33
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Топырақты жырту/қазу жұмыстарын бастамас бұрын, мердігер
ұйым ККЖ құрылыс бөлімімен топырақты төгу орнын келісіп
алуы қажет. Мердігер ұйым қазылып алынған топырақты төгу
жоспарында стратегиясын көрсетуі қажет.
Төгуге немесе уақытша сақтау алаңына
сыртқа кететін кез келген
топырақты декларация/журнал арқылы тіркеу қажет.
Топырақ тасу декларациясының нысаны ЭЕӘ SharePoint сайтында
бар. Мердігер ұйым ай сайын ККЖ ЭЕӘ тобының қарауына
топырақты игеру журналын тапсыруы қажет.
5.4 Жер телімі шекарасын белгілеу
Жоба жұмыстары жүргізілетін барлық аумақтарда жердің
шекарасы анықталған. Мақұлданған жерлердің аумағынан
тыс
ешқандай құрылыс жұмыстары, көлік жүргізу, қоймалау
және басқа да шаралар атқарылмауы тиіс. Құрылыс кезінде
жердің шекарасын айқын белгілеу үшін мердігер ұйым жұмыс
аумағының шекарасы бойымен шамамен 50 м аралықта қазық
белгіні орнатуға жауапты. Желілерді салу кезінде қазық белгіні
тек қана белсенді жұмыстар жүріп
жатқан алаңға қою талап
етіледі және оны құрылыс жұмыстары кезінде алмалы-салмалы
түрде қайта пайдалануға болады.
Мемлекет Компанияға бөліп берген/Компания өз ішінде
үйлестірліп берген жер телімі аумағында жұмыс жүргізу неліктен
маңызды?
f
Бөлініп берілген жер телімінің шекарасынан ауытқу ҚР
талаптарына сәйкес келмеу болып табылады
f
Жобаның нәтижесінде пайда
болатын экологиялық әсердің
ізін азайту
f
Сезімтал алаңға (мысалы: мәдени мұра алаңы) ықтимал әсерді
азайту
f
Қайта қалпына келтіру жұмыстарын азайту (шығындарды
үнемдеу тиімділігі).
Қазық белгілері көзге жақсы көрінетін болуы тиіс. Қоршау немесе
сақтандыру лентасын пайдалануға тыйым салынады. Түрлі түсті
арқандарды немесе шынжырларды пайдалануға рұқсат етілген.