1. Зияты бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру


Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері



бет4/5
Дата17.03.2022
өлшемі68.04 Kb.
#456377
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
8.Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері негізінен көретін балаларға тән дамудың жалпы заңдылықтарына сай жүреді.
Сөйлеу тілінің ерекшеліктері мынадай: көру қабілеті бұзылған балалардың 1 жасында қалыпты жағдайдағыдай алғашқы сөздері пайда болады, бірақ олар аз және көбеюі баяу. Сөздік қорының әрі қарай дамуында өз ерекшеліктері бар. Балалар заттарды аз біледі, сөздердің мәнін анық меңгермейді, сөздерді пайдаланады. Көруі бұзылған баланың сөйлеу тілін зерттеуге арналған жұмыстардың көбі дыбыс айту ерекшеліктеріне бағытталған. 60-70 ж. Логопедия ғылымының дамуына байланысты көруі бұзылған баланың сөйлеу тілі бұзылуын анықтауға арналған зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде көрмейтін және нашар өретін балаларда күрделі тіл кемістіктері кездесетіні және сөйлеу мен көрудің бұзылуы арасындағы байланыстар анықталған.
Аталған зерттеулер көрмейтін балалардың сөйлеу тілі қалыптасуының төрт деңгейге бөлуге мүмкіндікі береді.
Бірінші деңгей. Балалардың экспрессивті сөйлеу тілі коммуникативті функцияны орындамайды, өте шектелген, сөзбен бейнені сәйкестеуде, зат бейнесімен жалпылама түсініктерді сәйкестеуде көп бұзылыстар байқалады. Байланыстырып сөйлеуі жеке сөздерден немесе олардың бөліктерінен тұрады. Эхолалия байқалады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағының сапалық жағын анықтауға бағытталған тапсырмаларды балалар орындай алмайды, дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады. Фонематикалық талдау мен жинақтау процестері мүлдем қалыптаспаған.
Екінші деңгей.Экспрессивті сөйлеу тілі сөз қорының аздығымен сипатталады. Сөз бен заттың бейнесін салыстыруы төмен деңгейде, жалпылама түсініктерді білмейді. Байланыстырып сөйлеуі қалыптаспаған, бір-екі сөзден құралған сөйлемдерінде аграмматизмдер кездеседі . Әңгімелеп айтуы қалыптаспаған. Көптеген дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Дыбыстарды естіп ажыратуы мен айтудағы ажыратуы жете қалыптаспаған. Фонематикалық талдау мен жинақтауы төмен деңгейде қалыптасқан.
Үшінші деңгей. Белсенді сөз қоры шектелген, сөзбен заттың бейнесін сәйкестеуде, жалпылама түсініктермен грамматикалық категорияларды қолдануда және сөйлем құрауда қателер жібереді. Балалардың дыбыс айтуының бұзылыстары сигматизм, ротацизм, ламбдацизм, парасигматизм, параротацизм, параламбдацизм түрінде байқалады. Фонематикалық түсініктері, естіп ажыратуы, дыбыстарды айтудағы ажыратулары, дыбыстарды талдауы қалыптаспаған.
Төртінші деңгей. Дыбыс айтуында жеке бұзылыстар байқалады, алайда ол қалыпты сөйлеу тіліне сай келмейді.
Көптеген балаларда жүйелі бұзылыстар байқалады. Онда сөйлеу тілінің дамымауы функциональді жүйенің бұзылуы және оның негізгі компоненттерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) бұзылуы ретінде болады.
Сонымен, көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің бұзылу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Олар сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылысынан «коммуникативті функцияның қалпына әсер ететін» жүйелік бұзылысына дейін болады.
Сөйлеу тілі қалыптасуының бірінші деңгейіндегі балалармен логопед, түзету жұмысын жоспарлау кезінде, олардың сөйлеу тілінің сөз қоры ескеріледі. Ерекше назар сөйлеу тілінің фонетикалық жағын қалыптастыру жұмысына, есту зейінін дамытуға аударылады.
Сөйлеу тілінің қалыптасуының екінші деңгейіндегі балалармен жүргізілген жұмыста сөздік жұмысқа, фонематикалық талдау мен жинақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді .
Сөйлеу тілі қалыптасуының үшінші, төртінші деңгейіндегі балалармен жұмысқа заттық –тәжірибелік, ойын, таным әрекетін дамытуға бағытталған элементтер енгізіледі. Сөз қорын кеңейту, сөзді заттық бейнемен сәйкестендіру, жалпылама түсініктерді қалыптастыру, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыс негізінде сөздік стереотиптерді қалыптастыру жатыр. Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын практикалық түрде меңгеру, балалардың қоршаған орта туралы, өз тәжірибесін сипаттау арқылы рельефті суреттер, тірек сөздер, түсініктер бойынша сөйлем құрастыруы қалыптастырылады.
Логопедиялық сабақтар барысында балалардың сөйлеу әрекетінің ең осал бөлімдері жаттықтырылды. Жұмыстың маңызды бөлігіне балалардың моторлы дағдыларын, конструктивті праксисті, тепе – теңдікті, кеңістікте бағдарлауын жетілдіру жатады.
9. Қазақстандагы логопедиялық көмек көрсету жүйесі қандай.
Қазақстанда балалар мен ересектерге логопедиялық көмек білім және
ғылым, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері
тұрғысынан көрсетіледі.
Білім және ғылым министрлігі жүйесіне келесі мекемелер жатады:
— Мектепке дейінгі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
білім беру мекемелері.
— Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға
арналған білім беру мекемелері.
— Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі
мекемелердегі арнайы топтар.
— Оңалту орталықтары.
— Арнайы мектеп-интернаттары.
— Арнайы балалар үйлері.
— Жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық пункттер.
— Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері.
— Әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту орталықтары (ӘБЕО).
Денсаулық сақтау жүйесінде логопедиялық көмек амбулатория,
стационарлық жағдайда көрсетіледі. Балалар емханасындағы логопедиялық
кабинеттер мен психоневрологиялық диспансерлердің негізгі міндеттері:
сөйлеу тілі бұзылған балалармен жасөспірімдерді ерте анықтап, диспансерлік
бақылауға алып, уақытында кеңес беріп, арнайы көмек көрсететін
мекемелерге бағыттау болып табылады. Сонымен қатар арнайы
логопедиялық көмек ауруханалардың психоневрологиялық, неврологиялық,
нейрохирургиялық, отоларингологиялық бөлімдерінде ұйымдастырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мекемелер:
— Мүгедек балаларға арналған интернаттар.
— Психоневрологиялық интернаттар.
— Әлеуметтік орталықтар.
Барлық арнайы мекемелерде логопедиялық көмекті «логопедия» мамандығы
бойынша арнайы жоғары білімі бар мамандар көрсете алады. Ал дәрігерлер
сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды анықтап, диспансерлік тізімге
алып, арнайы көмекті уақытында алу үшін логопед мамандарға жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет