1. Технико экономикалық негіздеу



бет24/36
Дата15.12.2023
өлшемі1.06 Mb.
#486657
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Дип.-Өнімділігі-30-тоннатәулігіне-модифицирленген-майлар-цехын-жобалау

5.4. Жарықтандыру.

Өндірістік бөлімшелердің қалыпты жарықталуы еңбекті қорғау, еңбектің жоғары өндірістілігін қамтамасыз етуі және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өте маңызды.


Өндірістік бөлімшелерде күндізгі уақытта табиғи жарықты қамтамасыз ететін әйнек рамалары бар терезе орнатылуы қажет. Жасанды жарық шартты бірлікпен анықталады.
Бөлімшелердегі жарық қарапайым шамдар орнатылған жағдайда 20-30 лк немесе күндізгі шамдар орнатылған жағдайда 75-100 лк болуы керек.
Монометрлер, термометрлер мен басқа да көрсеткіш приборлары қызмет көрсетуші персоналға жақсы, анық көрінетіндей орналасуы қажет.
Жарықпен дұрыс қамтамасыз ету бақытсыз жағдайды азайтып, жұмыс өнімділігін арттырады. Тәжірибеде көрсеткендей, жарық жергілікті жұмыс өнімділігі 15% артады.
Жарықтың техникалық, санитарлы – гигиеналық нормаға сай болуы тиімді деп аталады.
Өндірісте осы нормаға сай жарықты жасау оның негізгі және актуальды есептерінің бірі болып табылады.
Жұмыс орындарында табиғи және жасанды жарық көздерін пайдаланады.
Табиғи жарық терезеден немесе төбеден арнайы жасалған жарық көздеріне түседі. Табиғи жарық жыл мезгілдеріне және тәулікке, сонымен қатар атмосфералық жағдайға байланысты жиі өзгеріп тұрады. Жарықтың түсуіне құрылыстың орналасу жағдайы, айнамен қапталған бетінің өлшемі, терезенің орналасуы мен формасы, қарсы құрылыспен ара қашықтығына байланысты.
Табиғи жарық – адамға ең жақсы, тиімді жарық, бірақ ол толығымен керегімізді қамтамасыз ете алмайды, сондықтан жарық көздерін көп пайдаланамыз.
Барлық жұмыс орындары табиғи жарықпен жасанды жарықты да қолданады. Жасанды жарықтың ең көп тараған түрі – электр жарығы. Ол да табиғи жарық сияқты барлық жұмыс орнында норма бойынша пайдаланылады.
Рациональді жасанды жарық та жұмыс орнына, бірқалпы, ешқандай өзгеріссіз, жағымды жергілікті түрде беріледі. Сондықтан жұмыс орнында рациональді жарық жасау үшін жалпы және жеке жарықтандырулар жасау керек.
Жеке және жалпы жарықтандыру қосылып ұйқасқан жарықтандыру жасайды.
Жұмыс орнын жарықтандыру жеңілдету үшін нормалау қарастырылған, барлық көзбен жасалатын жұмыстар дәлденгені бойынша 8 разрядқа бөлінеді.
Бұл кестеде КЕО сандары жұмыстың дұрыс орындалуына байланысты, жарықтандыру түрлері және өндірістің географиялық орналасуы көрсетіледі.
Өндіріс орындарындағы табиғи жарықтандыру каэфицентінің мәндері.

Өндіріс орындарындағы табиғи жарықтандыру каэфицентінің мәндері


Кесте №16

Жұмыс дәрежесі

Көру жұмыстарының
мінездемесі

Табиғи жарықталудың
мағынасы




Дәлділік дәрежесіне қарй жұмыс түрі

Ең кіші ажырату өлшемі, мм

Жоғары немесе құрастырылған жарықталу кезінде

Жанынан жарықталу, орнықты жамылғы зонада қалған аймақтарда

І

Ең жоғары дәлдік

0,15 төмен

10

2,8/3,5

ІІ

Өте жоғары дәлдік

0,15-0,3

7

2,0/2,5

ІІІ

Жоғары дәлдік

0,3-0,3

5

1,6/2,0

ІV

Орташа дәлдік

0,5-1,0

4

1,2/1,5

V

Кіші дәлдік

1,0-5,0

3

0,8/1,0



Дөрекі дәлдік

5,0 жоғары

2

0,4/0,5

VІІ

Жарқыраған заттармен ыстық цехтағы бұйымдармен істейтін жұмыстар

0,5 жоғары

3

0,8/1,0

VІІІ

Жалпы үнемі өндірістегі процестерге бақылау жұмыстар




1

0,2/0,3

Жарықтану нормасы 1 разрядты көру жұмыстары 1.4.2 - кестеде келтірілген.


Көзбен атқарылатын жұмыстарда жарықтандырудың разрядтарға бөлінуі жұмыс орнындағы жарықты жақсы таңдауға көмектеседі.
Фонның төмен болғанына қарағанда жарықтандыру деңгейінің жоғары болуы керек.

Жұмыс орындарындағы газоразрядты жарықтандырудың нормалары.


Кексте №17

Көру жұмысының мінездемесі

Жұмыс разряды

Тұп разряды

Объекттің фонмен қарама-қарсы ажыратуы

Мінездеме

Жарықталу, лк

Ең жоғары дәлдік




А
б

кіші

күңгірт
орташа
күңгірт

5000
4000

1500
1250




1

в

кіші
орташа
үлкен

жарық
орташа
күңгірт

2500

750







г

орташа
үлкен
үлкен

ақшыл
ақшыл
орташа

1500

400

Жасанды электр жарықтары үшін қызу лампасы және люминисцентті лампалар пайдаланылады. Люминисцентті лампалар жоғары сапалы және табиғи жарыққа ұқсас болып келеді. Олар жарық таратуда және қызмет ету ұзақтығы, сонымен қатар электр энергиясын көп үнемдейді.
Жұмыс орнын жарықтандыру үшін пайдаланылатын электр лампасына қоса түрлі құрал – жабдықтар пайдаланылады.
Олар жарық төбесінің бағытына қарай аз шығын жұмсалып алатын электр лампасына, сонымен қатар жұмысшылардың көздерін зақымдайтын жарықтан сақтау үшін, кейбір жағдайларда жарық көздерінің спектрлі құрамын өзгерту үшін пайдаланылады.
Пайдалы әсер каэфиценті светильникте шағылысатын жарық ағынының лампадағы пайдаланатын жарық ағынының қатынвсынв тең.
Соңғы кезде өндіріс орындарын жарықтандыру үшін жарықтандырудың жаңа жарық түрлері кеңінен қолданылуда, олар: жарықтандыратын төбелер мен панельдер.
Мұндай жарықтандырулар жұмыс орнын тегіс, бірдей жарықтандырады және адамның жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Еңбекті қорғау үшін жарықтандыратын құрал – жабдықтарды орнымен және дұрыс пайдаланудың маңызы зор, сол үшін терезелерді, жарық фоналары мен, светильниктерді жиі – жиі тазартып, күйген лампа мен светильникті дер кезінде ауыстырып, ағымдағы және профилактикалық жөндеулер жүргізіп, жұмыс орны мен аймақта санитарлы тәртіптерді сақтау қабырғалар мен төбелерді әктеп, ашық түсті бояумен бояп тұру қажет.
Жарықтандыру құралдарын пайдаланған кезде тұрақты кернеулікті сақтап және өзгеріп тұруын реттеу керек. Жарықтандыруды өлшеу, бақылау үш айда бір рет жүргізіліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет