1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


– 1966 ж.ж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы, аграрлық реформалар қайшылықтары



бет11/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

40. 1965 – 1966 ж.ж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы, аграрлық реформалар қайшылықтары.
40. 1965 жылғы қыркүйекте өткен КОКП ОК-нің пленумы өнеркәсіпті дамытуға арналды. Оның міндеттері: Өнеркәсіпті салалық ұстаным бойынша басқару; Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру; Кәсіпорындар дербестігін арттыру; Шаруашылық есепті дамыту; Экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтауларды көбейту.
​1965 жж экономиканы басқарудағы енгізілген өзгеріс: Одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бұл шаралар экономикадағы жағдайды көтеруге алғышарттар туғызды. КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумында экономикадағы әкімшілік айыпталып, өндіріс салалары бойынша одақтық, республикалық және жалпы одақтық министрліктер құру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.
41.Тоқырау» кезеңіндегі (1971-1985 ж.ж.) Қазақстан экономикасы, КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.
“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.
Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмса&


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет