10 б кластың оқу тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы



Дата02.01.2022
өлшемі13.11 Kb.
#454422
түріБағдарламасы
хабарлама


Хабарлама

10 б кластың оқу тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы


2021-2022 оқу жылының басында 10 «б» сыныбында 11-оқушымен бастадық оның 6- уы қыз бала, 5-і ер бала. Сыныпта аз қамтылған 3 отбасы және көп балалы 4 отбасы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 27 желтоқсанындағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, мемлекеттік білім стандартына сәйкес жылдық күнтізбелік сабақ жоспарлары бірлестік отырысында қаралып, талқыланып бекітілді.

Класс оқушыларының пәндер бойынша білім деңгейлері, білік дағдылары жақсы деңгейде. Оқу жылының басында класс жиналысының жоспары жасалып, бекіттірілді. Класс жиналысы өтізіліп, оқушылардың тәртібімен, сабақ үлгерімімен таныстырылды.



Класс белсенділері өз міндеттерін өз деңгейінде орындап келеді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылар болған жоқ. Кластағы оқушылардың тәртібі жақсы. Класс кабинетінде санитарлық талап сақталған. Карантинде жатқан, себепсіз сабақтан қалып жүрген оқушы жоқ. Пән мұғалімдерінен, ата-аналардан ешқандай шағым жоқ. Класс оқушыларымен атқарылатын тәрбиелік жұмыстар, мектеп психологымен байланыс жасап, жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта оқушылардың үлгерімін арттыру үшін, оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беру мақсатында ізденіспен жұмыс жүргіземін.

Класс жетекшісі: Н.Абдирова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет