18. Саяхатшылар 572 км. поезбен, одан 100 км кем жолды кемемен, бұдан 8 есе кем жолды жаяу жүрді. Саяхатшылар барлығы неше км жол жүрді?
А) 472 км Ә) 59 км Б) 1103 км
19. Алтыншы разрядтың 9 бірлігі, бесінші разрядтың 5 бірлігі және төртінші разрядтың 2 бірлігі:
А) 950200 Ә)905020 Б) 952000
20. Мәні 10-ға тең болатын өрнекті тап.
А) 50+30 Ә) 40+20 Б) 80-70
21. Теңдеу түрінде жазып көрсет. Қандай саннан 7-ні азайтқанда 30 шығады?
А) 30-х=7 Ә) х-7=30 Б) 7+х=30
22. Санды жаз: Бірінші кластың тоғыз жүз бес бірлігінен тұратын.
А) 950 Ә) 905 Б) 509
23. Тік бұрыштың ұзындығы 56 см ені 7 есе кем. Тікбұрыштың периметрін тап:
А) 128см Ә) 105 см Б) 64 см
24. Тасбақа 5 м/мин жылдамдықпен қозғалады. Ол 10 минутта қандай ара қашықтыққа жылжиды?
А) 100 м Ә) 50 м Б) 2 м
25. Ауылдан қалаға қарай пошташы велосипедпен 60 км/ сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрді. Ауыл мен қаланың ара қашықтығын есепте.
А) 120 км Ә) 180 км Б) 62 км
№20-ТЕСТ
1. 9 санының квадратын тап.
А) 90 Ә) 18 Б) 81
2. Квадраттың ауданын есептейтін формуланы белгіле.
А) S=a*a Ә)S=a*b Б) S=(a+b)*2
3. Піл 7 т 500 кг тартады., ал жолбарыс одан 3 т 600 кг аз тартады. Жолбарыс қанша тартады?
А) 3 т 900 кг Ә) 4 т 100 кг Б) 10 т
4. 584:7 бөлу амалын орында және қалдығын көрсет:
А) 80,4 қалдық Ә) 83,3 қалдық Б) 83,0 қалдық
5. «Ең кіші бес таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санның қосындысын 2 есе арттыр» өрнегі қайсысы?
А) (10000+9)*2 Ә) (11000+9)*2 Б) (10000+10)*2
6. Есепте: 9 км 3 м -49 м
А) 8954 м Ә) 7650 м Б) 8900 м
7. 30км/сағ жылдамдықпен жүрген теплоход 6 сағатта қанша километр жол жүреді?
А) 5 км Ә) 180 км Б) 24 км
8. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындысы ...
А) ұлғаяды Ә) өзгермейді Б) азаяды
9. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз:
А) 100 Ә) 111 Б) 999
Достарыңызбен бөлісу: |