10 сынып ІІІ оқу тоқсанына Дүние жүзі тарихынан Қоғамдық-гуманитарлық бағыт Қысқа мерзімді жоспар



бет28/48
Дата13.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462612
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
472 бұйрық-10 сынып-ІІІтоқсан-дүние

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Дүние жүзі тарихы

Бөлім:

3-бөлім. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан
3.2. бөлімше Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.2.14 дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын талдау

Сабақтың мақсаты

дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын талдау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Қызығушылықты ояту

Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің жасалу жолдарын, тиімділігін қандай?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Тақырып
тық суреттер

Жаңа білім
!!!!!!!!!!!!!!!!Қажет еткен әріптестер үшін....бағалар
87027984413



Мәтінмен жұмыс
1-тапсырма
Деректердегі ақпаратпен танысып, тапсырмаларды орындаңыз. Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қарым-қатынастардың жаңа үлгісі болғанымен, жүйенің империалистік сипатын өзгерте алмады. Бұл әсіресе Кеңестік Ресейге қарсы жүргізілген күрестің барлық бағытынан көрінді. Капитализмге балама құрылыс ретінде пайда болған социалистік елге интервенция ұйымдастырды. Версаль-Вашингтон жүйесінің бітімшарттарының бірде-біреуіне Кеңестік Ресей өкілдерінің қолы қойылмады. Соғыста жеңілген елдер соғыс шығынын төледі, соғыстың бүкіл ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Жеңілген Германияны әлсіретсе де, оның халқының революциялық қозғалысын тұншықтыруға АҚШ, Англия, Франция қол ұшын беруге әзір тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыста көтерілген шовинизм мен ұлтшылдық толқыны бәсеңдеді. Оның күші ұлттық келіспеушілік сезімін қолдаудан көрінді. Ұлтшылдықтың толқуына шекара мәселесін дұрыс шешпеудің де ықпалы болды. Румынияның құрамына венгрлер мен болгарлар орналасқан аумақ қосылды. Бұл жағдай Румыния, Венгрия және Болгария арасында тікелей дұшпандық қатынастардың пайда болуына әсер етті. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа аумақтарының шекара мәселесін қайта қарау басқа елдер арасында өткір қайшылықтарды тудырды. Бұл қайшылықтардың әсерінен Болгария мен Югославия, Австрия мен Венгрия, Венгрия мен Чехословакия, Чехословакия мен Польша және т.б. елдер арасында сенімсіздік пайда болды. Версаль-Вашингтон жүйесі — Германия отарлары мен бұрынғы Осман империясының халықтарына тәуелсіздік әпермеді. Ұлттар Лигасы бұл халықтарды мандатпен басқаруды енгізіп, билеушілерін ғана өзгертті. Мандаттар — Англия, Франция және Жапония қолына тиді. Капиталистік мемлекеттер арасында отарларды және кішігірім жерлерді қайта бөлісу жүзеге асты, отаршылдықтың жаңа түрі пайда болды. Сондықтан отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар күресі тыйылмады. Орталық Еуропада үш империяның орнына бірнеше шағын мемлекеттердің құрылуы бұл аймақтағы саяси тұрақсыздықты біржолата жоя алмады. Өйткені осы аймақтағы мемлекеттердің бір-біріне деген көптеген шағым-талаптары сақталып қалды. Ұлы державалардың араларында шешілмеген қарама-қайшылықтар орын алды.
«Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қатынастардың жаңа үлгісін қалады» деген тұжырыммен келісесіз бе? Дәлел келтіріңіз. ________________________________________________________________________________ Төмендегі критерийлер негізінде «Версаль-Вашингтон жүйесінің» халықаралық қатынастардағы тиімділігін графикте көрсетіңіз
2-тапсырма
Потсдам конференциясы Потсдам конференциясында үш ел басшылары (КСРО, Ұлыбритания, АҚШ) 13 отырыс өткізіп, 19 негізгі сұрақ бойынша шешім қабылдады. Конференцияда Германияның соғыстан кейінгі құрылымы және репарация төлеуі, Польшаның шекаралары мен ішкі саяси жағдайы туралы мәселелерге қайта-қайта тоқталуына тура келді. Келісуші жақтар Германиядағы жоғарғы өкіметті құрамы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, сондай-ақ Францияның өкілдерінен тұратын Бақылау Кеңесінің күштерімен жүзеге асыруға келісті. Потсдам конференциясына қатысушылар Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын жою, барлық қарулы күштерін (СС, СА, СД, гестапо, әскери оқу орындары, соғыс ардагерлерінің бірлестіктері, әскери, жартылай әскери ұйымдар, т.б.), бас штабты, ұлтшылсоциалистер партиясын таратып, фашистік ұйымдар мен мекемелерді жою, елдің саяси құрылысын демократиялық жолмен қайта құру, басты әскери қылмыскерлерді соттау туралы келісім жасады. Потсдам конференциясы барысында құрылған Халықаралық әскери трибунал өз қызметін 1945 ж. қарашада бастады. Репарация туралы арнайы келісімде конференцияға қатысушы 4 мемлекет (Францияны қоса) өздері басып алған аймақ бойынша және Германия тарапынан соғыс шығынын өндіріп алатын болды. Кеңес Одағы соғыстан ең ауыр зардап шеккен мемлекет ретінде 10 млрд. доллар көлемінде репарация алды. Бұған қосымша батыстағы басып алынған аймақтан 25% төлем (өнеркәсіп жабдықтары, көмір, азық-түлік, т.б. материалдар түрінде) берілді. КСРО өз үлесінен Польшаның репарациялық сұранысын қанағаттандырды. Репарацияларды төлеу өнеркәсіптік жабдықтар мен тауарлар түрінде жүргізілетін болды. Потсдам конференциясы шешімімен КСРО, АҚШ және Ұлыбритания Германияның су үсті, әскери-теңіз және сауда флотын теңдей бөліске салды. Герман су асты флотының көпшілігі батырылып, қалғандары үш державаға бөлінді. Конференцияда одақтастар әскерлерін Ираннан шығаруға келісті, сонымен қатар соғыстан кейінгі кейбір аумақтық мәселелер шешілді. Кеңес Одағына Кенигсберг қаласы және оның төңірегіндегі ауданынан берілді. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінің бойымен Чехословакияға дейін жүретін болды. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін Сыртқы істер министрлерінің кеңесін құрды. Кеңес құрамына КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай және АҚШ өкілдері кірді. Конференцияда сонымен қатар Қара теңіз бұғаздары, халықаралық су жолдары, Танжер аймағы мәселелері қаралды. 26 шілдеде АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттерінің басшылары Жапонияның тізе бүгуі және оған қарсы әскери қимылдарды тоқтату жөнінде декларация қабылдады. Бұл ұсыныстың қабылданбауына байланысты АҚШ,
Ұлыбритания, Қытай және Кеңес Одағы Жапонияға қарсы соғыс қимылдарын бастауға міндеттенді. Төмендегі критерийлер негізінде «Потсдам конференциясының халықаралық қатынастардағы тиімділігін графикте көрсетіңіз.

Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды


Критерийлер: 1. Түйінді мәселелер толық шешілді 2. Халықаралық қатынастарда барлық мемлекеттер өз ойын айтуға мүмкіндік алды


2.Әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты тиімді қамтамасыз етудің шешімдері қабылданды

Критерийлер: 1. толық қарусыздануға қол жеткізу 2. фашистік езгідегі мемлекеттердің тәуелсіздік алуына саяси мүмкіндіктерді қарастыру 3. фашистік қауіпты жойып, әлемде бейбітшілік пен татулық орнатуға қол жеткізу


Дескриптор


- критерийлер негізінде «Версаль-Вашингтон жүйесінің» халықаралық қатынастардағы тиімділігін графикте көрсетеді; - критерийлер негізінде «Потсдам конференциясының халықаралық қатынастардағы тиімділігін графикте көрсетеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет