3. Қашықтан оқытуға арналған Google Meet платформасы
Google Meet
–
конференция пайдаланушылары мен қатысушылары үшін
жұмыс
үстелін
көрсетуді
қолдайтын
бейнеконференция
қызметі.
Бағдарламаны ресми түрде 2017 жылы Google компаниясы әзірлеген, ескірген
Google Hangouts қызметін ауыстыру ретінде ұсынылған.
Оқу орындары және басқа ұйымдар Google Meet-ті қызметкерлермен
және оқушылармен бейне кездесу үшін пайдалана алады. Google Workspace
for Education Fundamentals және Google Workspace
for Education Plus
жазылушыларында бір бейне кездесудің ұзақтығы 300 сағаттан аспауы тиіс.
Google Workspace пайдаланушылар Google Meet пайдалану кезінде тиімді
пайдалана алатын түрлі құралдар мен бағдарламалармен бірге келеді. Алайда,
Google Meet функциялары өнімділік, өзара
әрекеттесу және қашықтан
ынтымақтастық тұрғысынан бірдей мақсатта қызмет ететін басқа
бағдарламалармен салыстырғанда шектеулі.
Мысалы, Google Meet-те бейнеконференция кезінде қажет, «Аннотация»
функциясы жоқ. Аннотациялар пайдаланушыларға презентацияның белгілі бір
бөліктерін бөлуге көмектеседі және қатысушылар
арасындағы өзара
әрекеттесуді ынталандырады. Қазіргі уақытта мұндай қосымша мүмкіндіктер
үшінші тарап әзірлеушілерінің Google Chrome кеңейтімдері арқылы
қосылады.
Қызмет интерфейсі 13-суретте көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: