1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Ұлы Отан соғысынан кейінгі бейбіт құрылысқа бейімделу



бет6/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

32. Ұлы Отан соғысынан кейінгі бейбіт құрылысқа бейімделу.
32. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Бесжылдық құрылыстары:
1. 1946-1951 жылдары республика болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.
2. Теміртау металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.
3. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.
4. Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты салынды.
5. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды.
6. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52%-ға артты.
1950-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны-65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды:
1. Семей илеу-сығынды зауыты өнім бере бастады.
2. Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.
3. Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.
33. Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар.
33. Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар.
Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны - 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды.
Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн.365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация).
Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет