Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр»



жүктеу 35.99 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі35.99 Kb.
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жыр мазмұнын игерте отырып, шығарма кейіпкерлеріне талдау жасау;

Дамытушылық: Шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, оқушылардың өз пікірлерін айтуға үйрету;

Тәрбиелік: Кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ете отырып, адамгершілікке, батырлыққа, туған елін, Отанын сүйюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Талдау сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау / тест, талдау, Инсерт, топтастыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспелер, жұмыс дәптері, диплом

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Оқу-құралдарын тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1 тапсырма.

Тест арқылы тексеремін.

  1. «Алпамыс батыр» жырындағы қалыңдықтың аты кім?

А) Құртқа

Ә) Қарлыға

Б) Қаракөзайым

Д) Гүлбаршын


  1. «Бір түрлі болды нұсқасы...

Кеудесі болды кепедей...» бұл кім?

Ұ) Тортай



У) Ұлтан

О) Күлтай

Ө) Кейқуат


  1. Алпамыстың арғымағын белгіле?

М) Кербесті

Л) Байшұбар

Н) Тайбурыл

Ң) Құлагер


  1. «Әке, маған отау бер,

Қырық қыз нөкер қосып бер,

Сүрейін дәурен далада...» кімнің өтініші?

І) Гүлбаршын

Ы) Қаракөзайым

И) Қарлығаш

Е) Жәдігер


  1. Алпамыс жасаған саз аспабы?

Қ) Домбыра

Ғ) Сырнай

Г) Дауылпаз

К) Қобыз


  1. «Бүгін жатып түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім...». Түс көруші кім?

А) Тайшық

Б) Байбөрі

С) Кейқуат

Д) Қараман

Дулығаның суреті бейнеленген кеспелер жауап ұяшықтарында ДУЛЫҒА сөзі дұрыс табылған оқушыға үлестіріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ



2 тапсырма.

Шығармадағы оқиға кейіпкерлер арқылы өріледі.



  • «Алпамыс батыр» жырында біз бірінші кімді көреміз?

  • Яғни, шығарманың басты кейіпкері – Алпамыс.

  • Олай болса, біз Алпамысты жырда қай қырынан танимыз?

Жұмыс дәптеріндегі ІІ тапсырманы орындаймыз.

«Алпамыс – батыр» - дәлелде.

«Алпамыс – аңғал» - дәлелде.

«Алпамыс – арлы» - дәлелде.

«Алпамыс – айлалы» - дәлелде.

«Алпамыс – бауырмал» - дәлелде.

Тапсырманы тұжырымды дәлелдеген жауапты тыңдап, бес қарудың бірі НАЙЗАНЫҢ сурет – кеспелер таратылды.


  • Осылай, Алпамыстың ұнамды кейіпкер екенін оқушылар өздері дәлелдеп, қорытты.

  • Жырдағы Алпамысқа ниеттес кейіпкерлерді атаймыз.

  1. тапсырма.

Жұмыс дәптеріндегі ІІІ тапсырманы орындаймыз.

Дұрыс жауапты ҚЫЛЫШ суреті бейнеленген кеспелермен бағалаймыз.

«Қарама – қарсы элементтер» стратегиясы.




  • Осы кесте бойынша шығармадағы ұнамсыз кейіпкерлерге ауызша тоқталып

өтеміз.

Осылайша ДОС және ҚАС деген ұғымдарды анықтадық.



  1. тапсырма.


Пікірін жеткізе алған оқушыны МЫЛТЫҚ бейнеленген кеспелермен мадақтаймыз.



ІҮ. Сабақты қорыту:

5 тапсырма.


Өз біліміне дұрыс қорытынды жасаған баланы ҚАЛҚАН бейнеленген кеспелермен бағаладым.

Мұғалімнің қорытуы:

Сабақ барысында жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды толықтай орындап, батырдың БЕС ҚАРУЫН иеленген оқушыларды арнайы ДИПЛОМДАРМЕН марапаттаймыз.


Ү. Бағалау бетшесі:



ҮІ. Үй тапсырмасы:

Жырдан Алпамыс бейнесін ашатын үзінділер жаттау.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет