Тапсырма. IV нұсқа 1.Изобаралық процесс кезінде газ қоршаған денеге 700 Дж жылу мөлшерін береді. Газдың жұмысы 500Дж-га тең .Газдың ішкі энергиясының өзгерісі қандай? [ 2]
2. Белгілі бір процесс кезінде 7МДж жұмыс атқарды.Осы кезде ішкі энергия 4МДж-ға кемиді.
а) Газға берілген энергия қайда жұмсалатынын термодинамиканың бірінші заңы негізінде түсіндіріңіз және формуласын жазыңыз. [ 2]
В) Газға қандай жылу мөлшері берілгенін есептеңіз. [ 1]
3. Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын 2000 Дж энергия есебінен 400Дж жұмыс атқарылады,ал тоңазытқыш температурасы 280 К.
А) Қоршаған ортаға бөлінген энергияны анықтаңыз. [ 1]
В) Машинаның ПӘК-ін есептеңіз. [ 1]
С) Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын Карно формуласын жазып, есептеңдер. [ 2]
4. Автокөліктің іштен жану қозғалтқышы 6 сағ жұмыс істегенде 4 л бензин жұмсайды,ал двигательдің ПӘК-і 40%.Бензин тығыздығы 700кг/м3 .Бензиннің меншікті жану жылуы 46∙106 Дж/кг
А) Бензиннің массасын анықтаңыз. [ 1]
В) Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз. [ 1]
С) ПӘК-інің формуласы арқылы пайдалы куатты аныкта . [ 1]
Жалпы балл: 12