"Дарын" клубы туралы ақпарат



жүктеу 38.49 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі38.49 Kb.
"Дарын" клубы туралы ақпарат

Клубтың девизі: Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан.

Абай.

1. Жалпы ережелер

1.1 «Дарын» шығармашылық мүдделер клубы 2002 жылы 1 қазаннан қабілеті бар шығармашылықпен айналысатын оқырмандардан құрылды.

1.2 Мүдделер клубының толық атауы мемлекеттік тілде: «Дарын».

1.3 Клуб мүшелері- жас ерекшеліктері әр деңгейдегі шығармашылықпен

айналысатын талантты жастар бола алады.

1.4 Клуб жұмысы қабылдаған жарғыға сай атқарылады.

1.5. Клуб кеңесінің төрағасы сайланады.

1.6. Клуб кеңесінің мүшелері сайланады.

1.7. Клуб жұмысы клуб Кеңесінің басшылығымен клуб мүшелері

арқылы іске асады.

1.8. Клуб өз құрамына білікті қазақ тілі мен әдебиет мамандары, белгілі

жергілікті ақындары, музыка пәнінің оқытушысы сазгер-әншілер кіре

алады.

1.9.Клубтың жұмыс жоспары клуб кеңесінің мәжілісінде талқыланып,



бекітіледі.

1.10. Клуб Кеңесі бекітілген жұмыс жоспарының орындалуына жағдай

жасап, жыл соңында клуб мүшелерімен жалпы жиналыс

өткізіп, жұмыстың бір жылдық қорытындысын шығарады.

1.11. Клуб құрамына екі секция кіреді:

- Әдебиет;

- Музыка және мәдениет.

2. Клуб жұмысының мақсаты мен міндеттері.

2.1. Клуб жұмысының мақсаты.

- шығармашылықпен айналысатын тұлғаны дамыту және қалыптастыру;

- кітапхананың кітап қорындағы көркем туындылар, поэзия, ойын-сауық, ғылыми-фантастикалық әдебиеттерді насихаттау арқылы талапкер жастардың бойына танымдық қөзқарасты қалыптастыру;

- жазушылар, актерлер, ғалымдар, тарихшылар жайлы кеңірек білуге қызығушылығын ояту;

- сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту.

- талапкер жастарды мәдениеттілікке баулу, рухани дүниесінің баюына

іскерлік дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.

- еркін ойлауды, көркем әдеби тілде сөйлеуді, қазақтың шешендік өнерін,

мақал мәтелдердегі даналық ойларды оқу арқылы ой-өрісін дамытуға

ықпал ету.

2.2. Клуб жұмысының міндеті.

- ізденімпаздыққа, өзіне шығармашылық қасиет, қабілет іздеуге, бойындағы дарынды шыңдауғ, оқу, сөйлеу мәдениетінің дұрыс қалыптасуына, жеке шығармашылық қабілетін дамытуға;

- клуб жұмысына белсенді араласуға;

- білім деңгейін тереңдетуге, саяси, мәдени сауаттылығын арттыруға;

- шығармашылық идеялық-эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға;

- клуб мүшелігіне дарынды жастарды тартуға;

- клуб кеңесінің қаулысын орындауға;

Клуб жұмысында келесі іс- шара түрлерін пайдалануға болады.

- викториналар;

- диспуттар;

-эксперттік сарапшылар сабағы;

- әдеби сағат;

- кездесу кеш;

- әдеби панорама;

- шығармашылық конкурс;

- кітап көрмелері.

3. Клуб мүшелерінің құқықтары

- жыл сайын ашық жиналыста дауысқа салу арқылы клуб кеңесінің

төрағасы сайланады.

- сайлауға және клуб мүшелерінің құрамына сайлана алады.

- барлық іс- шараларға қатыса алады.

- клуб жарғысы мен бағдарлама жұмыстарының талаптарын орындайтын, клуб алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға белсенді араласатын шығармашылықпен айналысатын оқырмандар мүше бола алады.
Сатира сардары
№5 филиалдың «Дарын» қызығушылықтар клубы сатирик Көпен Әмір-Бектің 60 жыл мерейтойына орай «Сатира сардары» әдеби портрет іс- шарасын 30 наурызда өткізді.

Мақсаты: жас талапкерлерге сатириктің өмір жолымен таныстырып, сатира жанрындағы ерекшелігін танып, түсінуге бағдар беру. Сықақшының әзіл-сықақ, пародия болып жарық көрген кітаптарымен оқырмандарды таныстыру.

Іс- шараның «Сатираның сайыпқыраны» кіріспе бөлімінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы Көпен Әмір-Бектің өмірі жайлы , атқарған қызметі жайлы ақпарат берілді.

«Қазақ күлкісінің олимпі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, 1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып, бүгінгі күнге дейін «Аты жоқ кітап», «Тілім қышып барады»,«Ауызбастырық», «Мың бір мысал», «Өзіңді танисың ба?» және мерзімдік басылымдарда жарияланып жүрген әзіл- сықақ, пародия шығармалары насихатталып,«Ауызбастырық» кітабына библиографиялық шолу жасалып, 2009 жылы 27 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Ә. Әлібековтың «Қайран, Көпеннің көкелері- ай...» мақаласына, «Ақ жол» 2010, 26 наурызда жарияланған



Э.Жарылқасынованың «Шапалақты да жедік,шоколадты да жедік» мақаласына библиографиялық шолу жасалып, басқа да шығармалары насихатталды. «Ауызбастырық» кітабынан «Беташар» сатирасынан сахналық сықақ «Болашақ» кәсіптік гуманитарлық колледжінің білімгерлері Олжас Қалдарбеков, Жанғали Сейсенбектегі қатысуымен қойылды.Мұхит Шынықов сатирикке арнап өзінің «Арнау» өлеңін оқыды. Сықақшы, сатириктің Көпен Әмір- Бектің 60 жылдығына арналған әдеби портрет шығармашылықпен айналысатын жастарың көңілінен шығып, сатириктің шығарамаларына деген қызығушылықтар туды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет