бір себеп.

Экономикадағы берілген несиелер көлемінің өзгеруін келесі 1-суреттен көруімізге болады.



1-кесте
Экономикаға берілген несиелер көлемі


Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлімі (мысалға, 80%-ға жуық) құрады. Макроэкономикалық деңгейде бұл операцияның мәні оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.

Банктің инвестициялық операциялары - бұл несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы кағаздар портфелінің қалыптасуына қарай екі мақсаты болады: біріншісі - банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

Коммерциялық банктердің ұйымдасу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді. Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады. Несиелеу механизмі несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

- несиеге деген өтінішті қарайды;


  • несиелік қабілетін талдау;

  • несиелік келісім шарт жасасу;

  • несие беру;

  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау кезеңі;

  • банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  • құрылтайшылық құжаттардың жарғысының жалға алу шарт-
    тарының тіркелген куәліктері;

  • нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;

  • соңгы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған
    қосымша беттер;

  • несиеленетін шаралардың рентабельділік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;

  • несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім шарттар
    көшірмелері (материалдық құндылыңтарды жабдықтауға және сатуға арналган шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с),

  • басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер
    (шоттар бойынша көшірме);

  • қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;

  • несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;

  • қызметін жаңадан бастаган, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валютальқ шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

І кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті — қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:


  • Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлганың қуатын анықтайтын құжаттармен танысуға тиіс;

  • Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті бедел деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.

  • Табыс алу кабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарга әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.

ІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім шарт негізінде шешеді.

Несиелік келісім шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:


  • несиелеу мақсаты және объектісі;

  • несиенің мөлшері;

  • несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;

  • несиені қамтамасыз ету формасы;

  • несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;

  • несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;

  • несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.

Несиелік келісім шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер жатады.

Материалдық зат мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:



  1. Клиенттің мүліктерінің кепілі, тауарлы-материалдық құндылық-тар кепілі:

а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;

ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;

б) валюталық бағалар (нақты валюталар), алтыннан жасалған ұйымдар кепілі;

в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;



  • бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;

  • сол банктегі депозиттер кепілі;

  • жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).

2. Мүліктік құқықтар кепілі:

  • жалгерлік құқық кепілі;

  • автолық құқық кепілі;

  • жерге қққық кепілі.

Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:

  • келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;

  • келісімшарт заты;

  • кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;

  • кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;

  • талап ету құқықтары;

  • кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;

  • кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;

  • тараптардың жауапкершіліктері;

  • ерекше шарттар;

  • дауларды шешу;

  • басқа шарттар.

  • Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен жайы мен өзге де мәліметтері.

III кезен. Несие беру кезені. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтантын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі — несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жүмсалынады. Екіншісі - несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшіншісі — белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).

Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.

IV кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.

Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.

Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:



      1. мерзімді міндеттемелер негізінде депозидтың қайтарылуы;

      2. меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп

айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтарылуы;

      1. алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтарылуы;

      2. түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;

      3. несиенің қайтарылу мерзімін созу;

      4. мерзімі өткен қарызды «Мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;

      5. банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.

Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылган варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:

Қайтаруына қарай:



  1. несиені толық қайтару;

  2. несиені жартылай қайтару.

Қайтару жиілігіне қарай:

  1. несиені бірден қайтару;

  2. несиені бөліп-бөліп қайтару.
    Қайтарды жүзеге асырылу уақытына қарай:

  1. несиені жүйелі түрде қайтару;

  2. несиені эпизодтық қайтару.
    Қайтару мерзімдеріне қарай:

  1. несиені мерзімді қайтару;

  2. несиенің уақытын созып қайтару;

  3. несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;

  4. несиені мерзімінен бұрын қайтару.
    Қайтару көздеріне қарай:

  1. клиенттің меншікті қаражаттары;

  2. жаңа несиені пайдалану;

  3. кепіл берушінің шотынан шегеру;

  4. басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;

  5. бюджеттік түсім және т.б.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс ка-налдары арқылы да жүзеге асырылады.

Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерге қарап отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер деқ қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рүқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.

Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік кеіІсімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны — 30, ал жылдағы 360 күнмен алынады.

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта сай қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай несиені беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орьндамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау, банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел болып табылады.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы кайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:



  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік усыньгсты баіалау және к,арыз алушының
    несиелік қабіл£гпіп багалау;

  • несиелІк тәуекел деңгешне байланысты несислерге рей-тинг к,ою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

  • несцелер бойынша мүмкін болар зияндарлы есепке ала
    отырып, съшак,ы мөлшерлемесін анык,тау;

  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында кұзіретті бөлу несиелерді авторизациялау;

  • несиелік мониторинг;

  • несиелік портфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшері шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушы мен бірлесе отырып, материалдық қорлардың сұралу қажеттілігін зерттеу негізінде шыгындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарын ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біршіден, қарыз алушыға берілетін несие сомасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктер мен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты сонын ішінде:


  • қарыз алушының төлем айналымындағы алынған шамасына;

  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесі.

Несиелік мониторинг — несие бойынша туындайтын мәселе жағдайында, қарыз алушының несиелік кабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару — бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айкындауды және олардың ең жоғары жететін денгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар.

- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін
несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;


  • несиелік рейтингпен байланысты болатын жекелеген қарыз
    алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді
    талдау формасын жасау;

  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу - несиелік портфельді құруга бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалық несиелерге:



  • несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаган, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

  • сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз
    етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған-дар;

  • несиелерге есептелетін пайыздқң несиелік келісімшартта
    көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

  • қарыз алушының қызметін қайта қарау;

  • несиені қайтару кестесін өзгерту;

  • пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі - несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасның қосындысынан құралады.

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренугс жағдай жасайды.

Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қарыз алушының өзіндік қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.

Карыз алушының несиелік қабілетінің оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ол жалпы перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу, банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мумкіндік береді.

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін кажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).

Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен экономикалық орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіс сөздер жүргізуге құқығының болуы, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.

Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады.

Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міңдеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға аймақтагы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жагдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

Соңғы критерий - бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты несиелердің сапалылығын бақылап отырып банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:


  • іскерлік тәуекелді багалау;

  • менеджментті багалау;

  • қарыз алушъшың қаржылық тұрақтылығын бағалау;

  • қаржылық коэффициенттерді бағалау;

  • қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау

  • орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.

Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаггайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының кәсіпорын қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:


  1. шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақты-
    лы қанағаттандыру;

  2. несиені қайтару;

  3. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жал ақы төлеу;

  4. бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндет-темелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚРҰБ-індегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындалып, ҚРҰБ директоратының 27 қыркүйек 1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нұсқауы», сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет стеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп форма-сы «Кәсіпорынның (үйымның) қаржылық кызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф- мсрзімді- тоқсандық формалары) және «Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-мерзімді-тоқсандық— жылдық формалары).

Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, қорлар) көлеміне байланысты боулып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындагы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылган қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.

Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:


    1. ақшалай каражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктен басқа да шоттардағы қаражаттар қалдыгы, касса, басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);

    2. жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпе-
      ген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар, есеп аиырысулар, өзінің жүйесілеген кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу, банк несиелері және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген несиелер бойынша жұмысшыларымен және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды.

Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда «өзінік жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу» бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.

    1. женіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндыльқтар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).

Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.

Бірақ та алшақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттың нәтижелігін бағалауга мүмкіндік береді.

Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:


  • қызметінің келемі (қаншалыңты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғүрлым тауарлы-матсриалдық құндылықтар қоры көп болады);

  • өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны
    сатудан түсетін телемдердің жылдамдығы);

  • өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

  • материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді
    қаражаттардың айналысы);

  • жүмыстың маусымдылыры.

Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуіне ықпал етушілерге мыналар жатады:

  • ағымдагы қызмет зияндары;

  • өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде
    болған зияндар;

  • өтімді қаражаттар барасының төмендетілуі;

  • күрделі қаржы жүмсалымдарға иммобилизациялануы.

Өтімді қаражаттардың артың болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жүмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырыл-мауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.

Төлем кабілеттілігі деп өзінін шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін ұғындырады. Басқаша айтканда, субъек-тінің төлем қабілеті дегеніміз белгіленген мерзімде төлемді және міндет-темелерін ез қаржысымен өтеу деген сөз. Талдау процесінде олардың ағым-дағы және болашактағы төлем қабілеттілігі зерттеледі. Төлем қабілеттілігі жөнінде экономикалық әдебиеттерде әр түрлі пікірлер бар. Бірақ олардың ішінен басым көпшілігі төлем қаржысына: ақша каражаты қыска мерзімді бағалы кағаздары, дебиторлық қарыздары (бірақ оның түсетіндігіне толық сенім бар болса ғана) жатқызады. Ал міндеттемелердің қатарына: қысқа мерзімге берілген банк несиедерін (овердрафт), тауарға (өнімге), жұмыска, кызметке төленетін кредиторлық қарыздарын (борыштарын), бюджетке берешегін және де басқа да занды және жеке тұлғаларға жасалатын телемдері жатады. Сонымен, төлем қаражаттарының шұғыл міндетгемелерден асып түсуі, кәсіпорынның төлем кабілеттілігінің бар екендігін керсетеді.

Кәсіпорынның ішкі төлем қабілеттілігі үшін алдымен ағымдагы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициентін анықтайды. Төлем қабілеттілігінің жағдайы есеп айырысудың кезенділігіне байланысты болып келеді. Егер кәсіпорын тұрақты болса, онда ол төлемді сирек жасайды, ал егерде кәсіпорын тұрақсыз болса, онда ол төлемді өте жиі жасайды.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:



  • банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

  • банктің жарғылың капиталын өзгерту;

  • банктің кеңесін сайлау;

  • банктің жылдың есебін бекіту;

  • банктің табысын бөлу;

  • банктің құрылымдық емесе еншілес бөлімшелерін құру
    және тарату.

Екінші басқару органы банктің қадағалау кенесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:

  • нормативтік актілерді бекітеді;

  • Басқарма немесе Басқарма төрағассының шешімі бойын-
    ша жасалган мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы — бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) — атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:



  • банктің стартегиялық мақсатын анықтау;

  • банктің саясаттарын жасау;

  • жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;

  • комитеттерді құру;

  • ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау
    жасау.

Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:

  • банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша
    бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;

  • барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;

  • банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;

  • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен кұрылымын бекіту;

  • еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен кслісімдер (контрактілер) жасасу.

Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылың есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.

Несиелік комитет - бүл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:

- несие алуға берген клиенттің өтінішік және несиелік қызметкердің несие беру туралы ңорытындһісын қарайды;



  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формалары анықтайды;

  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

  • несиені қайтаруды ңамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, песиелік желі);

  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібІн бекітеді;

  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;

  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жүмысын талдайды;

  • несиелік комитеттің мәжісінің хаттамаларына қол ңояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Микрокредиттік ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын ұйыимдар болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары еқі түрге: мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді. Қазір 16 зейнетақы қоры болса, оның 1-сі мемлекттік, қалғандары – жеке меншік зейнетақы қорлары..

. Лизинг» сөзі «tо Іеаsе» агылшын етістігінен аударғанда, «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизинг — бұл лизинг берушініц (жаліа берушінің) өзін тиесілі қурал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналган құрылтайшыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануга беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұгыл және қаржылық лизингтер.


  1. Шұғыл лизинг — бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

  2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен үқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген тәлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншІгінде ңала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушынын берген кепілдігі қалады.

Сонымен қатар банкен тұтыну несиесін алуға қажетті қажетті құжаттар тізімі мынадай:



  1. Қарыз алушының анкетасы

  2. Жеке куәлігі (көшірмесі).

  3. СТН (көшірмссі).

  4. Соңгы 12 айга бөлініп көрсетілген жалаңы және басқа
    табыстары туралы жұмыстан берілетін аныктама.

  5. Жүмыс стажы туралы жүмыс орнынан анықтама.

  6. Отбасы қүрамы туралы анықтама.

  7. Некеге тұргандығын растайтын қужаттар (неке туралы
    куәлік, жүбайыңыздың жеке куәлігі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет