Аитв жұқтырған аналардан туған балаларды жүргізу. Балалар – біздің болашағымыз



Дата05.07.2016
өлшемі37.5 Kb.
АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды жүргізу.

Балалар – біздің болашағымыз
01.12.2012 жылға Маңғыстау облысы бойынша 2003 жылдан бері өсіңкі қорытындымен – 8 АИТВ жұқтырған ана мен 11 жүктілік тіркелді. Өсіңкі қорытындымен барлығы АИТВ жұқтырған аналардан 11 бала туған. Осылардан 2011 жылғы 05.01.2011 жылғы № 8 бұйрыққа сәйкес, бақылау мерзімі аяқталған соң және АИТВ инфекциясына теріс зертханалық деректер кезінде 10 бала диспансерлік есептен шығарылды. Диспансерлік есепте жасы 14 айлық «АИТВ инфекциясы бойынша тәуекелдік» диагнозымен АИТВ жұқтырған анадан туған бір бала есепте тұр. Сондай-ақ АИТВ инфекциясы диагнозы 2 балада анықталды:

1. 2008 жылы 1,6 жастағы қыз бала, РФ тұрғыны, тұрғылықты жері Баку қаласына шығарылып жіберілді.

2. 2011 жылы 4 жастағы бала.

ЖИТС –тің дәрігері ретінде Сіздерге, біздің облыс бойынша АИТВ жұқтырған анадан туған балаға алдын алуды жүргізу жайында айтқым келеді. Педиатор дәрігерлердің бақылауы мен тексеріп қарауы тұрғысында олардың, басқа балалардан еш айырмашылығы жоқ. АИТВ жұқтырған аналардан туған балалар, балалар емханаларында және АИТВ/ЖИТС алдын алу және емдеу орталықтарында базалық медициналық көмек алады. АИТВ жұқтырған анадан туған балалардың АИТВ мәртебесіне қарамастан, оларды үнемі тексеріп отыру маңызды, себебі осы топта сырқаттанушылық мен өлім-жітім көрсеткіші артып кеткен.



Жоспарлы медициналық тексерудің ұсынылған мерзімдері:

  • Туған кезінде неонатологтың (педиатрдың), невропатологтың тексеріп қарауы;

  • Дүниеге келген 2-ші, 3-ші және 4-ші аптасында учаскелік педиатормен, медбикемен тексерілуі;

  • 1 айдан 12 айға дейін - ай сайын.

Бұдан әрі қарай, баланың тиісті мәртебесіне орай, жоспар бойынша профилактикалық тексеру немесе диспансерлеу мерзімі.

Жоспарлы медициналық тексерудің қамтылымы:

  • Негізгі ауруларды диагностикалау, қажет болған жағдайда емдеуді іріктеу.

  • АИТВ-инфекциясының белгілерін анықтау.

  • АИТВ-ға тестілеу (жоспар бойынша).

  • Психикалық және денесінің өсіп-жетілуін бағалау, профилактикасы:

- бойының, смалмағының, психикалық өсіп-жетілуінің қозғалысын бағалау;

- егу картасына сәйкес вакцинация;

- пневмоцистті пневмонияны (мәртебесін белгілегенге дейін) дәрі-дәрмекті профилактикасы;

- туберкулезге скринингтік зерттеу (көрсеткіштер бойынша);

- анемияны емдеу (көрсеткіштер бойынша);

- анасына не баланы күтетін басқа адамға, баланы емізу (тамақтандыру) және күту бойынша ұсынымдар;

- тұрғылықты жері бойынша, жасанды тамақтандыру үшін балалар тамағымен қамтамасыз ету.

АИТВ-ға тестілеу

Балаға АИТВ бастапқы диагностикасы, туғаннан кейін 1-2 айдан соң жүргізіледі. АИТВ ДНК-на ПЦР пайдаланылады. Тесті теріс болған кезде, екінші қайтара ПЦР 3-6 айлық жасында жүргізіледі. ПЦР оң нәтижесі – АИТВ-инфекциясының алдын ала диагнозына негіз болады. Түпкілікті диагнозы қанының басқа үлгісі бар АИТВ ДНК-на екінші қайтара ПЦР деректері бойынша белгіленеді.

Егер ПЦР –ды орындау мүмкін болмаса, 15-18 айлық жасында АИТВ-ға (ИФА,ИБ) дене қарсылығына баланың қанына зерттеу жүргізіледі. Оң нәтижесі баланың бойында АИТВ-инфекциясының болғанын айқындайды.

Балаға АИТВ-ға тестілеу кезінде, консультация беру, тексеру нәтижелері бар және баланың АИТВ мәртебесін түпкілікті анықтау қажеттілігімен өткізіледі.



Иммундау:

АИТВ жұқтырған аналардан туған барлық балаларға, жалпыға бірдей егу кестесіне сәйкес, жасына қарай иммундауды жүргізу керек. АИТВ мәртебесі теріс не АИТВ-инфекциясының алдын ала диагнозы бар балаларға, иммундауды (оның ішінде БЦЖ вакцинасын) елімізде қабылданған күнтізбелік егуге сәйкес жүргізу керек.

Иммундау үшін қарсы көрсеткіштер кезінде мыналар болады:

1. БЦЖ вакцинациясы АИТВ-инфекциясының не ЖИТС белгілері бар балаларға қарсы келеді (қалғандарында иммундау өзгеріссіз жүргізіледі).

2. АКДС балаларға қарсы келеді, үш күн бойы оған енгізу бала есеңгіреу не құрысу пайда болады, одан ары қарай АКДС -тің орнына АДС-ті енгізіледі.

3. АКДС вирусы қайталана есеңгірейтін не орталық жүйке жүйесімен ауыратын балаларға қарсы келеді, оның орнына АДС пайдаланылады.



Диспансерлік бөлімінің меңгерушісі А. Жиенғалиева.
Каталог: statja
statja -> Житс-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының диагностикалық зертханасының қызметін талдау «житс-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы»
statja -> Аитв/житс бойынша жастар арасында алдын алу жұмыстары
statja -> Жауапкершілікті мінез-құлық – аитв-дан қорғайды. 2014 жылғы 7 сәуірде ҚР-да «Ұзақ жасау өз қолыңда»
statja -> А. Т. Горбунов, Д. П. Забродин
statja -> Это была его первая поездка в эту страну в ранге главы государства
statja -> Получение непигментированной овулировавшей икры от самки веслоноса
statja -> Мектеп оқушылары арасында аитв/житс –тың алдын алу
statja -> Аитв жұқтырылғанның ІҚЖ инфекциясы
statja -> Адам иммун тапшылығының вирусы (аитв) және жүктілік
statja -> Состоявшийся с 15 по 17 мая в Шуне /курортный городок на берегу Мертвого моря в Иордании/ пятый Всемирный экономический форум по Ближнему Востоку отчетливо приобрел в этом году политический крен


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет