49
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
6.11 Құрамында сынап бар қалдықтарды игеру
(люминесценттік шамдар)
Барлық люминесценттік шамдарда аздап сынап болады. Бұл
шамдар сынған кезде ауаға сынап
таралады және оның адам
денсаулығына және қоршаған ортаға әсер ету ықтималы бар.
Бұған қоса, құрамында сынап бар люминесцентті шамдар
қауіпті қалдықтар ретінде саналады. Мердігер ұйым келесілерді
орындауы тиіс:
f
Қолданылған шамдарды өнім жасаушының кеңірдекті қалың
қатырма қағаздан жасалған қорабына салыңыз.
Арнайы қорап
болмаса, әрбір шамды олар бір-бірімен жанаспайтындай
немесе кенеттен зақымданбайтын етіп тиянақты түрде қағазға
немесе қатырма қағазға орап салу керек
f
Пайдаланылған
сынапты шамдарды кілттенетін, герметикалық
сыйымдылықта сақтауды қамтамасыз етіңіз
f
Сынап бар шамдарды көлденең жатқызып салыңыз (тігінен
емес)
f
Сынап бар шамдар мен қалдық сақтау орындарының асыра
толып
кетпеуін қамтамасыз етіңіз
f
Сынап бар шамдарды уақтылы жинап тұрыңыз
f
Қапталған шамдары бар сыйымдылықтарды қалдықтарды
игеру компаниясының көлігіне қауіпсіз түрде салу жұмыстарын
ұйымдастырыңыз
f
Алдыңғы
бөлімде сипатталғандай, түзелген қалдық пен
қалдықты тасымалдауға арналған журнал немесе тіркеу
тізімдемесін арнаңыз
f
Сынап бар шамдардың қандай да
бір зақымдануы туралы
Компанияға хабар беріңіз
f
Сақталып тұрған шамдарды апта сайын тексеріп, ешқандай
зақымдану немесе сынудың
болмауына көз жеткізіңіз
f
Сынып қалған шамды тазалау қажеттілігі туындаса қойма
алаңында нитрилді қолғаптардың (i), (ii) шүберектің немесе
жабысқақ таспаның және (iii) пластик пакеттердің болуын
қамтамасыз етіңіз.