1. Теннисшілердің техникалық дайындығы



бет2/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#139912
1   2   3   4   5   6

1.4 Жазу (накат)
1.4.1 Қысқаша теориялық мәлімет

Жазу ойынның техникалық тәсілдердің негізгі шабуыл соққылардың бірі деп саналады. Оның көмегімен допты басқа жаққа лақтырудан басқа, допқа соғу арқылы үстіңгі және төменгі айналу орындау болады. Бұл тәсіл арқылы шабуылға жауап қайтарып, жазумен шабуылға қарсы шығуға да болады. Осы жағдайда соққы шабуылға қарсы шығу деп аталады.

Жазуды қолдану ойын түрленендіріледі. Шапшаң қарқында ойнау, доптың бағыты мен айналу күшін өзгерту, қарсыласты жеңу мүмкіндігін береді.

Сол жақтан жазу. Сол жақтан жазу орындау кезінде, оң жақ аяқ алдында, ал сол аяқ артында, дене сәл сол жаққа еңкейтілген, аяқ тізеде бүгіледі, қол шынтақта бос бүгілген, иық денеге жақын, білек еден бетіне параллель, қалақша ойыншының сол жақ бүйірінде және тордан сәл еңкейген, дененің салмағы екі аяққа бір қалыпты үлестірілген. Доп үстелден жоғарылағанда, білек алдына қарай қозғала бастайды, ал қалақша белбеудің деңгейінен оң жаққа жоғары қарай қозғалады. Доп өзінің қарғып түсу нүктсінің ең жоғарғы деңгейін жетіп құлап бара жатқан кезде, қалақша, үстел бетінің бойымен тік бұрыш жасап, доптың ортаңғы жағымен түйіседі. Бұл түйісу кезінде доп ұшудың қисық траекториясын жасап, қол буыны жеңіл қозғалысымен қалақшаны жауып алдына қарай қозғалады және тор арқылы ұшып қарсыластың жағына түседі. Одан кейін, доп қалақшаны қалдырғаннан кейін, қолдың бұлшық еттері босайды, ал қалақша жоғары қарай қозғалысын жалғастыра береді; бастың деңгейін жеткен кезде, тоқтайды. Сол уақытта дене сәл алдына қарай еңкейген, ауырлық күші оң аяққа толығымен ауыстырылады, ал сол жақ аяғы артында болып, денені тепе-теңдік қалпын ұстайды.


Сурет 9 Сол жақтан жазу


Оң жақтан жазу. Оң жақтан жазу орындау кезінде, сол жақ аяқ алдында, ал оң аяқ артында қалады, дене сәл оң жаққа еңкейтілген және үстел бетімен 45º бұрыш жасайды, аяқ тізеде сәл бүгіледі, қалақшаны ұстаған қол артқа қарай шынтақта бос бүгілген, қол буыны мен білек бір сызықта орналасқан, қалақша тік қалпында тұрады, дененің салмағы екі аяққа бірдей үлестірілген. Доп үстелден ұшып бара жатқан кезде, қол алдына қарай қозғалысын бастайды, ал белбеу деңгейінде болған қол ұстаған қалақша сол жаққа жоғары қарай қозғала бастайды.

Доп өзінің қарғып түсу деңгейінің ең биік нүктесінен үстел бетімен тік бұрыш жасап құлап бара жатқан кезде, доптың ортаңғы жағымен түйіседі. Бұл қалақша мен доптың түйісу кезінде қол буыны допқа жеңіл қозғалысымен үстіңгі айналу береді, осымен допты берілген траекториямен ұшуын қамтамасыз етеді, тор арқылы ұшып қарсыластың жағына түседі. Одан кейін, доп қалақшаны қалдырғаннан кейін, қолдың бұлшық еттері босайды, ал қалақша инерция бойынша жоғары қарай қозғалысын жалғастыра береді; бастың деңгейінен биіктеген кезде дейін. Сол уақытта дене сәл алдына қарай еңкейген, ауырлық күші сол аяққа толығымен ауыстырылады, ал оң жақ аяғы артында болып, денені тепе-теңдік қалпын ұстайды.



Сурет 10 Оң жақтан жазу


1.4.1 Оқыту әдістемесі


    1. сілтеу кезінде қол мен қалақша шынтақта оң жақтан, сол жақтан жазу үшін де 100-100º бұрышта бүгілген. Қайта бүгу кезде шынтақ буынында соққының тез және нақты болуын қиындатады, ал өте аз бұрыш жасау қозғалыс амплитудасын қысқартады.

    2. шынтақ буынның қозғалысына ерекше назар аударған жөн. Шынтақ орнында қалу керек, қозғалыс шынтақ щеңберінде орындалады. Бақылау үшін сол қолды оң қолдың бүгілісіне шынтақты ұстап тұрып қоюға болады, солай жазуды оң жақтан және сол жақтан да орындауға болады.

    3. сілтеу кезінде қалақшаның «мұрны» сәл түсірілген, ал қалақшаның өзі ойын үстелдің деңгейінде немесе төмендеу болу керек. Соққы аяқталғаннан кейін қалақшаның «мұрны» үстіне қарай көтерілген. Ал қалақша бастың қасында көз деңгейінде немесе төмендеу орналасады.

    4. соққы аяқтың табаны мен қалақша істейтін тең бүйірлі үшбұрыштың шыңында болғандай етіп, допқа соғу қарғып шығудың биік нүктесінің деңгейінен орындалады.

    5. бірқалыпты үдемелі қозғалыс баяу орындалады. Қозғалыстың үдемелі жылдамдығы қалақша мен доптың соғылу кезінде болу керек.

    6. келіп түсетін жылдамдықты көбейту үшін, дененің салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды ұмытпау қажет: сол жақтан жазу кезінде – сол аяқтан оң аяққа, ал оң жақтан жазу кезінде – оң аяқтан сол аяққа.

Жаттығулар кешені

      • қабырғадан оң жақтан жазу ойыны

      • үстелде диагональ бойынша тіреуішке қарама-қарсы оң жақтан жазу ойыны, оң жақтан жазуға қарсы

      • оң жақтан жазу тіреуішке қарсы түзу бойынша ойыны


1.5 Топ-спин
1.5.1 Қысқаша теориялық мәлімет
Топ-спинді орындау техникасының ерекшелігі.

Доптың қатты үстіңгі айналу мен соққының жоғары сенімді болу бірінші ерекшелігі болып табылады. Жоғары сенімділік туғызу доптың ұшу үшін тиімді траекториясын туғызған кезде және сенімді қағып тастау кезінде ғана пайда болады. Жазуды қолданған кезде допқа күшті үстіңгі айналуын қамтамасыз етіп, оның ұшу траекториясына ықпал жасайды. Ауаның үстіңгі қабатының тасқын бойымен үстіңгі айналумен ұшып келе жатқан доптың жылдымдығы үлкен емес, қысымы үлкен болады. Ондай доптың ауаның төменгі тасқын бойымен ұшып бара жатқан жылдамдығы үлкен де, қысымы аз болады, осыдан, қысымның айырмасы құрылады. Осыдан басқа өзінің салмағы да қосылады, сондықтан доп ең биік нүктесіне жеткен кезде, үлкен қисық траекториясымен шапшаң түсетіні сондықтан. Егер де оның жай жазуды істегеннен ұшу траекториясы жоғары болса да, доп үстелдің шегінен шығып кете алмайды. Басқаша айтқанда, ұшу қашықтығын қысқартуға болады: егер доптың ұшу траекториясының жылдамдығы өзгермесе, онда доптың айналуы қатты болса, қисық траектория жасап, ол алдына-төмен құлауы да тезірек болады. Егер де доптың айналу күші өзгермесе, ұшу жылдамдығы үлкен болса, доптың алдына-төмен құлауына үлкен мүмкіндігі болады.

Сонымен, бұл техникалық тәсіл үстелдің сызығынан шығып кеткен, сондай-ақ қарғып кетуі тордың биіктігінен кіші құлаған допты, қатты төмен айналумен келе жатқан допты сенімді соғуға мүмкіндік береді. Төмен допты шұғыл соққы үшін ыңғайсыз болған жағдайда немесе қатты төмен айналумен доппен соғу қиынға түскенде, үстіңгі қатты айналып келген доптан нақты жоғары дәлдікті алуға болады. Шабуыл соққыны Берген кезде, ереже бойынша, доп қарғып ең биік нүктесіне жеткенде ғана дәл соққы беруге болады. Осында бұл техникалық тәсілдің нақты орындау қиындығына келіп тіреледі. Егер доп беруді ұшып бара жатқан немесе түсіп бара жатқан кезде орындаса, ең биік нүктеде орындамаған кезде, онда қателіктер мен мүлт жіберулер көбірек болады. Ал топ-спиндерде допты биік нүктесінде допты ұстап алуға және айналумен алдына қарай жазумен соққы беруге болады.

Түсіп бара жатқан допқа жазу айналумен толықтырылады, шабуыл соққымен салыстырғанда допты соғу үшін мүмкіндіктер толық күште көбірек және мүлт жіберулерден оңай құтылып кетуге болады.

Топ-спиннің екінші ерекшелігі шабуыл соққының қаттылығында болады. қиылумен Қатты топ-спинді орындаған кезде, егер ол жылдам болса, үстіңгі айналу тезірек болып және оның «керемет күші» шабуыл соққымен қарсы бола алады. Қиып өтуді орындаған теннисші топ-спинді орындау техникасын әлі меңгеріп алмаса, онда оның жауап алу добы жеңіл көтеріліп, биік және үстелдің шегінен шығып кетеді.

Кәдімгі үстіңгі айналумен доптарды, жазу мен тіреуішті, қағу кезінде көптеген топ-спиннің шеберлері үстіңгі айналу жазуға көп күш бөледі. Егер де қарғып түсі нүктесі жақсы болса (мысалы, оң жақтан бос кеңістік), онда шұғыл соққының басымдылығын жүзеге асыруға болады. Шеберлікпен топ-спинді орныдаған теннисшілер ереже бойынша, алдына тез қозғалып және жазуды тез орындайды, олардың ең басты құралы болып үздіксіз жазулар мен тез топ-спиндер болады.

Топ-спиннің тәсілдерін орындап және қолданған кезде, келесі моменттерге көңіл аударуға болады.

Жазудың сапасын білу керек, доптың айналуын өзгерту керек. Топ-спиннің тиімділігі доптың айналу күшінде болады: айналу күші қатты болса, шабуыл соққының да күші қатты болады. Үйлестіру сапасында доптың аса қатты емес айналуымен қолдану керек. Одан басқа, доптың бағыты мен ұшу ұзындығын өзгертуін үйрену керек. Доптың ең болмаса үш бағытта бағыттауын білу керек – диагональ бойынша, түзу бойынша және орта сызығы бойынша.

Үдемелі алдына қарай топ-спин агрессивті және берік болу керек. Осымен, қатты айналуды қажет етпейді. Алайда үлкен жылдамдық қажет, доптың төмен ұшу траекториясы болу керек, оқыс ұмтылыстың қатты күші болу керек, шабуылдың маңызды құралы болатындай етіп орындалуы керек. Үлкен түсетін алға қозғалыс кезіндегі топ-спиннің және доптың айналуымен топ-спиннің үйлестірілуі ритм мен айналуын өзгертуіне қиындық туғызып, ынтасын меңгеруін көмектеседі. Алға қарай үдемелі топ-спинді орындаған кезде доптың ұшу бағытының өзгерісін бақылау керек.

Уақытында орнынан қозғалу қозғалыстың маңызды моменттерінің бірі болып саналады. Топ-спин орнынан қозғалуға қатаң талаптар көрсетті. Орын ауыстыру арақашықтығы үлкен болады, ал бұл орын ауыстырудың ең маңызды себептерінің бірі болып саналады. Одан басқа, топ-спиннің қозғалыс амплитудалары әр түрлі болады, қозғалыстардың координациясы мен үлкен күшті қажет етеді. Шұғыл шабуылдан ғөрі, алғашқы қалыпқа келмей жатып, қолды көтеру кезінде қозғалысты үйлестіруге болатынын білсек, әсіресе қолдың қозғалыстары мен доптың ұшу бағыты тұрақты болу керек. Сондықтан, уақытында алғашқы тұру қалпын ұстау өте маңызды, қарама-қарсы жағдайда соққыға қозғалу күшін беру мүмкіндігі болмайды.

Тәсілдің орындау кездегі өзгешелігін қалыптастыру керек. Және осында оң жақтан келген шабуыл соққыларды жетілдіру, қайталанатын жазулар мен үдемелілерді орындау білу, жазудан кейінгі аяқтайтын соққылардың нақтылығын орындау өте қажет.

Оң жақтан топ-спин. Бұл шабуыл элементтің негізгі міндеті – допқа өте қатты үстіңгі айналу беру. Жазудан гөрі қарсыластың жауапты әрекеттерін қиындатуға әкелетін, жылдамдығы үлкен болады.

Біріншіден, доптың үстелден қарғып түсу тосыннан болады. Екіншіден, қалақшамен қағып алған допты да басқара алмайсын және керекті бағытға жіберу қиынға соғады. Топ-спиннің жақсы қасиеті ол – қатты айналған доп тор үстінен биік ұшырып, қарсыластың жағына түсуіне ықтимал жасайды.

Тордың қасынан берілген доптар топ-спин үшін қолайлы жағдай деп саналады. Және керісінше, топ-спин үстелден алысырақ орындалған кезде, сілтеу де кең орындалып, қалақшының соққы кезіндегі қозғалыс жылдамдығы да үлкен болып, айналуы мен соққы сенімді болады.

Егер топ-спин қиып тастау бойынша орындалса, ойыншының әрекеттерін жеңілдетеді, ал егер топ-спин жазу бойынша немесе қарсы топ-спин арқылы орындалса, онда ол істі қиындатады.

Топ-спин жаман жақсы болмайды, оны тек қана доптың айналу дәрежесінен ғана анықтайды. Топ-спин үшін үлкен сілтеу, ереже бойынша түзелген қолмен сипатталады. Оның алғашқы қозғалыс кезінде түзелуі сілтеудің өзін күшейтуіне, білегі мен қол буының күш салу көмегімен қалақшаның жылдамдығына жағдай жасайды. Жазумен істеген соққыдан гөрі, топ-спиндегі қолдың қозғалысы жоғары қарай бағытталған болады, ал допқа соққы берген кезде сырғанау сипатына ие болады.

Оң жақтан топ-спинді орындалу кездегі негізгі қалпы: сол аяқ сәл алда , оң қолы түзу және арқаның артына оңға - артқа бұрылған. Сілтеуді үлкейту үшін кеуде оң жаққа бұрылған. Аяқтар тізелерде бүгілген, барлық дене бос. Топ-спин белсенді соққы бағытында бұрылудан басталады. Оң қол алға-жоғары-солға қарай жүреді. Дене салмағын оң аяқтан сол аяққа береді, инерция бойынша дене мен қол сол жаққа алыс кете алады. Жанасу кезінде доппен қалақшаға соққан кезде сырғанаған сияқты болу керек. Осыдан, доп пен қалақшаның соғу күші минималды болады. Алайда қол буыны қорытынды тездету береді. Бүиірінен беру деп аталатын топ-спиннің тағы да бір түрі бар.

Сурет 11 Оң жақтан топ-спин


Еуропалық және азиаттық тәсілдердің оң жақты топ-спиннің ешқендай айырмашылығы жоқ. Алайда қол буының жұмысы үшін азиялық тәсілмен ұстау кезінде спортшыларға кейбір артықшылық көбірек мүмкіндік береді деп белгілеп қоюға болады.

Сол жақтан топ-спин. Бұл техникалық тәсілді еуропалық тәсілмен ойнайтын спортшылар қолданады. Әдетте сол жақтан топ-спинді төменгі айналумен допты қағып алу үшін, қарсыластан жай жылдамдықпен ұшып келе жатқан доптың пен қиып алу үшін, сондай-ақ ортаңғы арақашықтықпен үдемелі әсерлескенде қолданады. Жақсы топ-спин партияның басынан инициятивасын алып кетуге және ойынның тепе-тең күштің кезінде көмектеседі.

Қалақша дененің астыңғы жағына және сәл алдына қарай қойылған, қол шынтақта бүгілген. Қалақша қозғалған кезде допты жанаған кезде, шынтақтың айналысында орындалатын, ось сияқты әрекеттейтіндей етіп, білек шапшаң алдына қарай қозғалады. Доп қалақшаның ортасында жанасады. Күшті салған кезде қол буыны алдына қарай жоғары қарай қозғалып, жедел допты озып кетеді. Осымен бір уақытта қосымша күш алу үшін, аяқты түзейді.

Сурет 12 Сол жақтан топ-спин


Үстіңгі жағынан айналған классикалық топ-спинді бүйірінен айналу топ-спинмен ерекшелейді, бүйірінен айналған доп пен доптың қарсыластың жылдам сол жаққа терең қарғып түсуімен ерекшеленеді; сондай-ақ жылдам топ-спин, доп жоғарылап бара жатқан кезде бастапқы тұру – жақын, қозғалыстар- қысқа, жылдамдық – үлкен, қосымша күш салып соққы беру.
1.5.2 Оқыту әдістемесі


  1. оң жақтан топ-спинді орындаған кезде, сідтеуді оң жақтан тұру қалпынан иықтың үлкен бұрылысынан және тік ұстаған қолды сәл артқа қоюымен орындау қажет. Бұл қозғалысқа үлкен энергия салуға көметкеседі. Сол жақтан топ-спинді орындау кезде үлкендеу сілтеу жасау үшін қалақша ұстаған қолды сәл тік ұстап, сол жақ жамбасқа дейн түсіріңіз, ал иықты үстелдің оң жағында болатындай етіп бұру керек. Аяқтар әдеттегі қалпынан сәл кеңдеу ұстап және тізеде бүгілген. Ондай қалыпта сілтеуді істеу кезінде қол, дене және аяқтардың күшін қолдануға мүмкіндік береді.

  2. допқа одан да көп айналу және келетін қозғалысты беру үшін соққының алдында аяқтарды жазуда доптың астына отырған сияқты көбірек бүгілуі керек, ал соғу кезінде денені алдына жіберумен бірге бір аяқтан екінші аяққа түзету керек.

  3. қол ұстаған қалақшаның жылдамдығы көбірек болу үшін доппен әсерлескен кезде, қол буыны мен білекпен белсенді жұмыс жасау керек.

  4. топ-спинді орындау кезде допқа жанасу бойынша соғу керек. Доп пен қалақшаның ұстасуы жіңішке болғанда, қарсыластың жағындағы доптың қарғып кетуінің дауысы мен сипаты бойынша анықтауға болады. Соққы дерік дыбыссыз, жеңіл сыбдыр, ал қарғып түсі шапшаң және биік емес болу керек.

  5. допқа керекті траектория мен ұшу бағытын дұрыс беру үшін қолдағы қалақша допты озып кету керек. Ол кезде дене мен қол инерция бойынша алысқа жіберілуі керек. Қолдың соққыдан кейін кенеттен тоқтатылуы доптың ұшу бағытының дәлдігін төмендетеді.

  6. топ сриннің тәсілін үйрену үшін велодоңғалқты қолдану ұсыныс жасайды, одан басқа қозғалыстың шапшаңдығын, күштілік пен шыдамдықты жетілдіруге жағдай жасайды.

Жаттығулар кешені

    • жаттықтырушының бақылауымен оң және сол жақтың топ-спинді істеу;

    • велосипедтің доңғалағында оң және сол жақтан топ-спинді орындау;

    • жаттығушымен берілген жазу, кесіп тастауға қарсы оң және сол жақтан топ-спинді үйрену;

    • оқушылардың өз бетімен кесіп тастау мен жазуға қарсы ауыстырып оң және сол жақтан өңдеу,

    • белгілі жерден басқа жерге оң және сол жақтан топ-спиндер;

    • бір нүктеден екі әр түрлі нүктеге оң және сол жақтан топ-спиндер,

    • өзінің алаңынан бір нүктеге оң және сол жақтан топ-спиндер.


1.6 Тіреуіш
1.6.1 Қысқаша теориялық мәлімет
Тіреуіш – теннисистердің шапшаң шабуылдарды орындайтын техникалық тәсілдердің негізін салушылардың бірі болып табылады. Тіреуіш тәсілінің ерекшелігі теннисшінің үстелдің қасында ойнауы болып табылады. Ол қозғалыста, доптың жылдамдығы үлкен, сондықтан доптың ұшу бағытының өзгертілуі жиі кездеседі. Қарсы шабуыл кезінде ойыншы жылдамдық немесе күшті тәсілді соққыларды әр түрлі бағыттарда жіберуін, қарсыластың орнынан қозғалысын және ойынды өзінің ынтасына аудару. Кейбір жағдайларда бұл тәсіл ойын кезінде қарсыластың әлсіз жерлерін қоладна алады және өзіне шабуыл соққыларды үшін жақсы жағдайлар туғызады, ойынның енжар сипатында немесе күштердің бірдей болу кезінде тіреуіштер белсенді қорғау мен ойында өзіне ынтасын аудару үшін көмектеседі. Тіреуіш тәсілін үйренген кезде және оны ойында қолданған кезде, допқа үлкен жылдамдық беруін үйрену керек,ойында «тұтқыр» сипатына беріп, күшті соққыны қарсыластың әр түрлі нүктесіне бағыттау.

Доптың үлкен ұшу жылдамдығы – тіреуіш тәсілінің ең маңызды шарты. Үдемелі тіреуіш техникасының бастысы – ұшып бара жатқан допқа соққы берілетіндікте болады. Соққының күші – тіреуіш техникасының екінші талабы болып саналады. Егер күшейтілген тіреуіш тәсілін қабылдаған кезде, бұл тіреуіштің мықтылығын күшейтуге мүмкіндік береді, бүйірінен шабуыл соққылар жасау үшін жақсы жағдай туғызады. Күшейтілген және әлсіз тіреуішті үстелдің ортаңғы зонасында шабуыл соққыларды орындаған кезде, қарсыласты қозғалуға мәжбүр етеді, қимылдарын қысқартып, ынтасын басып алуына мүмкіндік береді.

Біршама мағынада тіреуіштің күшінің күшейтуін оның жылдамдығының күшейтуіне қабілет жасайды. Соққының күшін көбейткен кезде келесі моменттерге аудару керек. Біріншіден соққы доптың ең биік нүктесіне қарғып түскен кездегі уақыт моментінде ғана мүмкін болатын (сонда соққының нүктесі тордың биіктігімен немее жоғарырақ болған кезде ғана мүмкін болады, ал бұл соққының күшейтуіне қабілет жасайды, екіншіден, ойыншының оң жағынан кеуденің деңгейінде нүкте соққысы болды, иығы мен білектің күшін алдына қарай бағыттауын қабілет жасайды. Егер соққы нүктесі тым сол жаққа қарай кетіп қалса, бұл солға қарай бағытталған күшті көбейтеді, алдына келтірілген күшті азайтады. Үшіншіден, күшейтілген тіреуіш тәсілін қолданған кезде сілтеу ең алдымен білектің буынның артқа- алдына күшпен орындалуымен орындалады. Сондай-ақ, осында дене мен ортаңғы саусақтың қосымша күші қажет.

Ойыншының қозғалыстары аз, жасырын сипатта қозғалыстары шұғыл болғандықтан Қарсыласқа тіреуішті қолданған ойыншыға қарсы тұру қиынға түседі. Тіреуішті қолданған кезде, доптың ұшу бағыты, айналуы мен күші өзгереді. Доптың ұшу бағытын өзгерткен кезде, ойынды түзу, диагональ қысқа және ұзын, сондай-ақ алыс және жақын қашықтықта болуын жорамалдайды. Түрткі мен қысым күшін белсенді қолданғаннан ғана өзгеріс мүмкін болмайды. Ойынның енжар сипаты кезінде де доптың ұшу бағытын сәйкесінше қадағалап отыруын білу керек.

Допқа әр түрлі айналу беру үшін, сондай-ақ жауапты допқа жылдамдық немесе бүйірінен айналуды беретін итеріп шығару техникасымен бірге, допқа астыңғы айналуды беретін түрткі техникасын үйрену қажет. Бұл топ-спинді қолданатын теннисистпен ойын кезінде үлкен мән береді. Қатты және әлсіз соққыларды жиі ауысып үйлестіретін және доптың ұшу бағыты мен жылдамдығын өзгеретін тәсілін, сондай-ақ ортаңғы зонада ойнаған қарсыласқа қарсы қолданыла бере алады. Соққы моментінде ойыншының қалақшаны ұстаған бұрыштың икемді өзгерілуі, техникалық тәсілдің күшті салу бағытының негізгі болып табылады. Олармен әрдайым үйрену қажет.

Аталған талаптар тіреуіш техникасына лайықты белсенді ойынның шабул стилінен шығады.

Тіреуішті қолданған кездегі тағы бір талап – ойынның «тұтқыр» сипаты болуы. Жарыс тәжірибесінде күшті түрткіден немесе қатты агрессиялық шабуылдан кейін, келген жағдайдан дұрыс жол табу мүмкіндігі болмаса немесе тиімсіз жағдайларда, тіреуішті қолданған кезде күштердің бірдей болуы жиі кездееді. Ойын енжар болып кетеді. Ондай жағдайда ойынға «тұтқыр» сипат беріп, ойыншы қалақшаны ұстау бұрышының өзгеруіне, доптың ұшу бағытының өзгеруіне, күштің өзгеруіне, доптың айналуымен күресуіне назар аудару қажет. Қарсыласпен ұзақ күрес жасау үшін, тіреуіш орындаған доптың ұшу траекториясын анық бақылау керек. Ойыншылар тіреуіш тәсілін қолданған кезде «тұтқыр» сипатындағы ойын, шұғыл шабуыл соққы техникасы және сайыс кезінде, әрдайым жетілдіретін теннисшілерге үлкен мән береді.

Жылдамдықпен, соққы моментімен, күші мен оның бағыты мен ойыншының қалақшаны ұстау бұрышымен, қалақша мен доп жанасқан кезде тұру қалпын сәйкесінше, сондай-ақ жауап доптардың айналуымен тіреуіш техникасын келесі алты түрге бөлуге болады: сол жақтан шапшаң тіреуіш, күшейтілген тіреуіш, қолды жанына жіберумен тіреуіші, астыңғы айналуымен тіреуіші; әлсіз тіреуіш және оң жақтан тіреуіш. Аталған техникалық тәсілдерді бөлек қарастырамыз. Бұл техникалық тәсілді қайталануын жібермес үшін ойыншының жалпы қалпын және тіреуішті орындаған кездегі дайындауына байланысты (түрлерін талдау кезінде) келесі түсініктерді берейік. Спортшының үстелден тұратын қашықтығы әдетте 30-40 см ойыншының бойына байланысты анықталады. Ойыншы аяқтарын иығының жалпақтығынан көбірек алады, оң аяғын алдына қарай сәл қояды, ал қашықтығы табанның жартысы болатындай етіп сол аяғын – сәл артқа қарай; табандар параллель болу керек. Дене сәл алдына қарай еңкейтілген, дененің ауырлық күші ортасында, тізе сәл бүгілген. Қалақшаны көлденең қалпында – бұрышы 90º үстелдің бетіне қатысты. Сұқ саусақпен ойыншы қалақшаға сәл басады, ал бас бармақ бос қалпында болады, иық пен шынтақ ойыншының оң бүйіріне тығыз жанасқан, иық пен білек арасында бұрыш 100º құрайды, иық бос.

Шапшаң жылдамдық. Жауап доптың жылдамдығы үлкен болады. Соққы түзу бойымен де, диагональ бойымен орындала алады. Күштердің бірдей немесе түйісу кезінде теннисші ойында, қарсыластың оң және сол жақ алаңына бағытталған түрткі соққыларын қолданады. Шабуыл соққылар да қолдануға болады, бұл шабуылды тартып алуына жақсы жағдай туғызады және оң жақтан шабуыл жасау, нәтижесінде қарсыласқа мүлт жіберуіне мүмкіндік береді, жақсы моментін жіберп алады. Қарсыластың көңілін аударатын және уақытын жеңіп алуға мүмкіндік беретін қорғалмайтын жерлерге шабуыл соққыларды қолдануға да болады, шабуылды өзіне аударып алатын және оң жақтан шабуыл соққыларға жақсы жағдай туғызатын, нәтижесінде қарсылас жақсы моментін жіберіп алып, мүлт жібере алуына мүмкіндік береді. Шапшаң тіреуіш, ереже бойынша, қарсыластың шабуыл кезінде орындаған, тіреуіштің күші орташа, әлсіз айналуы бар допқа қарсы жазуда қолданылады.

Соққыны жасау кезге дейін ойыншы білегі мен иығының күшімен қалақшаны сәл артқа жібереді. Соққыны жасаудан бұрын қолды шапшаң созып, доп пен қалақшаның жанасуы, көтеріліп бара жатқан доп бойынша жүзеге асырылуы керек. Доппен жанасқан кезде, ортаңғы немесе жоғарғы жағымен соғып, қалақша оның айналуын өзгертеді. Қолдың қосымша күші негізгі алдына және сәл жоғары бағытталған.

Күшейтілген тіреуіш күшейтілген тіреуішті қатты дауап соққымен, доптың ұшу жылдамдығының үлкен болуына, доптың ұшу бағытының жиі өзгеруімен айырады. Ойында қолданған, күшейтілген тіреуіш қарсыласты енжар қорғауды жүргізуге, үстелден бірталай қашықтықта орын ауыстыруына мәжбүр етеді. Күшейтілген және әлсіз тіреуішті үйлестіру қарсыластың әрекеттерін тиімді соғып шығаруына ойында өз ынтасына аударуына көмектеседі. Күшейтілген тіреуіш, ереже бойынша, әлсіз үстіңгі айналу мен ұшу жылдамдығы аз болатын доптарға қарсыластың жеңіл шабуыл соққылары мен тіреуішке қарсы тұруға қолданылады.

Соққыны бермес бұрын ойыншы білекті жоғары көтереді, иықты артқа жіберіп, шынтақ тығыз жанасқан. Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша немесе қарғып түсудің ең биік нүктесіне жеткен кезде соғады. Соққыны жасаған кезде ойыншы тіктеледі және дененің бұрылуымен қол буынның күшеюін толықтырады, сондай-ақ ортан саусақтың күшімен алдына бағытталған, қалақшның сырт жағына қысым түсіреді.

Қол басқа жаққа жіберліген. Бұл техникалық тәсіл, жауап доптың төменгі бүйірінен айналуымен сипатталады, доп пен қалақша жанасу үлкен бұрышы оның төмен ұшу траекториясы. Ереже бойынша қатты айналуы бар немесе шабуыл соққыларды қолды басқа жаққа жіберуін қолданған доптардың шағылуы кезінде доптың айналуынын, доппен жанасқан кездегі бұрышы мен оның ұшу бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.бұл қарсыласқа шабуыл соққыларын орындауға және шабуылды жасау үшін қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық тәсілді қолданған ойыншыға қалақшаны үлкен бұрышта ұстау қажет және допты торға қысқа бағыттау қажет, алайда, сол үшін доптың ұшу жылдамдығы аз болады, бұл тәсілді доптың ұшу траекториясын өзгертетін тіреуішпен үйлестіріп орындау қажет.

Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша соғады. Ұшу траекториясы мен айналуы доға тәрізді болған доп бойынша соққы берген кезде, теннисші оған қарсы, қолын алдына қарай созады. Диагональ бойынша соққы орындаған кезде, қалақша доптың ортаңғы немесе үстіңгі жағымен жанасады, қолдың күші солға-алдына-төмен бағытталған. Тігінен соққы орындаған кезде қол буыны бүгіліп, ойнау беті тік қалпында, қалақша доптың ортаңғы немесе үстіңгі жағының оң жақтан соғылады, қолдың күші алдына қарай бағытталған.

Доптың төменгі айналуымен тіреуіш. Бұл тәсіл үшін ұзын доп, ұшудың төмен траекториясы, доптың төменгі айналуы, қарсыластың алаңына түскен кездегі келетін жылдамдығымен сипатталады. Доптың төменгі ауналуының тіреуішін қолданған кезде, шабуылға қарсы жауап доптың айналу сипатын өзгертеді, шабуыл доптардың немемсе соққы жасалған доптардың торға түсуіне әкеліп соғады, сондай-ақ қарсыластың енжар ойын жүргізуге мәжбір етеді. Алайда, сол үшін ойыншы көп күш жұмсай алмайтындықтан, бұл тәсілді допқа қарсы қолдану, жоғарғы айналуы бар, біршама қиындық туғызады. Сондықтан төменгі айналуымен тіреуішті қосымша техникалық тәсіл ретінде қолдануға болады.

Төменгі айналуы бар доптың тіреуішін қарсыластың бүйірінен және төменгі айналуы бар допқа қарсы тұру үшін қолданыла алады, сондай-ақ ұзын резеңке тітіркелері бар қалақшамен орындалған төменгі айналуы бар допқа қарсы қолданылады.

Соққы доптың ең биік қарғып түсу нүктесіне жеткен кезде жанасады. Соққы моменті кезінде ойыншыға қалақшаны сәл артқа жіберу қажет. Доп пен қалақшаның жанасуы оның ортаңғы немесе астыңғы жағымен жанасуымен орындалады, күш алдына төмен бағытталған. Соққының негізінде білек пен буынның күші болады, доптың төменгі айналуын ұлғайтатын алдына бағытталған доп пен қол буыны жанасқан кезде ойыншы кесуді орындайды.

Әлсіз тіреуіш. Әлсіз тіреуіш жауап доптың төменгі ұшу траекториясы, қысқартылған күштерімен сипатталады. Мақсаты әлсіз тіреуішті шабуылға қарсы қолданған кезде ойыншының тепе-теңдігін бұзуы болатын немесе күшейтілген тіреуіш пен үйлестірілген қарсыластың қорғану үшін үстелден ауытқып кетуіне мәжбүр етеді. әлсіз айналуы бар допқа қарсы тұру, бұл соққы күшін және доптың ұшу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді, сонымен қарсыласты алға-артқа орын ауыстыруына мәжбүрлетеді, содан кейін, қолайлы жағдайда таңдап алып, ынтасын өзіне аударып оң немее бүйірінен соққы ынтасын өзіне аударып береді. Осы себептен әлсіз тіреуіш ереже бойынша ойыншының күшейтілген түрткі және оң жақтан қатты күшейтілген соққымен қарсыласты үстелден шегінуге мәжбүр етеді. Күшейтілген және әлсіз тіреуіштерді үйлестіріп қолданған кезде үстелдің ортасына жіберілетін ширатылған жазуға қарсы күрес кезінде тиімді тәсілдерді көрсетеді.

Допқа соққы берген кезде қол мен қалақшаны басқа жаққа жіберу керек емес – оны сәл бүгіп, білек пен қалақша үстіне қарайтындай, ал қалақшаның беті алдына қарай бағытталуы керек.

Доп үстелді жеткен кезде ойыншы қолды алдына және бір уақытта дененің ауырлық күшін сәл жоғарыға ауыстырады. Доп пен қалақшаның өзара әсерлесуі қолды көтерген кезде, барлық қозғалыстар еркін орындалға.н кезде жасалады. Доп пен қалақша жанасқан кезде тежеу моментінде қол мен қол буынын артқа қарай жібереді.

Оң жақтан тіреуіш. Қарсылас үстелдің оң жағына немесе торға қысқа, допқа үстіңгі және ұшуға жоғары жылдамдық беретін техникалық тәсілдерді орындаған кезде, ал ойыншы соққы үшін қолайсыз қалпын қабылдаса, ол оң жақтың тіреуішін қолдана алады.

Оң жақтың тіреуішін екі тәсілмен айырады: допты қағу және шапшаң түрткі. допты Оң жақтан қағу негізінен ұшу траекториясы доға тәрізді және тордың оң жағынан айналуы болатын доптарға қарсы күрес үшін қолданылады. Қарсыласқа шабуылды жасау үшін көп күш жұмсауға мәжбүрлететіндей, доптың ұшу траекториясы төмен болатындай етіп орындау керек. Допты оң жақтан қағу кезінде жауап доптардың жылдамдығы көбееді немесе соққылардың күші шапшаң түрткі үшін жағдай туғызады. Шапшаң түрткі негізіне қарсыластың доптың ұшу траекториясы жоғары және айналуы оң жағынан болатын, сондай-ақ ұшудың жылдамдығы аз допқа қарсы тұруға қолданылады.

Қазіргі уақытта теннисшілер допты оң жақтан қағып алуы кең таралаған. Ал шапшаң түрткіні қолданатын ойыншылар сирек кездеседі.

Допқа соққы бермес бұрын ойыншы білегін жоғары көтеріп, ойыншының ауырлық күші сәл жоғары қарай ауыстырылады.

Соққыны жоғарылап бара жатқан доп бойынша жасалады. Қолдың ішке қарай бұрылуымен бас бармақпен біршама күш келтіріледі, қалақша допқа ортаңғы немесе оның оң жақ үстіңгі жағымен соғылады.

Доп пен қалақша жанасқан кезде ойыншы қол мен қол буынымен аз ғана күш келтіреді. Доп пен қалақша жанасқан кездегі бұрыш өзгермейді және шамамаен 20º-ты құрайды. \

Соққыны жасамас бұрын, ойыншы білекті жоғары көтереді, сондай-ақ дененің ауырлық күші сәл жоғары ауысады, бір уақытта қол мен қалақшаны артқа және денені сәл оң жаққа бұрып жібереді.

Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша жасайды немесе қарғып түсудің ең биік шыңын жеткен кезде орындалады. Білекті бұрған кезде, ойыншы ішінде бас бармақпен қалақшаға қысым түсіреді; қалақша мен доптың жанасуы ортаңғы немесе оның оң жағының төменгі жағымен жасалады.

Соққыны орындаған кезде теннисші күшін қолымен алдына-төмен бағыттайды. Дененің аса көп емес бұрылуы ойыншыға соққы күшін түрткімен орындауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет