№11 дәріс тақырыбы: Спорттық топтағы тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары



бет5/5
Дата02.10.2023
өлшемі1.77 Mb.
#479493
1   2   3   4   5
11-дәріс

Өзін-өзі танудың мәні неде?
өзін-өзі тану –
тұлғаның психикалық
және психологиялық
денсаулыққа ие
болуының шарты
өзін-өзі тану –
тұлғаның өзін-өзі
дамытуының,
оның өзін-өзі
жүзеге асыруының
жалғыз жолы
өзін-өзі тану –
ішкі үйлесімділікке
және психологиялық
кемелдікке ие
болудың құралы

Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы


Өзін-өзі тану пәні – жалпы білім беру мектептерінде, институттарда, университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс
Өзін-өзі тану – бұл өзін, өзінің әлеуетті және өзекті қасиеттерін, тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктерін, мінез қырларын, өзге адамдармен өзінің қарым-қатынасын тану процесі
Тарихы
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.
Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. ФранцияАфрика, және Австралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.
Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күресжүгірудиск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.
Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. ІV – ІІІ ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді.
Түрік қағандығы дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған.
VІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.
Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге,көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт жарыс ойындары бар.
1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, әскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 жылы 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында дене тәрбиесі нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргіАлматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семейқалаларында ірі спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесін дамыту мақсатында 1925 жылы Семей қаласында арнаулы спартакиада өтті
 
Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қалаларында да ұйымдастырылды. 1928 жылы Петропавл қаласыннда Бүкіл қазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тәрбиесінен ұлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 жылы Алматыда дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1934 жылы республикалық ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б)П-нің 1937 жылы өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүзүлік соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді
  • •1945 – 56 жылдары Қазақстанда дене тәрбиесі ұйымдары нығайып,спорт кадрлары өсіп шықты.
  • •1945 жылы Алматыда дене тәрбиесі институты (Қазақ физкультура институты) ашылды.
  • •1946 жылы Шоқыр Бөлтекұлы "Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бірінші болып спорт шебері деген дәрежеге жетті.
  • • 1950 жылы Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 жылы бұл
  • ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді.
  • •1951 жылы "Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап "Қайрат” деп аталды.
  • •1956 жылы Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті.
  • •Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 жылы Италияның Кортина Д’Ампеццо қ-нда өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Ғ.Қосанов 1960 жылы Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4-10 м-лік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.
  • •Елімізде қысқы спорттың дамуына 1951 жылы ашылған әйгілі Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешені) үлкен ықпал етті. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК "Шахтер”, "Болат”, "Динамо”, т.б.) құрыла бастады.
  • "Хоккей« Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткізді. Көгалдағы хоккейшілер, допты хоккейшілер, "Буревестник”, АДК волейболшылары, "Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзі чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев,Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдіғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсетті.
  • •1976 жылы 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Бұл олимпия ойынында жерлестеріміз 8 алтын және 2 күміс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальді иемденді. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медальді алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 жылы Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлі дәрежедегі 18 медальді иеленді. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мұнда 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келеді. Хиросима (Жапония) қаласында өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртінші орынды иеленді. Олар 77 медальға (оның 25-і алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресі), О.Шишигина (жеңіл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлері атанды.

2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қазақстанда 291 балалар және жасөспірімдер спортмектебі болды. Оның ішінде олимпиялық резервті дайындайтын 55 арнайы мектептерде 142 мың жас спортшыларды 4420 бапкер жаттықтырады. Бұлардан басқа дарынды спортшыларды дайындайтын 9 мектеп-интернат (2340 жас спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады), ірі халықар. жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткізу мақсатында құрылған спорттық элита 6 мектебі (құрамында 1128 спортшы, 210 бапкер бар) жұмыс істейді.
Қазақстан кәсіпорындары мен мекемелерінде 11,3 мың дене шынықтыру ұжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлі секцияларда дене шынықтыру және спорттың әр түрлі салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт базалары көбейіп келеді. 2002 жылғы мәлімет бойынша республикада 26019 спорт құрылыстары тіркелген. Оның ішінде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124 спорт кешені, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123спорт залы, 34 спорт манежі, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшілер жүзетін каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секіретін тұғыр, 13 спорттық мұз айдыны және 142 теннис корты бар. 
  • Тәуелсіз Қазақстанның Олимпиада чемпиондары
  • Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 5 жазғы және 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 1988 жылға дейін қазақ спортшылары КСРО құрамасының қатарында өнер көрсетті.
  • 1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында да Қазақстан спортшылары Біріккен команда құрамына енді. Бүгінге дейін ел қоржынына спорттың жазғы түрлері бойынша 58 олимпиада медалі мен спорттың қысқы түрлері бойынша 6 медаль түскен.
  • Күні кеше аяқталған Лондон Олимпиадасы қазақ елі үшін жемісті болды. Бұрын-соңды отандық спортшылар мұндай жоғары жетістіктерге қол жеткізбеген еді. Бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ел намысын қолдан бермеген, көк байрағымызды көкке көтерткен толағайларымызбен қайта қауышсақ.
  • 1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет