1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы «Теңізшевройл» 6. Қалдықтарды игеру



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

39
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
6. Қалдықтарды игеру
6.1 Жалпы мәлімет
Бұл бөлімде ККЖ-ның қалдықтарды игеруге қатысты талаптары 
сипатталған. Қосымша жіті мәліметтер ККЖ қалдықтарды игеру 
жоспарында берілген.
Қалдық дегеніміз ол қажетсіз деп тасталған материал (қатты, 
жартылай қатты, сұйық немесе құрамында газ тәріздес зат бар 
материал) немесе әрі қарай пайдасы жоқ деп тасталған материал. 
ККЖ қалдық деп саналған заттардың және материалдардың 
санын азайтуға, қайта өңдеуге және қауіпсіз әрі экологиялық 
тұрғыдан оңтайлы түрде тастауға бағытталған іс-шараларды 
қамтамасыз етуде. 
Егер де келісімшарттарда басқа талап қойылмаса, жұмыс жүргізу 
алаңындағы барлық қалдықтарды мердігер ұйым сұрыптауы 
тиіс, оларды ККЖ көлік тасымалы жөніндегі компаниясы ТШО 
мақұлдаған нысандарға тасымалдап, төгеді.
6.2 Қалдықтардың классификациясы
Қалдықтар қауіпті және қауіпсіз болып бөлінеді Қалдықтар үш 
түспен белгіленеді - жасыл, сарғылт және қызыл. Классификация 
қалдықтардың қалай игерілетіндігін анықтайды.
Кесте 7. Қалдық түрлерінің классификациясы
 Деңгейі
Қалдық түрлері
Жасыл 
(Қауіпті 
емес)
Қатты тұрмыстық қалдықтар
Құрылыс қалдықтары (мысалы: бетон, кірпіш, ағаш, 
резина, метал)
Тамақ қалдықтары (мысалы: тамақтан қалған жуынды 
және тамақ әзірлеу барысында шыққан қалдықтар)
Пластик
Темір-терсектер 
Бетонның қалдықтары
Қағаз
Рентген түсірілімдері


40
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
 Деңгейі
Қалдық түрлері
Сарғылт
(Қауіпті)
Медициналық қалдықтар
Химиялық заттардың қалдықтары (мысалы құрғақ 
химиялық материалдар)
Майланған немесе майлы қалдықтар (мысалы: майланған 
киім, май фильтрі, май сақтайтын ыдыстар, жеке қорғаныс 
құралдары, көмірсутекпен ластанған абсорбентті 
материалдар)
Маймен ластанған топырақ
Бояудан қалған заттар (мысалы: бояу құралдары, бояу 
жаққыштар, шүберектер, әліпмай,бояу езгіштер, қатып 
қалған бояулар)
Қолданылған май
Люминесценттік шамдар
Қолданылған аэрозоль баллондары
Пайдаланылған майлағыштар
Қызыл
(Қауіпті)
Асбест


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет