1. Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі270 Kb.
#21958
1   2   3

Швеция корольдігі 1973 ж. өзінің заңнамасына компьютерлік қылмыстар үшін жауапкершілік енгізді, осы сияқты нормаларды (Data Act, 2 сәуір 1973 ж.) заңды бекіткен бірінші ел болды. Онда ақша, құнды қағаздар, мүлік, қызметтер немесе құнды мәліметтер ұрлауға мүмкіндік жасайтын заңсыз компьютер жүйесіне кіру және компьютер ақпаратына жалған мәліметтер енгізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазіргі кезде Швеция корольдігінде компьютер ақпараттары мен технологияларын пайдалану арқылы жасалған келесі әрекеттер қылмысты деп табылады:

пошта және телекоммуникация құпиясын бұзу ( 48 т. б.);

телекоммуникация құпиясын бұзу ниетімен техникалық құралдарды пайдалану (4 т. 9b б.);

автоматты деректер өңдеу жүйесінің жазуларына заңсыз қол жеткізу немесе тізілімдегі осындай жазуды заңсыз өзгерту, өшіру немесе қосу (4 т. 9с б.);

қылмыс жасаған тұлғалар үшін пайда табу және кез келген басқа тұлғаларға шығын әкелетін бұрыс немесе толық ақпарат беру, немесе бағдарлама немесе есепке өзгертулер енгізу, немесе қандай да бір басқа заңсыз әдістермен автоматты ақпарат өңдеу немесе соған ұқсас басқа кез келген автоматты өңдеу нәтижесіне ықпал ету арқылы алаяқтық (9 т. 1 б. 2 б.);

балалар порнографиясын дайындау, сатып өткізу және басқа тәсілдермен тарату (16 т. 10а, 10b және 10с. б.).

АҚШ-тың компьютерлік қылмыстар бөлігінде қылмыстық заңнамасының дамуы 1979 ж. Даллас қаласында басталды, онда кейіннен АҚШ Қылмыстық кодексі құрамына қосылған негізгі компьютерлік қылмыстардың құрамы анықталған және қалыптастырылған Американың Қорғаушылар ассоциациясының конференциясы өтті.

1986 ж. АҚШ-та Компьютерлерді пайдаланумен алаяқтық пен теріс пайдалану туралы заң қабылданды (The Computer Fraud and Abuse Act). Ол АҚШ Заңдар жиынтығының 18 титулының §1030 түрінде қосылған компьютерлік ақпараттандыру саласындағы қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін негізгі нормативті құқықтық актіні құрайды. Бұл заң кез келген компьютер жүйесіне авторланбаған қол жеткізуді және құпия әскери ақпаратты алуға тыйым салды.

Сонымен қатар, заң құпия емес ақпараттың үш түрін қорғады. Біріншіден, қаржы мекемелеріне тиісті (несие карталары, шоттар және т.б., ақпараттарды) ақпараттарды; екіншіден, үкімет ұйымдарына тиісті деректерді, үшіншіден, халықаралық және штатаралық ұйымдарға тиісті ақпараттарды. Сондай-ақ, заңда деректерге зиян келтіруге тыйым салатын (мысалы, вирустар тарату) нормалар болды.

Осы заң негізгі жеті қылмыс құрамына жауапкершілікті белгілейді, олар:

ақпаратқа санкциясыз қол жеткізу және санкциялық қол жеткізуді асыру, сондай-ақ мемлекеттік қауіпсіздікке қатысты, халықаралық қатынастарға және атом энергетикасы мәселелеріне қатысты ақпаратты алудан тұратын компьютерлік тыңшылық (§ 1030(а)(1));

қандай да болсын қорғалған компьютерден штатаралық немесе халықаралық саудаға қатысты АҚШ үкіметі ведомствасындағы ақпаратқа санкцияланбаған қол жеткізу және санкциялық қол жеткізуді асыру, сондай-ақ қаржы мекемесінің қаржы жазбаларынан, карта эмитентінен немесе тұтынушылар есебін басқару файлындағы тұтынушылар туралы ақпаратты алу (§ 1030(а)(2));

тек АҚШ үкіметі ведомствасы пайдалуындағы компьютерге әсер ету, немесе толығымен немесе жартылай АҚШ үкіметі пайдалынатын компьютер жұмысын бұзу (§ 1030(а)(3));

компьютер пайдаланумен алаяқтық – алаяқтық ниетпен жүзеге асырылатын қол жеткізу, және алаяқтық арқылы жыл бойы құны 5 мың доллардан асатын машина уақытын заңсыз қолдануды, яғни компьютер желілері мен серверлерін төлемақысыз пайдалануды қоса, қандай да болсын құндылықты алу мақсатында компьютерді пайдалану (§ 1030(а)(4));

қорғалған компьютерлерді қасақана немесе байқаусызда зақымдау (§ 1030(а)(5));

санкцияланбаған қол жеткізуге мүмкіндік беретін компьютер парольдарын немесе ұқсас ақпарат саудасы арқылы алаяқтық, егер мұндай сауда штат аралық немесе басқа мемлекеттермен арасындағы сауда қатынасына немесе АҚШ үкіметі пайдаланатын компьютерге ықпал етсе (§ 1030(а)(6));

компьютер технологияларын пайдалану арқылы қорқыту, қорқытып алу, бопсалау және де басқа да құқыққа қарсы әрекеттер (§ 1030(а)(7)) болып танылады.

Компьютер кеңістігіндегі ақпараттық қылмыс үшін жауапкершілік АҚШ-тың бірқатар заңнама актілерімен белгіленген. Олардың ішінде ақша, тауар немесе қызметтер алу үшін пайдаланылуы мүмкін ұрланған немесе жасанды көшірмелерінің қол жеткізу құрылғыларын сатуды қарастыратын АҚШ-тың Заңдар жиынтығының 18 титулының §1029 атап көрсетеді.

Сервердегі электрондық пошта мен сөз корреспонденциясы құпиясын бұзғандығы үшін арнайы қылмыстық жауаптылық белгіленді. АҚШ Заңдар жиынтығының 18 титулының §2701 «Сақталатын хабарламаларға заңсыз қол жеткізу» компьютер жадысында немесе компьютер желісінде сақталатын хабарламаларды қасақана алғандығы немесе түрін өзгерткені, сондай-ақ осындай хабарламаларды санкцияланған қол жеткізуге кедергілер жасағандығы үшін жаза белгіленген.

1994 жылдың көктемінде күшіне енген Францияның Қылмыстық кодексінде қарастырылып отырған санаттағы әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыратын баптардың едәуір саны бар.

Франция ҚК компьютерлік ақпарат саласында келесі қылмыстар жасағандығы үшін жауапкершілік белгілейді:

алыс байланыс құралдарымен берілетін хабарламаны ұстап қалу, ұрлау, пайдалану немесе жария ету (226-15 б.);

деректерді өңдеудің автоматты жүйесіне заңсыз қол жеткізу немесе онда заңсыз кіру (323-1 б.);

компьютер жүйесі жұмысына кедергі жасау немесе жұмысын бұзу (323-2 б.);

жалған әдіспен ақпараттық жүйеге енгізу, сондай-ақ автоматты деректер жүйесіндегілерді өзгерту мен жою (323-3 б.);

заңмен тыйым салынған деректерді ЭЕМ жадысына енгізу немесе сақтау (226-19 б.).

Франция ҚК сәйкес компьютерлік кеңістіктегі ақпараттық қылмыстарға жатқызыла алады:

заңда қарастырылған формалдылықтарды жүзеге асырмай автоматты атаулы деректерді жүзеге асыру туралы нысанулықты жүзеге асыру немесе беру (226-16 б.);

деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдамай осы деректерді жүзеге асыру туралы нысанулықты жүзеге асыру немесе беру (226-17 б.);

заңсыз тәсілмен деректерді жинақтау мен өңдеу (226-18 б.);

заңмен белгіленген мерзімнен асыра жекелеген деректерді сақтау (226-20 б.);

деректерді қарастырылғаннан басқа мақсатта пайдалану (226-21 б.);

заңда көрсетілген салдарға әкеліп соға алатын деректерді жария ету (226-22 б.);

кез келген құжатты, техниканы, қондырғыны, аппаратты, техникалық қондырғыны немесе автоматты деректер өңдеу жүйесін жою, бүлдіру немесе ұрлау немесе оларға ақау келтіру ( 411-9 б.).

Франция ҚК бойынша қарастырылатын саладағы басқа қылмыстарға жатқызылады: телекоммуникация желілері бойынша балалар порнографиясын дайындау және таратумен байланысты әрекеттер (227-23 б); ЭЕМ жадысындағы немесе картотекасындағы ақпаратты жинақтау немесе шетел мемлекетіне беру, ЭЕМ жадысындағы немесе картотекасындағы, ұлттық қауіпсіздік сипатында құпиясы бар деректерді жою, ұрлау, алу немесе көшірме жасау, сондай-ақ осы деректермен бөгде адамдарды таныстыру (411-7, 411-8, 413-9, 413-10, 413-11 бб.); информатика саласындағы әрекеттермен байланысты террористік актілер (421-1 б.).

Францияның қылмыстық заңнамасы нұсқамасының ерекшелігі заңды тұлғаларға белгіленген әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу болып табылады.

Ұлыбританияның компьютерлік технологияларды жөнді пайдаланбауға тікелей қарсы бағытталған бірінші заңы 1990 ж., қабылданған Компьютерлік технологияларды заңсыз пайдалану туралы заңы болды (Computer Misuse Act).

Оған сәйкес қылмыстық жазалау әрекеттеріне жатқызылды:

компьютерге немесе ондағы компьютер ақпаратына немесе бағдарламасына заңға қайшы қасақана қол жеткізу (1 б.);

заңға қайшы мақсатта пайдалану үшін компьютерге немесе ондағы компьютер ақпаратына немесе бағдарламаларға заңға қайшы қасақана қол жеткізу (2 б.);

егер ақпараттың жойылуына, оқшаулауына, жаңартуына немесе көшірме жасауына, компьютер жұмысын, компьютер жүйесі немесе желісін бұзуға әкелсе компьютерлік ақпаратқа машина тасымалдағышы, компьютер, компьютер жүйесі немесе желісімен заңға қайшы қол жеткізу (3 б.).

Заңда Ұлыбританияның құзырлы органдары мен соттарының заңды құзыры қылмыстық құрам элементтерінің біреуі болсын ел аумағында жасалса аталған әрекеттердің кез келгеніне таралады деп белгіленген. Осылайша, Ұлыбритания аумағында әрекеттің өзі немесе тек оның салдары орын алған жағдайда Ұлыбританияда қылмыс аяқталған деп танылады (4-7 б.). Бұл ереже қылмыс компьютерден осы сияқты қылмыс үшін жауапкершілік белгілемеген ел аумағында жасалған жағдайда, немесе қылмыстық-құқықтық нысанмалар материалды сипатқа ие болғанда қажет болып табылады. Қылмыстық әрекет жасалған мемлекет аумағында зиянды салдар пайда болған жағдайда қылмыс құрамы аяқталды деп танылады.

Осымен қатар, компьютерлік ақпараттың бір түрін қорғау мәселеріне 1998 ж. Жеке деректер туралы заңның бірқатар ережелері арналған, онда компьютер технологияларын пайдаланумен осындай деректерді заңға қайшы жария етумен байланысты қылмыс бұзушылықтар танылады. 1984 ж. телекоммуникациялар туралы заңның бірқатар нормалары байланыс желілері, компьютер жүйелері мен желістерін қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның жекелеген заңнама актілері компьютерлік технологиялар пайдаланумен байланысты басқа қылмыстар жасаған айыпты тұлғаларды қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, бір-бірімен ұштасатын 1997 ж. Балаларды қорғау туралы заң және 1956 ж. Жыныстық қылмыстар туралы заң нормаларына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке компьютерлік технологияларды пайдаланумен 16 жасқа дейінгі порнографиялық балалар бейнесін дайындайтын және тарататын тұлғалар тартыла алады.

Сонымен қатар, 2000 ж. Терроризм туралы заң компьютерлерге, олардың жүйелеріне немесе желісіне заңсыз кіру, ол едәуір зиян әкелсе немесе алынған компьютер ақпараттарын жаппай зорлау әрекеттерін ұйымдастыру үшін пайдаланса, онда ол террористік актілерге теңестірілуі мүмкіндігі және сәйкесінше жоғары жауапкершілікке әкелетінін белгілейді.

Еуропа елдері сияқты Азия мемлекеттері компьютер қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу қағидаларында бірыңғай емес. Олардың кейбіреуі компьютер қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша реттеуде өзінің жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан үлгі ретінде АҚШ заңнамасын қолданады. Ондай мемлекеттерге Филиппин Республикасы жатады. Бұл елдің органдарының тиісті заңнама қалыптастыру бойынша белсенді жұмысы 2000 ж. мамыр айында Филиппинде орналасқан компьютерлерден ғаламтор желісі арқылы «ILOVEYOU» вирус-құрты таралғаннан кейін кең етек алды. Бұл кезде сол кездегі заңнамамен тап сондай қылмыс болып танылмады. Компьютер ақпараты мен кеңістігі саласына қол сұғатын қылмыстық әрекеттер 2000 ж. Компьютерлерді теріс пайдалану туралы заңын қабылдау арқылы жүзеге асырылды.

Осы заңның 4 бабына сәйкес тыйым салынды:

(а) компьютерге, компьютер желісіне, компьютер жүйесіне және серверге немесе деректер базасына қасақана санкциясыз қол жеткізуді жүзеге асыруға және алуға:

(1) қаржы ұйымдары немесе қаржы органдарының файлдарындағы және оның клиенттеріне қатысты деректер базасындағы ақпаратты;

(2) билік органдары немесе үкімет бөлімшелерінің ақпаратын; немесе

(3) егер бұл әрекеттер жергілікті немесе сыртқы байланысты пайдаланумен жүзеге асырылса, қорғалған компьютерлердегі ақпаратты;

(b) егер мұндай әрекеттер тиісті компьютерлерді пайдалануда бұзушылыққа әкелсе, мемлекеттік органдар мен агенттіктердің жабық компьютерлеріне, тиісті мемлекеттік органдар мен агенттіктердің компьютерлеріне қасақана санкциясыз қол жеткізу алу немесе тек мемлекеттік мақсаттарда немесе үкімет мүддесіне пайдаланатын мемлекеттік органдар мен агенттіктердің компьютерлеріне қол жеткізе алу;

(с) алаяқтық жасау мақсатында алаяқтық және ақпаратты алу тек компьютерді пайдалану арқылы жүзеге асырылған жағдайда, немесе компьютер пайдаланудан шығын бір жылда елу мың (50000) песодан аспаған жағдайда рұқсатсыз немесе маңызды ақпарат алу мүддесімен осы рұқсат шартын асырумен қорғалған компьютерлерге қасақана қол жеткізуді жүзеге асыру;

(d) егер мұндай әрекеттер қорғалған компьютерге зақым келтірсе, бағдарлама, ақпарат, код немесе нысанулықты рұқсат алмай қасақана алуды жүзеге асыру;

(e) егер мұндай әрекеттер шығын әкелсе, қорғалған компьютерге санкциясыз қасақана қол жеткізуді жүзеге асыру;

(f) қасақана алаяқтық жасау мақсатында компьютерге, компьютер желісіне, компьютер жүйесіне, серверге немесе деректер базасына санкциясыз кіруге мүмкіндік беретін пароль немесе басқа ақпаратты беру;

(g) кез келген жеке және заңды тұлғаларды немесе мемлекеттік органдарды бопсалау мен ақша қаражаттарын немесе басқа пайда алу мақсатында қорғалған компьютерді зақымдау қауіп-қатері бар хабарлама жіберу;

(h) электрондық түрде компьютер вирустарын тарату немесе вирустар тарату мақсатында:

(1) кез келген компьютерге, компьютер желісіне, бағдарламалық қамтамасыз етуге, компьютер жүйесіне, компьютер бағдарламасына, серверіне немесе деректер базасына санкциясыз қол жеткізуді жүзеге асыру, өзгерту, зақымдау және жою мақсатында:

(i) ұйымның қалыпты жұмысын бұзу; немесе

(ii) алаяқтық жасау немесе алдау, алаяқтық кінә қою немесе шатастыру арқылы мүлікке бақылау алу;

(2) қасақана және рұқсатсыз кез келген компьютерге, компьютер жүйесіне, компьютер желісіне, бағдарламалық қамтамасыз етуге, бағдарламаларға, деректер базасына немесе оның бөліктеріне қол жеткізуе алу, өзгерту, операциялар жасау, зақымдау немесе жою;

(3) компьютерлер, компьютер жүйелері, компьютер желістері, серверлер немесе деректер базасы туралы парольдар, сәйкестендірілген кодтар, жеке сәйкестендірілген нөмірлер немесе басқа да құпия ақпаратты қасақана және рұқсатсыз беру, жариялау немесе тарату, немесе

(4) санкциясыз қол жеткізуді болдырмау мен оқшаулауға немесе келісімдер жасау, соның ішінде сату-сатып алуға, немесе мұндай компьютерді, компьютер жүйесін, компьютер желісін, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бағдарламаларды, серверді, деректер базасын немесе оның бөліктерін пайдаланушы арасында байланысты жүзеге асыруға жауап беретін компьютер, компьютер жүйесін, компьютер желісін, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бағдарламаларды, серверді, деректер базасын немесе оның бөліктерін бұзумен шектелмейтін қасақана алдау әрекеттерін жүзеге асырады.

Заңмен көрсетілген әрекеттерге әртүрлі жазалау шаралары белгіленген: бас бостандығынан 5-тен 15 жылға дейін айыру түрінде, 1 млн. песо (АҚШ-тың шамамен 300 мың долларына тең) дейін айыппұл соммасы түрінде. Және де қылмыс жасауға пайдаланылған заңға қайшы қол жеткізу құралдары компьютерлер, компьютер бағдарламалары және басқа да компьютер техникасының аппаратты –бағдарламалық құралдары сот шешімі бойынша тәлкіленеді.

Осы заңнама актісінің жекелеген ережелері 2000 ж. Компьютерлік алаяқтықтан қорғау туралы заңда нақтыланған. Оның негізгі ерекшелігі компьютерлік қылмысты жасауға бағытталған әрі қарай қылмыстық әрекеттің алдын алу мақсатында кінәлі тұлғаға сот шешімімен жеке мақсатта компьютер техникасының аппаратты –бағдарламалық құралдарын пайдалануға, оларды пайдалану немесе қызмет көрсетумен байланысты қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынуы мүмкін, сондай-ақ компьютер желісіне қол жеткізуді жүзеге асыруға тыйым салыну мүмкіндігі нормасы болып табылады.



Малайзияда 1997 ж., Компьютер қылмыстары туралы заң шығарылды, онда компьютер деректеріне санкциясыз қол жеткізу, басқа қылмыс жасау мақсатында компьютер деректеріне санкциясыз қол жеткізу, компьютер деректерін кез келген түрде санкциясыз өзгерту, заңға қайшы (байқаусызда) компьютер деректерін пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Компьютер қылмыстарын жасағаны үшін санкциялармен айыппұл түрінде немесе бас бостандығынан 3 жылдан 10 жылға дейін айыру белгіленген.

Компьютер ақпараты саласындағы қылмыс жасағандығы үшін қылмыстық құқықта заңнама реттеудің жекелеген тәжірибесі ТМД қатысушы –мемлекеттермен жинақталған.

Қазіргі кезде Ресей Федерациясының 1997 ж., қаңтарда қабылданған Қылмыстық кодексімен (28-тарау «Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыс» ) мынадай қылмыс құрамы қарастырылады: «Компьютер ақпаратына заңға қайшы қол жеткізу» (орта ауырлықтағы қылмыс 272-б.), «ЭЕМ үшін зиян келтіретін бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» (273-баптың 1-б. - онша ауыр емес, 2-б. - ауыр қылмыс) және «ЭЕМ пайдалану қағидаларын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзу» (274-баптың. 1-б. - онша ауыр емес, 2-б. - ауырлығы орташа қылмыстар).



Беларусь Республикасының 1999 жылғы 9 шілдедегі Қылмыстық кодексінде келесі әрекеттерге жауапкершілікті белгілейтін жеті бап бар:

компьютер ақпаратына санкциясыз қол жеткізу (349-б.);

компьютер ақпаратын жаңарту (350-б.);

компьютерлік іріткі салу (351-б.);

компьютер ақпаратын заңға қайшы иемдененіп алу (352-б.);

компьютер жүйесіне немесе желісіне заңға қайшы қол жеткізу үшін арнайы құралдарды жасау немесе сатып өткізу (353 б.);

зиян келтіретін бағдарламаларды әзірлеу, пайдалану немесе тарату (354-б.);

компьютер жүйесі немесе желісін пайдалану қағидаларын бұзу (355-б.).

Жекелеген баптар екі жылға дейін, ал басқалары жеті жылға дейін бас бостандығын айырудың ең жоғарғы мерзімін қарастырады. Осылайша, байқаусызда қирауға, апатқа, адамдармен байланысты бақытсыз жағдайларға, қоршаған ортаны жағымсыз өзгерістерге немесе басқа ауыр салдар әкелетін компьютер ақпаратына санкциясыз қол жеткізгені немесе өз еркімен электрондық есептеу техникасын, компьютер жүйесінің байланыс құралдарын, компьютер желілерін пайдаланғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығын айырумен жазаланады. Екі жағдайда бас бостандығынан 10 жылға дейін мерзімге айыру жазасы қарастырылған – санкциясыз компьютер жүйесіне қол жеткізу немесе ауыр салдарға әкелумен ілескен компьютер іріткі үшін, сондай-ақ, егер ауыр салдар әкелсе зиян келтіретін бағдарламаларды әзірлегені, пайдаланғаны немесе таратқаны үшін.

2001 ж., 1 қыркүйекте күшіне енген Украинаның Қылмыстық кодексімен XVI тарау атауына сәйкес электрондық-есептеу машиналар (компьютерлер), жүйелер мен компьютер желілерін пайдалану саласында қол сұғушылық нысаны бағытының көрсетілген бірқатар қылмыстары үшін жауапкершілік белгіленген. Осы тарауға қосылған:

361-б., «Электрондық-есептеу машиналар (компьютерлер), жүйелер мен компьютер желілеріне заңсыз араласу». Оған сәйкес қылмыс құрамын ақпаратты немесе ақпарат тасымалдаушыны бұрмалауға немесе жоюға қабілетті және заңсыз автоматты жүйелерге кіруге арналған бағдарламалар мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы ақпаратты бұрмалауға немесе ақпаратты не ақпарат тасымалдаушыларды жоюға, немесе компьютер вирусын таратуға әкелетін автоматтандырылған ЭЕМ, оның жүйесі мен желісі жұмысына қасақанa араласу құрайды. Бұл қылмыстық біліктілікті құрамы ірі көлемде шығын келтірген, немесе қайта жасалған, не алдын ала бір топ тұлғаларының келісімі бойынша жасалған әрекет болып табылады;

362-б., «Алаяқтық немесе қызметтік бабын теріс пайдалану арқылы компьютер ақпаратын ұрлау, иемдену, қорқытып алу немесе иемденіп алу»;

363-б., «Автоматты электрондық-есептеу жүйесін пайдалану ережесін бұзу», ЭЕМ, ЭЕМ жүйесін немесе оның желісін пайдалану ережесін, оны пайдалануға жауапты тұлғаның, компьютер ақпаратын, оны қорғау қондырғысын ұрлауға, жоюға, бұрмалауға, заңсыз ақпаратты көшіріп алуға әкелген яғни, ЭЕМ, ЭЕМ жүйесін немесе оның желісінің жұмысын уақытша бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Осы қылмыстың біліктілікті құрамы ауыр салдарының туындауын қарастырады;

Сонымен қатар, Украинаның ҚК 301-б., порнографиялық заттарды енгізу, дайындау, сату және тарату үшін жауапкершілікті белгілеуге компьютер бағдарламаларын дайындау немесе пайдаланумен бұл қылмыстарды жасауға жүйелеу белгісі қосылған (2 және 3-баптар), ол жазаны ауырлатуға әкеледі.



Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексі мұнадай қылмыс құрамдарын қарастырады:

компьютер техникасы құралдарын пайдаланумен иемдену мен жойып жіберу арқылы ұрлау (167-бабы, 3-б. «г» т.);

компьютерлік техника құралдарын пайдаланумен алаяқтық (168-бабы, 3-б. «в» т.);

компьютер жүйесіне санкциясыз кірумен жасалған ұрлық (169-бабы, 3-б. «в» т.);

ақпараттандыру ережесін бұзу (174-б.);

ақпаратты заңсыз жинау, жария ету немесе тарату (191-б.);

бәсекелестің беделін түсіру (192-б.).

XX ғ., 80 жылдарынан бастап көптеген елдерде ұлттық қылмыстық заңнаманың жалпы ережелері көмегімен компьютер ақпаратын құқықты қорғау жеткізіліксіз болып табылады деген қорытындыға келді.

1983-85 жж. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында (ЭЫДҰ) компьютер қылмысы үшін жауапкершілік туралы әртүрлі елдердің қылмыстық заңнамаларын келістіру мүмкіндігін талқылау үшін арнайы комитет құрылды.

1985 жылдан 1989 ж., кезеңінде компьютер қылмысы мәселесімен Еуропа Кеңесінің Компьютер қылмыстары бойынша жекелеген сарапшылар комитеті жұмыс істеді. 1989 жылдың 13 қыркүйегінде комитеттің жұмыс қорытындысы бойынша Еуропа Кеңесі компьютерлермен байланысты қылымыстар туралы Еуропа Кеңесі мүше елдерінің Министрлер комитетінің № R89(9) ұсынысын қабылдады. Онда компьютер технологияларымен байланысты барлық дерлік қылмыстары айқындалған, сондай-ақ ұлтық заңнамаға қосу үшін ұсынумен және факультативті тізбесімен компьютер қылмыстарының жіктемесі берілген. Сонымен, мемлекеттің ішкі қылмыстық заңнамасына қосылуға ұсынылғандардың арасында құжат келесі компьютерлік заң бұзушылықты айырып таниды:

компьютерлік алаяқтық,

компьютерлік жалғандық

компьютер деректеріне немесе компьютер бағдарламаларына нұқсан келтіру,

компьютерлік іріткі салу

санкцияланбаған қол жеткізу,

санкцияланбаған ұстап қалу,

авторлық құқықпен қорғалатын компьютер бағдарламасын санкциясыз қайта шығару,

микротәсімді санкциясыз қайта шығару.

№ R 89(9) ұсынысы елдің қылмыстық заңының ережелерінде қылмыстық жазаланатын әрекеттердің неғұрлым толығырақ сипатталағанын қарастырды.

1995 ж. мәселенің процессуалды аспектілеріне қатысты екінші ұсыныс шықты. Онда алғаш рет киберқылмыс бойынша халықаралық келісімшарт әзірлеу идеясы ұсынылды. Қылмыс мәселелері бойынша Еуропа комитетінің сарапшылары киберқылмыспен күресуге қатысты мәселелердің таза заңды жағын ғана емес, сонымен қатар осы мәселелерді шешуде процессуалды талаптарды қарастыратын Конвенция әзірлеуді ұсынды.

Конвенция мәтіні 2001 ж. 19 қыркүйегі Министрлер комитетінің тұрақты өкілдер рангісі отырысында мақұлданды және 2001 ж 8 қарашасында сыртқы істер министрлерінің отырысында қабылданды, 2001 жылдың 23 қарашасында Будапеште Киберқылмыс туралы конвенция мемлекеттер қол қою үшін ашылды және (2004 ж. 1 шілдесінде) бес мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енді.

90 жылдардың басында бірыңғай компьютер қылмыстарының жіктемесін жасау әрекеті Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымының жұмыс тобымен жасалып көрінді. Бекітілген компьютер қылмысының кодификаторында белгіленген:

санкциясыз қол жеткізу және ұстап қалу,

компьютер деректерін өзгерту,

компьютерлік алаяқтық,

заңсыз көшірме жасау,

компьютерлік зымияндық және басқа да компьютер қылмыстары.

9.3 IT-аутсорсингтің әлемдік практикасы

Ақпараттық технологиялар аутсорсингі (бұдан әрі – IT-аутсорсингі) – бұл аутсорсер-компаниясына ұйымның IT-қызметінің барлық немесе бөліктерін беру практикасы. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бизнес-үрдістерді орындау үшін IT-аутсорсингті қолдану практикасы 1980 жылдары белсенді дами бастады, ал 1980 жылдардың аяғында 1990 жылдардың басында нарық үлкен қолдауға ие болды, себебі көптеген ұлттық үкімет мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мадақтай және жеке сектордан тиімді технологияларды үлгі ретінде қабылдай бастады.

Әлемдік практика аутсорсинг әкімшілік-басқару үрдістерін жүзеге асырудың ең жақсы практикасын ендіруге, қызметтің шығындарын тиімді бақылауға, атқарушы билік органдарын назарын негізі қызметтеріне аударуға, қызметтер сапасын арттыруға, жаңа технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, капитал шығындарын азайтуға, әкімшілік және басқару қызметкерлерін қысқартуға мүмкіндік беретінін куәландырады.

Шетел тәжірибесін талдау аутсорсинг технологиясы бизнесте де және де мемлекеттік басқару секторында да белсенді қолданатының көрсетеді. Бірінші жағдайда аутсорсинг жақтық мердігерге компанияның кейбір бизнес қызметін немесе бизнес үрдісінің бөлігін беруді, ал екіншісінде – жақтық ұйымға атқарушы билік органының қызмет бөлігін беруді жобалайды.

Халықаралық практиканы шолу нәтижесі бойынша мемлекеттік сектордағы аутсорсинг келесі аутсорсингтің негізгі себептерін атап көрсетеді:

1) операциялық шығындарды қысқарту мен бақылау қажеттігін (мемлекеттік қызметтер орындау мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге шығындар);

2) негізгі қызметіне шоғырлану қажеттілігі;

3) ұйым ішінде қол жеткізбейтін ресурстарға қол жеткізу қажеттігін;

4) жаңа (инновациялы) ресурстар мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігін алуды;

5) басқа мақсаттар үшін ішкі ресурстарды босату мүмкіндігін;

6) ре-инжинирингтік үрдістерді жеделдету мүмкіндігін;

7) бақылау шектелген қызметтерді басқару күрделілігін;

8) қосымша капиталды босату мүмкіндігін;

9) тәуекелдерді бөлу мүмкіндігін;

10) жекелеген үрдістерге ең жақсы практиканы дайын түрде алу және енгізу мүмкіндігін;

11) жаңа қызметтер көрсету сапасын арттыру және мүмкіндігін кеңейту мүмкіндігін;

12) атқарушы билік органының сарапшылық және талдау әлеуетін дамыту.

Мемлекеттік билік органдарында аутсорсингті қолданудың шетел тәжірибесін талдау осы үрдісті ұйымдастырудың бірнеше негізгі әдістерін атап көрсетуге мүмкіндік береді.



Кластерлік әдіске сәйкес мемлекетті органдар аутсорсинг бойынша әрекеттерін бірлесе ұйымдастыру үшін кластерлерге бірлеседі. Бұл кезде кластерлерді басқаруды (мамандандырылған немесе аймақтық агенттіктерге ұқсас) жекелеген органдар алу керек, және де қанша кластерлер ұйымдастырылса, сонша органдар болады (мысалы, қаржы, АКТ, кадрлық саясат және т.б.). Мұндай әдіс бір уақытта бірнеше мемлекеттік органдарда ұқсас қызметтер (үрдістер) аутсорсингінде қажеттілік туғанда пайда болады, яғни бірдей әдістемелікті пайдалану жобаланады. Бұл жағдайда масштаб әсері пайда болады, алайда жобаның едәуір іріленуі салдарынан ішкі және де сыртқы үрдістерді басқару мәселесі туады.

Орталықтандырылған әдіс бірыңғай үкіметтік ұйым шеңберінде барлық аутсорсинг саясатын басқаруды жобалайды, қызмет құрылысы бойынша РФ ұқсас, әкімшілік субъектілері құрылымында өнімдер мен қызметтердің (мемлекеттік сатып алулар) мемлекеттік тапсырысын орындау бойынша комитеттері мен басқармалары бар. Сәйкесінше, бұл ұйым аутсорсинг саласындағы барлық аутсорсингтік бастамаларды, орталықтанған басқаруды, әдістемелер мен стандарттарды қолдау мен орнатуды жүзеге асырады. Осы стандарттарға сәйкес аутсортингтік жобалардың тиімділігі мен нәтижесін бағалау жүргізіледі. Кемшіліктерге өз кезегінде аутсорсингтің маңызды тиімді факторы болып табылатын жеке әдіспен икемділіктің болмауын жатқызуға болады.

Орталықсыздандыру әдісі әрбір атқарушы билік органына аутсорсинг қолдануда тәуелсіз жеке стратегиялар құру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама нормаларымен даулар болған жағдайда тәжірибе түрінде заңнаманы өзгерту және (немесе) жағымды сот практикасын қолдану жобаланады.

Әлемдік тәжірибе тапсырыс беру секторында бәсекелестікті арттыру арқылы аутсорсинг механизмін енгізу бюджет қаражаттарын 10—50% үнемдеуге мүмкіндік береді.

Атқарушы билік органдарында аутсорсинг қолданудың екі негізгі бағытын атап көрсетуге болады: қызметтерін орындау сапасын арттыру және қызметтер орындауға қаражатты азайту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет