10 – сынып оқушыларына арналған «Математикалық сауаттылық» курсы Түсінік хат



бет2/6
Дата14.09.2023
өлшемі39.34 Kb.
#477543
1   2   3   4   5   6
Бағдарлама математикалық сауаттылық курсы бойынша

Курстың мақсаты:

Білімді , бәсекеге қабілетті, функционалдық сауатты, алған білімін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу.


Оқушылардың математикалық мәдениетін және шығармашылық қабілетін қалыптастыру және мектеп бітірушілердің жоғары оқу орындарына түсіп, білімдерін жалғастыруға сапалы дайындықты қамтамасыз ету.

Курстың міндеттері :

Белсенділік танытып; шығармашылық тұрғыда ойлап; шешім қабылдай алатын ; өз кәсібін дұрыс таңдай алатын; өмір бойы білім алуға дайын тұратын жеке тұлғаны тәрбиелеу.


- теорияны білу , оны логикамен ұштастыру
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
- есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару»
-алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету
- оқушыларда берілген тақырыптың математикадағы маңызы туралы, басқа тақырыптармен байланысы туралы біртұтас ұғым қалыптастырады;
Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеп жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді
- шығармашылық іздену әдістерін іріктеуге, талдап-ойлауға, есте сақтауға, ой-өрісті дамытуға, күрделі есептерді шешуде кездесетін қиыншылықтарды жеңіп шығуға дағдыландырады;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды жүзеге асырады;


Күтілетін нәтижелер:
- Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
- оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);
- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет