1.6.2 Оқыту әдістемесі
-
теннисші тіреуішті орындағаннан бұрын қолын артқа жібермеу керек; соққыны жасау қашықтығы үлкен болмау керек – бұл оған үлкен күш береді.
-
ойыншының иығы мен білегі оң жағынан болса, қалақша тік қалпынан ауытқиды, түрткінің жылдамдығы мен соққы күшіне әсер етеді.
-
тіреуішті түрткімен орындаған кезде, соққыға қосымша күш беру үшін бұрылыстар жасаудың қажеті жоқ.
-
соққының дұрыс қалпын анықтау үшін шектеулі кеңістікте орын ауыстыруға әрдайым жүгінугі қажеті жоқ.
-
қол буынның артқы қозғалысының салдарынан әрдайым допқа соққы берілетін бұрышы өзгереді немесе ойыншы оған уақытынан бұрын күш көрсетеді.
Жаттығулар кешені
-
жаттығушының бақылауымен оң және сол жақ тіреуішті орындау;
-
жаттығушымен берілген топ-спинге қарсы оң және сол жақ тіреуішті орындауын үйрену;
-
оқушылардың топ-спинге қарсы оң және сол жақтан ауыстырып өздігінен үйрену;
-
белгілі зонадан белгілі зонаға оң және сол жақтан тіреуіші;
-
бір нүктеден әр түрлі нүктелерге оң және сол жақ тіреуіштер;
-
барлық алаңнан бір нүктеге оң және сол жақ тіреуіштер;
1.7 кесіп алу (подрезка)
1.7.1 қысқаша теориялық мәліметтер
Кесіп алу техникасына 2 ерекшелігінің болуымен сипатталады. Қатаң соққы мен соққыны орындау кездегі белсенділік.
Қатаң кесіп алудың негізіне соққы орындаған көптеген жағдайларда түсіп бара жатқан үстелден біршама алыстаған кезде доп бойынша орындалады. Сонымен ойыншы дайындалып алуға қажетті уақытты алады; сол уақытта құлап бара жатқан доптың жылдамдығы мен айналуы төмен және әлсіз болғандықтан, жауап соққыны беруге де аса үлкен қиындық тудырмайды.
Кесіп алудың белсенді мінезі оның вариативтілігінімен түсіндіріледі; доптың оң және сол жақ айналу күшінің, ұшу бағытының жалпақтығы мен үстелдің ұзындығымен де айырылады. Бұл, ережеге сай, шабуыл кезінде қарсыласты қиын жағдайға соқтырып, енжар әрекеттер істеуге мәжбүр етеді, мүлт етулер де мүмкін.
Ойынның табысты тәсілдерін үйрену үшін, доптың ұшу траекториясын доға тәріздіге келтіретін және айналу, сондай-ақ ұзын және қысқа доптарды орындау кезде, доптың төменгі айналу тәсілдерін үйрену қажет.
Допқа төменгі айналуды беретін және ұшу траекториясы доға тәрізді болатын кесіп алу. Ондай кесіп алудың ерекшелігі қарсыластан қайтып келген доп үстелден қарғып кетуінен кейін төмендеген кезде орындалуында болады. Осы кезде доптың айналуы әлсізденіп және соққыны төменгі нүктеден орындайды, күшін жарым-жарты қолдануға, жоғары бағытталған табиғи доға тәрізді траекторияны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан қолдың күшін азайтуына мүмкіндік беретін, сондай-ақ траекторияның ұшу биіктігін бақылауын және жауап соққының нақтылығын күшейтуінен басқа, доптың айналуын да жеңіл күшейтуге мүмкіндік береді.
Кесіп алуды орындаған кезде, ең алдымен қарсыластың доп берген қашықтығына байланысты үстелден белгілі тұру қалпын ұстау қажет. Егер доп үстелдің артқы сызығынан жақын түссе және ұшу жылдамдығы үлкен болса, ойыншыға жылдам бір қадам артқа шегінуге керек. Егер доп үстелдің ортаңғы зонасына түссе, онда бір қадам алға жүру керек. Ереже бойынша, допқа соққыны өзінің алдында оң жақтан орындайды.
Кесіп алуды орындамастан бұрын ойыншы доп бойынша соққы беретін нүкте мен қалақшаның арасындағы қажетті қашықтығын қамтамасыз етуіне жылдамдатуына қажет үдеу беру үшін, артқа-үстіне қарай үлкен сілтеу жасайды.
Тізе әдетте бүгілуден сәл көбірек болу керек – бұл теннисшіге қатаңдылық береді, кесіп алуды күшті етеді.
Доп жақындаған кезде ойыншы қолының күшімен ең алдымен допқа қысым түсіреді, ал содан кейін кесіп алудың өзін орындайды, яғни алдымен иығын үдетеді, содан кейін білегін және допты алдына бағыттайтын соққыға үлкен күш келтірілетін доп бойынша төмен соғады. Кейбір жағдайларда доптың күшті төменгі айналу соққысын орындаған кезде ойыншы сәл алдына қарай еңкееді, еңкейіп сондай-ақ тізесін бүгеді, қолға қосымша күш беру үшін доп қалақшаның бетімен жанасқан кезде беті тым артқа ауытқымау керек, ал ортаңғы жағымен жанасқан кезде төменге қозғалып, сол кезде ойыншыға биік доптардын құтылу үшін қол буынына көп күш жұмсау қажет.
Егер қарсыласпен шағылған доптың үстіңгі айналуы қатты болса, онда мүмкіндігінше қалақшамен жанасуын оның айналу осіне жақын жанасу қажет.
Денеге бағытталған кесіп алу добы. Ойыншыға қарсыластың денеге бағытталған кесіп алуын жорамалдауға қиынға түседі. Егер доп ыңғайсыз берілсе, ойыншыға қарсыластың үздіксіз шабуылдарынан құтылу қиынға түседі және мүлт жіберіп алу жағдайы да болады. Сондақтан қарсыластың дәл денеге бағытталған кесіп алуын нақты орындаған кезде, жылдам орын ауыстырып және шегінуге тура келеді, допқа соққы берілетін нүктеден мүмкіндігінше алыстау керек. Одан басқа қарсыластың үздіксіз шабуыл жасауына мүмкіндік бермеу үшін қарсыластың шабуыл кезінде бағытталған жауап доптардың қай бағытта ұшатынын қатаң қадағалау қажет.
Қарсыластың шабуыл денеге тура бағытталған кесіп алуларды орындаған кезде, доптың қай бағытта ұшатынын – дененің оң әлде сол жағына ұшатынын жедел бағалауға өте маңызды, содан кейін қандай техникалық тәсілді қолдануға болатындығын таңдау керек. Егер қарсыластың берген добы денеден сәл ауытқыса, онда ойыншыға оң жаққа және сол жақ кесіп алумен допты қабылдап шегінуі қажет. Егер қарсыласпен шағылған доп дененің ортаңғы сызығына бағытталса немесе сәл солға ауытқыса, онда ойыншыға сол жаққа және оң жақ кесіп алумен допты қабылдап шегіну қажет.
Денеге тура бағытталған сол жақтан кесіп алуды орындаған кезде, оң жаққа шегінумен қолды оң бүйірге қысу қажет, ал білекті допқа шапшаң соққыға әкелетін, қалақша кеудеден жоғары тік қалпында болатындай етіп жоғары көтеру керек. Доптың денеге жақындаудан бұрын теннисші білегімен жоғарыдан төмен қоғалыс жасайды (ойыншы үстелден алыс тұрған сайын, соққы да күштірек болады; ойыншы үстелге жақын болғанда күшін төменге аз береді, доптың ұшу траекториясының биіктігін қадағалауға мүмкіндік береді;).
Денеге тура бағытталған оң жақтан кесіп алуды орындаған кезде, сол жаққа шегінумен иық денеге тығыз жанасатындай, ал білек сол жоғары қарай көтерілгендей қалақша тік қалпында тұратындай етіп қою керек. Доп жанасқан кезде, негізінде білекпен төменге қарай орындайды. Жауап доптың ұшу траекториясының биіктігін қадағалау үшін доп пен қалақша жанасқан моментінде иық дененің алдында қозғалады. Қол буыны сондай-ақ ішке қарай бүгіледі. Ондай қозғалыс кезінде доп қарсыластың алаңының оң бұрышына ұшады; егер доп пен қалақша жанасқан кезде айналу қозғлысын орындамаса, ішке бағытталған, ал қол буыны қалақша сол жаққа сәл кететіндей етіп жайылады, ондай жағдайда доп қарсыластың алаңының сол жақ бұрышына ұшады.
Денеге тура бағытталған кесіп алу сол немесе оң жақтан орындалуына тәуелсіз,егер шағылған доптың жылдамдығы үлкен болса, ойыншының денесін жақындайын деп келгенде, төменге бағытталған доптың ұшу траекториясы төмен болатындай табиғи күшімен қолдың күшін толықтыру үшін, доппен жылдам соққы беруінен бір уақытында жоғары ескеру қажет.
Кесіп алудың неігзі тәсілдерін үйреніп алғаннан кейін, ойыншыға сондай-ақ қысқа жауап соққыларды орындауға мумкіндік беретін жылдам орын ауыстыру тәсілдерін үйреніп алуға қажет. Жылдам орын ауыстыруды қолданғанда, ойыншы соққы нүктесі алдында болатнын мұқият бақылау қажет. Егер орын ауыстыру сол жаққа жылдам орындалса, онда соққы нүктесі ойыншының оң жағының алдында блу керек; егер сол жақтан болса, онда ойыншының сол жағының адында болады.
Оң жақтан кесіп алу. Бұл техникалық тәсілдің негізгі мақсаты – допты қарсыластың алаңының жағына қайтару, оған төменгі айналуды беріп және ұшу траектриясы төмен болады. Бұл тәсілді жаңа келген ойыншыға қарсы сондай-ақ қорғау ойынында қолданады. Алайда жоғары деңгейдегі ойыншылар кесіп алуды шабуыл әрекеттеріне өту үшін аралық құралы ретінде пайдаланылады.
Қозғалыстың бастапқы сатысында сол аяғы мен сол иығы үстелдің сол бұрышында жақын орналасады, оң жақ аяғы артында, аяқ тізеде сәл бүгілген, ауырлық күші оң аяғында, қалақша иықтың деңгейіне дейін жоғары тұрады, бірақ күшейтілмеген. Қол білегі табиғи қалпында, қалақшаның тұтқасы төменге бағытталған, дене үстелге қатысты тік бұрышта болады. Бұл кезде ұшып келе жатқан допты қарсы алуды дайындалып, қол алдына төмен қозғала бастайды. Доп пен қалақша жанаспас бұрын дене сәл төменге еңкейіп, сол жақтан оңға қозғалады, доп пен қалақшаның жанасуы ойыншының кеудесінің алдында болатындй етіп қол алдына қарай төмен және сол жаққа қозғалуын жалғастырады.
Доп пен қалақшаның жанасу моментінде допқа төменгі айналу беретіндей етіп, білек қалақшаға үдеу береді. Осы кезде дененің ауырлық күші біртіндеп оң аяқтан сол аяққа ауыстырылады. Ксіп алудан кейін доп инерция бойынша алдына және солға қозғалады, ауырлық күші сол аяққа түгелімен ауыстырылады. Дене үстелге бұрылады. Ойыншы келесі соққыны орындау үшін алғашқы қалпын келтіреді.
Сурет 13 сол жақтан кесіп алу
Сол жақтан кесіп алу. Сол жақтан кесіп алуды орындау үшін негізгі қалпы оң жақтан кесіп алуды орындау кезінде тұру қалпынан қарама-қарсы. Доп пен ойыншының алдында болған кезде, білек үдемелі алдына, төмен оң жаққа қозғалады. Доп пен қалақша жанасу кезінде қол білегінің қозғалысымен жоғарыдан төменге білектің қозғалысының қадамы бойынша бопқа төменгі айналудың күші беріледі. Дортың ұшу бағытын өзгерту үшін қол білегінің қозғалысын қоланады. Қозғалыс үрдісінде дене сәл бұрылып, ауырлық күші оң аяққа ауытырылады.
Оң жақтан кесіп алудан айырмашылығы сол жақтан кесі алу ойыншыға бағытталған тура доптарды қағуға мүмкіндік береді. Ондай жағдайда қозғалысты білекпен және қол буынмен орындайды. Қалақшаның ауытқу бұрышын мен доп бойынша соққының күшін, сондай-ақ ойыншының оң жақтан кесіп алуы ойнынан анықталады.
Қалақшаның ауытқу бұрышы (көлденең бетке қатысты) соққының кезінде 0-90° қа дейін болады. Егер қарсылас төменгі айналуы бар допты берсе, күшті болған сайын, ауытқу бұрышы да өткір болады. Өте күшті қарсы кесіп алу кезінде қалақша доптың астына дерлік көлденең болады. Үстіңгі айналуы бар допты қағу кезінде қалақшаның ауытқу бұрышы көп болады.
Өте қатты үстіңгі айналу және кесіп алу кезінде шұғыл болу керек, ал қалақшаның бағыты дерлік тігінен болу керек. Кейде ондай аса айналған доптарды айналу жылдамдығы азайған кезде жерден де қағып алады.
Кесіп алу кезінде оны қабылдайтын соққы күші қарсы доптың жылдамдығынан және үстелдің қашықтығынан тәуелді болады.
Сурет 14 сол жақтан кесіп алу
1.7.2 Оқыту әдістемесі
-
сітеу кезінде қолды иықтан биік көтерме, ал оң жақ кесіп алу негізінде қалақшаны оң иыққа қойма, шынтақты денеге.
-
Қол мен қалақшаны соңына дейін жазған кезде, қозғалыстарды байсалды бірақ үдемелі. Ең үлкен жылдамдықты қалақша соққының кезінде жету керек.
-
Допқа соққыны қарғып түсудің ең биік нүктесінде алдында жағынан орындау керек.
-
Кесіп алу негізіне қозғалыстың соңын басқа жаққа емес, торға қарай алдына-төмен.
-
Қайтып келген доптың бағыты мен айналу күшіне байланысты қалақшаның ауытқу бұрышын өзгертіңдер. Айналу көп болса, қалақшаның ауытқу бұрышы да аз болады. (қалақша артқа қарай еңкейтілген)
-
Кесіп алуды орындау кезінде әсіресе қол буынына допқа қатты төменгі айналуды беретін білектің белсенді жұмысын негізгі мән береді.
Жаттығулар кешені
-
жаттығушының бақылауымен оң және сол жақ кесіп алуды орындау;
-
жаттығушымен берілген кесіп алуға қарсы оң және сол жақ кесіп алуды орындауын үйрену;
-
оқушылардың кесіп алуға қарсы оң және сол жақтан ауыстырып өздігінен кесіп алуды үйрену;
-
оң және сол жақтан кесіп алуды түрткі соққысына қарсы соққы;
-
үстелдің әр түрлі зонасына оң және сол жақ кесіп алу соққыларын кесіп алуа қарсы қолдануға үйрену;
1.8 Тактикалық дайындық
Тек қана физикалық жағынан ғана, шабул және қорғау сілдерін жақсы білетін, жеңіске тырысу еркі үлкен күші бар, өзінің барлық жақсы қаиеттерін, ақылды, және қарсыластың кемшіліктерін есеппен қолданатын теннисшілер жарыстарда едәуір табысқа ие болатыны мәлім.
Бірінші этапта жаңадан келген ойыншының допты ұзақ жылжымалы негіделген ойын тактикасы, ойын тәсілдерін таңдау әлжуаздығымен ерекшеленеді. Екінші этапта оң және сол жақтан бірегей бөлек соққылардан, кесіп алу мен үйлестірілген және тіреуіштерден құралады. Үшінші этап жетілгендік этапы, шабуыл және шабулға қарсы тұру үйренуінде негізделеді, және ойында әр-түрлі технико-тактикалық тәсілдерді жақсы үйреніп қолдану.
Соққылардың техникалық классификациясы
-
доп берулер:
-
ұтыс ұпайына тура бағытталған шабуыл
-
шабуылға дайындау
-
қарсыласқа шабуылдауға бермейтін, қорғау
-
соққымен доп беруді қабылдау:
-
шабуылмен;
-
дайындалған;
-
қорғалған;
-
соққы аралық, жеке, қайталанатын соққылар
-
шабуыл соққылар:
-
жазу (накат);
-
топ-спин;
-
аяқтайтын соққы;
-
«шырақ» бойынша соққы;
-
Шабуылға қарсы соққы;
-
Қысқартылған тежелген соққы;
-
Доптың айналу бағыты мен күші ойыша әр түлі соққылар
-
Айналуынсыз доп;
-
Айналуы жоғары, төменгі, жақ болып келетін;
-
Қорғау соққылар:
-
Әр түрлі белсенді- қатты кесіп алу («запил») және айналған «шам»
-
Бірнеше енжер, көп ретті қайталанатын сол үстелдің бұрышына
-
Доптыңұшу бағытына ерекше, соқылар
-
Тік бойынша;
-
Диагональ бойынша;
-
Үстел бұрышынан қиғаш;
-
Үстел ортасынан қиғаш;
-
Үстелдің алыс зонасынан бұрышынан ортаға
-
Доптың ұшу ұзындығы бойынша ерекшеленетін соққылар
-
Қысқа
-
Орташа;
-
Зын;
-
Қарсыластың жағындағы қарғып түсудің биіктігі бойынша соққылар?
-
үстелдің деңгейінен төмен:
-
Тордың деңгейінене төмен:
-
Орташа (20-30 см)
-
Биік (50-60 см жоғары);
-
Доптың ұшу жылдамдығы қарғы түсу биіктігі бойынша соққылар
-
Ақырын;
-
Орташа:
-
Жылдам;
1.8.1 Ұтыс ұпайын ойнату тактикасы
Қарыласпен берілген допты қағу кезінде қолданылатын қарсы тұру шабуылы бірінші үш соққыны қабылдануға ұсынады. Ол ойыншының барлық ойынында ынтасын өзіне аударуына үлкен рол атқарады. Егер ойын кезінде қарсыластар бір біріне шабуыл доп берулерді қолданып және қарсыласпен берген допты қаға алмаса, онда оның әрекеттері енжар сипатқа ие болатын қалпында болуы әбден мүмкін. Сондықтан ұтыс ойнату тактикасын ойнатылуында белсенді ойын мен ынтасын өзіне алуында негізделуі керек. Бастысы шабуыл соққыны бірінші беру немесе күштер тепе-теңдігін жасау болып табылады. Ойыншылар жылдам шабуыл стилін ойыншының жиі өзгеретін және әр түрлі техникалық тәсідерді белсенді қолдану керек. Сондай-ақ жеке ерекше тәсілдермен үйлестіріп, ойында өзінің толық ойын басымдылығын көрсету керек.
Жылдам шауыл ойын стилін қолданатын ойыншылар үшін ұтыс ұпайын ойнату тактикалық тәслдері.
-
Ойыншы басты жазу немесе тіреуішінен қарсыластың сол жақ бөлігін қадағалайды кенеттен допты үстелдің ортасына бағыттайды.
Айналуы жоқ қысқа доптармен, үстіңгі немесе айнлуы жоқ қысқа оптармен, үстіңгі немесе айналуы бүйірінене болатын доптарға қарсы күрес үшін, сондай-ақ төменгі айналуы және айналусыз ұзын доптарға қарсы оң жақты топ-спинді бірдей немесе сол бұрыштан оң жақты жазужы сол жақтан тіоеуішті ойын доптың төменгі айналуы қатты болған кезде тіреуіш тәілін қолдануға қыин болады. Шабуыл соққылардың шеберлері доптарды қабылдау кезіне ойыншы екі ақтан оң және сол жақтан жазуды қолданады.
Қарсылас тордың сол жағына жақын қысқа соққыны берген кезде, бастысы қарсыластың оң жақ бөлігінене немесе сол ортасына бағытталған, сол жақ алаңына оң жақ соққылармен тіреуішпен кенеттен жазулармен үйлестіруге болады. Доптарды қабыдаған кезде, барлық күшімен төменгі айналуы бар доптарды басу керек. Ойыншыға байу ойнауын беруіне болмайды.
Жылдам шабуыл ойнау тәсілін қолданған ойыншыға допты қабылдаған кезде жазу және тіреуіш тәсілін қолдану керек, біріншіден допты жіберіп алмау тактикасына қарсы тұру үшін, екіншіден белсенді шабуылға қарсы тұруды ашу үшін, өзінің ойын стилін толық басымдылығын көрсету үшін.
-
Негізінде шапшаң кесіп алумен қысқа соққыларды және оларды төменгі айналуы бар шапшаң кесіп алумен ұзын доптарды орындаған кезде, ойыншы қарсыластың әрекеттерін қадағалауын жазуын немесе кенет күшейтілген соққыны орындап жүзеге асыру қажет, содан кейін ынтасын өзіне аударуына тырысу керек.
Төменгі бүйірінен айналуы бар доптармен, төменгі айналуы бар қысқа допта немесе допты негізінде қарсылсытың әр түрлі нүктелеріне бағытталған ойнату үрдісінде кенет тіреуішпен жылдам кесіп алуға жүгінеді. Егер қарсылас үстелдің қасында болып қарсыластың сол жаққа бағытталған ұзын доптарға қарсы ұшу траекториясы төмен болған қысқартылған шабуыл соққы беруге дайындалса, онда кенет шапшаң кесіп алулармен үйлесітрігенді қолдануға болады, қарсыластың шабуылын бірінші болуына кедергі жасайды. Содан кейін кесіп алу кезінде жазуды немесе кенет соққыларды бірінші болып орындауға ұмтылу керек; ешқашан кесіп алуларды әрдайым қолдануға болмайды.
Ондай тактиканы қолданған кезде, ынтасын өзіне аударғысы келген қарсыластың соққы қуатын азайтуға болады. Егер де қарсыласқа жазуды орындайтын жағдайы туса, онда оның соққы күші аса үлкен болмайды. Алайда сайыс кезінде ойыншыға айналусыз доптар немесе қысқа бүйірінен айналған допты қайтадан қабылдау кезінде әрдайым есіп алуларды жиі қолдануға болмайды, қарама-қарсы жағдайда оның әрекеттері енжер сипатқа ие блатын қалпына келеді.
-
Доптардың шағылуы кезінде шабуыл құқығынан алу.
Бүйірінен үстіңгі немесе төменгі айнлуы бар доптарға қарсы күрес үшін және айналуынсыз қалайлы жағдайда шабуыл құқығын алып алу тактикасын қорқпай қолдануға болады. Қарсыластың қысқа соққылары кезінде қысқартылған шабуыл соққыларға жүгінуге болады, ұзын соққы кезінде – жылдам шабуыл немесе орташа күшті шабуыл соққыларды қарсыластың ортңғы немесе оң жақ алаңына бағытталған соққыларды қолдауға болады. Шабуыл соққыларды екі жақтан жіберетін ойыншы, екі жақтан шабуыл соққыларды алу траекориясын толық артықшылығын қолдана алады.
Ұтыс ұпайын ойнату кезінде шабуыл соққыларды басып алу кезінде, ойыншыда жазуды және кесіп алудан қиынырақ болады, алайда бұл тәсілдің әсерін әлдеқайда көп болдады. Жазу мен кесіп алуды қайтадан орындау кезінде кесіп алуда шабуыл соқыдан гөрі сенімдірек болады. Сайыс кезінде ойыншы шапшаң шабуыл соққыны қарсыластың добын қағып алуында қабылдануы, шапшаң шабуыл соққыны орындау уақытын дұрыс таңауынан тәуелді болады. Шапшаң шабуыл соққыны соқыр орындамау үшін, қарсыластың әрекеттерін нақты бағалауға өте маңызды, содан ғана батыл шапшаң шабуыл соққыларды жасауға мүмкіндік туады.
1.8.2 Ұтыс ұпайын ойнату кезінде шашаң соқыларды орынау техникасы
Ұтыс ұпайын ойнату үрдісіндегі жылдам соққылар – бұл ойында қарсыластың әрекеттерін басу үшін, доп берумен ынтасын басып алу үшін теннисшілермен қолданатын, шабуыл соққылар тәсіліне сай маңызды техникалық тәсіл. Нақты және дұрыс орындалған ойыншының әрекеттері қарсыластың барлық стратегиялық жоспарын бұзып, оның жақындасуына әкеліп соқтырады.
Бұл техникалық тәсілді қолдану күшетердің тепе-теңдік кезінде ойында ынтасын өзіне аудару үшін маңызды. Егер ойыншы есепте озып жатпаса, онда ойынның шекті моментінде бұзылуына ақырғы жылдам соққыны қолдануға болады.
Қытай теннисшілердің ойындарын қорытындылай келе, жылдам соққыларды қолданатын ұтыс ұпайын ойнату кезінде шапшаң соққылардың тактикасы келесі бағыттарда бар.
-
Ойыншы сол жақ соққымен допқа үстіңгі бүйірімен немесе төменгі айналуы және допты торға қысқа оңға қарай қарсыластың алаң жартысының ортаңғы сызығына бағыттайды. Ойыншы қарсыластың алаңының бұрышына ұтыс ұпайын ойнату кезінде жылдам шабуыл доптарды орындау үшін жағдай жасау үшін қысқа доптарды ұзын доптармен үйлестіреді.
Екі жақтан шабуыл соққыларды орындайтын теннисшілер жиі соққыларды ауыстыру кезінде жылдам соққыларды орындау тактикасына ұшыратады. Қысқа соққыларды орындап, ойыншы қысқартылған соққыны орындайды, содан кейін жылдам соққы қарсыласқа қорғау тәсілдерді орындауды қиындатады.
Қазіргі уақытта екі жақты айналуды қолданатын ойыншылармен күрес үшін сол жақтан шабулға белсенді сипат беретін жылдам шабуыл соққыларды қолданады. Қысқа доптарды орындаған кезде доп шағылғаннан кейін қарсыластың үстелінің шегінен шығып кетпейтінін бақылау қажет, онда шабуылдауға брінші болып беруге мүмкіндігі болмайды (алайда, егер күрес кезінде кейбір жағдайларда доп кесілген, үстелдің ортаңғы сызығынан оңға қарай ауытқып, шектерінен шықса, жылдам шабуыл соққыларды жасауға қолайлыжағдай туғызып, бұл қарсыласқа допқа айналуды беретін, сондай-ақ қысқа жауап доптар орындауға қиындатады). Егер қарсылас үстел қасында ойнаса, ойыншы жауап доптарын негінде үстел бұрыштарына ұзын доптармен бірге шапшаң шабуыл соққылармен үйлестіреді.
Осында тәсілдерді жақсы айналумен орындауға, доптың ұшу ұзындығы мен бағытта әр түрлі болуы маңызды, онда қарсыласқа бірінші блып күшті соққы беруге қын болады. Егер қарсылас екі жақты айналуды орындаса, қарсыластың допты оңай айналдыру моментін тосып, кейде үстелдің ортаңғы сызығының бойымен ұзын доптармен жауап беруге болады.
-
Тәсілдің негізінде доптың ұмтылған төменгі айналуымен сол жақтан соққымен үйлістіруі жатады. Қысқа доптар және допқа ұмтылған үстіңгі айналу соққыларымен үйлестірілген. Содан кейін ойыншы допты шабуылмен немесе тіреуішпен басып алады.
Бұл тактикаға жиі тіреуіш көмегімен ұпай ұтатын теннисшілер ұтады. Бұл тактикалық нұсқада доптар жылдам және төменгі айналуымен беріледі. Нәтижесінде қарсыласқа жауап допты орындау қиынға түседі. Егер оның бағытталған добы ұшу траекториясы биік болса, онда күшейтілген тіреуішті басып немесе сол жақ бұрыштан жылдам оң жақ соққыны қолдануға болады. Алайда егер ойыншы екі жақты айналуды және үстелден бірталай қашықтықта тұрған қарсыласқа қарсы күрес жүргізсе, онда бұл тәсілді қолданғаннан әсері болмайды. Ондай соққыларға қарсылас қатты топ-спинмен жауап бере алады. Сондықтан бұл жағдайда оыйыншыға ең алдымен қысқа доптарды қарыластың алаң зонасына бағыттау керек, содан кейін қатты төменгі айналуын беретін соққыларды жасау керек.
Шабуыл кезінде ынтасын басып алу траектриясы әсіресе үстел қасында немесе оң жақтан бір жақты шабуыл соққыларына қарсы ойнаған қарсыластың шабуыл соққыларына қарсы тұруында қолайлы. Бұл нұсқада жауап әрекеттерін орындаған кезде доптардың кең шашылуына жүгінуге қажет. Екі жақтан топ-спинді орындайтын қарсыласқа қарсы күрес үшін доптардың қарсыластың денесене орташа сызығы бойымен бағыттау қажет. Қарыласты жаңылту үшін кейде қатты жоғарғы айналуы бар допты қайтару қаже.
-
Қарсыластың айналуымен және айналусыз немесе оның ортыңғы зонасына оң жақ бөлігіне оң жақтан қысқа соққылармен шапшаң шабуыл соққыларды ұзын соққылармен үйлестіруіне рұқсат ететін доптарын қайтару.
Ондай доптарды негізінде тордан орташа сызығына сәл оңға қарай бағыттайды. Кейбір жағдайда допты қарсылас жазуды орындаған кезде қателесетіндей жағдай туғызатын допты қағып тастауға болады. Ортада тұрып – айналумен және айналусыз оң жақ соққымен доптарды қағуға, шапшаң соққылар сериясын орындау тактикасына жүгінеді. Сол жақтан диагонаоль бойынша жылдам шабуыл соққыларды қарсылас көбінесе сол жақтан соққылармен қабылдайды. Егер де шапшаң шабуыл соққылар сериясы түзу бойынша сол жақтан шапшаң шабуыл соққылармен үйлестірілген тактикасын қолдануға мүмкіндік болса, онда ол қарсыласқа одан да көп қауіп төндіреді.
-
Қарсыластың оң жақ бөлігіне бағытталған үстіңгі айналу немесе оң жақ бүйірінен шапшаң оң жақ доптардың доп беруі немесе шапшаң ұзын шабуыл соққылары түзу бойымен сол жақ бүйірінен айналуы мен қысқартылған соққылармен үйлестірілген қарсылатстың оң жақ бөлігіне бағытталған доп берулер.
Достарыңызбен бөлісу: |