1-Тәжірибелік сабақ. Ауа температурасының мәліметтеріне өңдеу жүргізу



бет4/4
Дата06.09.2022
өлшемі68.09 Kb.
#460308
түріСабақ
1   2   3   4
1-Тәжірибелік сабақ Агрометеорология

Ал салқын төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температура жоғарылайды. Оны температура инверсиясы деп атайды. Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдылығының орнына керісінше жоғарылауы төменде жер бетінде ауаның өте суынуымен байланысты. Мысалы, Қапшағайда (430 м) қаңтардың орташа температурасы - 11,4°С, ал Алматыда (848 м) - 8,0°С шамасында болады. Медеуде (1529 м) - 4,9°С, Үлкен Алматы көлінде (2511 м) - 9,5°С-қа дейін қайтадан төмендейді.

Қазақстанның ең жылы айы — шілде. Шілденің орташа температурасы республиканың солтүстігінде (Петропавл) 19°С, оңтүстігінде (Дарбаза) 28-30°С. Жазда жылудың таралуына күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. Сондықтан оңтүстікке барған сайын ыстық арта түседі. Ең жоғарғы температура солтүстікте 41°С, ал оңтүстікте 47°С-тан аспайды. Биік таулы аймақтарда жоғары көтерілген сайын шілденің орташа температурасы төмендейді. Мысалы, Алматыда ол 22,3°С, Медеуде 18,5°, Күйгенсайда 14,6°С, Үлкен Алматы көлі ауданында 11,4°С болады. Тауларда орташа айлық температураның қоршаған ортаның жылы болатындығына қарамастан, кейбір кездері температура 0°С-тан төмендеп, салқын түсіп, үсік жүретін күндер де кездеседі. Жылдық орташа температуралық ауытқуы (амплитуда) республиканың солтүстігінде 38-40° болса, оңтүстікте ол 30-35°. Қазақстанның солтүстігінде температураның тәуліктік ауытқуы едәуір. Қаңтар айының орташа тәуліктік ауытқуы - 9°С, ал жазда ол 13°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстігінде орташа тәуліктік ауытқу қаңтар айында - 9°С, шілде айында 19°С. Жаздағы ең үлкен тәуліктік ауытқу шөлдерде байқалады, онда 30° С-қа дейін жетеді. Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет